Суббота , 5 июля 2025

Қонаевтың атасы ҚАЗАҚ БОЛҒАНЫН құжаттар дәлелдейді

  • «Дат» газетінің 2023 жылғы 26 қаңтар күн­гі 3‑санында менің жақ­сы көретін әріп­тес ағам Ғаб­бас Қабы­шұлы­ның «Ақиқат­тан аттап кет­пе­лік!» деген мате­ри­а­лы жарық көріп­ті. Онда осы басы­лым­да «Қона­ев – татар» деудің түбі шірік» (19.01.2023 ж.) деген менің мақа­ла­ма жау­ап ретін­де өз пікірін келтіріпті. 

Мате­ри­ал­да Қараған­ды облы­стық мұраға­тын­да Қона­ев­тың өз қолы­мен тол­ты­ры­лған анке­та­сын­да «Дін­мұ­хам­мед Қона­ев­тың ұлты татар деп көр­сетіл­генін» айта­ды. Одан соң Саты­пал­ды Тота­но­втың (қараған­ды­лық арда­гер – Ред.) естелі­гі бой­ын­ша, 1990 жылы 20 сәуір­де Алма­ты­да арда­гер­лер­мен кез­де­су кезін­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев күт­пе­ген жер­ден: «Қона­ев қазақ емес, пар­ти­яға өту үшін өз қолы­мен тол­ты­ры­лған анке­та­сын­да ұлтын татар деп көр­сет­кен» деген сөзін келтіреді. 

Бұл айты­лған­дар­дың бәрі рас! 

Бірақ оның мәж­бүр­лік­пен қалай «татар» болып жазы­лып кет­кені тура­лы ақиқат менің сол «Қона­ев – татар» деудің түбі шірік» деген мақа­лам­да тұр ғой. Сон­ды­қтан сол мақа­ла­дан сөз­бе-сөз екі абзац­ты қай­та­лап келтірейін:

«Әкесі Меңліах­мет бала­сы Дін­мұ­ха­мед оқуға бара­тын кез­де (ол кез­де Вер­ный­да қазақ мек­тебі мүл­де жоқ) басқа мек­теп­тің реті бол­май, Алма­ты­дағы «Гас­прин­ский мек­тебі» деп ата­ла­тын татар мек­тебіне беру­ге мәж­бүр болған. Алға­шын­да оны ұлты татар емес деп қабыл­да­май қой­ған­да, Меңліах­мет­тің наға­шы апа­сы (шеше­сі Хади­ша Сағал­бай­қы­зы­ның шеше­сі – көпес Ысқақ Ғаб­ду­ва­ли­ев­тің әпкесі) татар қызы еді деп, соны көл­де­нең тар­тып, мек­теп­ке әзер алдыртқан.

Татар мек­тебін бітір­ген­ді­гін рас­тай­тын куәлі­гінің негізін­де (Туу тура­лы куәлік қол­да­ны­сқа 1935 жылы ғана енгізіл­ді) ком­сол­мол­дық, пар­ти­я­лық құжат­та­рын­да ұлты «татар» деп жазы­лып кет­ті. Кей­ін аза­мат болған кезін­де пар­ти­я­лық құжа­тын­дағы ұлтын «қазақ» деп түзе­ту­ге мәж­бүр болған. Қона­ев­тың халық алдын­дағы беделін төмен­де­ту үшін, бұл деректі Назар­ба­ев шебер пай­да­ла­нып бақты. Ақиқа­ты­нан хабар­сыз жігіт­тер­дің «Қона­ев­ты – татар» деп ғай­бат­та­уы­ның төр­кіні содан!».

Сұраққа жау­ап осы­лай ап-айқын көр­сетіліп тұр ғой. 

Меңліах­мет қария үшін 1920 жыл­дар­да бала­сы­ның ұлты емес, оның оқуға ілі­гуі маңы­зды бол­ды. Хат таны­сын деп, Гас­прин­ский­дің татар мек­тебіне бол­са да бер­геніне қуан­ды. Боль­ше­вик­тік билік кезін­де оры­стан басқа­ның ұлты­на мән бері­ле бер­мей­тін. Диме­кең ұлтын тек 1960 жыл­да­ры ғана құжат бой­ын­ша дұры­ста­тып алды. Ал жағ­дай­дың ақ-қара­сын біл­мей­тін­дер «Қона­ев – татар» деп жала­у­ла­та­ды келіп. Іс жүзін­де Алма­ты­дағы Гас­прин­ский­дің татар мек­тебін­де оқы­ға­ны үшін ұлты «татар» болып кететін­ді­гін Диме­кең де қай­дан білсін?!

Ал Д. Қона­ев­тың татар емес – қазақ екен­ді­гін рас­тай­тын құжат­тар жеткілікті.

Аталған мақа­ла­да Диме­кеңнің ата­сы Жұма­бай Қонай­ұлы­ның қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты 1912 жылы 30 қара­ша­да оның мұра­герін тағай­ын­дау жөнін­де­гі мәсе­ле бой­ын­ша Вер­ный қала­лық соты шығарған шешім­де: «…Надь иму­ще­ство­мь умер­ше­го кир­ги­за Нижне-Илий­ско­го воло­сти Джу­ма­бая Куна­е­ва … учре­дить опе­ку и опе­ку­номь назна­чить сына покой­но­го Мин­ди-Ахмет Куна­е­ва» делінген.

Ол кез­де қаза­қтар­ды «кир­гиз» деп атаға­ны бар­шаға мәлім. Яғни, көр­сетіл­ген құжат­тан ата­сы қазақ екен­ді­гі көрініп тұр. Сон­да ата­сы қазақ болған­да, өзі қалай татар болады? 

Диме­кең «Өтті дәу­рен осы­лай» атты өмір­ба­ян­дық кіта­бын­да руы – Ысты екен­ді­гін айтып, өзіне дей­ін­гі жеті ата­сын «Жолын – Нұр­мам­бет – Азы­на­бай – Қонай – Жеті­бай – Жұма­бай – Меңліах­мет – Дін­мұ­ха­мед» деп таратады. 

Енді Ғаб­бас аға­ның, бәл­кім, басқа да қызы­ғу­шы­лар­дың наза­ры­на Орта­лық архив­тен табы­лған бір­не­ше құжат­ты қосым­ша ұсы­нып отыр­мын. Онда Жұма­бай Қона­ев 1904 жылы қажы­лық пары­зын өтеу үшін рұқ­сат сұрап жазған «Про­ше­ние» деген өтіні­шін­де өзінің ұлтын «кир­гиз» деп, фами­ли­я­сын «Куна­ев» деп көрсетеді. 

Ал 1904 жылы 19 қазан­да жазы­лған Кепіл­де­ме­де: «Біз төмен­де қол қою­шы­лар Төмен­гі Іле болы­сы 14-ауыл­да тұра­тын «кир­ги­зы» Мул­лиа­х­медь Джу­ма­ба­ев, Кур­мон­тай Джу­мо­ба­ев және Хаким Бот­та­ев, біз­бен бір болы­сты­қта тұра­тын, ғиба­дат жасау үшін Мек­ке­ге барғы­сы келетін Джу­ма­бай Ка(о)наевтың қазы­на алдын­да, жеке­ле­ген адам­дар алдын­да қары­зы жоқты­ғы­на кепіл­дік бере­міз. Егер ондай борыш­кер адам­да­ры табыл­са, қары­зын өзі­міз төлей­тін­ді­гі­мізді рас­тап қол қоя­мыз» (орыс­ша­дан аударған автор. – М.Т.) делінген. 

Вер­ный уезд басты­ғы­ның 1904 жылы 20 қазан­да Жеті­су облы­стық әске­ри губер­на­то­ры аты­на жол­даған Рапор­тын­да: «Пред­став­ляя при семъ три опла­чен­ныхъ гер­бо­вымъ сбо­ромъ съ при­ло­женія­ми, про­шенія кир­гизъ Кур­дай­ской воло­сти Алма­тая Чой­ру­ко­ва, и Нижне-Иліис­кой воло­сти Лепе­са Акта­но­ва и Джу­ма­бая Ка(о)наева, хода­тай­ству­ю­щихъ о выда­че имъ шести­ме­сяч­ныхъ загар­нич­ныхъ пас­пор­товъ на поезд­ку въ Мек­ку» делін­ген.

Осы жер­де де Жұма­бай­дың қырғыз, яғни қазақ екен­ді­гі көрсетілген. 

1904 жылы 19 қазан­да Жұма­бай­дың аты­на беріл­ген № 343 Куәлік­те де оның ұлты «кир­гиз» деп көр­сетіл­ген. Онда «бұл куәлік Төмен­гі Іле болы­сы­ның басқа­ру­шы­сы осы болы­сты­қтың 14-ауы­лы­ның «қырғы­зы» Джу­ма­бай Ка(о)наев отба­сы­лық тізім­де 112-ші болып тұрған­ды­ғын, 55 жаста екен­ді­гін, Мек­ке­ге ғиба­дат ету сапа­ры­на еш кедер­гі жоқты­ғын» растайды. 

Әрине, кеңе­стік кезең­де өмір сүр­ген Саты­пал­ды Тота­нов та, Диме­кеңнің «анке­та­сын» көр­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та бұл құжат­тар­ды біл­ген емес, көр­ген де емес, сон­ды­қтан шынайы ақиқат­ты қай­дан біл­сін?! Вер­ный­дағы Гас­прин­ский­дің татар мек­тебін­де оқы­ған­ды­қтан, құжат­та­рын­да ұлты «татар» болып жазы­лған­ды­ғын, кей­ін оны «қазақ» деп түзет­кен­ді­гін ол кез­де Диме­кең кім­ге айтып ақталады?!

Ал мен жур­на­лист ретін­де, міне­ки, алда­ры­ңы­зға Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың ата-баба­сы­нан тар­тып, қазақ екен­ді­гін рас­тай­тын құжат­тар­ды ұсын­дым. Сол түп­нұсқа құжат­тар­дың көшір­ме­лері назар­ла­ры­ңы­зда. Енді Диме­кеңнің ұлты­на қаты­сты дау тумас деп үміттенемін!

Марат Бәй­діл­даұ­лы (Тоқаш­ба­ев),

жазу­шы-пуб­ли­цист

  • Сomments
  • Талғат Айт­бай:

Ой, Марат аға, миға құй­ып айт­ты­ңыз! Бірақ көбік сөзді сүй­етін, бір бүй­ірін­де ері­ме­стей мұзы бар құдай атқан­дарға дауа жоқ. Мәсе­ле ұлтқа тіреліп тұрған­дай қада­ла­ды-ау кеп! Өстіп босқа мыжы­ған­ша, неге елдік әңгі­ме айт­пай­ды? Бүгін­гі күй­ін­ген қаза­ққа қайт­сем сеп­ті­гі­міз тиеді деп, ой қозға­са қай­те­ді, а?

Диме­кең зама­нын­да жаса­ды. Ал біз не жасап жүр­міз? Осы­ны ойлай­ы­қ­шы. Б…ғымызды мыжы­ған­ша, өз жау­ап­кер­шілі­гі­мізді без­бен­дей­ік, ағайын!

  • Жұма­тай Түгелбайұлы:

Талғат Айт­бай, өте дұрыс әңгі­ме… Диме­кенің жасаға­нын сен жасай ала­сың ба? Жоқ, жасай алмайсың…

Ал Диме­кең Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сын он бес одақ­тас рес­пуб­ли­ка ара­сын­да алды­ңғы қатарға алып бар­ды… Өз абы­рой­ын пай­да­ла­ну арқы­лы дала­дағы қой­шы ауы­лға дей­ін электр жары­ғын апар­ды, қан­ша жол сал­ды, сов­хоз­дар­ды (ауыл­дар­ды) қала дең­гей­іне дей­ін көтерді.

Қатар­дағы еңбек адам­да­ры­на бар­лық жағ­дай­ды жасатты.

Қаза­қтың мәде­ни­еті де, әде­би­еті де дамы­ды, тегін оқу, тегін дәрі­гер­лік көмек, тегін дема­лыс, көп бала­лы ана­ларға көмек, қысқа­ша айтқан­да – бәрі бол­ды. Бәрі халқы үшін жасалды…

Диме­кеңді «татар» деу – Құр­манға­зы­ның күй­іне таласқан, Диме­кеңнің қаза­қты­ғы­на таласқан Назар­бай билі­гінің жос­па­ры. Соның бәрі елді қанап, қаза­қтың әде­би­еті мен мәде­ни­етін құр­ту­дың амалы.

Кеңе­стер дәуірін­де Ком­му­ни­стік пар­тия дедің, ал отыз жыл­да не бол­дың, сол қаза­қты­ғың ба?! Елді қазақ басқар­са, осын­дай болар ма едік?! Сон­ды­қтан бүгін­гі мына сана­сыз өмір­ден шығу­дың қамын ойлан, нағыз қазақ болсаң!

  • Мақ­сат Тәж‑Мұрат:

Меңліах­мет­тің шеше­сінің әкесі – қазақ, ана­сы – татар қызы екен, демек, ол шалақа­зақ болып шыға­ды. Яғни, Қона­ев­тың сүй­е­гі қазақ, әке­ден қуа­лаған­да, ал кәрі наға­шы­ла­ры жағы­нан кел­ген­де – шалақа­зақ. Қазақ ішін­де­гі шалақа­за­қтар­ды бүй­тіп тек­се­ре бер­сең, осы күн­гі қаза­қтың үштен бірі татар-өзбек­пен шалап­талған «шалақа­зақ» суб­эт­но­сы­ның өкіл­дері болып шыға­ды. Сон­ды­қтан әңгі­мені ұзатпай, дәстүрі­міз­ше әке-ата жағы­нан келіп, Қона­ев­тың дау­сыз қазақ екен­ді­гін айтып, бұл өнбей­тін дауға нүк­те қою керек, ағайын!

  • Құл­бек Ергөбек:

Осы қаза­қтар­ды түсі­ну­ден қалып бара­мын: Диме­кеңнің ата­сын­да осы жұрт­тың не әкесінің құны бар екен?! Орыс мәде­ни­етін, ғылы­мын, әде­би­етін жасаған оры­стар емес қой. Орыс соның бәрін қабыл­дай береді. Біз, керісін­ше. Осы біз кері­кет­кен, құдай қарғы­сы­на ұшы­раған ұлт бол­ма­сақ нетті?!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн