Среда , 7 мая 2025

Қонаев пен Назарбаевта ТЕКЕТІРЕС БОЛДЫ МА?

Қаңтар­дың 12-сі күні Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың туға­ны­на 107 жыл тол­ды. Қыз­метінің соңғы жылы сол кез­де­гі Мини­стр­лер кеңесін басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­пен ара­сы суы­ды. Назар­ба­ев кітап­та­рын­да Қона­ев қай­тыс болар­дан бір ай бұрын әңгі­ме­ле­с­кенін айта­ды. Кей­ін Қона­ев пен Назар­ба­ев­ты қатар қой­ып, ұлы­қтай­тын хика­я­лар пай­да болды.

1940 жыл­дар­дан бастап совет­тік Қаза­қстан билі­гіне ара­ла­сып, 1986 жылға дей­ін ширек ғасыр Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы қыз­метін атқарған Дін­мұ­ха­мед Қона­евқа арналған музей-үйде өзі тұты­нған заттар­мен қатар, «Өтті дәу­рен осы­лай», «Ақиқат­тан атта­уға бол­май­ды» дей­тін естелік кітап­тар тұр. Бұл естелік­терін­де ол өзі көр­ген совет­тік жүйе мен жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға­ларға баға берген.

Түр­лі тари­хи деректер 1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­сын Мәс­ке­удің жер­гілік­ті кадр­лар­ды ескер­мей, Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың орны­на орта­лы­қтан Ген­на­дий Кол­бин­ді жібе­руі­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. «Қона­ев өзін қыз­меті­нен босатқан кез­де СССР Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бас хат­шы­сы Миха­ил Гор­ба­чев­ке жер­гілік­ті кадр­лар­дың бірін ұсын­ба­ды» деген айып­та­у­лар осы кез­де шықты.Қонаев естелі­гін­де бұл айып­та­удың орын­сыз екенін жаза­ды. «…Кол­бин­нің айтуы­на қараған­да, мен Сая­си бюро­дан Қаза­қстанға қалай да Орта­лық Коми­тет­тің бірін­ші хат­шы­лы­ғы­на ұлты орыс адам­ды ұсы­ну­ды және оны тек рес­пуб­ли­ка­дан тысқа­ры жер­ден алып бару­ды сұрап­пын. Бұл мүл­де шын­ды­ққа жана­спай­ды. Кол­бин­нің кезек­ті өтірі­гінің бірі. Оны Гей­дар Әли­ев «Ком­со­моль­ская прав­да» газетіне бер­ген сұқ­ба­тын­да толық рас­тап бер­ді», деп, сол кез­де КПСС Орта­лық Коми­теті Сая­си бюро­сы­ның мүше­сі, кей­ін Әзер­бай­жан пре­зи­ден­ті болған Гей­дар Әли­ев­ті де куәлік­ке тар­тқан. Қона­ев­тың «Гор­ба­чев Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­на кім­ді ұсы­ну­ды өзі­міз шеше­міз деп айт­ты» дегені, ал Гор­ба­чев­тің «Қона­ев жер­гілік­ті кадр­лар­дан ешкім­ді ұсын­ба­ды» дегені өзге де бір­не­ше естелік­те айты­ла­ды.
Қона­ев­тың «Хру­щев кезін­де қыз­меті­нен алы­нып, Бреж­нев кел­ген­де қай­та тағай­ын­далға­ны» тура­лы естелі­гін­де осы­ған ұқсас дерек кез­де­седі. Онда былай деп жазылған.

«1964 жылы қара­ша айы­ның соңғы күн­дерінің бірін­де Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бар­лық бюро мүше­лерін, Қазақ ССР Мини­стр­лер советі төраға­сы­ның орын­ба­сар­ла­рын Мәс­ке­у­ге шақырт­ты. Бірін­ші хат­шы­ның өзі қабыл­да­ды. Ол Юсу­по­втың қыз­мет­тен кет­келі жатқа­нын хабар­ла­ды. Сөз соңын­да «Қаза­қстан Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­лы­ғы­на кім­ді ұсы­на­сыздар?» деп сұра­ды. Бірін­ші боп Юсу­пов орны­нан көтеріліп, бірін­ші хат­шы­лы­ққа СССР Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің пре­зи­ди­ум мүше­лерінің бірін жібе­руді, сол арқы­лы Қаза­қстан пар­тия ұйы­мын нығай­ту­ды ұсын­ды. Бреж­нев бір­ден «жер­гілік­ті жер­ге, оның ұлт­тық кадр­ла­ры­на ондай сенім­сіздік көр­се­ту­ге хақы­мыз жоқ, бірін­ші хат­шы рес­пуб­ли­ка­ның өзі іші­нен сай­ла­нуы тиіс» деп, әңгі­менің басын ашып бер­ді. Қалған бюро мүше­лері мен төраға орын­ба­сар­ла­ры менің кан­ди­да­ту­рам­ды қолдады»…

Қона­ев естелі­гін­де бұл айып­та­удың орын­сыз екенін жазады.

«…Кол­бин­нің айтуы­на қараған­да, мен Сая­си бюро­дан Қаза­қстанға қалай да Орта­лық Коми­тет­тің бірін­ші хат­шы­лы­ғы­на ұлты орыс адам­ды ұсы­ну­ды және оны тек рес­пуб­ли­ка­дан тысқа­ры жер­ден алып бару­ды сұрап­пын. Бұл мүл­де шын­ды­ққа жана­спай­ды. Кол­бин­нің кезек­ті өтірі­гінің бірі. Оны Гей­дар Әли­ев «Ком­со­моль­ская прав­да» газетіне бер­ген сұқ­ба­тын­да толық рас­тап бер­ді», деп, сол кез­де КПСС Орта­лық Коми­теті Сая­си бюро­сы­ның мүше­сі, кей­ін Әзер­бай­жан пре­зи­ден­ті болған Гей­дар Әли­ев­ті де куәлік­ке тар­тқан. Қона­ев­тың «Гор­ба­чев Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­на кім­ді ұсы­ну­ды өзі­міз шеше­міз деп айт­ты» дегені, ал Гор­ба­чев­тің «Қона­ев жер­гілік­ті кадр­лар­дан ешкім­ді ұсын­ба­ды» дегені өзге де бір­не­ше естелік­те айтылады.

Қона­ев­тың «Хру­щев кезін­де қыз­меті­нен алы­нып, Бреж­нев кел­ген­де қай­та тағай­ын­далға­ны» тура­лы естелі­гін­де осы­ған ұқсас дерек кез­де­седі. Онда былай деп жазылған.

«1964 жылы қара­ша айы­ның соңғы күн­дерінің бірін­де Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бар­лық бюро мүше­лерін, Қазақ ССР Мини­стр­лер советі төраға­сы­ның орын­ба­сар­ла­рын Мәс­ке­у­ге шақырт­ты. Бірін­ші хат­шы­ның өзі қабыл­да­ды. Ол Юсу­по­втың қыз­мет­тен кет­келі жатқа­нын хабар­ла­ды. Сөз соңын­да «Қаза­қстан Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­лы­ғы­на кім­ді ұсы­на­сыздар?» деп сұрады. 

Бірін­ші боп Юсу­пов орны­нан көтеріліп, бірін­ші хат­шы­лы­ққа СССР Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің пре­зи­ди­ум мүше­лерінің бірін жібе­руді, сол арқы­лы Қаза­қстан пар­тия ұйы­мын нығай­ту­ды ұсын­ды. Бреж­нев бір­ден «жер­гілік­ті жер­ге, оның ұлт­тық кадр­ла­ры­на ондай сенім­сіздік көр­се­ту­ге хақы­мыз жоқ, бірін­ші хат­шы рес­пуб­ли­ка­ның өзі іші­нен сай­ла­нуы тиіс» деп, әңгі­менің басын ашып бер­ді. Қалған бюро мүше­лері мен төраға орын­ба­сар­ла­ры менің кан­ди­да­ту­рам­ды қолдады»…

1986 жылы ақпан айын­да өткен Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы­ның ХVI съезін­де Қона­ев Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы болып тағы да сай­лан­ды. Бірақ осы съез­де осы­ған дей­ін өзі қол­дап кел­ген Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен басқа да бір­не­ше жау­ап­ты қыз­мет­кер­дің сыны­на ұшырады.

«Қазақ ССР Мини­стр­лер советінің төраға­сы Н.Назарбаев рес­пуб­ли­ка Ғылым ака­де­ми­я­сын және оның бас­шы­лы­ғын, сон­дай-ақ қала үшін зор мәні бар Алма­ты­дағы бірқа­тар құры­лыс объ­ек­тілерін жөн­сіз сына­ды. Ол тари­хи музей объ­ек­тілер­ді және басқа да әле­умет­тік-тұр­мыстық объ­ек­тілер қала үшін қажеті жоқ, мол қар­жы босқа шашыл­ды деген­ді айт­ты» деп жаз­ды автор.

ХVI съез­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Дін­мұ­ха­мед Қона­ев­тың інісі, сол кез­де­гі Қазақ ССР Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті Асқар Қона­ев­ты да сына­ды. Қона­ев естелі­гін­де Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның пре­зи­ден­ті қыз­метіне Асқар Қона­ев­ты тағай­ын­да­уға қар­сы болға­нын, оның СССР Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің бас хат­шы­сы Лео­нид Бреж­нев­тің қол­да­уы­мен сай­ланға­нын айтқан.

Қона­ев қыз­меті­нен боса­ты­лған­нан кей­ін билік тара­пы­нан түр­лі қысы­мға ұшы­ра­ды. 1987 жылы Қазақ ССР Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетіне мүшелік­тен шыға­ры­лған­да, Кол­бин­нің сыны­на шыда­май, қар­сы тұрғы­сы кел­се де, өзін қол­дай­тын­дар­дың бола­ты­ны­на сенбеген.

«Сіл­кін­сем қай­те­ді деген бір ой түрт­кіледі. Ашы­нған – тіл­ді келеді. Айт­сам – айтай­ын дедім, бірақ оның немен тына­ты­ны аян. Оның үстіне жағ­дай басқа. Біре­улер қол­да­са жақ­сы, дұры­сты – дұрыс деп айт­са жақ­сы. Әй, қай­дам-ау. Іштей қол­да­са – қол­дар, бірақ тар жер­де қол соза­мын деп, жеп оты­рған наны­нан ешкім айы­ры­лғы­сы кел­мес. Сон­ды­қтан пле­нум­да сөй­ле­уді артық көр­дім» деп жаз­ды естелі­гін­де.
Ара­да бір­не­ше жыл өткен соң, Қазақ ССР-інің пре­зи­ден­ті болған Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа Қона­ев тілек­те­сті­гін былай біл­дір­ген. «Тап бүгін­гі­дей ай сай­ын төмен­деп бара жатқан халы­қтың мүш­кіл жағ­дай­ын­да, эко­но­ми­ка­ның құл­ды­рап, Совет Одағы­ның ыды­рау қау­пі төніп тұрған тұста мен адал көңіл­мен Назар­ба­евқа табыс тіле­гім келеді. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті ретін­де ол қиын­ды­қтар­ды жеңеді, ауыр дағ­да­ры­стан тезірек шығу­дың жолын таба­ды деп сенемін».

Естелік­тер­де 1986 жылы өткен ХVI съез­ден кей­ін Қона­ев пен Назар­ба­ев қаты­на­сы­ның суы­ға­ны, өзі қол­дап, билік­ке әкел­ген Назар­ба­ев­тың сыны Қона­евқа қат­ты тигені жай­лы сөз бола­ды. Бұл оқиға­ны Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та ұмыт­паған. Қона­ев музей­ін­де тұрған «Лич­ность» деп ата­ла­тын кіта­пқа Назар­ба­ев­тың «Ірі сая­си тұлға» дей­тін естелі­гі қосы­лған. Бұл естелік­те Назар­ба­ев «қарым-қаты­на­сы­мы­здың ең қиын кезін­де де мен оған шынайы құр­мет­пен қара­дым. Жастық мак­си­ма­лизммен айтқан сыным­ды түсіне алма­ды. Кей­бір обком­дар­дың бірін­ші хат­шы­ла­ры мен мини­стр­лік бас­шы­ла­рын қатаң сынаған­да, өзім­ді Қона­ев жағын­да тұр­мын, сөзім­нің шын­ды­ғы­на көзі жет­кен «бірін­ші» оңбаған­дар­дың бәрін қуып, Қаза­қстан­да рефор­ма жасай­мыз деп ойла­дым. Бірақ мен бір жайт­ты, өз зама­ны­ның шын мәнін­де ірі тұлға­сы, ширек ғасы­рға жуық түр­лі жоға­ры қыз­мет атқарған Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы Қона­ев пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­дан және жасы­на бай­ла­ны­сты (ол кез­де 70-тен асқан еді) жаңа жағ­дай­ларға бей­ім­де­ле алмаға­нын ескер­меп­пін» деп жазады.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев рес­пуб­ли­ка бас­шы­сы болған соң, Қона­ев­пен бір­не­ше рет кез­дескенін, оның өтіні­ш­терін түгел орын­даға­нын, Қона­ев пара­сат­ты­лық таны­тқа­нын, рес­пуб­ли­ка­дағы күр­делі жұмыстар­ды қол­даға­нын айтады.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев естелі­гін­де «Қона­ев­пен қай­тыс бола­ры­нан бір ай бұрын кез­де­стім» дей­ді. «Расын­да, біздің қаты­на­сы­мы­зда про­бле­ма көп бол­ды. Бірақ соңғы әңгі­ме­ле­с­кені­міз­де: «Сенің айтқан­да­рың мен ісің дұрыс болып шықты. Сенің бағы­ты­ң­ды қол­дай­мын» деді. Сол кез­де «он жыл бұрын осы­лай неге бір­ге бол­ма­дық екен» деген ойдан торы­ғып кет­тім» деп жазды…

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн