Понедельник , 30 июня 2025

ҚИҚУ САЛМАЙ ХАЛЫҚ ТҰРМАС

Несі­п­бек АЙТҰЛЫ

Қай­да бар­саң, қай­ыр­шы­лық, қай­да бар­саң қудалау,

Шық тамы­з­бас таң­дай­ы­ңа мына заман тым қарау.

Кері­сер­ге толып жатыр, сені­сер­ге – табылмас,

Қараңғы­лық бетін жап­са, күн­діз­гі дос – түн­де жау.

Қиы­ры­на көз жет­пей­тін осын­ша­ма кеңдіктен,

Ізде­ген­мен тап­тыр­май тұр еркін тір­лік ел күткен.

Қан­ды қол­ды қарақ­шы мен ұры-қары көбейіп,

Ит пен құстың жемі бол­ды азын-аулақ мал біткен.

Мүсә­пір мен мұңлы­қтар­ды құдай өзі сақтайды,

Қой қораға қасқыр шап­са, үрген төбет жатпайды.

Қара суға қар­ны той­ған кедей қат­ты ұйқыда,

Түн ұйқы­сы төрт бөлін­ген бай­дың асы батпайды.

Зауал кел­се, қара­май­ды, кім бол­саң да жалмайды,

Қысы­лған­да қусы­ры­лып, жал­мауы­зға жан – қайғы.

Қиқу сал­май халық тұр­мас қазы­на­сы тоналса,

Пат­ша қолы таза бол­май жұрт­та маза болмайды.

Көмей­де­гі қызыл тіл­ді бұлбұл құстай сайраттым,

Сөзін айт­тым суы­ры­лып, биік­те­гі байрақтың.

Тиген жерін осып түсер қасап­шы­ның пышағы,

Өткір біт­кен дән разы қыз­метіне қайрақтың.

Бал шара­пқа балқу­ме­нен бос жүр­ген­ше масайып,

Қай­рақ құсап ел намысын қай­рап тұр­сақ несі айып?

Тірі жан боп туған­нан соң арпа­лы­сқан өмірге,

Тым бол­ма­са, туған елге бір жақ­сы­лық жасайық!

·        

ЕРЕУІЛШІЛЕР Тоқаевқа жүгінді

Ақтөбедегі «КМК-Мұнай» компаниясының ереуілшілері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу тастады, – деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Біз Ақтө­бе облы­сы­ның Темір ауда­нын­да орна­ласқан «KMK-Мұнай» ком­па­ни­я­сы­ның қара­пай­ым жұмыс­шы­ла­ры­мыз. Біздің сіз­ге жүгі­нуі­міздің себебі – сіз­ден адал еңбек­пен таба­тын жалақы­мы­зды 100 пай­ы­зға көте­руді сұрай­мыз. 12 қаңтар­да біз ком­па­ния мен облыс бас­шы­ла­ры­на жалақы­ны көте­ру тура­лы өтіні­шпен жүгін­дік, бірақ олар біздің талап­та­ры­мы­зды орын­дағы­сы кел­мей­ді», – дей­ді жұмыс­шы­лар дүй­сен­бі­де әле­умет­тік желілер­де тара­ты­лған видео үндеуде.

Жұмыс­шы­лар­дың айтуын­ша, ком­па­ни­я­ның жалақы­ны көте­ру­ге мүм­кін­ді­гі бар.

«Біздің ком­па­ния – Ақтө­бе облы­сын­дағы жетек­ші ком­па­ни­я­лар­дың бірі. Біз мұнай өнді­ру бой­ын­ша жос­пар­лар­ды жыл сай­ын асы­ра орын­дай­мыз, бірақ жұмыс­шы­лар­дың жалақы­сы басқа мұнай ком­па­ни­я­ла­ры­мен салы­сты­рған­да өте төмен. Енді пан­де­мия кезін­де азық-түлік баға­сы бір­не­ше есе өсті, біздің жалақы­мыз неси­ені жабуға да, азық-түлік­ке де жет­пей­ді… Сіз­ден осы мәсе­лені шешіп беруіңізді сұрай­мыз. Біз жұмысқа 25 қаңтар­дан бастап бар­мауға шешім қабыл­да­дық. Біздің бар­лық талап­та­ры­мыз заң­ды», – деп сұра­ды жұмысшылар.

Сей­сен­бі күн­гі келіс­сөз кезін­де “КМК-Мұнай” ком­па­ни­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Ван Цзинь­бао мұнай­шы­лар жалақы­сын 20 пай­ы­зға көбей­ту­ге әзір екенін айтқан. Бірақ жұмыс­шы­лар бұған келіс­пе­ген. “Біз 20 пай­ы­зға келіс­пей­міз! Талап­та­ры­мыз толық орын­дал­май­ын­ша, жұмысқа шық­пай­мыз!” – деп хабар­ла­ды «Азатты­ққа» Көк­жи­де кені­шін­де екі күн­нен бері ере­уіл­детіп тұрған мұнайшылар.

Мұнай­шы­лар жалақы­ны 100 пай­ы­зға көбей­ту­ден өзге жұмыс беру­ші­ге тағы бір­не­ше талап қой­ған. Мұнай ұңғы­ма­сы­на жақын тұрған ескі жатақ­ха­на­ны кені­ш­тен аулақтау жер­ге көшіріп, жұмыс­шы­лар асха­на­сын­дағы ас мәзірін жақ­сар­ту­ды сұрайды.

Ас мәзірі­нен етті көру­ден қал­дық. Беретін­дері өкпе-бауыр мен суға бөк­тіріл­ген қара құмық, мака­рон. Қысы-жазы ауыр жұмыс істеп, дала­да жүретін ада­мға құнар­лы тамақ­сыз тіп­ті қиын”, – дей­ді аты-жөнін атағы­сы кел­ме­ген ере­уіл­шілер­дің бірі.

Мұнай­шы­лар кәсі­по­дақ жұмысын жан­дан­ды­ру­ды да талап етіп отыр. “Құқы­ғын не жұмыс беру­ші, не кәсі­по­дақ, не бол­ма­са атқа­ру­шы билік қол­да­май­тын ере­уіл­шілер­ге қысым жасал­ма­сын!” – дей­ді мұнай-газ өндірісінің опе­ра­то­ры Ербо­лат Оразбаев.

Ораз­ба­ев­тың сөзін­ше, жалақы­ға, жұмыс жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты нара­зы­лық айтқан­дарға бас­шы­лар “атте­ста­ци­ядан өте алмай қала­сың”, “орын­ды босат”, – деп қысым көрсетеді.

Еске сал­сақ, “КМК Мұнай” – Ақтө­бе облы­сын­дағы кені­ш­тер­ге иелік ететін қытай­лық ірі мұнай өндіру­ші “СНПС Ақтө­бе­мұ­най­бен” еншілес ком­па­ния. 400-ге жуық адам еңбек ететін ком­па­ния 2004 жылы құры­лған. Ақтө­бе облы­сын­дағы Көк­жи­де, Құм­сай кені­ш­терін­де мұнай өндіреді.

«ДАТ-ақпа­рат»

«НОД» ноқталана ма?

  • Ютуб­те «Тіл май­да­ны» арна­сын­да өске­мен­дік Қуат есім­ді аза­мат ел тәу­ел­сізді­гін мой­ын­да­май­тын НОД (Наци­о­наль­но-осво­бо­ди­тель­ное дви­же­ние) ұйы­мы­ның ашы­лға­нын мәлім­деді,- деп хабар­лай­ды «Адыр­на» ұлт­тық порталы.

Қуат­тың айтуын­ша, орта­лық офисі Мәс­ке­уде орна­ласқан НОД ұйы­мы Өске­мен қала­сын­да ашы­лған. Ұйым өкіл­дері қала ішін­де арнайы парақ­ша­лар тара­тып, өз қата­ры­на жақ­та­стар тар­ту­ды бастап­ты. Әлгі парақ­ша­да «ҚазССР», «СССР» деген сөз­дер­ді қол­да­на оты­рып, «мен өз еркім­мен 1991 жылы КСРО аза­мат­ты­ғы­нан шыққан жоқ­пын. ҚР аза­мат­ты­ғын өз еркім­мен алған жоқ­пын» делін­ген. Бұл тура­лы бей­неүн­деу жол­даған Қуат НОД-тың бұл әре­кетін сепа­ра­ти­стік әре­кет деп құзыр­лы орган­дарға үндеу жариялады.

Аdyrna.kz

КОВИДТЕН ҚАЗА ТАПҚАН медқызметкерлер марапаттала ма?

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пар­ла­мен­тінің сена­тор­ла­ры Ақыл­бек Күріш­ба­ев пен Мұрат Бақтиярұлы

пре­мьер-мини­стр­дің орынбасары

Ера­лы Тоғ­жа­но­втың аты­на депу­тат­тық сау­ал жол­дап, коро­на­ви­рус індеті­нен қаза тапқан дәрі­гер­лер­ді мара­пат­тау мәсе­лесін көтер­ді (мәтіні ықшам­да­лып жари­я­ла­нып отыр). 

Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті Сена­ты депу­тат­та­ры­ның аты­на Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның ШЖҚ «№5 қала­лық емха­на» МКК дирек­то­ры Алтын­шаш Табул­ди­на­дан хат келіп түсті. Хат­та дирек­тор COVID-19 коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­я­сы­ның пан­де­ми­я­сы жағ­дай­ын­да, әсіре­се оның алға­шқы кезең­дерін­де халы­ққа көмек көр­се­ту бары­сын­да инфек­ция жұқты­рған меди­ци­на қыз­мет­кер­лері болға­нын, өкініш­ке қарай инфек­ция сал­да­ры­нан олар­дың ара­сын­да өлім жағ­дай­ла­ры да тір­кел­генін хабарлайды. 

2020 жылы 15 шіл­де­де ҚР пре­зи­ден­ті қай­тыс болған 42 меди­ци­на қыз­мет­кер­лерін мем­ле­кет­тік награ­да­лар­мен мара­пат­таған, алай­да, COVID-19 коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­я­сы сал­да­ры­нан қай­тыс болған көп­те­ген дәрі­гер­лер мен меди­ци­на қыз­мет­кер­лері осы мем­ле­кет­тік награ­да­лар­мен мара­па­тал­маған­ды­қтан, меди­ци­на­лық қауым­да­стық, сон­дай-ақ қай­тыс болған дәрі­гер­лер мен меди­ци­на қыз­мет­кер­лерінің отба­сы­ла­ры әділет­тілі­ке күмән келтіруде.

Осы­ған бай­ла­ны­сты, жоға­ры­да баян­далған­ның негізін­де, COVID-19 коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­я­сы сал­да­ры­нан қай­тыс болған дәрі­гер­лер мен меди­ци­на қыз­мет­кер­лерін коро­на­ви­ру­стық инфек­ци­я­сы­мен күре­сте қыз­мет­тік боры­шын орын­даға­ны және қаза­қстан­ды­қтар­дың ден­са­улы­ғын сақтау бой­ын­ша қажыр­лы еңбе­гі үшін қай­тыс болған­нан кей­ін тиісті мем­ле­кет­тік награ­да­лар­мен мара­пат­тау шара­ла­рын қарас­ты­ру­ла­ры­ңы­зды сұраймыз.

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн