Пятница , 4 июля 2025

ҚИЯҢҚЫНЫҢ ҚЫРСЫҒЫ немесе Бір қудалаудың тарихы

Осын­дан үш айдай уақыт бұрын Т. Жүр­ге­нов атын­дағы Өнер ака­де­ми­я­сы­ның бас­шы­лы­ғы аяқ асты­нан өзгер­ді: рек­тор Асхат Мае­ми­ров бір күн­де қыз­меті­нен кетіп, орны­на Ақан Абду­а­ли­ев топ ете қал­ды. Қашанғы­дай ауыс-түй­істің себебі айтыл­ма­ды, сон­ды­қтан да рек­тор­лы­ққа кел­геніне он ай ғана болған және кре­а­тив­ті іс-жоба­ла­ры­мен құла­шын енді жаза бастаған Мае­ми­ро­втың бұлай­ша күт­пе­ген жер­ден «ғай­ып болуын» көп­шілі­гі­міз түсінбедік.

Бізде меке­ме­ге басқа бас­шы кел­се, дереу кетудің қоңы­ра­уы соғы­ла бастай­тын әдеті. Негізін­де, қалып­тасқан дағ­ды бой­ын­ша, бұл іс жаңа бас­шы­ның тіз­гін­ді қым­тай ұстап, бұры­нғы бас­шы­ның тұсын­да кел­ген­дер­ді ала­ла­удан баста­ла­ды да, одан әрі бір­тін­деп босаға­дан бере­ке, ірге­ден тыны­штық қашып, ақы­ры жұмыстан мән кетіп тына­ды. Бұл жолы да дәл осы­лай бол­ды. Қыз­мет­кер­лер, про­фес­сор­лық-оқы­ту­шы­лық құрам үшін тыныш­сыз күн­дер бастал­ды. Қыз­мет­ке алғаш кел­ген­де кадр­лық ауыс-түй­іс жаса­май­мын деген рек­тор сөзін­де тұрмады.

Мен Ака­де­ми­я­ның бас­пасөз қыз­меті бөлі­мін­де бас­шы емес, маман ретін­де оты­рған­ды­қтан, өзге құры­лым­дық бөлім­ше­лер­де­гі жағ­дай­ды онша біл­мей­мін, сол үшін де осы күн­дері өз басым­нан өткен жәйт­тер­ді ғана баяндайын.

Жаңа рек­тор біз сияқты бас­пасөз­бен бай­ла­ныс, кең­се қыз­меті, хат­шы, т.б. тәрізді меке­менің «бақа-шая­нын» келе қыры­на алды демей-ақ қояй­ын. Десе де, жина­лы­стар­да, дәліз­де, жұмыс бары­сын­да бет­пе-бет ұшы­рас­ып қалған шақтар­да жақтыр­май, тіп­ті ит көр­ген ешкі көз­деніп қарай­ты­ны бай­қал­ды. Менің дай­ын­да­уым­мен алды­на кел­ген бір бет­ке толар-тол­мас ақпа­рат­тың әр әрпіне шұқ­шиып, «ұзақ, шұба­лаңқы» деп жарат­пай, қай­та­рып тастай­тын болды.

Сөй­тіп жүр­ген­де, бір күні оқы­стан айқай-шу шықты. Аяқ асты­нан рек­тор каби­нетіне төтен­ше жина­лы­сқа шақы­рыл­дым. Ортаға қой­ы­лған мәсе­ле біреу – кеше Ака­де­ми­я­ның әле­умет­тік желісіне салы­нған ақпа­рат­та кет­кен қате. Оқиға былай болған еді. Мен кезек­ті ақпа­рат­ты әзір­леп, әле­умет­тік желі­ге орна­ла­сты­рған­нан кей­ін, бас­пасөз қыз­метінің бас­шы­сы­нан жұмыс ком­пью­теріне жүк­тел­ген WhatsApp мес­сен­джері арқы­лы маған «ҚР Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі» деген сөй­лем келіп түсті. Нұсқау – осы сөй­лем­ді ақпа­ратқа қосу. Бас­шы жіберіп оты­рған соң, сөй­лем­ді дереу жари­я­ла­нып кет­кен мәтін­ге жүк­те­дім, алас-қапа­с­та оған мән де бер­ме­ген екем – біл­дей бөлім бас­шы­сы, тәжіри­белі жур­на­лист жазық жер­де сүрініп, тақыр жер­де ада­са­ды, Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің аты­нан қате жібе­реді деген ой қапе­рім­де бол­са­шы және қыз­мет­тік әдеп­ті сақтап, жоға­ры­дан, бас­шы­лар­дан келіп түс­кен мәтін­дер­ге әдет­те қол тигі­зе бермейтінмін.

Бірақ осы эти­кам өзі­ме пәле болып жабы­са­ты­нын біл­сем­ші – әлгі төтен­ше жина­лы­стың бары­сын­да, не керек, сөй­лем­ді әу баста қате жазған Пәлен­шиі­ба емес, оны әле­умет­тік желі­ге жібер­ген Түген­шиі­ба кінәлі болып шықты. Логи­ка қайда?

Бірақ рек­тор осы бір қара­пай­ым қисын­ды сол жер­де көпе-көрі­неу белі­нен басып: «Осы біз­ге ақпа­рат қана жаза­тын екі бір­дей адам­ды ұстап оты­ру­дың кере­гі не, бәл­кім, бөлім­ді жой­ып жібе­ру керек шығар?!» деген сұрақты ортаға тастады.

Кей­ін­нен естуім­ше, рек­то­дың айтқа­ны: «Тәжи­е­ва ол жер­де отыр­мауы керек. Ол біз­ге қар­сы бір­деңе ойла­сты­рып жүр». Мұны маған бас­пасөз қыз­меті бас­шы­сы­ның өзі айт­ты. Бұған қоса рек­тор­мен бір­ге кел­ген кеңес­ші де: «Бәрібір сені кетір­мей қой­май­ды, одан да өзің жүре бер­сей­ші» деген еме­урін­ді аңғарт­ты. Бірақ бағы­мын­да 14 жасқа дей­ін бала­сы бар жалғы­зілік­ті әйел­ді, яғни мені қыз­мет­тен қысқар­тып жібе­руді заң қол­да­май­ды, ал мен үшін бөлім­ді тара­тып жібе­ру Ака­де­ми­яға қол емес.

Не керек, шүй­ке­дей мені құр­та алмай, Ақан Жылқы­шы­бай­ұлы­ның басы әбден қат­ты. Ара­да пәлен­бай күн өткен­де, сол ұйқы­сыз түн­дер­де­гі, күл­кісіз күн­дер­де­гі тыным­сыз ми жат­ты­ғу­ла­ры­ның нәти­же­сін­де ойлап тапқа­ны не бол­ды дей­сіз ғой? Айтайын.

Бас­пасөз қыз­метінің бас­шы­сы арқы­лы маған екі күн­де қазақ және орыс тіл­дерін­де ими­дж­дік мақа­ла әзір­леп әке­лу жөнін­де тап­сыр­ма бер­ді. Тап­сыр­ма жұма күні, жұмыстың аяқта­лар сәтін­де алын­ды. Ойлап көр­сем, мате­ри­ал­ды бел­гі­лен­ген мерзім – дүй­сен­бі­ге дей­ін әзір ету үшін мен сен­бі, жек­сен­бі күн­дері тыным­сыз жазу­мен оты­руым керек екен. Осы­ның өзі меке­ме бас­шы­сы­ның еңбек заң­на­ма­сы­нан мүл­дем бей­ха­бар екен­ді­гін, яғни біздің елі­міз­де­гі Еңбек кодексі бой­ын­ша қыз­мет­кер дема­лыс күн­дері жұмыс істе­у­ге мәж­бүр­лен­бей­тінін, ондай өндірістік қажет­тілік туа қал­са, қыз­мет­кер­дің жаз­ба­ша келісі­мі­мен, яғни овер-тайм­дық өтініш жазу арқы­лы ресім­де­летінін және арнайы бұй­рық берілуі тиіс екен­ді­гін біл­мей­тінін көр­сет­ті. Егер бұл жағ­дай Еңбек депар­та­мен­тіне хабар­лан­са, бұл талап еңбек заң­ды­лы­қта­рын бұзу болып шыға келер еді…

Десе де, Абду­а­ли­ев айтқан қияңқы тап­сыр­ма­ны орын­дау бары­сын­да ойда-жоқта маған бір нәр­се қол ұшын бер­ді. Асхат Мае­ми­ров рек­тор болып кел­ген­нен кей­ін – әлде кез­дей­соқтық, әлде заң­ды­лық – қалай болған­да да, Ака­де­ми­я­ның бір топ әнші-сту­ден­ті халы­қа­ра­лық бай­қа­у­лар­да бірі­нен соң бірі топ жара баста­ды. Атап айтқан­да, Нұр­кен Масақ­бай Санкт-Петер­бург­те­гі «Жұл­ды­здарға жол» халы­қа­ра­лық эст­ра­да­лық бай­қа­уы­нан бірін­ші оры­н­мен орал­ды; Ерік Төле­нов Румы­ни­яда өткен Джордж Гри­го­риу атын­дағы вока­ли­стер­дің халы­қа­ра­лық фести­валі­нен Гран-при­мен қайт­ты; Әділ­хан Макин Бол­га­ри­ядағы халы­қа­ра­лық «Саран­дов-2019» поп-рок бай­қа­уы­нан бірін­ші оры­н­мен, сосын әйгілі «Витебск-2019» халы­қа­ра­лық эст­ра­да орын­да­у­шы­ла­ры бай­қа­уы­нан Гран-при­мен кел­ді; Бексұл­тан Кені­шқа­ли­ев Бал­тық жаға­ла­у­ын­дағы «Палан­га-2019» вока­ли­стер бай­қа­уын­да және әлем­дік The Voices Lithuania мегажо­ба­сын­да бірін­ші орын алды; Дария Бол­сан­бек сол «Палан­га» бай­қа­уы­нан, Испа­ни­я­ның TU ONDA жастар фести­валін­де бірін­ші оры­н­мен, Нью-Йорк­те өткен Pearl of the New York («Нью-Йорк мар­жа­ны-2019») халы­қа­ра­лық фести­валі­нен Гран-при­мен оралған-ды.

Жаңа рек­тор­дың тап­сыр­ма­сын орын­дау үшін, үш бір­дей бәй­генің басын­да кел­ген сол Дари­я­мен бәсі­ре (экс­клю­зив) сұх­бат өткізіп, жазып-сызға­ным­ды дүй­сен­бі­ге алып кел­дім. Мақұл­дан­са, орыс тіліне аудар­мақ­пын («Татар­дан тіл­мәш іздеп жүре­міз бе» деп, мате­ри­ал­дар­дың орыс­ша нұсқа­сын да өзім әзірлейтінмін).

Соны­мен, рек­тор әдет­те­гі сапыр­май жина­лы­ста­ры­ның бәрін жиып тастап, менің мәсе­лем­ді сұх­ба­тым арқы­лы «май­шам­мен» қара­уға кірісті. Жаны­на куә­гер­лерін, яғни кеңес­шісін, бас­пасөз және қыз­мет­кер­лер­ді құжат­тау, тір­кеу қыз­мет­терінің бас­шы­ла­рын қаз-қатар оты­рғы­зып қой­ған ол қабағын қарс түй­ген күйі қаға­зы­ма жеп қояр­дай қада­лып шықты да:

– Сұх­бат мұн­дай бол­май­ды. Нашар шыққан! – деп кесті. Сосын: – Сен сұх­бат­ты Дари­ядан ғана емес, басқа­ла­ры­нан да алып шыға­руың керек еді, – деп үсте­ме­лет­ті. Оны­мен шек­тел­мей: – Әрине, сен музы­кант емес­сің, мұны қай­дан білесің?! – деп, қапе­лім­де төр­кіні­ме апа­рып тастағаны.

Бауы­здар­да тұяқ сер­пе­тін ата түлі­гі­міз құр­лы жоқ­пын ба, қой­ған кінә, таққан айы­бы­на аша­лап оты­рып жау­ап беру­ге тура келді.

«Осы да рек­тор айна­лы­са­тын шаруа ма еді, мына кісі­де бұдан басқа жұмыс қал­маған ба?!» деген таң­да­ны­сым­ды бүгіп қал­дым. Ал Дари­я­мен ара­дағы сол сұх­бат кей­ін «Қазақ үні» газетін­де үтір-нүк­тесі өзгер­ме­стен жарияланды…

Ақыры не керек, ойла­на келе Ақан Абду­а­ли­ев­тің қиға жағып бер­ген қыз­метін өзіне қал­ды­рай­ын деп шештім. Енді­гі жер­де көзім­нің асы­лын тауы­сып жазған не нәр­сем­ді де қай­та­рып тастап, сөй­тіп сілем­ді қаты­рып барып дегеніне жететінін сездім.

Негізі, мені Асхат Мае­ми­ров өнер айна­ла­сын­дағы сал­мақты адам­дар­дың кепіл­де­месі­мен және мате­ри­ал­дар жаз­ды­рып, жиған тәжіри­бе­ме қарап, сынақтан өткізіп барып, атал­мыш қыз­мет­ке қабыл­даған еді. Сон­дағы Асхат Мак­си­мұ­лы­мен келісі­мі­міз мына­дай болған еді: мен ақпа­рат­тық бағыт­тағы мате­ри­ал­дар­дан, сон­дай-ақ кәдуіл­гі бас­пасөз қыз­меті­нен бөлек екі тіл­де кесек ими­дж­дік мате­ри­ал­дар жаза­мын, ал жұмыс беру­ші соңғы екі қыз­мет түрі бой­ын­ша маған база­лық қой­ы­лы­мға үсте­ме ақы төлейді.

Ал жаңа­дан кел­ген рек­тор менің әлгі екі қыз­мет түрін орын­дап, бұры­нғы­ша орыс­ша мате­ри­ал жазып, ими­дж­дік мақа­ла­лар әзір­леп беріп жүр­гені­ме қара­ма­стан, төленіп оты­рған азын-аулақ үсте­мені алып таста­ды. Сон­да мен негіз­гі қыз­меті­ме қоса әлгін­дей үлкен шару­а­лар­ды қолға небәрі тиетіні 60 мың тең­ге­мен атқа­руға тиіс болдым.

Құдай­шы­лы­ғын айтай­ын, Ака­де­ми­я­ның өзге де біраз қыз­мет­кер­лері (әсіре­се бұры­нғы бас­шы тұсын­да кел­ген­дер) әлгін­дей кеп­ті киді. Үсте­ме қию ісі қосым­ша ақы­ның не үшін төле­нетін­ді­гін арнайы комис­сия құрып аны­қта­ма­стан, комис­сия мүше­лерінің қыз­мет­кер­лер­мен кез­десіп сөй­ле­суін­сіз, не атте­ста­ция өткізіл­ме­стен, жоға­ры­дан жүзе­ге асы­рыл­ды. Ал осы­ның бола­рын алдын ала сезіп, іште тараған қау­е­сет әңгі­мені естіп, бір ауыз тіл­де­сей­ін деген мен секіл­ділер рек­тор қабыл­да­уы­на кіре алмай қалды…

Бір қызы­ғы – Мае­ми­ро­втың кезін­де үсте­ме ақы­ға жетіп тұрған қар­жы Абду­а­ли­ев кел­ген кез­де жет­пей қалға­ны несі?! Бұры­нғы рек­тор рес­пуб­ли­ка­лық транс­ферт­пен бөлі­нетін қар­жы­ны оқу жылы­ның өне бой­ы­на есеп­тей оты­рып қосты ғой үсте­мені, ал көз­дел­ген бюд­жет­тік ақша есе­лен­бе­се, жос­пар­ланған­нан кем берілуі мүм­кін емес. Иә, рас, үнем­шіл­дік ысы­рап­шыл­ды­ққа тый­ым сала­ды, бірақ жұрт айлы­ғын шай­лы­ғы­на жет­кі­зе алмай оты­рған­да, ысы­рап­шыл­дық деген сөзді ауы­зға алу­дың өзі күл­кілі. Ақша бар, ол ешқай­да кет­кен жоқ, қар­жы бол­ма­са, дәл сол айда біздің үсте­ме ақы­мы­зды шырыл­да­тып алып тастаған жаңа рек­тор бұрын­да­ры аз шығы­н­мен Ака­де­мия ғима­ра­тын­да өткізіліп жүр­ген сту­дент қата­ры­на қабыл­дау рәсі­мін дүр­кіретіп, қала­дағы ең баға­сы удай «Бақ­ша­са­рай» сал­та­нат үйін­де өткіз­бес еді ғой…

Әрбір жұмыстан шыға­ру­дың, әрбір қыз­мет­тен қысқар­ту­дың, әрбір ауы­сты­рып-қағы­сты­ру­дың артын­да адам, адам­ның тағ­ды­ры, отба­сы­ның жағ­дайы тұра­ды. Бас­шы өзгеріс жасар­да, осы жағ­да­ят­ты ой сара­бы­на салып барып жаса­уы тиіс. Мыса­лы, Абду­а­ли­ев келе сала Ұлт­тық өнер факуль­тетін жап­ты. Сон­дағы уәжі: айтыс өнерін бұрын қаза­ққа ака­де­ми­яда оқыт­паған. Дұрыс-ақ. Жыр­шы­лық өнер­ді де оқыт­паған. Қол­дан­ба­лы-ұста­ма­лы өнері­міз бой­ын­ша да халық шебер­лері еш уни­вер­си­тет­тен білім алмаған.

Бірақ бүгін қай күн өзі? ХХІ ғасыр! Айты­сты да, жыр­шы­лы­қты да, қолө­нер­ді де рек­тор айтып оты­рған екі ғасыр бұры­нғы ата­дан – балаға, жеке мек­теп өкілі ұста­здан шәкірт­ке берілетін көне тәсіл­мен жаңғыр­та алмай­сың, себебі бүгін­гі­дей жаз­ба мәде­ни­ет зама­нын­да мұра үйре­тудің ауыз­ша дәстүрі әбден тоқы­рап болған. Жалғыз ғана жол бар, ол – зама­на­уи ретранс­ля­ци­я­лау, яғни өнер оқу орын­да­ры жағ­дай­ын­да бұры­нғы клас­си­ка­лық бау­лу мек­тебін іші­на­ра бол­са да қал­пы­на кел­тіріп, сту­дент­тер­ге үйре­ту. Нұр-Сұл­тан қала­сын­дағы Қазақ Мем­ле­кет­тік өнер уни­вер­си­тетін­де Алмас Алма­то­втар жастар­ды жыр­шы­лық, тер­ме­шілік өнер­ге осы жол­мен баулып жатыр. Т. Жүр­ге­нов ака­де­ми­я­сын­да да Ұлт­тық өнер факуль­теті әу баста сон­дай оймен ашы­лған. Сала­лық мини­стр­лік­тің келісі­мі­мен, қол­да­уы­мен, білім берудің ұлт­тық клас­си­фи­ка­то­ры негізін­де жасақталған.

Айта бер­се, көзіңнің қара­шы­ғын­дай әлгі ұлт­тық өнер түр­леріне жан біті­ру, дем салу ісі елі­міз­де­гі жоға­ры білім беру жүй­есінің жаңа бағы­ты – ака­де­ми­ядағы маман­ды­қтар­дың білім бағ­дар­ла­ма­сы аясы­на топ­та­луы. Олай бол­са, «аузым апам­дікі еді» деп, қой­ған жер­ден салып қала­тын баяғы аға­штөре­шіл­дік бұл жер­ге жүр­ме­уі тиіс. Себебі факуль­тет­ті бір ашып, бір жапқан кез­де қан­ша­ма мем­ле­кет қар­жы­сы жел­ге ұшты? Бұры­нғы кафед­ра­лар­дағы жылы орын­да­рын суы­тып кел­ген қан­ша­ма маман қай­да барар­ла­рын біл­мей, әңкі-тәңкі күй­де қал­ды. Оның сыр­тын­да бір­та­лай бөлім бас­шы­сы еш негіз­сіз орны­нан алынды…

Мұн­дай ауы­сты­рып-қағы­сты­ру­лар қыз­мет­кер­лер­ді қара­ма-қай­шы­лы­қты пси­хо­ло­ги­яға душар ету­де. Осы­ның бар­лы­ғы не үшін жаса­лып отыр – бір ғана адам­ның қыңыр­лы­ғы­мен, яғни амби­ци­я­мен жаса­лып отыр. Ол амби­ци­я­ның аты – қайт­кен­де де бұры­нғы рек­тор­дың есі­мін таса­лан­ды­ру, оның тұсын­да жасалған істі жоққа шыға­рып, оның тұсын­да қыз­мет­ке кел­ген­дер­ді кетіріп, орны­на өз адам­да­рын қою. Міне­кей, біз­де­гі мем­ле­кет­тік мүд­денің сиқы.              Гүл­ми­ра ТӘЖИЕВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн