ҚОСАНОВ ҚОСЫНДАҒЫ ҚОСТАУ – биліктің құлағына «алтын сырға»…

Елімізде жарияланған кезектен тыс президенттік сайлау «додасы» қыза бастаған сияқты. Биліктің негізгі үміткері Қасым-Жомарт Тоқаевты есептемегенде, осыған дейін естіп-біліп, көз көрмеген, ел ішінде беделі тұрмақ, танымдылығы жоқ үміткерлердің әп-сәтте тіркелуге қажетті 118 мың адамның қолын қалай жинап үлгергендерін айтып жату артық болар. Есесіне азаматтық қоғамның үміткері саналатын Әміржан Қосановтың әлеуметтік желідегі қолдаушылары мен сыншыларының белсенділігі өршіп тұр.

Сондықтан редакцияның тапсырмасымен тәуелсіз кандидаттың Алматыдағы штабына аттың басын бұрып, сол жердегі сайлау науқанының тіршіліктерімен танысып қайттық. Зиянымыз тиіп кетпесін деген оймен, Әміржан Қосановтың өзін тілге тартпай, тек оның сенімді өкілі мен қарапайым қолдаушыларымен ғана сұхбаттасып қайттық.

Бір қызығы, штабқа келіп-кетіп жатқан адамдардың легіне қарағанда, осы сайлауда Қосанов тек ұлтшылдар мен қарапайым қазақтар тарапынан ғана қолдау табады деген ұстаным қате деген ойды түйіндеуге болады. Қол қоюға келгендердің арасында жасы да, кәрісі де, қазағы да, орысы да, басқасы да бар. Бұл белсенділіктің жауабы неде деген сұраққа Ақорданың ауласына байланған саясат технологтары бас қатырсын деген сигнал тастадық…

Қосановтың қосына ат басын бұрудың тағы бір себебі бар еді. Өткен жұма және сенбі күндері редакцияға аймақтардан бірнеше телефон қоңырауы түсті. Мәселен, Құлан (бұрынғы Луговой ауылы) ауылынан өзін әскери «контрактник» деп таныстырған қоңырау қағушы: «Біздің гарнизонның үлкенді-кішілі офицерлері сарбаздар арасынан Қосановқа дауыс жинап, әлек болып жатыр. Бұл жағдайдың мәнін түсінбедік…» – деді.

Ал Қостанайдан телефон соққан ежелгі авторымыз, өзін Жармахан Тұяқбайдың ежелгі танысымын деп атаған ағамыз: «Менің көршім қалалық денсаулық сақтау департаментінде шолақ белсенді еді. Түс әредігінде есік алдында кезігіп қалдым. «Әкімшіліктің тапсырмасымен сіздің кандидатқа дауыс жинап жатырмыз…» деп, мені разы қылғысы келді. Бұл ақпараттың ақ-қарасын ажыратуға бола ма?» – деді таңғалысты үнмен.

Әлбетте, біз биліктің ішінде қандай «ит өліп жатқанынан» хабарсыз болғандықтан, жағдайды Әміржан Қосановтың штабынан білуге асықтық. Онда бізге алғашқы жолыққан белсенді, белгілі кинорежиссер Еркін Рақышев мырза болды.


«Алматы тұрғындары Әміржан Қосановтың кандидатурасын өте жақсы қабылдауда, – деді біздің сауалымызға үн қатқан Еркін мырза. – Билік 120 мың қол жинау үшін тым қысқа мерзім берсе де, бүгінгі күні біз сол көрсеткішке жақындап қалдық. Республика бойынша қазірдің өзінде 100 мыңға жуық қол жинап үлгердік. Алдымызда әлі екі-үш күніміз бар. Сондықтан президенттік додаға тіркелу үшін қажетті 120 мың қолды жинаймыз дегенге сеніміміз мол.

Қосановты қолдаудың тағы бір себебі – халықтың бүгінгі биліктен әбден қажығанында деп айтуға болады. Әміржанның орнында әйтеуір бір халық ішінен шыққан үміткер болса болды, оны да дәл осылай қолдар еді. Мәселе Әміржанда ғана емес, халықтың қазіргі ойы билікке қарсы тұлғаны қолдауда болып тұр. Бұл мен Әміржанның деңгейін түсіріп тұрмын деген ой емес, жалпы халықтың ұстанымы солай.

Бүгінде әлеуметтік желідегі түрлі сауалнамаға қарасақ, Әміржанның кандидатурасы Тоқаевтан әлдеқайда басым болып тұр. Биліктің өкілі Тоқаевтың кандидатурасы үшін барлық әкімшілік ресурстарды жұмылдыратыны, әрине, ол – бөлек әңгіме.

Әрине, бүгінгі саяси жағдайда Әміржан жеңіп кетеді деп айту қиын, себебі билік 30 жыл бойы жиып-тергенінен бір күнде айырыла салмайтынын жақсы білеміз. Бірақ Әміржанның сайлауға түсіп жатқаны халыққа үлкен сенім береді. Халық Әміржанды қолдау арқылы өзіне деген сенімділігін өсіріп отыр. Талай жылдан бері бірінші рет халықтың өкілі сайлауға түсіп жатыр. Сенім болған жерде үлкен күш пайда болады. Келесі сайлауда бір жұдырыққа жұмылсақ, бірігіп жұмыс жасасақ, біз жеңіске жетеміз және біз ол жеңісті қорғап қала аламыз деген ұстанымға ие болады. Бұл – сайлаудағы негізгі жеңісіміз болмақ!

Нәтижесінде, келесі сайлауда билік осыған дейінгі барған бассыздықтан аяқ тартады. Халық өкілінің дауысын ашықтан-ашық ұрлай алмайтын болады. Біз де ұрлауға жол бермейміз»,– деді Әміржанның белсенді жақтасы Еркін Рақышев.

«Ал билік Әміржанға қол жинауға көмектесіп жатыр деген қауесетке қатысты не айтасыз?» – деген сауалымызға Еркін мырза аң-таң болды: «Билік бізге қол жинап беріп жатса, ертең күн батыстан шығатын шығар!» – дейді кинорежиссер.

«Бұл сайлау азаматтық қоғамды екіге жарды. Біреуі сайлауға мейлінше белсенді араласу керек десе, енді біреуі әділетсіз сайлауға бойкот жариялау керек деп отыр. Сіз бұл көзқарасқа қалай қарайсыз?» – деп, Еркін мырзамен сұхбатты сабақтай түстік.

«Бойкот жариялағыштар сайлау әділ өтпейді деген уәжді көлденең тартып отыр. Олар сайлау заңы әділетсіз, онда азаматтық қоғамның үміткері үшін көптеген жасанды бөгеттер бар деген мәселелерді сайлауға дейін айту керек еді. Енді жарты жолға келгенде, бойкот дейді. Осылайша олар халық ішінен шығып отырған Әміржан Қосановқа үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұл әрекет халықты әбден шатастырды. Бойкотты мүйізі қарағайдай саясаткерлер айтып жүр. Менің ойымша, бойкот қате ұстаным. Бұған дейін қанша рет бойкот жарияланды, содан не ұттық және кім ұтты?! Тек қана билік ұтты! Сен «бойкот» деп сайлауға қатыспасаң, билік өзінің қуыршақтарын еш қиналмай өткізе салады. Егер бойкотқа жақтас адамдар Әміржанды қолдаса, бәріміз бірігіп үлкен күшке айналар едік».

Әрине, біз Ерекеңнің пікіріне қарсылық білдіре алмадық. Бірақ тәуелсіз кандидат биліктің саяси қойылымын заңдастырып беретінін білмеуі мүмкін емес еді. Сайлаудың нәтижесінде қажетті дауыс пайызын жаздырып алған биліктің технологтары: «Біздің кандидат оппозиция өкілімен текетіресте жеңіске жетті» дейтіні бесенеден белгілі жәйт.


Қосановтың қосына қолдау көрсетуге келген экономист Сәуле Әбілова халық арасында қалыптасқан пікірді жайып салды (қаз-қалпында): «Признаюсь честно, я не особо увлекаюсь политикой, и в штаб Амиржана Косанова пришла по призыву своих друзей, – деді жасамыш бике. – Возможно, мы чересчур придаем много значения, вдаваясь в детали, однако, на мой взгляд, общий вектор нынешних политических процессов движется в сторону прогресса. Я знаю, что рано или поздно ситуация в стране поменяется, и я хочу пожить при этом времени.

В молодости, как и многие мои сверстники, я была идеалистом. Окончив КИМЭП, работала экономистом и все свои профессиональные навыки хотела направить на процветание Казахстана. У нас был большой энтузиазм. Мы только вышли из состава СССР, и всё для нас было новым. В те годы в Казахстане благодаря президенту Нурсултану Назарбаеву было сделано много реформ. Мы работали каждый на своем месте на полную катушку. Для меня это был драйф. Спустя годы, ситуация сильно изменилась.

Я посчитала, что человек, который выстрадал такую позицию и не изменил своего мнения за столько лет оппозиционной деятельности, а также имеет заряд активности, и которому есть что сказать и что сделать, может стать достойным кандидатом от гражданского общества. Я думаю, что если он пройдет, то другие оппозиционные силы будут консолидироваться вокруг него».


Сәуле ханымның пікірін қол қоюға келген зейнеткер Раида Банникова жалғастырды. Қазақ бауырын қолдауға келген орыс апамыздың ой-жоралғысына қарағанда, Қазақстандағы саяси проблема барша ұлтқа ортақ бас ауруына айналған екен.

«Я сегодня пришла, чтобы поставить свою подпись за кандидата в президенты Амиржана Косанова, – деді Раида апай. – Я возлагаю на него большие надежды. Внимательно читаю его интервью, слежу за его высказываниями и могу сказать, что хорошо знакома с его гражданской позицией. К тому же он молодой и новый человек. Именно таких сегодня нам не хватает. Главное, что он не из окружения нынешней власти. Мы верим в его честность и преданность народу. Потому что про народ у нас давно забыли. Наши власти решают свои дела, а на чаянья простых людей уже давно не обращают никакого внимания. Людям с каждым годом живется всё хуже и хуже. Я хочу, чтобы мои дети и внуки жили достойно! Казахстан моя и Родина моих детей и внуков! Другой родины у меня нет! Поэтому я хочу и мечтаю, чтобы они жили в демократической стране, где нет коррупции и произвола. Ведь коррупция и семейственность – главные враги нашего государства и общества. Я не желаю, чтобы они в будущем покинули Казахстан! Я хочу, чтобы они жили на родной земле! Я и моя семья знаем, за кого мы проголосуем 9 июня».

Әміржанға қолдау білдірген азаматтар ағынында шек жоқ екенін көріп, біз редакция телефонына түскен қоңыраулар қауесет шығар деген оймен оралдық. Ал кеше – жексенбі күні Әміржан Қосановтың штабы қажетті қолдауды жинап болып, «ЦИК»-ке құжат өткізуге аттанғандарын хабарлады. Қажетті 120 мыңның төңірегіндегі қол айналдырған үш-төрт күннің ішінде жиналғаны рас болса, бұл билік үшін шынымен-ақ бас қатырарлық мәселе болса керек…

Азамат ШОРМАНХАНУЛЫ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн