Четверг , 28 августа 2025

ҚОС АЛЫПҚА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Көңіл тоға­я­тын дүние.

Реті де жоқ емес.

Айт­ма­то­втың шығар­ма­шы­лық өмірінің тұлға­лық кеңістік­ке ұла­сар тұсын­да Әуе­зо­втің тигіз­ген ықпа­лы бар.

Оны бүкіл әлем біледі.

Десе де… ілкі­де бір жазған едім, осы бір оша­ры­лып жатқан күні әлгі жайт­ты оқыр­ман есіне қай­та салу­ды жөн көрдім.

Шыңғыс Айт­ма­то­втың атақты «Жәми­лә» повесі 1958 жылы жарық көр­ген. Іле-шала орыс жазу­шы­сы Анна Дмит­ри­е­ва (ол аудар­ма­шы өткен жылы ғана дүние сал­ды) орыс тіліне аудар­ды. Ұлт­тар­дың сынақ алаңы­на айналған КСРО-дағы ең даңқты жур­нал – «Новый мир» еді.

Шығар­маң жари­я­ланған күні бел­гісіз жазу­шы болып ұйы­қтап, клас­сик болып ояна­сың, дөрекілеу айтқанда…

Шыңғы­стың шығар­ма­сы сол жур­нал­да ұлы Мұх­тар Әуе­зо­втің алғы­сөзі­мен жари­я­ла­на­ды. Фран­цуз жазу­шы­сы Луи Ара­гон фран­цуз тіліне ауда­ра­ды. Сөй­тіп «Жәми­лә» повесі шеті­нен әлем­нің жетек­ші тіл­дерін­де басылады.

Шыңғы­стың «Адам­заттың Айт­ма­то­вы» ата­нуын­да Әуе­зо­втің алар орны ерекше. Әде­би орта­да жиі айты­ла­тын Ленин­дік сый­лы­ққа қаты­сты әңгі­ме де негіз­сіз емес.

Рас, Айт­ма­тов 1961 жылы КСРО-дағы ең жоға­ры – Ленин­дік сый­лы­ққа ұсы­ныл­ды. Мұх­тар Омар­ханұ­лы осы сый­лы­қты беру жөнін­де­гі комис­си­я­ның құра­мын­да болған. Және Айт­ма­тов еңбе­гінің ерекшелі­гін, көр­кем­дік сипа­тын дәлел­деп, айны­мас аргу­мент­тер­ді алға тар­тып, қырғыз жазу­шы­сы жас бол­са да, бұл сый­лы­ққа лай­ық екенін табан тіреп қорғаған Мұхаң.

Бұл тура­лы Айт­ма­то­втың өзі де әлде­не­ше сұх­ба­тын­да айтқан. «Мұх­тар – менің ұста­зым, әрі ағам» дегенін де өз аузы­нан естігенбіз.

Кей­де аға жазу­шы­лар «Ленин­дік сый­лы­қты Айт­ма­то­вқа Әуе­зов алып бер­ген…» – деген­ді жиі айта­ды. Ниет дұрыс. Басы сан рет жады­ға түсіп барып аман қалған ұлы Мұхаң өзі жанын жал­дап жүріп, Мәс­ке­уде­гі мәр­те­белі комис­си­я­ның оты­ры­сын­да бір қадам кері шегін­бей, шәр Шыңғы­сты қорғаған.

«Новый мир» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры, оры­стың аса ірі ақы­ны Алек­сандр Твар­дов­ский де Мұх­тар аға­мы­здың пози­ци­я­сын­да болға­ны тура­лы, дауыс берудің қор­тындыс­ын­да шешім­ге риза бол­маға­нын оқы­ған едім.

Алма­ты­дан Мәс­ке­у­ге дін аман кетіп, Кремль ауру­ха­на­сы­на өз аяғы­мен кіріп, ота үстеліне жатқан Мұх­тар Әуе­зов 1961 жылы 27 мау­сым­да опе­ра­ция кезін­де қай­тыс бол­ды (2005 жылы меди­ци­на сала­сы­ның біл­гірі, ака­де­мик Сай­ым Бал­мұ­ха­нов ақсақал­мен сая­жай­ын­да ұз-з-а-ақ әңгі­ме­ле­с­кен едім. Жатқан жері жәй­лі болғай. Сон­да Әуе­зо­втің ден­са­улы­ғы­на қаты­сты кон­си­ли­у­мға бастан-аяқ қаты­сқа­нын, диа­гно­зы­ның күң­гей-теріс­кей­іне дей­ін білетінін, тіп­ті Мұх­тар Омар­ханұлы­на ота жасат­пау тура­лы ұсы­ныс бер­генін де бүге-шігесін қал­дыр­май баян­дап бер­ген еді).

Игілік­тің ерте-кеші жоқ.

… Ал Шыңғыс Айт­ма­тов араға екі жыл салып, 1963 жылы әде­би­ет сала­сын­дағы ең жоға­ры мәр­те­белі сый­лы­ққа қай­та ұсы­ны­лып, бәй­гелі болады.

Бұл кез­де Шыңғыс Төреқұлұ­лы небәрі 35 жаста еді.

P.S. Бүгін­гі – ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Қырғыз еліне жасаған ресми сапа­ры аясын­да Біш­кек шаһа­рын­дағы Мұх­тар мен Шыңғы­стың осы әлгін­де ғана жазы­лып біт­кен шығар­ма­ны талқы­лап оты­рған­дай емен-жарқын оты­рған ескерт­кі­ші көңіл­ді едәуір толқытты.

Жанар­бек ӘШІМЖАН

Республиканский еженедельник онлайн