Пятница , 4 июля 2025

Қордай трагедиясы: АРАНДАТУ МА, АРАМ ҚАТУ МА?

  •  «Аран­дат­пай­ық» деген сөз ұлт­тың /қазақтың/ мой­нын­дағы бұға­уға, қолын­дағы кісен­ге айнал­ды. Қаза­қты өздері аран­дат­па­са, қазақ ешкім­ді аран­датқан емес!

«Бостан­дық!» десең,

Айта­ры:

«Аран­дат­пай­ық!»

«Аш қал­дық!» десең,

Айта­ры:

«Аран­дат­пай­ық!»

«Жер бер­сін!» десең,

Айта­ры:

«Аран­дат­пай­ық!»

«Ел кел­сін!» десең,

Айта­ры:

«Аран­дат­пай­ық!»

«Тіл өлді!» десең,

Айта­ры:

«Аран­дат­пай­ық!»

Кім өлді десең де,

Айта­ры:

«Аран­дат­пай­ық!»

«Аран­дат­пай­ық!» деп жүріп,

Арам қат­пай­ық!..

Талғат ЕШЕНҰЛЫ,

ақын

Қордайдағы қақтығыс ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?

  • Қор­дай­дағы қан­ды қақты­ғы­сқа не түрт­кі болды?

Бұл сұраққа элек­трон­ды медиа мен ақпа­рат агент­тік­тері бір­тоға пікір біл­діреді: соңы қан­ды қаза­ға айналған оқиға қара­пай­ым тұр­мыстық кикіл­жің­нен басталған. Осы орай­да Қор­дай оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты құры­лған үкі­мет­тік комис­си­я­ның мүше­сі Бақыт­бек Сымағұл­дың әле­умет­тік желілер арқы­лы тараған сөзі ортақ пікір­ге сай келеді деген оймен ҚР пар­ла­мен­ті депу­та­ты­ның тұжы­ры­мын тіл­ге тиек еттік.

Жұрт­шы­лы­қтың көкей­ін­де­гі басты бір сау­ал осы еді:

«Бар­лы­ғы ақсақал­ды ұрған­нан бастал­ды» деген болжам айты­ла­ды. Шынын­да қалай?

Қария адам­ды бала­ла­ры ауру­ха­наға алып, басты жол­мен келе жата­ды. Бүй­ір­ден дұңған аза­мат­та­ры мін­ген көлік жүйт­кі­ген күйі жолға атып шығуға ұмты­ла­ды. Бірақ жол жүру ере­же­сіне сәй­кес, олар басты жол­мен келе жатқан көлік­ті өткізіп жібе­руі керек еді. Оның үстіне қаза­қтар сырқат кісіні дәрі­гер­ге жет­кізу­ге асы­ғу­лы. Осы жер­де керіс туа­ды. Сон­да бір ной­ыс дұңған көлік­ті теп­кілеп, оның мем­ле­кет­тік нөміріне зақым кел­ті­ре бастай­ды. Бұл зор­лы­ғы­на және бұза­қы­лы­ғы­на шыда­маған қазақ оны бір ұра­ды. Жұды­ры­қ­та­су­шы­лар­ды ажы­ра­ту үшін, ара­шаға түс­кен ақсақалға дұңған­ның аяғы тиіп кетеді.

Әле­умет­тік желілер­де айты­лған «қарт адам­ның төбесін бал­та­мен ойып тастап­ты» деген дерек жалған болып шықты.

Үлкен төбе­ле­с­ке қаты­сқан қаза­қтар­мен және дұңған­дар­мен жан-жақты әңгі­ме кезін­де аны­қтаға­ным – көлік­тің айна­ла­сын­дағы кикіл­жің тура­лы көп­шілік біл­мей­ді екен. Яғни, ала­пат арпа­лы­сқа бұл сер­пін бермеген.

Сон­да не? Поли­ция қыз­мет­кер­лері шие­леністі бастаған, ақсақал­ды теп­кен оңбаған­ның қолы­на кісен салып, қамап тастай­ды. Қазір­гі кез­де ол бұза­қы темір тор­да отыр.

Осы­дан кей­ін құқық қорғау қыз­мет­кер­лері сақтық таны­тып, көше­де күдік туды­рған көлік­тер­ді тек­се­ре бастай­ды. Бұл – олар­дың мін­деті. Сол кез­де тоқта­ты­лған маши­на­лар­дың бірін­де жүр­гі­зу­шісінің құжат­та­ры жоқ болып шыға­ды. Үйде қал­ды­рып кет­кенін сыл­та­у­ратқан. Поли­цей ізгілік таны­тып, үйіне бір­ге еріп бару­ды ұсы­на­ды. Мұны есті­ген күдік­ті /полицейді/ балағат­тап, есі­гін тарс жауып, көлі­гі­мен қаша­ды. Құқық қорғау орган­да­ры­ның өкіл­дері соңы­нан қуып, дұңған ауы­лын­дағы аулаға дей­ін індетіп кіреді. Алдын ала теле­фон­мен ескер­тіп қой­са керек, үйден қашқын­ның туы­сқан­да­ры, жол­даста­ры қап­тап шығып, поли­цей­лер­ге жабы­лған. Және поли­ция қыз­мет­кер­лерін жабы­ла ұрып, теп­кілеп жатқа­нын өздері видеоға түсіріп, мақта­ныш қылып, әле­умет­тік желілер­ге салады.

Міне, дәл осы бей­не­жа­з­ба­ны көр­ген басқа ауыл­дағы аза­мат­тар ашы­нып: «Мынау не басы­нға­ны! Қазір құқық қорғау орган­да­рын­дағы жігіт­тері­мізді сабап жатыр. Ертең бәрі­міздің басы­мы­зды жара ма? Бұл не деген масқа­ра!» деп көтерілген.

Арты не бол­ды? Жаман­ды­ққа аран­да­ды. Дұңған ауыл­да­ры тара­пы­нан да бұған еш айы­бы жоқ қара­пай­ым жан­дар зардап шекті.

1. Екі жақтан ақсақал­дар­ды шақы­рып, кеңес құр­дық. Бес ауыл­дың бәрі­нен өкіл­дер жина­дық. Дұңған жағы­нан қари­я­лар басын иіп тұрып, жастар­дың бұза­қы­лы­ғы, үлкен­дер­дің тәр­би­е­де жібер­ген олқы­лы­ғы үшін, қаза­қтар­дан кешірім сұра­ды. Тарап­тар қол алы­сып, мәміле­ге кел­ді. Дұңған қари­я­ла­ры қаза­қтар­ды мешіт жанын­да мұсыл­ман болып, бас қосып, мал сой­ып сый­лап, тату­ла­суға шақырды.

2. Жол­дар­дың жағ­дайы нашар. Басты жол Масан­шы ауы­лы­ның орта­лық көше­сі арқы­лы өте­ді. Жер­гілік­ті тұрғын­дар оған жақын үй салып тастаған, жолға кесе-көл­де­нең маши­на­ла­рын қой­ып қояды да, қаза­қтар­дың өтуіне кедер­гі кел­тіреді. Кикіл­жіңнің тууы­ның бір себебі де жолға қаты­сты қақтығыстар.

Жер­гілік­ті қаза­қтар жағы: «Басқа жол салып беріңіз­дер­ші, бұл жол­ды дұңған­дар алып қой­ды, өткіз­бей­ді» деген шағым айт­ты. Оған ашы­на айқай салуға тура кел­ді: «Қай жер­де отыр­сың? Сен қазақ, өз жерің­десің! Күре жол­ды басқаға беріп, қым­сы­на айна­лып жүретін құл ма едің?». Қосым­ша жол ашыл­май­ды. Дұңған­дарға көлі­гін жолға қоюға тый­ым салы­на­ды. Қара жол қал­пы­на кел­тіріліп, бар­ша­ның ортақ игілі­гіне айна­луға тиіс.

3. Дұңған­дар­дың бала­ла­ры­ның бір­де-біре­уі Қаза­қстан­ның Қару­лы күш­теріне бар­май­ды, әске­ри боры­шын өте­мей­ді. Наным-сені­мі солай. Осы­ған орай құқық қорғау орган­да­ры­на нақты талап қой­дық: егер сол жігіт­тері ері­гіп, есіріп, өзге­ге қол көтер­се, басын­са, құқық пен тәр­тіп­ке қар­сы әре­кет қыл­са, қатаң жаза­лау керек. Қолы арты­на қай­ы­ры­лып, кісен салы­нып, түр­ме­ге тоғы­тыл­сын. Елге қорған бол­май, қор­ла­у­шы бол­са, тор­да отырсын.

4. Біз жиын өткіз­ген­де, қазақ жаста­ры үлкен­дер­ді үнсіз тың­да­ды. Сөзді бөл­меді. Дұңған жаста­ры ара­сын­да қаза­қ­ша сөй­лей­тін бел­сен­ділері бол­ды. Бірақ оларға ина­бат­ты­лы­қты үйрен­ген жөн секіл­ді. Дұңған ауыл­да­ры­на да шек­тен шыққан­ды қалы­пқа қай­та­ра­тын, тен­тек­ті той­та­ра­тын ақсақал­дар кеңесі секіл­ді бедел­ді, құр­мет­ті адам­дар алқа­сы керек екенін айт­тық. Ол кеңес құры­ла­тын бол­ды. Қаза­қстан халқы­ның бір бөлі­гі болғы­сы кел­се, тәр­тіп­ке көнуі міндет!

5. Дұңған­дар­да тәр­би­енің басым бөлі­гі мешіт­те беріледі. Ал оның басты уағыз­шы­сын Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры­ның діни басқар­ма­сы сай­ла­май­ды. Дұңған тілін­де уағыз айты­лып жата­ды. Ол не айтып жатыр? Бәл­кім, біз­ге қар­сы үгіт жүр­гізіп жатқан болар?!

Дұңған­дар тек Құран­ды ғана емес, қоғам­ды сый­лай білуі шарт. Сон­ды­қтан мен елі­міздің бас мүф­тиі, Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы­ның төраға­сы Науры­з­бай қажы Тағанұ­лы­мен сөй­ле­стім. Ол облы­стық имам­ды Қор­дай ауда­ны­на жібер­ді. «Діни бағыт­тағы сала бақы­ла­уда бола­ды. Жұмыс жасай­мыз. Әр шара­ны қадаға­лап отыр­мын», – деді бас мүфтиіміз.

6. Әділін айтай­ық, дұңған­дар жер емген, өте шару­ақор, еңбексү­гіш халық. Ауыл­да­рын өздері абат­тан­ды­рып, көгал­дан­ды­рып қояды. Арақ сатыл­май­ды, оны ішпей­ді. Ал жиы­нға сылқия той­ып кел­ген бір-екі қаза­ғы­мыз бол­ды. Олар­ды: «Ұлты­мы­зды масқа­ра­ла­май, үйің­де отыр!» деп үйіне жібердім.

Бірақ дұңған­дар­дың жаман жері – Нью-Йорк­те­гі «Чай­на-таун» сияқты жинақы әрі жеке тұра­ды, ара­ла­ры­на өзге этно­стар­ды көп жібе­ре қой­май­ды. Ал біз қазақ елін­де біре­удің отау іші­нен отау тігуіне жол бере алмай­мыз. Олар мем­ле­кет­тік тіл­ді білуі, сал­тын сый­ла­уы шарт. Сал­ты­мы­зды сый­ла­ма­са, халқы­мы­зды балағат­та­са, қар­ты­мы­зды теп­кілеп жат­са, оған қалай бей-жай қарап оты­ра­мыз? Осы­ған бай­ла­ны­сты қой­ы­луға және орын­да­луға тиісті талап­тар­дың бар­лы­ғын айт­тық. Бұл бағыт­та да үлкен жұмыс істе­луі қажет.

7. Көр­ші Қытай­да әртүр­лі ұлы­стар­ды қоға­мға кірік­тірудің түр­лі тәжіри­бесі мен тәсілі бар. Мыса­лы, егер сен қазақ бол­саң, қалай­сың ба, қала­май­сың ба, ешкім сұра­май­ды, мін­дет­ті түр­де қытай­дан досың, жол­да­сың болуға тиіс. Дүр­кін-дүр­кін, жетісіне бір рет қонаққа шақы­рып, үйің­де қон­ды­рас­ың және оған қонаққа бара­сың. Осы­ған мәж­бүр­лей­тін бұй­рық бар. Халы­қтар­ды ара­ла­сты­ру осы­лай жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Біз олай мәж­бүр­леп оты­рған жоқ­пыз. Екі орта­да көпір тұр, соны­мен ара­ла­сып, оны «достық көпіріне» айнал­ды­руға бола­ды. Қазақ қари­я­ла­ры да бұл жағы кем­шін болға­нын мой­ын­дап, қарым-қаты­на­сты жолға қоюға келісті.

Дұңған­дар­дың қазақ еліне үде­ре көшіп кел­геніне бір жарым ғасыр­дай уақыт өтіп­ті. Алай­да ірге­де­гі қаза­қтар­мен ара­лас-құра­ла­сты­ғы үзіл­ген. Екі орта­да көпір тұр. Пай­да­лан­бай­ды. Бұл мәсе­ле­лер­дің бар­лы­ғы өткен ғасыр­дан бері қор­да­ланған. Енді оны тәу­ел­сіздік аясын­да толық шешу – аса маңы­зды. Жалғыз дұңған ғана емес, басқа бар­лық этно­стар мем­ле­кет құра­у­шы қазақ халқы­мен бір­ге бір ұлт болып ұйы­суы керек. Әйт­пе­се әрқай­сысы әр жаққа тар­тып, жері­мізді ту-талақай ету қау­пі бар.

8. Дұңған­дар әз-Наурыз секіл­ді ұлт­тық мере­ке­лері­мізді той­ла­май­ды. Олар үшін бұл жат. Әкім­дік­тің ішкі сая­сат бөлі­мі «ұрпағы көз үйрет­сін» деп, Ұлы­стың ұлы күнін атап өтуді талап ете­ді, мәж­бүр­лей­ді. Бірақ бұлар ондай мере­ке­ге шақы­рғанға кел­мей­ді. Тек Ора­за мен Құр­бан айт­ты ғана мей­рам санайды.

9. Мек­теп дирек­то­ры­мен тіл­де­стім. Ауқат­ты ауыл­дық окру­гінің білім орда­сын­да 1,5 мың оқу­шы бар. Соның 1300‑і – дұңған, ал 200‑і – қазақ бала­ла­ры. Көп­шілік азшы­лы­ққа әлім­жет­тік жасай­ды дей­ді. Мұғалім­нің тілін алмай­ды екен. Дұңған­дар ертелі-кеш үлкені­нен кішісіне дей­ін жер­мен жұмыс жасай­ды, егін сала­ды. Мұғалім бала­ла­рын мек­теп­ке кел­тір­мек бол­са: «Сабақ бер­гің кел­се, егін­дік­ке кел!» деп айта­ды екен. Тіп­ті науқан кезін­де егістік­ке барып, сабақ беріп жүр­ген­дері де бар көрі­неді. Бұл, әрине, өрес­кел дүние. Мұның дұрыс емес екені жөнін­де ескер­ту жасадық.

Мек­теп аула­сын­дағы дәрет­ха­на­да жас қыздың зор­ла­нуы­на қаты­сты сорақы оқиға­дан кей­ін, бар­лық жер­де­гі білім орда­ла­ры аула­сы­на бөг­де адам­дар­дың кіруіне тый­ым салын­ды. Бір­де осы мек­теп аула­сын­да кезек­шілік етіп жүр­ген мұғалім­дер бөтен жігіт­тер­дің жүр­генін бай­қап, сыр­тқа шығып кетуін сұрай­ды. Олар екі ұста­зды аула­дан аулақ шақы­рып алып, теп­кілеп ұрып кет­кен. Арты­нан араға ақсақал­дар түсіп, екі жақты бітістірген.

10. Сор­тө­бе ауыл­дық окру­гін­де­гі 24 мың халы­қтың басым көп­шілі­гі, яғни 23 мыңы – дұңған. Біра­зы­ның үйін­де қару-жарақ бар деген мәлі­мет айтыл­ды. Неге қаза­қтар­дан тәр­кі­лен­ген қару олар­дан тәр­кі­лен­бей­ді? Олар қару­ды заң­ды жол­мен алған ба, әлде заң­сыз жол­мен иелен­ген бе? Міне, осы сала­да да жұмыстар қолға алы­нуы керек.

Жамбыл облы­сы­ның Қор­дай ауда­ны­на пар­ла­мент­тен, үкі­мет­тен, бас про­ку­ра­ту­ра­дан, Ұлт­тық қауіп­сіздік қыз­меті­нен және басқа­сы­нан өкіл­дер кел­ді. Жер­гілік­ті халы­қты маза­лаған әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ді аны­қтап, жазып алды. Мек­теп, ауру­ха­на, жол мәсе­ле­лерін шешіп беруді сұрай­ды. Алдағы уақыт­та ол бой­ын­ша үлкен жұмыс жаса­луға тиіс. Жұрт­шы­лық төбе­ле­стің қай­та­ла­нуын емес, жыл­дар бойы қор­да­ланған түйт­кіл­дер­дің нақты шешіл­генін қалайды.

Бізді қазақ жағы жақ­сы қабыл­да­ды, кел­гені­міз­ге шын жүрек­тен қуанды.

Қаза­қтың қаны­мен кел­ген жер заңы­мен қорғалады.

Қазақ бағы­нған заң дұңғанға да, басқа­сы­на да ортақ. Мем­ле­кет іші­нен мем­ле­кет құру деген қарау пиғыл­дың тамы­ры­на бал­та шабы­луға тиіс!

Бақыт­бек СЫМАҒҰЛ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн