Четверг , 3 июля 2025

ҚИҒАШТАҒЫ қиғаштыққа КІМ КІНӘЛІ?

Қазақ халқы­ның жер үшін қан­дай да бір шай­қасқа тас-түй­ін дай­ын екенін Аты­рау облы­сы­ның Көп­тоғай ауы­лын­да болған оқиға тағы бір рет дәлел­деп бер­ді. Көп­шілік­ке бер­гі егжей-тег­жейі бел­гілі болған бұл кикіл­жіңнің беті қайт­са да, арпа­лы­сы аяқтал­маған арғы қитұрқы­сы әзір­ге бей­мәлім. Әзір­ге Қаза­қстан Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің шека­ра қыз­меті елді шар­пып өту­ге шақ қалған нара­зы­лы­ққа қаты­сты түсінік­те­ме беріп, «ешкім­ге жер беріл­ген жоқ» деп, аттан­ның аты­на қам­шы басқан ағай­ын­ның алға­шқы апты­ғын басып қойды.

Қалай болған­да да, Қиғаш өзенінің бой­ы­мен қаза­қтың мүд­десіне қиғаш тар­ты­лған шека­ра дауы мұны­мен біт­ті деу­ге бол­май­ды. Қаза­қстан мен Ресей жағы бұдан 16 жыл бұрын Көп­тоғай­да көл­беу тар­ты­лған сызы­қтың «сырын» өза­ра аны­қтап алар. Ал біз­ге қызы­ғы, қызы­ғы емес-ау, қауіп­тісі – Қаза­қстан­ның шека­ра бой­ын­да басқа да мұн­дай қиға­шты­қтар қан­ша­ма деген сұрақ. Әлем­де­гі ең ұзақ мем­ле­ке­та­ра­лық шека­ра­ның бой­ын­да қаза­ққа қан­ша­ма қасірет қым­та­лып жатқа­ны бір Құдай­ға ғана аян…

Шека­ра­дан шыққан шатақ деген­де, Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Зай­сан және Тар­баға­тай аудан­да­ры­на қарас­ты ен жай­ла­удың Қытай­ға қалай беріл­гені де үлкен сұрақ. Түгін тарт­са, майы шыға­тын «Алты­нқазған», «Ақо­ба», «Төр­жай­лау», «Қарағай­лы», осы өңір­де­гі т.б. жай­ла­у­лар бүгін­де Қытай­дың иелі­гін­де. Ресей­дің Рома­но­втар пат­ша­лы­ғы зама­нын­да, аты айтып тұрған­дай, «Алты­нқазған­да» алтын өндіріл­ген кені­ш­тер болған. Орман-тоғайы сың­сы­ған сай-сала Ала­шоңку­дың тақыр дала­сы­на қалай айыр­басқа түс­кені ел-жұр­тқа жұмбақ…

Ал Көп­тоғай­дағы бар­лық былық 2005 жылы екі жаққа ортақ шека­ра бел­гіле­удің (дели­ми­ти­за­ция) жабық жағ­дай­да жасалға­нын­да болып тұр. Егер мем­ле­ке­та­ра­лық келісім­нің маз­мұн-мәтіні ел-жұр­тқа ашық болған­да, бәл­кім, кеше­гі кикіл­жіңнің реті бол­мас па еді? Бұл енді Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «мен­біле­мі­нен» қалған мұра. Сон­ды­қтан қаза­ққа деген «қиға­шты­қтың» бар­лық жау­а­бын содан сұрау керек!

Деген­мен, Қиға­штағы қиға­штық Ақор­да мен «Кіта­п­ха­на­ны» тәу­ба­сы­на түсір­ді. Шека­ра баған­да­рын бір күн­нің ішін­де сыпы­рып тастау – сол қорқы­ны­штың айқын бел­гісі. Аты­рау мен Махам­бет, Индер, Теңіз жақтан Көп­тоғай­ға бет алған қаза­қтар­ды жолын тосып, «баған­дар алы­нып тастал­ды, босқа бар­маң­дар» деп, көтеріл­ген жігіт­тер­ді поли­ци­я­ның көн­діруі де тегін емес. Яғни, жер­мен ойна­уға бол­май­ты­ны баста­ры­на бар­са керек.

Айт­пақ­шы, енді­гі жер­де «Көп­тоғай оқиға­сы» жер мәсе­лесін талқы­лап жатқан Жер комис­си­я­сы мен Пар­ла­мент сена­ты­на да сабақ бол­са керек. Қаза­қтар табан астын­дағы соңғы тіре­гі – Қара Жерін қол­дан бер­мей­ді. Не өнеді, не өледі! Осы­ны миға мығым түй­ген жөн!

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн