Четверг , 3 июля 2025

«Қисық көшемен» ТҮЗУ ЖҮРЕТІН азамат туралы ой

  • Еңсесі әр уақыт­та биік тұра­тын, үне­мі «жақ­сы­лы­ққа ат бай­лап, жаман­ды­қты қақ­пай­лап жүретін», ақиқат­тан атта­маған Төле­ген Тілекұ­лы Жүке­ев­тікөп­шілік біл­се керек. Оны «көрін­бей­тін кор­ди­нал» деп, жақ­сы-жама­ны айту­шы­ға бай­ла­ны­сты атағы тағы бар.

Расын­да, көп­шілік­ке көп көрін­бей, бірақ көп іс тын­ды­рып жүретін аза­мат тура­лы сөз қыл­мақ­пыз. Ешкім­ге жағым­су­ды, көл­гір­сіп сөй­ле­уді біл­мей­тін, өмір­де­гі өзін­дік ұста­ны­мы бар, аза­мат­тық көзқа­ра­сы адам­гер­шілік­пен ұштасқан, басқаға сездір­мей, төңіре­гіне ізгілік шашып жүретін Төкең қаза­қстан­дық жаңа сая­си тарих­тың таса­дағы тұлғасы.

Тәу­ел­сіздік­ке енді қол жетіп, елдің тәй-тай­лап тұрған жыл­да­ры ол сая­си истеб­лиш­мент­те­гі иықты аза­мат­тар­дың бірі еді. Қаза­қстан­ның алға­шқы және соңғы вице-пре­зи­ден­ті Ерік Асан­ба­ев­тың хат­шы­лы­ғын басқар­ды. Кей­ін­нен Қаза­қстан үкі­метінің вице-пре­мьері, ҚР Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы бол­ды (90-жыл­дар­дың басын­да Қауіп­сіздік кеңесін бүгін­гі Назар­ба­ев сияқты төраға басқар­ды, бер­тін­де ол лау­а­зым «хат­шы» дең­гей­іне түс­кен еді – ред.). Сол жыл­да­ры өзінің прин­ципті ұста­ны­мы үшін Н.Назарбаевтың қыры­на ілі­гіп, шет елге елшілік қыз­мет­ке кет­ті. Алға­шын­да 1996–2000 жыл­да­ры Оңтүстік Корей елін­де, кей­і­нен 2001–2003 жыл­да­ры Иран мем­ле­кетін­де – бар­лы­ғы 7 жыл­дан астам уақыт елші болып, кей­ін өз өтіні­ші­мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті мүл­дем тастады.

Бүгін­де біреу білер, біреу біл­мес: Төле­ген мыр­за билік­те болған 90-жыл­да­ры Қаза­қстан тарихын­дағы 12 пре­мьер-мини­стр­дің ең сау­ат­ты­сы, қиын­шы­лық кезең­де алғаш эко­но­ми­ка­лық рефор­ма жасаған Әке­жан Қажы­гел­дин­ді ел үкі­метін басқа­руға қабілеті жоға­ры деп, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың алды­на ұсы­ныс жасаған адам. Жас рефор­ма­тор, Мәс­ке­удің Бау­ман атын­дағы жоғарғы тех­ни­ка­лық учи­ли­ще­сін бітір­ген Ғалым­жан Жақи­я­но­втың да жоға­ры билік­ке келуіне ықпал еткен. Ресей уни­вер­си­тетінің түле­гі, заң­гер, ғылым док­то­ры Наға­шы­бай Шай­ке­но­вті де жоғарғы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке ұсынды.

Жоға­ры­да есім­дері аталған аза­мат­тар Төле­ген­ге жер­лес те, рулас та, туыс та емес, ал бүгін­де билік­ті жасақтау сыбай­ла­стық, астыр­тын ымы­ры­ла­стық арқы­лы «өз адам­да­рын» тағай­ын­дау тәсілі жүзе­ге асу­да. Тіп­ті бүгін­гі қос пала­та­лы пар­ла­мент­тің басым құра­мы «Нұр отан» ата­ла­тын клан­нан құралған.

Тәуел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры (28 наурыз 1994 ж.) елдің жоғарғы билі­гін­де­гі мем­ле­кет­шіл аза­мат­тар­дың біре­гейі Төле­ген Жүке­ев арна­у­лы мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның құра­мын­да Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­да Бай­қоңыр ғарыш айлағын жалға беру жөнін­де келіс­сөз­ге қаты­са­ды. Келіс­сөз сағат 11-ден баста­лып, кеш­кі 5‑ке дей­ін созы­ла­ды, екі тарап та өз ұсы­ны­ста­ры­нан тай­май­ды. Екі ара­дағы келіс­пе­ушілік Бай­қоңыр кос­мо­дро­мын жалға беру құны­на бай­ла­ны­сты бола­ды. Ресей тара­пын бастап кел­ген РФ үкі­метінің төраға­сы Вла­ди­мир Чер­но­мыр­дин жалға берудің төлем ақы­сы 30 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры десе, пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың комис­си­ядағы тіке­лей өкілі Төле­ген Жүке­ев дәлел­ді фак­тілер кел­тіріп, 150 мил­ли­он дол­лар бола­ды деп, Ресей тара­пы­ның тала­бы­на көнбейді.

Қаза­қстан деле­га­ци­я­сын басқа­рып барған сол кез­де­гі ҚР пре­мьер-мини­стрі Сер­гей Тере­щен­ко Төле­ген­ге қай­та-қай­та келіп, Чер­но­мыр­дин­нің айтқан сома­сы­на келісіп, қол қоя сал­шы деп үгіт­тей­ді. Келіс­сөздің созы­лып кет­кеніне алаң­даған Н.Назарбаев хабар­ла­сып: «Төле­ген, бүгін­нен қал­дыр­май, осы мәсе­лені дереу шешу керек!» дей­ді. Ол уақыт­та Назар­ба­ев дик­та­тор­лық билік­ке әлі толық жете қой­маған кез бола­тын, сон­ды­қтан бір­бет­кей, өте сау­ат­ты Жүке­ев­ке қат­ты қысым жасай алмай­ды. Тек сол күн­нен қал­тыр­май шешуді тап­сы­ра­ды. Келіс­сөз бары­сын­да Жүке­ев бұл­тарт­пай­тын дәлел­дер кел­ті­ру арқы­лы, қар­сы тарап­ты айтқа­ны­на көн­діреді. Осы­лай­ша Ресей үкі­меті­мен келіс­сөздің ақыр соңын­да Төле­ген­нің тала­бы орын­да­лып, Ресей Қаза­қстанға Бай­қоңыр айлағын пай­да­ланға­ны үшін 115 мил­ли­он АҚШ дол­ла­ры көле­мін­де арен­да­лық ақы төлей­тін болып, келісім­ге қол қой­ыл­ды. Міне сол жолғы Төле­ген­нің табан­ды­лы­ғы мен отан­сүй­гі­штік қаси­етінің арқа­сын­да содан бер­гі уақыт­та қазы­на­мы­зға 3 мил­ли­ард дол­ларға жуық қар­жы түсті. Егер сол кез­де С.Терещенконың тілін алған­да, елі­міз­ге аса қажет­ті қан­ша­ма қар­жы­дан айры­лар едік.

 Ал бүгін­де біздің жоға­ры шен­ді шене­унік­тер Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ пен Кеден­дік одақ келісі­мін­де, Қытай­мен ара­дағы маңы­зды келіс­сөз­дер­де Қаза­қстан­ның қан­ша­ма мүд­десін қор қылға­ны ашық айты­лып та, жазы­лып та жүр. Мәсе­лен, Еура­зи­я­лық одақтан Қаза­қстан­ның қар­жы қор­жы­ны­на түсетін пай­да 10 пай­ы­зға жет­пей­тінін қалай түсін­діру­ге бола­ды? Бұл ара­да эко­но­ми­ка­сы біздің елден екі есе кіші Бело­рус­сия Қаза­қстан­мен қатар­лас үлес ала­ты­ны сол баяғы сау­ат­сыз және ел мүд­десі жолын­да табан­сыз билік­тің кесірі екенін мой­ын­да­уға тура келеді.

Осы орай­да тағы бір жағ­да­ят­ты жария етудің реті бар. 1995 жылғы жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум арқы­лы (шын мәнін­де назар­ба­ев­тық әкім­шілік ресур­стың қысы­мы­м­ен) заң­сыз қабыл­данған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы елде­гі авто­ри­тар­лық билік­тің қалып­та­суы­на негіз бол­ды. Шын мәнін­де бұл Ата Заң Фран­ция Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның көшір­месі еді. Бірақ демо­кра­ти­я­лық Фран­ци­я­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да аста­ры ауда­ры­лып пай­да­ла­ны­лу­да. Авто­ри­тар­лық билік­ті жүзе­ге асы­ра­тын Кон­сти­ту­ция қан­дай болуы керек екен­ді­гі тура­лы Назар­ба­ев­тың көзқа­ра­сын қалып­та­сты­ру­да басты рөл атқарған адам – ҚР пре­зи­дент­тінің штат­тан тыс кеңес­шісі, Фран­ция аза­ма­ты Алекс Мос­ко­вич бол­ды. Мос­ко­ви­чтің ата-ана­сы Ресей импе­ри­я­сын­да туып, 1917 жылғы рево­лю­ци­ядан кей­ін шет елге эми­гра­ци­яға кет­кен оры­стар еді. Ал Мос­ко­вич Қаза­қстан­да пре­зи­дент­ке сая­си маз­мұн­да кеңе­стер беру­мен бір­ге, өзінің биз­нес мүд­десі «БУИГ» (құры­лыс) «ТОМПСОН» және т.б. Фран­ци­я­ның ком­па­ни­я­ла­ры­на лоб­би­лік жасады.

1995 жылғы 29 сәуір­де өткен Пре­зи­дент­тің өкілет­тілі­гін ұзар­ту тура­лы өткізіл­ген бірін­ші рефе­рен­дум­нан кей­ін, Н. Назар­ба­ев ұзақ жыл­дар ойын­да жүр­ген жаңа кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сын жаса­уға дереу кірісті. Осы Ата-заң­ның мәтінін жазуға тар­ты­лған басты маман­дар: заң ғылым­да­ры­ның док­то­ры Наға­шы­бай Шай­ке­нов, заң­гер­лер Бауы­р­жан Мұха­меджа­нов және Кон­стан­тин Кол­па­ков. Бұлар жаңа кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сын қол­ды-аяққа тұрғы­з­бай мақта­уда алда­ры­на жан сал­май, Назар­ба­ев­тың 30 жыл­дық билі­гіне жол салып берді.

Назар­ба­ев­тың сол кез­де­гі мем­ле­кет­тік билік­ті ием­де­ну әре­кетіне қар­сы­лық біл­дір­ген жоғарғы шен­ді бас­шы­ла­ры­ның ара­сын­да бір­ді-екілі аза­мат­тар да бол­ды. Олар – Қаза­қстан­ның вице-пре­зи­ден­ті Ерік Асан­ба­ев пен мем­ле­кет­тік кеңес­ші Төле­ген Жуке­ев еді.

Мем­ле­кет­шіл ниет таны­тқан Төле­ген Жуке­ев өзінің қыз­мет лау­а­зы­мын пай­да­ла­нып, Ата Заң­ның авто­ри­тар­лық бағыт­та жазы­луы­на кедер­гі жасау мақ­са­тын­да жоба­ны талқы­ла­у­ға сарап­шы­лар керек деген сыл­та­у­мен Фран­ци­ядан көр­нек­ті заң­гер-интел­лек­ту­ал­дар шақыр­ту­ды ұсы­на­ды. Фран­ция мем­ле­кетінің заң­гер­лері мен құқы­қта­ну­шы­ла­ры, Фран­ци­я­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық Кеңесінің бұры­нғы төраға­сы, әрі сыр­тқы істер мини­стрі Р.Дюма, Фран­ци­я­ның атақты ойшыл-эко­но­мисі, Евро­па қай­та құру және даму Бан­кінің бірін­ші пре­зи­ден­ті Ж.Атали және Сор­бон­на­у­ни­вер­си­тетінің заң­гер про­фес­со­ры Ж.Кескесондардысарапшылыққа шақыр­туға мұрын­дық болған – осы Жүке­ев еді.

Өкініш­ке орай, мем­ле­кет­тік билік­ті әбден ием­деніп алған Назар­ба­ев пен оның жан­дай­шап заң­гер­лері тәу­ел­сіз сарап­шы­лар айтқан ескер­ту­лер мен ұсы­ны­стар­ды қабыл­да­май таста­ды. Сол кез­де­гі шетел сарап­шы­ла­ры­ның мис­си­я­сы орын­дал­май, тек қағаз жүзін­де ғана олар­дың есім­дері тізім­де көр­сетілу­мен ғана шектелді.

Осын­дай жаны жай­саң, әділет­тілік пен әділет­сіздік­ке, ақ пен қараға шека­ра қоя біліп сөй­лей­тін, адам­гер­шілік­тің ауы­лы­нан нәр алған, көр­гені көп аза­мат кей­ін­нен елшілік қыз­мет­тен өз еркі­мен кет­кен соң, оппо­зи­ци­яға кел­ді. Қаза­қстан­ды жаңа бағыт­та, халы­қтық мүд­де тұрғы­сын­да дамы­ту­ды көз­де­ген алға­шқы «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның (бүгін­гі Перу­а­шев­тың пар­ти­я­сы­мен шата­стыр­мау керек) теңтөраға­ла­ры­ның бірі болып, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Болат Әбілев және Ораз Жан­до­сов сияқты сын­дар­лы сая­сат­шы аза­мат­тар­мен әріп­тес бол­ды. 2005 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда біре­гей кан­ди­дат (Жар­ма­хан Тұяқ­бай) ұсы­нған «Әділет­ті Қаза­қстан» қозға­лы­сын құруға қатысты.

Ал бүгін­де Төле­ген Жүке­ев демо­кра­тия жолын­да май­данға шыққан Жан­бо­лат Мамай­ды қол­дап, жас сая­сат­кер­ге интел­лек­ту­ал­ды руха­ни тәлім­гер болуы­ның өзі оның аза­мат­тық ұста­ны­мы халық мүд­десі­мен сай екен­ді­гін көр­сет­се керек. Бұл Төкеңнің келе­шек мем­ле­кет­тің тәу­ел­сіздік тұғы­рын қауіп­тен сақта­уға, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды жетіл­діру­де­гі көре­ген­ді­гі деп білем! Бұл пікір­ге әділет­ті жақтай­тын аза­мат­тар да қосы­ла­ды деген ойда­мын. Өйт­кені Жан­бо­лат секіл­ді жол­ба­стар жас сер­ке саяст­кер­лер бүгін­де назар­ба­ев­тық режім­ді түбірі­мен өзгер­ту бағы­тын бет­ке алған.

Назар­ба­ев­тың тәу­ел­сіз Қаза­қстан­дағы авто­ри­тар­лық әркетінің асқы­нуы, Төкеңнің өзі айтқан­дай, «демо­кра­ти­я­ның тыны­сын тары­л­тып, тұн­шы­қты­рып таста­ды». Енді бір жер­де, бір елде ондай дик­та­тор­мен қыз­мет­тес болу, оның халы­қтық мүд­де­ден тыс сая­са­ты­на мой­ын­сы­ну­дың өзі қыл­мыс еді. «Қисық көше­мен» түзу жүретін Төле­ген Жүке­ев­тің демо­кра­ти­я­шыл жастар­ды қол­дап жүруінің басты себебі де осы.

Есенға­зы ҚУАНДЫҚ, тарих ғылм­да­ры­ның докторы,

Про­фес­сор

«DАТ». 05.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн