«ҚОЛАМПИАДА»: Токиодағы ТОҢҚАЛАҢ АСУ

  • Алтын медаль алады деген боксшы Василий Левиттің нокауты Токиодағы тоңқалаң асудың нақты көрінісі болды.

Токио олимпиадасында Қазақстан сегіз қола медальмен жалпы командалық есепте 83-орын алды. Спортқа миллиардтап қаржы бөліп, бұған дейінгі кез келген спорттық жеңісті Қазақстанның өскелең табысы ретінде насихат тақырыбына айналдыратын Қазақстан олимпиада ойындарында мұндай төмен нәтиже көрсетпеген еді. Сарапшылар сөзіне сілтеме жасаған Азаттық радиосы «сегіз қола Қазақстан спортының қазіргі шынайы көрінісі, сондықтан ел спортына түбегейлі реформа керек» деп жазады.

Бірақ Қазақстан құрамасын Токиоға бастап апарған делегация басшылары – мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов олимпиада аяқталғанымен, Қазақстан олимпиадалық спортының масқара нәтижесіне қатысты әзірге пікір білдірмеді. ҰОК-ны басқаратын Тимур Құлыбаевтың (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, елдегі миллиардерлердің бірі) тарапынан да әлі мәлімдеме болмады, деп жазады Азаттық.

«Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді», — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токиодағы тоңқалаң асуға қатысты берген бағасында.
Ал спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев 5 тамызда өткен брифингте: «Қателіктермен жұмыс болады, жаттықтырушылар кеңесі де өтеді. Біз бас бапкерді тағайындағанда барлық жауапкершілік соның мойнында болады, себебі сол оқу-жаттығу жиындарының, жарыстардың графигін түзеді. Нәтиже спортшыларға да байланысты. Оларда жарысқа шыққан соң соңына дейін бар күшін салуы керек» деген еді.

Токиоға дейінгі олимпиадалардың барлығында Қазақстан спортшылары кемі бір алтын алатын. Ең сәтсіз деген Афина-2004 олимпиадасында бір алтын, төрт күміс, үш қола медаль иеленген еді.

Токио олимпиадасынан соң үкіметте, бапкерлер арасында көп жиын-жиналыс, есеп беру өтері анық. Алайда Азаттық сөйлескен сарапшылар Токиодағы сәтсіздік жиындармен шешілмейтінін, үлкен реформа керегін айтады.

  • Тақырыптың жалғасы 4, 13 және 16-бетте.

А Н О Н С Т А Р:

Аягөз Ханетова:

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БАТҚАН ЕЛДЕ саяси реформа болмайды

2-бет

Джамиля Стехликова:

Казахстан является страной ФАСАДНОЙ ДЕМОКРАТИИ

Стр.8

Жаугашты НАБИЕВ.

ЗАБЫТЫЕ ПРОЕКТЫ

Стр.10

ҚАТЫГЕЗ қоғамның ҚҰРБАНЫ

6-бет

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн