Суббота , 5 июля 2025

«ҚОРДАЙ ҚЫРҚЫСЫ» қайталанбас үшін НЕ ІСТЕІМІЗ КЕРЕК?

  • Қоғам­ның даму бары­сын, елде туын­дай­тын түр­лі әле­умет­тік мәні еле­улі мәсе­ле­лер мен жағ­дай­лар­ды бақы­лап, сара­лап, өз тұжы­ры­мын аза­мат­тық қоғам мен билік­ке жет­кі­зу мақ­са­тын ұста­на­тын «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қозға­лы­сы­ның» өкіл­дері тая­у­да болған Қор­дай оқиға­сы­ның себеп­тері мен сал­дар­ла­рын тал­дай келе, қалып­тасқан күр­делі жағ­дай­ға алаң­да­у­шы­лы­ғын біл­деріп мәлім­де­ме қабыл­да­ды. Төмен­де сол мәлім­де­менің ықшам­далған нұсқа­сын жари­я­лап отырмыз.

Қордай оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты билік, қоғам­дық ұйым­дар, қоғам бел­сен­ділері тара­пы­нан алу­ан пікір­лер айты­лып, алға­шқы баға­лар да беріл­ді. Оқиға­ның себеп-сал­дар­ла­рын пай­ым­да­уда тіп­тен қара­ма-қай­шы көзқа­рас­тар айтыл­ды. Билік­тің ойын­ша, дүн­ген­дер мен қаза­қтар ара­сын­да болған, жүз­де­ген адам қаты­сқан, қару қол­да­нуға, үй-мүлік­тер­ді өрте­у­ге дей­ін барған, адам­дар өлі­міне соқты­рған бұл жан­жал «тұр­мыстық қақты­ғыс қана» еді, бол­ма­шы жан­жал­ды басбұ­зар­лар, әлдебір үшін­ші аран­да­ту­шы күш өз мүд­десіне пай­да­ла­нып, үлкен құқық бұзу­шы­лы­ққа айнал­ды­рып жібер­ген. Дүн­ген­дер­ден кешірім сұра­лып, шек­кен мате­ри­ал­дық шығын­да­рын орны­на кел­тіре­міз деген уәде берілу­де. 1986 жылғы Алма­ты­дағы Жел­тоқ­сан көтерілісіне де «қазақ ұлт­шыл­ды­ғы» деген қатаң баға беріл­ген еді. 

Екін­ші бей­ре­сми бір пікір бой­ын­ша, Қор­дай оқиға­сы да «қазақ ұлт­шыл­ды­ғы», Қаза­қстан­да тұра­тын ұсақ ұлт­тарға қаза­қтар тара­пы­нан жаса­лып жатқан зор­лық-зомбы­лы­қтың кезек­ті бір көрінісі екен. Қалай болған­да да, қазақ ұлтын кінәла­у­ға бей­ім­дік көз­ге ұрып тұр. Қаза­қтар мен кав­каз­ды­қтар, ұйғыр­лар, тәжік­тер, шетел­дік ара­б­тар, түрік­тер ара­сын­да осын­дай қақты­ғы­стар бұған дей­ін де болған. Билік сол қақты­ғы­стар­дың бәрін де «тұр­мыстық сипаттан туын­даған жан­жал» деп, жауыр­ды жаба тоқуға тыры­сты, көбі­не­се қаза­қтар жазаланды.

Бұл оқиға­лар­дан қан­дай өзек­ті қоры­тын­ды жаса­уға бола­ды? Неге қаза­қтар ауық-ауық көтерілу­ге мәжбүр?

Егер мәсе­ле­ге түп­теп қара­сақ, мұның ең басты себебі – жұр­ты­мыз Тәу­ел­сіздік алға­лы бері отыз жыл­дай уақыт ішін­де қаза­қтың бұрын-соң­ды кет­кен есе­лерінің қайт­па­уы, отар­лық езгі сіңір­ген пси­хо­ло­ги­ядан ары­лған, сана­сы дүр сіл­кін­ген, рухы жаңғы­рған шын мәнін­де азат елге айна­ла алмауы­мыз. Әлі күн­ге дей­ін билік пен аза­мат­тық қоғам бас­шы­лы­ққа ала­тын ұлт­тық идео­ло­гия қалып­тасқан жоқ. Билік «әуелі – эко­но­ми­ка, содан соң – сая­сат» деген ұста­ным­да жүрді.

Ұлт­тық идео­ло­ги­я­мыз, сай­ып кел­ген­де, бір ада­мға бағы­ну, табы­ну болып шықты. Демо­кра­ти­я­лық дәстүр­лер­ді көр­неу бұр­ма­лап, билік­ті бір адам­ның уысы­на шоға­ры­лан­ды­ру үшін, Ата Заңы­мы­зды ман­сұқ ету­ге, жымысқы­лы­қ­пен билік­ті басып алуға жол беріл­ді. Халы­қтың еркі тап­та­лып, сай­ла­у­лар нәти­же­лерін арсызды­қ­пен өрес­кел бұр­ма­лау қалып­ты үрдіс­ке айнал­ды. Соның сал­да­ры – халы­қтың мой­ны­на мініп алып, билік­тен айы­рыл­мау – елде қос өкі­мет­тің орна­уы­на алып келді.

Билік өзінің бар­лық дең­гей­ін шар­пы­ған, қоға­мға ден­деп енген, қоғам сана­сын жегі­дей жеген жемқор­лы­қ­пен күре­су­ге, жыл­дар бойы қор­да­ланған әле­умет­тік әділет­сіздік­ті, теңсіздік­ті жоюға дәр­мен­сіз. Дүн­ген­дер­дің кей­бірінің «жер сен­дер­дікі болға­ны­мен, билік – біздікі» деуі, құқық қорғау өкіл­дерінің ара­сын­да кең тараған жемқор­лы­қты, парақор сатқын­ды­қты ашық айтып тұрған жоқ па?! Бұл жәйт­ті мой­ын­да­мау, ел ішін­де­гі нара­зы­лы­қтар­ды – бұза­қы­лы­ққа, тұр­мыстық жан­жалға бұра салу, бөг­де ойлы­ларға қыл бұрау салуға әккі­лен­ген, бір ада­мға табы­нған, бағы­нған билік жүй­есінің әдісіне айнал­ды. Ал, мәсе­лен, шетел­дік және қаза­қстан­дық жұмыс­кер­лер­дің бір­дей жұмыс үшін ала­тын жалақы­сы­ның орас­ан айыр­ма­шы­лы­ғы неге нара­зы­лық тудырмасын?!

Тәуел­сіздік алған Қазақ қоға­мы қазір­гі жай-күй­іне неге нара­зы? Елдің ішін­де кедей кім – қаза­қтар, үй-күй­сіз жүр­ген­дер кім – қаза­қтар, жұмыс­сыздар кім – қаза­қтар, заң жүзін­де мем­ле­кет­тік мәр­те­бе беріл­ген ана тілін кең қол­да­на ала­май жүр­ген кім – тағы да қазақ халқы! Ал бұл жағ­дай­ды қаза­қтың енжер­лы­ғы, жалқа­улы­ғы, өкі­мет­тен тілен­шек масыл­ды­ғы, «бала­лы болу­ды біз­бен ақыл­дас­па­дың» деген сияқты сорақы­лы­ққа барып, ақыр соңын­да осы қор­да­ланған мәсе­ле­лер­дің бар­лық шеші­мін «екі сиы­рға» әкеліп тіреу – биілік­тің ойлап тапқан бар ама­лы болды.

Жаңа пре­зи­дент Тоқа­ев­тың ескі үкі­мет­пен, Назар­ба­ев­тың «Нұр-Отан» пар­ти­я­сы­нан және оның бодуын­дағы­лар­дан құралған жал­тақ пар­ла­мент­пен осы­лай қор­да­ланған мәсе­ле­лер­ді шешу­ге мұр­ша­сы кел­мей оты­рға­нын қоғам көріп отыр. Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесі (ҰҚСК) халық күт­кен­дей нәти­желі органға айна­ла алма­ды. Ұлта­ра­лық татулы­қты, бір­лік­ті орны­қты­руға сеп­те­суі тиіс «Қаза­қстан халқы ассем­бле­я­сы» (ҚХА) – жылы­на бір рет жина­лып, бұры­нғы пре­зи­дент­тің даны­шпан­ды­ғы­на там­са­ну­дан басқаға қауқа­ры жоқ сөзу­ар жиын болып шықты. ҚХА мен оның жер­гілік­ті жер­лер­де­гі кіші диас­по­ра­лар­дың құры­луы­на Қаза­қстан халқы қаты­сты­рыл­май­ды. Ал билік осы­лай күл­лі жұрт­шы­лы­қтың наза­ры­нан тыс, оңа­ша құра­тын жиын­ның бар­ша Қаза­қстан халқы аты­нан Пар­ла­мент­ке депу­тат­тар сай­лай­ты­ны қалай?!

Осы жағ­дай өзге ұлт­тар мен ұлы­стар өкіл­дерінің оқша­у­ла­нуы­на алып кел­ді. Қазақ жері оларға тек тыныш өмір сүріп, өркен­де­уі үшін ғана қажет сияқты. Соның мыса­лы – Қаза­қстан­нан барып, Қытай­да оқып жатқан дүн­ген сту­дент­тер «біздің тари­хи ота­ны­мыз – Қытай» деп жар сал­ды. Сон­да қаза­қстан­дық дүн­ген­дер Қытай­дың үнсыз басқын­шы­лық сая­са­тын жүзе­ге асы­руға сеп­те­сетін астыр­тын бесін­ші колон­на­сы ма деген ой еріксіз туындайды.

Қаза­қстан­да сая­си, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік сипатта бар­шаға ортақ мәсе­ле туын­да­са, еңсе көте­ретін, мем­ле­кет­тің, жер­дің тұта­сты­ғын қорғай­тын, әскерін құра­тын – қаза­қтар! Билік жүр­гізіп оты­рған сая­сатқа әлдебір нара­зы­лық біл­діріп, алаңға шыға­тын, таяқ жеп, түр­ме­ге тоғы­ла­тын да қаза­қтар ғана. Бұл әсіре­се жер­дің саты­луы­на қар­сы­лық кезін­де айқын көрін­ді. Ал сол жер­дің игілі­гі бар­ша Қаза­қстан халқы­на ортақ емес пе еді? Ата-баба­дан қалған мәң­гілік мұра – қаси­ет­ті Жер­ді қорғап, бас көтер­ген аза­мат­тарға жария түр­де риза­шы­лы­ғын біл­дір­ген билік нақ сол аза­мат­тар­ды екі­жүзділік­пен қыл­мыстық жау­а­пқа тарт­ты, өз қыл­мысын осы­лай бүр­ке­ме­леді, ол аза­мат­тар әлі күн­ге қапа­с­та отыр. 

Отаны­мы­зда көп дін­ді жүз­ден астам ұлт пен ұлыс тұра­ды деп дәріп­теліп келеді. Тіп­ті саны сау­сақ­пен санар­лы­қтай адам­дар­дан тұра­тын кей­бір ұлы­стың өкіл­дері де тұтас халық есебін­де ауы­зға алы­на­ды. Елі­міз­де ұлта­ра­лық қаты­на­стар­дың бей­біт сипа­ты – бұл ең алды­мен қазақ халқы­ның кең пей­ілінің арқа­сы екенін билік айта бер­мей­ді, ұлт­тар мен ұлы­стар өкіл­дері ара­сын­дағы ынты­мақ­та­сты­қты өзі қалып­та­сты­рып оты­рған­дай сай­рай­ды. Ал шын­ды­ғы сол – билік­тің езгісіне төзіп, арба­уы­на көніп келе жатқан – нақ қазақ халқы. Басқа ұлт­тар­дың жомарт қазақ жерін­де, елін­де бей­біт өсіп-өнуі, гүл­де­нуі нақ қазақ халқы­ның құшағы­ның кеңді­гіне бай­ла­ны­сты. Өзінің бай­ы­рғы ата­ме­кенін­де бей­біт тұрып жатқан қазақ халқы ешқа­шан да өзге ұлт­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры шек­те­луін және өзіне мем­ле­кет құра­у­шы негіз­гі ұлт ретін­де әлдебір арты­қ­шы­лы­қтар­ды талап еткен емес.

Баста­ры­на күн туып, қазақ жеріне бас сауға­лап кел­ген кез­де, мей­ман­до­стық таны­тқан қазақ халқы өзінің кең­пей­іл тари­хи қыз­метін өзге ұлт­тар мен ұлы­стар өкіл­дері алдын­да мін­дет еткен емес. Билік­тің көр­ме­ген­сі­нен кей­бір ұлт­тар мен ұлы­стар өкіл­дері осы жақ­сы­лы­қты ұмы­тып, қаза­ққа өктем­дік жасай баста­уы, қаза­қты жазғы­руға бей­іл­дік көр­се­туі қазақ халқы­ның орын­ды ашу-ыза­сын туғы­зды. Тек дүн­ген­дер­мен қаты­ғыс қана емес, басқа ұлт­тар өкіл­дері­мен болған жан­жал­дар­дың бәрі қаза­қтарға олар тар­пы­нан қор­лау, намысқа тиу, зор­лық-зомбы­лық, озбыр­лық жасау қай­та­ла­на бер­ген­нен кей­ін, дүн­ген қызын асқақта­та әнге қосқан қаза­қтың төзі­мі шегі­нен шығуға мәж­бүр болға­ны ақиқат.

Қазір бүлік басыл­ды, тер­геу, тек­се­ру, зерт­теу амал­да­ры жүріп жатыр. Бірақ болған жәйт себеп­терін зерт­теп, терең қоры­тын­ды жаса­уға қоғам­дық ұйым­дар өкіл­дері тар­тыл­май отыр. Қор­дай­ға барған қоғам­дық комис­си­я­ның жұмыс істе­уіне билік тара­пы­нан кедер­гі жасал­ды. Қор­дай жан­жа­лы жай­лы мәсе­лені қараған Қауіп­сіздік кеңесінің кеше­уіл­деп өткен оты­ры­сы тура­лы БАҚ-тар­да жари­я­ланған хабар­ларға қараған­да, Қауіп­сіздік кеңесі орын алған кезек­ті келеңсіз жағ­дай­дың түбе­гей­лі себеп­терін ашып бере алма­ды, не ол халы­қтан жасы­ры­лу­да деп пай­ым­да­уға бола­ды. Осы­лар­дың бар­лы­ғы қазақ халқы­ның еріксіз нара­зы­лы­ғын тудырады.

Біздің бұл мәлім­де­ме­міз болған жағ­дай­ларға берілетін баға­ны толық қам­ти қой­май­ды, қалып­тасқан аху­ал­ды сара­лай келе біз, «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар аль­ян­сы» билік­ке мына­дай талап­тар қоямыз:

  • Қор­дай жан­жа­лын тек­се­ру­ге қоғам­дық ұйым­дар­дан құры­лған комис­си­я­ның жұмыс істе­уіне мүм­кін­дік берілсін;
  • Әділет мини­стр­лі­гі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­на өзгерістер енгі­зу тура­лы заң жоба­сын ұсын­ды. Ол Заң жоба­сын­да Қ. Тоқа­ев­тың ҰҚСК оты­ры­сын­да айтқан депу­тат­тар­дың кемін­де 30 пай­ы­зы жастар мен әйел­дер­ден құра­ла­тын бол­сын деген тала­бы ғана көз­деліп­ті. Біз мұн­дай шолақ Заң жоба­сы­мен келі­се алмай­мыз, нара­зы­лы­ғы­мы­зды білдіреміз; 
  • Ұлта­ра­лық сипа­ты бар жан­жал­дар кезін­де өзінің ара­ла­су құқы­ғы шама­лы, дәр­мен­сіз ҚХА және жер­гілік­ті жер­лер­де­гі ассам­бле­я­лар тара­ты­лып, бұл ассам­бле­я­лар бар­ша ұлт­тар мен ұлы­стар­дың бел­сен­ді өкіл­дерін бүкіл Қаза­қстан халқы­ның сай­ла­уы арқы­лы қай­та құрылсын;
  • «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» заң­да Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­нан Пар­ла­мент Мәжілісіне 9 депу­тат сай­лау тәр­тібі Ассам­бля депу­тат­та­ры ассам­бле­я­лар өкіл­дері­нен құралған тізім­мен пар­ти­я­лар тәрізді жал­пы халы­қтық сай­ла­у­ға түсу тәр­тібіне өзгертілсін;
  • депу­тат­тар­дың жар­ты­сы про­пор­ци­я­лық жүйе – пар­ти­я­лық тізім­дер­мен, екіні­ші бөлі­гі – округ­тер бой­ын­ша мажо­ри­тар­лық жүй­е­мен сайлансын;
  • Сай­лау тура­лы заң­да сай­лау үдерісіне тіке­лей қаты­су­шы тарап ретін­де тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың құқы­қта­ры кеңей­тіл­сін, атап айтқан­да, сай­лау тағай­ын­далған­нан, сай­лау қоры­тын­ды­ла­ры ресми жари­я­ланғанға дей­ін, сай­лау бары­сын Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­нан учас­келік сай­лау комис­си­я­ла­ры­на дей­ін бар­лық дең­гей­де қадаға­ла­у­ға тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың еш кедер­гісіз жіберілуі заң­мен бекітіл­сін, сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның түр­лі желе­улер­мен тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­ды учас­ке­лер­ден шыға­рып жібе­руіне заң­мен тый­ым салынсын;
  • Сай­лау тура­лы заң­да учас­келік сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның құра­мы­на бір ұжым­нан, ұйым­нан бір ғана өкіл сай­ла­нуы және бастық пен оған бағы­ны­шты адам­дар­дың бір комис­си­яда бол­мауы белгіленсін; 
  • сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­кеу үшін қажет­ті мүше­лерінің саны 20 мың адам емес, 1 мың адам болсын;
  • сая­си пар­ти­я­лар­дың сай­ла­уда өту шегі тіп­тен алы­нып тастал­сын неме­се 1 пай­ыз ғана болсын;
  • Бей­біт шеру­лер, Сая­си пар­ти­я­лар, Сай­лау тура­лы заң­дар­ды пысы­қта­уға құры­лған жұмыс топ­та­ры­на ол заң­дар­ды пар­ла­мент түп­кілік­ті қабыл­дағанға дей­ін қаты­су құқы­ғы­мен оларға түбе­гей­лі өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зуді талап етіп жүр­ген қоғам­дық ұйым­дар­дан қоғам бел­сен­ділері қатыстырылсын;
  • Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сы 7‑бабының орыс тілі мем­ле­кет­тік мәр­те­белі қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­луын бел­гілей­тін 2‑тармағы алы­нып тасталсын;
  • «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы тіл тура­лы» заң қай­та қабылдансын;
  • Пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер ғана емес, пар­ла­мент, мәс­ли­хат­тар депут­тат­ты­ғы­на, үкі­мет мүшелі­гіне, әкім­дік­ке, мем­ле­кетік қыз­мет­тер­ге үміт­кер­лер­дің бар­лы­ғы да мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­де­гі қазақ тілін білуі міндеттелсін;
  • мем­ле­кет­тік және жеке бала бақ­ша­лар тек мем­ле­кет­тік тіл­де тәр­бие беретін болсын;
  •  «Тұңғыш Пре­зи­дент тура­лы», «Қауіп­сіздік кеңесі тура­лы» заң­дарға тиісті өзгерістер енгізілсін;
  • елі­міз­де сая­си тұтқын­дар бол­ма­сын, қыл­мыстық бап­тар тағы­лға­ны­мен қоғам шын мәнін­де сая­си тұтқын­дар деп танып оты­рған А. Арон, М. Боқа­ев, М. Жәкі­шев және басқа да ондаған аза­мат­тар тез ара­да бостан­ды­ққа шығарылсын;
  • Қытай­мен жасалған келісім-шар­ттар­да Қытай тара­пы Қаза­қстанға әке­летін жұмыс­кер­лер Қытай­да тұрып жатқан қаза­қтар­дың есебі­нен құра­луы көз­де­летін болсын.

«Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қозға­лы­сы» Рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бірлестігі.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн