Суббота , 5 июля 2025

«ҚОНАЕВТАТАР» ДЕУДІҢ ТҮБІ – ШІРІК

Жуықта (12-қаңтар – ред.)  Диме­кеңнің туған күні өтті. Содан еске түсіп жатыр. Тая­у­да қонақты­қта оты­рған­да бір таны­сы­мыз: «Кім­мен бол­са да бәсте­се ала­мын, Қона­ев – татар» деген әңгі­менің шетін шығар­ды. «Оның пар­ти­я­лық билетін­де бұрын ұлты «татар» деп жазы­лған екен» деп бұрқыл­дат­ты. Амал жоқ, осы мәсе­ле­ге нүк­те қою үшін мәсе­ленің мәнісін ашып беру­ге тура келеді. 

Шәкәрім Құдай­бер­діұ­лы «Қаза­қтың түп ата­сы» деген шежірелік жырын­да: «Қаза­қтың түп ата­сы батыр Түрік, «араб­сың» деген сөздің түбі шірік» дей­ді ғой. Сол айт­пақ­шы, Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы Қона­ев­ты «татар» деудің түбі  –  шірік!

Бір­ден айтай­ын, Диме­кең татар емес – қазақ, оның ішін­де Ысты руы­нан тарай­ды. Әкесі Меңліах­мет бала­сы Димаш оқуға бара­тын кез­де (ол кез­де Вер­ный­да қазақ мек­тебі мүл­де жоқ)  басқа мек­теп­тің реті бол­май, Алма­ты­дағы «Гас­прин­ский мек­тебі» деп ата­ла­тын татар мек­тебіне беру­ге мәж­бүр болған. Алға­шын­да оны ұлты татар емес деп қабыл­да­май қой­ған­да, Меңліах­мет­тің наға­шы апа­сы (ана­сы Хади­ша Сағал­бай­қы­зы­ның шеше­сі, көпес Ысқақ Ғаб­ду­ва­ли­ев­тің әпкесі) татар қызы еді деп, соны көл­де­нең тар­тып, мек­теп­ке әзер алдыртқан. 

Татар мек­тебін бітір­ген­ді­гін рас­тай­тын куәлі­гінің негізін­де (Туу тура­лы куәлік қол­да­ны­сқа 1935 жылы ғана енгізіл­ді) ком­сол­мол­дық, пар­ти­я­лық құжат­та­рын­да ұлты «татар» деп жазы­лып жүр­ді. Кей­ін аза­мат болған кезін­де пар­ти­я­лық құжа­тын­дағы көр­сетіл­ген ұлтын «қазақ» деп түзе­ту­ге мәж­бүр болған. Қона­ев­тың халық алдын­дағы беделін төмен­де­ту үшін, бұл деректі Назар­ба­ев шебер пай­да­ла­нып бақты.  Ақиқа­ты­нан  хабар­сыз жігіт­тер­дің «Қона­ев­ты – татар» деп ғай­бат­та­уы­ның төр­кіні содан!

Диме­кеңнің мұра­жай­ын­да оның ата­сы Жұма­бай Қонай­ұлы­ның қазақ екен­ді­гін дәлел­дей­тін мұрағат мате­ри­а­лы сақталған. Онда 1912 жылы 30-қара­ша­да Вер­ный қала­сын­да Жұма­бай­дың қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты оның мұра­герін тағай­ын­дау жөнін­де мәсе­ле бой­ын­ша Вер­ный қала­лық соты шығарған шешім­де Жұма­бай­дың «қырғыз», яғни қазақ екен­ді­гі тай­ға таң­ба басқан­дай етіп жазы­лған. Сот шеші­мін­де: «…надь иму­ще­ство­мь умер­ше­го кир­ги­за Нижне-Илий­ско­го воло­сти Джу­ма­бая Куна­е­ва … учре­дить опе­ку и опе­ку­номь назна­чить сына покой­но­го Мин­ди-Ахмет Куна­е­ва» делін­ген. Ол кез­де қаза­қтар­ды «кир­гиз», қырғы­здар­ды «кара кир­ги­зы» деп атаға­ны мәлім. Яғни көр­сетіл­ген құжат­та ата­сы қазақ екен­ді­гі көр­сетіліп тұр. 

Сол Меңліах­мет кәри­я­ны өткен ғасыр­дың 70-жыл­да­ры­ның басын­да, біз жас жур­на­лист болып жүр­ген кезі­міз­де, кәдім­гі Көк­ба­за­рда өзінің қатар­ла­ста­ры­мен бір­ге қымыз ішіп оты­рға­нын талай көр­дік. Ол кісі 1976 жылы тоқ­санға қараған шағын­да дүние салды. 

Ал Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы Қона­ев­тың шеше­сі – Зәу­ре Бай­ы­рқы­зы Аман­жо­ло­ва шелек­тік Қаң­лы Бай­ыр ата­мы­здың қызы. Ол 1917 жылы жел­тоқ­сан­да Орын­бор­да өткен Бүкілқа­за­қтық құры­л­тай­да Ала­шор­да­ның Жеті­су облы­сы­нан сай­ланған депу­та­ты, заң­гер Садық Аман­жо­ло­втың неме­ре бауы­ры. Яғни Диме­кеңнің шеше­сі жағы­нан да татарға қаты­сы жоқ. 

Диме­кең «Өтті дәу­рен осы­лай» атты өмір­ба­ян­дық кіта­бын­да руы – Ысты екен­ді­гін айтып, өзіне дей­ін­гі жеті ата­сын «Жолын – Нұрмамбет–Азынабай – Қонай – Жеті­бай – Жұма­бай – Меңліах­мет –Дін­мұ­ха­мед» деп таратады. 

Көріп тұр­сыздар, ата-баба­сы­нан тар­тып, Диме­кең таза қазақ!  Алла разы бол­сын, бұрыс пікір­ді бұрқы­ра­тып жүретін­дер­ге осы деректер­дің негізін­де той­та­рыс бере жүріңіздер!

Марат БӘЙДІЛДАҰЛЫ

(Тоқаш­ба­ев),

жазу­шы-пуб­ли­цист 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн