Воскресенье , 6 июля 2025

ҚОНАЕВ КІМ ЕДІ, Назарбаев кім болды?

  • Өтіп бара жатқан 2022 жылы тиісті дәре­же­де ата­луы тиіс 110 жыл­дық дата­сы «жетім қыздың той­ын­дай» болған Дін­мұ­ха­мед Қона­ев қазақ үшін кім еді? Ол өз халқы­ның ұлы пер­зент­терінің бірі ме, жоқ әлде кел­мес­ке кет­кен ком­му­ни­стік қоғам­ның бір қай­рат­кері ғана ма?«1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сын­да алаңға жиналған халық «Қона­ев кел­сін, Димаш аға­ны қай­та­ры­ң­дар!» деп ұран­да­ды. Ал Қаңтар­дағы қан­ды оқиға кезін­де алаңға жиналған нөпір: «Шал, кет! Назар­ба­ев кет­сін!» деп даб­ыл қақты. Айыр­ма­шы­лық бар ма?

Бүгін­де көп­шілік­тің зер­десін­де дәуір­дің дара тұлға­сы ретін­де сақталған Қона­ев­тың өмір­ден озға­ны­на 31 жыл тол­са да, оның есі­мі газет пен жур­нал бет­тері­нен түс­пей­ді. Неге?

Себебі халық Қона­ев­ты 30 жыл ел басқарған Назар­ба­ев­тың дәуірі­мен салы­сты­ра­ды. Еке­уа­ра ұқсас тағ­дыр­дың егжей-тег­жей­ін айт­паған­да, Қона­ев билік­тен бір пен­си­я­мен ғана кет­ті. Ал қаза­қтың бар бай­лы­ғын әкесі­нен қалған мұра­дай көр­ген Назар­ба­ев­тың бай­лы­ғы 200 мил­ли­ард дол­лар деген дол­бар интер­нет иірі­мін­де өріп жүр. Біздің төмен­гі жазуы­мы­зға осы жағ­да­ят­тың айыр­ма­шы­лы­ғы арқау болды.

Қона­ев рес­пуб­ли­ка­ны оңай кез­де басқарған жоқ. Кеңе­стер Одағын басқарған «КПСС»-тің қасаң сая­са­ты­нан рес­пуб­ли­ка­ны «жаң­быр-жаң­быр­дың ара­сы­мен» алып өту оңай бол­маған заман­ды бастан кешір­ді. Кей­ін­нен бұзы­лып кет­ті деме­сек, Назар­ба­ев та тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы ауырт­па­лық жыл­да­рын арқа­лап өтті.

Осы қос тағ­дыр­ды салы­сты­ра кел­ген­де, Тұрар Рысқұ­ло­втың жары Әзи­за апай­дың айтуын­дағы (қызы Сәу­ленің маған айтқан сөзі) жағ­дай есі­ме ора­ла­ды: Қона­ев Мәс­кеу тау-кен инсти­ту­тын­да оқып жүр­ген­де жазған ары­здан соң, басы­на туын­даған про­бле­ма бой­ын­ша Рысқұ­ло­втың үйіне барған. Оқу­дан шығып қалар қау­пі бар жағ­дай­ын айтқан соң, Рысқұ­лов кеңе­стік оқу мини­стріне айтып, сту­дент Қона­ев­тың инсти­тут­та қалуы­на жәр­дем еткен.

Осы жер­де тарихқа кері болжам жаса­сақ, егер сол уақыт­та Рысқұ­лов көмек­тес­пе­ген­де, кей­ін­нен Қона­ев Қаза­қстан­ды 30 жыл басқа­рар ма еді? Мүм­кін, жақ­сы маман, жақ­сы ғалым болар, бірақ оқу­дан қуы­лған, ком­му­ни­стік сөгіс алған адам­ның ел басқа­руы екіта­лай еді.

Ал енді Дін­мұ­ха­мед Қона­ев кезін­де Назар­ба­евқа қол ұшын бер­ме­се, оған пар­ти­я­лық-басқа­ру­шы­лық иерар­хи­яда қол­дау біл­дір­ме­се, ол 30 жыл Қаза­қстан­ның пре­зи­ден­ті болар ма еді? Бұл да үлкен күді­гі бар сұрақ.

Егер Қона­ев рес­пуб­ли­ка­ны басқа­ру­ды Н.Назарбаевқа емес, сәл ерте­рек А.Асқаровқа, Ж.Тәшеновке, не С.Такежановқа бер­ген­де, біздің ел бүгін­гі­дей бол­мас па еді? «Бақ жана ма, бап жана ма?» деген халы­қтық қисы­ны осы.

Тағы да салы­стыр­ма­лы дерек кел­тірей­ік. Қона­ев кезін­де елдің көпса­ла­лы инду­стри­я­лық өндірісі мен ауыл шару­а­шы­лы­ғын қарқын­ды дамы­туға мұрын­дық бол­ды. Жоға­ры және орта білім беру мек­теп­терінің, ден­са­улық сақтау, ғылым мен мәде­ни­ет меке­ме­лері, сауда және тұрғын­дарға ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту кәсі­по­рын­да­ры­ның мате­ри­ал­дық база­сы айтар­лы­қтай күшей­ді. Тұрғын үй салу ісі де кең жолға қой­ыл­ды. Жылы­на 5–6 млн. квад­рат метр бас­па­на пай­да­ла­нуға берілетін.

Ал Назар­ба­ев­тан кей­ін елде не қал­ды? Қаңы­раған ауыл мен аңы­раған ауыл шару­а­шы­лы­ғы, өшкен өндіріс пен қираған өнер­кәсіп қал­ды. Жап­пай жұмыс­сыздық пен тең жар­ты­сы кедей­шілік­тің күнін кеш­кен қазақ қал­ды! Қона­ев­тың соңын­да «тыр­нақ асты­нан кір іздеп» қалған сын­шы­сы­мақтар осы екі салы­стыр­ма­лы жағ­дай­ды ескер­се екен!

Қаза­қстан дамуы­ның осы және басқа да жетістік­тері тура­лы Д.А.Қонаевтың өзі 80 жасқа толған туған күнін­де айтқан бола­тын. Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сын­да болған 80 жыл­дық мерей­тойы кезін­де мен рес­пуб­ли­ка Жоғарғы Кеңесі пре­зи­ди­у­мы­ның мүше­сі ретін­де қаты­стым. Әлі есім­де, Қона­ев 1 сағатқа жуық қағазға қара­май, Қаза­қстан­ның соңғы 30 жыл­да дамуы тура­лы баян­да­ма жаса­ды. Бар­лық деректер­ді, жетістік­тер­ді жатқа айт­ты. Есім­де Қона­ев ақсақал: «Мен үш бір­дей қоғам­дық даму фор­ма­ци­я­сын­да да өмір сүр­дім. Фео­да­лизмде тудым, соци­а­лизмде еңбек еттім, енді капи­та­лизм туды, алды­мыз бұлы­ңғыр, көк тұман­ды сен­дер сей­іл­тесің­дер» деген өси­ет­тік сөз айтқан еді.

Мыстың жал­пы­о­дақтық көле­мінің үштен бір бөлі­гін, мыры­штың 40%-дан аста­мы, қорға­сын­ның 70%-дан аста­мы Қаза­қстан­да өндірілетін. Хро­мит және уран кен­дерінің, сары фос­фор­дың негіз­гі жет­кі­зу­шісі біздің ел бол­ды. Жал­пы қуа­ты 16 млн. кВт бола­тын төрт бір­дей Екі­ба­стұз ГРЭС-інен Ресей­дің орта­лық аудан­да­рын жаб­ды­қтау үшін арзан электр қуа­тын жібе­ру жос­пар­ланған. Сол кез­де­гі ең ірі Соко­лов-Сары­бай кен-бай­ы­ту ком­би­на­ты 8 млн. тон­на­дан астам темір кен ора­мын шығаратын.

Осы бай­лық қай­да қазір? Бар­лы­ғы «еура­зи­я­лық үштік» деп ата­ла­тын мил­ли­ар­дер­лер Маш­ке­вич, Шоди­ев, Ибра­ги­мов және Т.Құлыбаев, Б.Өтемұратов, т.б. назар­ба­ев­тық оли­гарх­тар­дың қолын­да кет­ті. Мыса­лы, елде өндірілетін жал­пы мұнай көле­мінің 27%-ы – біз­де, 73%-ы – шетел ком­па­ни­я­ла­рын­да. Мұн­дай сұм­дық ешбір елде жоқ.

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на да ерекше көңіл бөлі­нетін, оған жан-жақты қол­дау көр­сетілетін. Біздің бидай­ы­мыз өте жоға­ры баға­ла­на­тын, 28–35 пай­ыз ұлпа­сы бар еді. Тың жер­лер­ді иге­ру басталған­нан бері қарай рес­пуб­ли­ка­мыз әрқа­шан өзі өндіретін тұқым есебі­нен өзін-өзі қам­та­ма­сыз ететін. 2011 ж. бұрын-соң­ды бол­маған бидай жинал­ды – 30 млн. тон­на! Тек оны сақтай­тын орын­ның бол­мауы­нан қан­ша­сы қар астын­да қал­ды, ысы­рап бол­ды. Бұл назар­ба­ев­тық заман­ның зардабы еді.

1916 ж. қазақ жерін­де 18 млн. 364 мың қой болған. Кей­інірек олар­дың саны күрт азай­ды. Егер 1955 жылы Қаза­қстан­да қой­дың саны 17 млн-нан сәл аса­тын бол­са, 1983 жылы 36 млн. бол­ды, ірі қара мал­дың басы 4 млн. шама­сын­да бол­са, ол 9 млн. асты. Құс фаб­ри­ка­ла­рын салу нәти­же­сін­де құс және жұмыр­тқа өнді­ру бір­не­ше есе­ге өсті. Рес­пуб­ли­ка өзін-өзі осы өнім түрі­мен толық қам­та­ма­сыз ететін бол­ды. Соны­мен бір­ге сүт және ет өндірісі де ұлғай­ды. Мыса­лы, 1955 ж. ет өнді­ру дең­гейі 530 мың тон­на бол­са, 1986 ж. ол 1 млн. 300 мың тон­наға жет­ті. Сол уақыт­та ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның ЖІӨ үлесі 27–29% бола­тын. Ал назар­ба­ев­тық заман­ның көр­сет­кі­ші бес-ақ пайыз!

Салы­стыр­ма­лы түр­де Өзбек­стан­ды алай­ық. Билік басы­на Ш. Мир­зи­ёев кел­гелі өзбек ағай­ын­ның эко­но­ми­ка­лық дамуы алға кету­де. Өзбек­стан әлем­нің ең үздік Nike, Adidas, Apple, Inditex ком­па­ни­я­ла­ры­мен келісім­ге тұрып, үздік өндіріс сала­ла­рын ашып, даму­дың даңғыл жолы­на түсті. Орта Ази­яда бәсе­ке­ле­стік­тің ала­ман бәй­гесі Өзбек­стан­ның қолы­на өтіп кетуі де мүмкін.

Қазақ КСР Мини­стр­лер Кеңесінің төраға­сы, Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің Бірін­ші хат­шы­сы Д.А.Қонаевтың баян­да­ма­ла­рын оқи оты­рып, рес­пуб­ли­ка бас­шы­лы­ғы өнер­кәсіп­ті, ауыл шару­а­шы­лы­ғын, көлік­ті басқа­ру­дың көп­те­ген қай­та ұйым­да­сты­ру жағ­дай­ын­да рес­пуб­ли­ка­ны басқа­ру бой­ын­ша қан­дай маңы­зды жұмыстар атқарға­нын көру­ге болады.

Қаза­қстан кей­ін­гі 30 жыл­да жұмыс­шы табы­нан айы­рыл­ды десе де бола­ды. Бұл сана­лы түр­де әдейі жасалған «идео­ло­ги­я­лық дивер­сия», сана­ны өсір­меу. Жұмыс­шы табы, инже­нер­лер қай елде бол­са да ұлт­тық қозға­лы­стың өзе­гі, про­гресс жасай­ды. Оны кіш­кен­тай Жаңаө­зен­нен де көрдік.

Қона­ев өз қыз­метінің басты қағи­да­ты – еңбек­ші халы­қ­пен тығыз және үне­мі бай­ла­ны­ста болу деп есеп­тей­тін. Яғни, халы­қты жасам­паз­ды­ққа үйре­ту ғана емес, жер­гілік­ті жұмыс­шы­лар­дың тәжіри­бесіне сүй­ене оты­рып, олар­дан үйре­ну. Ол өз кіта­бын­да былай деп жазған екен: «Кез кел­ген іске ұқып­ты­лық таны­туға тыры­стым, мен маңы­зды шара­лар­дың бар­лы­ғын бел­гі­лен­ген күні саға­тын­да, кей­ін­ге қал­дыр­май өткізу­ге тырыстым».

Ал Назар­ба­ев­тың өзі және даңға­за даб­ы­раға айналған «Қаза­қстан-2030» бағ­дар­ла­ма­сы қай­да қал­ды? Оның ауыл­ды дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы қай ауыл­ды жай­қал­тып жіберді?

Қона­ев­тың жанын­да оның әріп­те­стері Ж.Шаяхметов, Ж.Ташенов, Б.Әшімов, А.Асқаров, К.Аухадиев, С.Тәкежанов, Ш.Есенов, Е.Әуелбеков сын­ды қай­рат­кер­лер бір­ге еңбек еткенін де айтып өту керек. Кеше ғана өмір­ден озған Кеңес Аух­ади­ев Назар­ба­ев­тың кезін­де 47 жасын­да жұмыс­сыз қал­ды. Кеңе­стер Одағы пар­ла­мен­тінің бір бас­шы­сы болған Еркін Әуел­бе­ков Қаза­қстанға оралған соң, Назар­ба­ев оны кеңес­шілік дең­гей­ге түсіріп таста­ды. Бұл еліне ерен еңбек еткен аза­мат­тар үшін қия­нат емес пе?

Бір­де мен бұры­нғы кеңе­стік қар­жы мини­стрі Бацо­ла­мен сөй­лес­кенім­де, ол Қона­евқа қаты­сты: «Сіз ака­де­мик ретін­де­гі жалақы­ңы­зды (кеңе­стік 1 мың рубль­ден кем емес еді) алы­ңыз деп айтып едім, ол: «Бәрін бала­лар үйіне жіберіңіз» деп, талай жыл­дар бойы ака­де­ми­я­ның сти­пен­ди­я­сын алма­ды» деген еді. Бұл Қона­ев­тың бой­ын­дағы қара­пай­ым­ды­лы­қтың жарқын бел­гісі еді. Ал кіші­пей­іл адам болға­ны­ның бел­гісі – ол көше­де кезік­кен қара­пай­ым жұмыс­шы­ға дей­ін тоқтап, аман­да­сып, хәлін білетін.

Бір­де 2000 жыл­да­ры мен Аста­на­да Асан­бай Асқа­ро­вқа сәлем беріп кір­дім. Ол менен ғылым мен Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның жағ­дай­ын сұра­ды. Мен қиын­шы­лы­қты айт­тым. Сон­да ол маған: «Қай­да бара жатыр­сы­ң­дар, неге Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­на айт­пай­сың?!» – деді. Мен: «Назар­ба­ев құлақ аспай­ды» дедім. Асе­кең қарқ-қарқ күліп: «Оның құлақ аспай­ты­нын жаңа біліп пе едің?!» – деді.

Тағы бір салы­стыр­ма­лы дерек: 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сын­да алаңға жиналған халық «Қона­ев кел­сін, Димаш аға­ны қай­та­ры­ң­дар!» деп ұран­да­ды. Ал Қаңтар­дағы қан­ды оқиға кезін­де алаңға жиналған нөпір: «Шал, кет! Назар­ба­ев кет­сін!» деп даб­ыл қақты. Айыр­ма­шы­лық бар ма? Еке­уінің сая­си тарихы жер мен көк­тей екенін осы­дан-ақ көру­ге болады.

Қона­ев­ты жер­леу кезін­де Опе­ра теат­ры­нан бастап, Кең­сай­ға дей­ін­гі бар­лық көше­лер­ге халық лық тол­ды. Оры­стың кем­пір­лері қол­да­ры­на ора­мал алып, жылап тұр­ды. Димаш аға­ны мәң­гілік сапарға шыға­рып салған­да, еңіре­ген халы­қты өз көзім­мен көр­дім. Ал Назар­ба­ев­тың соңғы сапа­ры қан­дай бола­ды? Зер­де мен зей­ін мәсе­лесі екі тағ­ды­рға қаты­сты осы сұрақтың аста­рын­да жат­са керек…

Ора­за­лы СӘБДЕН,

Қаза­қстан ғалым­да­ры одағы­ның президенті,

ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері, э.ғ.д., про­фес­сор, академик

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн