Понедельник , 30 июня 2025

Қорғас су қоймасы КІМГЕ КЕРЕК?

  • Қорғас өзенін­де қазақ-қытай су қой­ма­сын салу жос­пар­ла­ну­да, деп хабар­ла­ды ҚР Эко­ло­гия, гео­ло­гия және табиғи ресур­стар мини­стр­лі­гінің (ЭГТРМ) бас­пасөз қызметі.

«Алма­ты облы­сы­ның Пан­фи­лов ауда­ны Басқұнқан ауы­лын­дағы Қорғас өзенін­де­гі «Достық» инте­гра­ци­я­ланған гид­ро­элек­тр­лік кешенін­де су қой­ма­сын салу үшін жоба­лық-сме­та­лық құжат­тар әзір­ле­неді» делін­ген сей­сен­бі­де тара­ты­лған хабар­ла­ма­да «Қаз­су­шар» меке­месінің бас дирек­то­ры Алтай Елжасов.

Нысан Қытай­мен шека­ра­да, Қорғас тран­с­ше­ка­ра­лық өзенін­де орна­ласқан. 2013 жылы пай­да­ла­нуға беріл­ген ара­лас гид­ро­элек­тро­стан­ция 14,5 мың гек­тар жер­де­гі суар­ма­лы алқап­ты алып жатыр. Құры­лым­ның өнім­ділі­гі – секун­ды­на 456,0 тек­ше метр.

ЭГТРМ-да атап өткен­дей, соңғы үш жыл­да бұл гид­ро­элек­тр­лік кешен­де көр­ші мем­ле­кет­тен аз мөл­шер­де су ағы­ны бол­ды, кли­мат­тық жағ­дай өзгер­ді, бұл фер­мер­лер үшін өзек­ті мәсе­ле­ге айнал­ды. Жер­гілік­ті маман­дар мен шаруа қожа­лы­қта­ры­ның бас­шы­ла­ры бұл мәсе­лені Қорғас өзеніне су қой­ма­сын салу арқы­лы шешу­ге бола­тын­ды­ғын атап өтті.

 «Бұл нысан тран­с­ше­ка­ра­лық аймақта орна­ласқан. Сон­ды­қтан бұл екі елдің үкі­мет­тері дең­гей­ін­де қарас­ты­ры­лып жатқан мәсе­ле. Соған қара­ма­стан, қазір нысан­ды сала­тын жер­ді аны­қтаған­нан кей­ін, жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар жоба­лық-сме­та­лық құжат­тар­ды қарас­ты­рып, Эко­ло­гия мини­стр­лі­гіне тап­сы­ра­ды», – деді Елжасов.

Қаз­ТАГ

«ДВК» ЖАҚТАСТАРЫ ҚУҒЫНҒА ҰШЫРАУДА

  • 4 мамыр­да Пет­ро­пав­л­дағы Ғабит Мүсіре­пов аудан­дық соты «экс­тре­ми­стік деп таны­лған ұйым жұмысы­на ара­ла­сты» деп айып­талған бел­сен­ді Нұр­бол Өнер­ханға үкім шыға­рып, бір жылға бас бостан­ды­ғын шек­теу жаза­сын 6 ай 2 күн­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы­на ауыстырды.

2020 жылы 2 қара­ша­да сот Өнер­ханды елде экс­тре­ми­стік деп таны­лған, Еуро­пар­ла­мент «бей­біт оппо­зи­ци­я­лық қозға­лыс» деп атаған «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» (ҚДТДВК) және «Көше пар­ти­я­сы» қозға­лы­сын қол­да­ды деп айып­тап, бір жылға бас бостан­ды­ғын шек­те­ген еді.

Биыл 27 сәуір­де жер­гілік­ті про­ба­ци­я­лық бақы­лау қыз­меті Өнер­хан жаза­ны өтеу шар­тта­рын бұз­ды деп, оның бас бостан­ды­ғын шек­теу жаза­сын түр­ме жаза­сы­на ауы­сты­ру­ды сұраған. Сот бары­сын­да Өнер­ханға про­ба­ци­я­лық жұмыстарға кешік­ті, бір­не­ше рет рұқ­сат­сыз үйден шықты, про­фи­лак­ти­ка­лық әңгі­ме­ле­су­ге кел­меді деген айып­тар тағыл­ды. Про­ба­ци­я­лық қыз­мет бел­сен­ді­ге төрт рет ескер­ту қаға­зы жіберіл­генін алға тар­та­ды. Ал Өнер­хан про­ба­ци­я­лық жұмыстарға кешік­ті деген айып­пен келіс­пей, бұл тура­лы жау­ап­ты адам­дар­ды алдын ала ескерт­кенін айтқан. Бірақ сот дәлел­дер­дің азды­ғын алға тар­тып, оның бас бостан­ды­ғын шек­теу жаза­сын түр­ме­ге қамау жаза­сы­мен ауы­сты­ру тура­лы шешім шығар­ды. Өнер­ханды сот залы­нан бір­ден қамауға алды. Бел­сен­дінің заң­гері Кон­стан­тин Дарий сот­тың шеші­мі­мен келіс­пей­тінін, апел­ля­ци­я­лық шағым түсіретінін айтты.

Еске сал­сақ, СҚО-дағы мек­теп­тер­дің бірін­де сабақ бер­ген 27 жастағы Нұр­бол Өнер­хан елде қыз­метіне тый­ым салы­нған ҚДТ қозға­лы­сы­ның жетек­шісі, шетел­де тұра­тын оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зо­втің «идео­ло­ги­я­лық және заңға қар­сы әре­кет­терін әле­умет­тік желі­де қол­да­ды» және «Көше пар­ти­я­сы» қыз­метіне ара­ла­сты» деп айып­талған. Бел­сен­ді «ҚДТ-ны қол­дай­ты­нын, бірақ қозға­лы­сқа мүше емес» екенін айтқан болатын.

Өнер­хан 2019 жыл­дың қаза­ны­нан бері Youtube, Instagram әле­умет­тік желілер­ге видео жари­я­лап, елде «дик­та­тор­лық жүйе орнаға­нын, билік­тің сая­си рефор­ма­лар жүр­гіз­бей жатқа­нын» сынаған еді.

Бұл екі ара­да Қараған­ды облы­сы Сәт­ба­ев қала­сы­ның 58 жастағы тұрғы­ны, бұры­нғы шах­тер Бүр­кіт­бай Насыр­ха­но­вқа «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» және «Көше пар­ти­я­сы» қозға­лы­ста­ры­ның жұмысы­на ара­ла­сты деген айып тағыл­ды. Тер­ге­удің мәлім­де­уін­ше, Насыр­ха­нов Facebook желісін­де ҚДТ мен оның құру­шы­сы Мұх­тар Әбі­ля­зо­втың поста­рын репост жасап, ҚДТ мен «Көше пар­ти­я­сы­на» қосы­луға үнде­ген және елді митин­гі­ге шақы­рған. Қаза­қстан билі­гі «Көше пар­ти­я­сы» ҚДТ-ға қаты­сы бар ұйым деп санайды.

Айып­та­лушы өзіне тағы­лған айып­тар­мен келіс­пей­тінін айтып, про­ку­рор­дан нақты не үшін айып­та­лып оты­рға­нын сұрады.

Azattyq.org

 

Сыйлықтан ҚҰР ҚАЛМА, жорналшы!

  • Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы Жур­на­ли­сти­ка күніне арналған бай­қа­уға мате­ри­ал­дар жина­уды жалғастыруда.

Қаза­қстан­да 2021 жыл айту­лы дата – тәу­ел­сіздік­тің 30 жыл­ды­ғы атап өтіледі. Соған орай бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры ара­сын­да 28 мау­сым­да өтетін Жур­на­ли­сти­ка күнін­де бай­қау жеңім­паз­да­ры анықталады.

Бай­қау мате­ри­ал­да­ры­на қой­ы­ла­тын басты талап – тақы­рып­ты объ­ек­тив­ті, жан-жақты, терең зерт­теу, мәсе­ле­ге өзін­дік, шығар­ма­шы­лық көзқа­рас, өзек­тілік, тиім­ділік. Тиісті тақы­ры­пқа арналған басы­лым­дар сери­я­сы­на басым­дық беріледі.

Кон­кур­сқа 2021 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан 2021 жыл­дың 1 мау­сы­мы­на дей­ін­гі кезең­де жари­я­ланған неме­се эфир­ге шыққан мате­ри­ал­дар, фото­су­рет­тер, радио-бей­не­к­лип­тер қабыл­да­на­ды. Кон­кур­сқа мате­ри­ал­дар­ды қабыл­дау 10 мау­сым­да аяқталады.

Мате­ри­ал­дар мен сіздің жеке деректеріңіз тек элек­трон­ды түр­де поштаға жіберілуі керек: [email protected], жари­я­ланған мате­ри­ал­дарға сіл­те­ме­лер көр­сетіл­ген. Сау­ал­на­ма­да сіз жұмыс орнын, лау­а­зым­ды, үйдің мекен-жай­ын, теле­фон нөмірін және қан­дай басы­лым­дар­да мате­ри­ал­дар жари­я­ланға­нын көр­се­туіңіз керек.

Нәти­же­лері 18 мау­сым­да жари­я­ла­нып, мара­пат­тау рәсі­мі 2021 жылы 28 мау­сым­да Алма­ты­да өтеді.

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы

Анклав дауы

Қырғыз бен тәжік НЕГЕ ҚЫРҚЫСТЫ?

Қырғыз-тәжік кон­флик­тісіне қарай оты­рып, Қаза­қстан шека­ра­сы­ның толық аны­қта­луы – бүгін­гі билік­тің ғана еңбе­гі емес екеніне көзі­міз жете түседі. Өйт­кені Қазақ ССР-інде көр­ші рес­пуб­ли­ка­лар­дың жері – анклав болған жоқ. Осы­ны әрдай­ым еске­ру керек. 

Қырғыз-тәжік кон­флик­тісіне анклав себеп болып отыр. Бақы­лап жүр­ме­ген­дер бол­са, қысқа­ша айтып өтейік.

Қырғыз­стан аумағын­да Тәжік­стан­ның Соғ­ды облы­сы­на қарай­тын, 30 мыңға тар­та халық (басым көп­шілі­гі тәжік) тұра­тын Ворух деп ата­ла­тын ауыл бар. Қырғы­здар оның тәжік жері екенін мой­ын­дай­ды, бірақ халқы­ның бір­тін­деп көбей­іп, жері мысы­қта­бан­дап, үлкейе бастаға­нын ұнатпайды. 

Қырғыз-тәжік ара­сын­да бұл қыжыл­дың жалға­сып келе жатқа­ны­на 30 жыл­дан асқан. Қырғыз­стан Тәжік­стан­нан өзге көр­шілерінің бәрі­мен шека­ра­сын аны­қтап алған. Осы Ворух мәсе­лесі мен тағы бір шағын анклав шешіл­мей тұр. Түгін тарт­саң, майы шыға­тын Ворух­ты тәжік­тер ата­ме­кен санай­ды, өлсе – кет­пе­у­ге бекінген.

Биыл сәуір­дің басын­да Қырғыз­стан Мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік қыз­метінің адуын­ды төраға­сы Қам­шы­бек Тәши­ев­тің екпін­детіңкіреп айтқан мәлім­де­месі тәжік билі­гі мен тәжік ұлт­шыл пат­ри­от­та­ры­на ұна­май қалған. Тәши­ев шека­ра мәсе­лесін шешудің екі жолын ұсы­нған: 1. Ворух жерінің қазір­гі нақты өлше­мін есеп­тей­міз (жерін әрі қарай ұлғай­туға жол бер­мей­міз дегені) де, Тәжік­станға бара­тын жол ашып бере­міз. 2. Ворух­ты Қырғыз­станға алып, соған тең аумақты Бат­кен облы­сы­ның басқа жері­нен береміз.

Тәши­ев мұны­сын «бұл мәсе­лені шешпей, осы жер­ден екі елге әрі-бері өтіп жатқан кон­тра­бан­да­лық жанар-жағар­май­дан бір грамм да жібер­мей­міз, бұрын көз жұма қарап кел­ген едік» дей­тін сөз­дер­мен тұз­ды­қтаған. Тәжік сая­сат­та­ну­шы­ла­ры бұл сөзді «күшінің басым­ды­ғы­на сенетін көр­шінің тала­бын­дай естіл­ді, тәжік билі­гі жақтыр­ма­ды» деген­ді айтады.

Тәжік­стан­ның бұры­нғы сыр­тқы істер мини­стрі «билік­ке шар­бақтан секіріп түсіп жет­кен (Садыр Жапа­ров билік­ке кел­ген төң­керісті айта­ды) Тәши­ев жер мәсе­лесін де оды­раң­дап шеш­кісі келеді» деген сыңай­да жау­ап қатып, тәжік­тер­дің құлағын көтер­ген. Отыз жыл билік­тен айы­рыл­май оты­рған тәжік­ба­сы қырғы­здың демо­кра­ти­я­шыл, ептеп ұлт­шыл жаңа бас­шы­ла­рын ұна­ты­ңқы­ра­май­ты­нын осы­лай да бір аңғар­тқы­сы кел­се керек.

Оның үстіне қырғыз билі­гі сол шека­ра маңын­да сәуір­дің басын­да «Қауіп­сіздік-2021» дей­тін әске­ри жат­ты­ғу өткізіп, ат ойнатқан. Оған екі мыңға жуық сол­дат, жүз­ге жуық танк, т.б. тех­ни­ка қатысқан.

Бұл әре­кет­тер­ден кей­ін тәжік­ба­сы Эмо­ма­ли Рах­мон Ворухқа барып, өзі тұрған­да ешкім­ге жер беріл­мей­тінін мәлім­де­ген. Сарап­шы­лар­дың сөзіне қараған­да, кеше­гі екі күн­гі қақты­ғы­сқа тәжік жағы айтар­лы­қтай дай­ын­ды­қ­пен кел­ген­ге ұқсай­ды және оны ауыл адам­да­ры­ның кезек­ті жан­жа­лы емес, тәжік билі­гінің сая­си ымда­уы­мен болған әске­ри кон­фликт деп санай­ды. Қырғыз айыл­да­ры атқы­ла­нып, өртен­ді, қан­ша­ма жазы­қ­сыз адам оққа ұшып, жара­лан­ды. Қырғыз­стан екі күн аза тұт­ты. Тәжік жағын­да да оннан астам әске­ри қыз­мет­кер өлген. 

Қысқа­ша – осы.

(Ә деген­де ара ағай­ын бола сала­тын Назар­ба­ев бұл жолы үнде­меді. Эмо­ма­ли досы­ның бұры­нғы­дай құлақ аса қояры­на сен­беді ме, әлде өзі қал­жы­рап қал­ды ма екен? Бұ кісінің де жиі ауы­са­тын қырғыз билі­гін құп­таңқы­ра­май­ты­ны бар. Ешкім айт­паған­ды Атам­ба­ев бетіне айтып кет­ті емес пе?).

Мәсе­лені сырт­тан ешкім шеше алмай­ды дей­ді сарап­шы­лар. Ауы­лы ара­лас, қойы қора­лас қырғыз бен тәжік алқақо­тан оты­рып қана шешетін көрі­неді. Екі елдің сый­лы адам­да­ры мен аза­мат­тық бел­сен­ділері қол алы­суға дай­ын дей­ді, тек бас­шы­ла­ры­на Құдай тау­пиқ берсін!

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн