Суббота , 24 мая 2025

Қош бол, БАҚАН!

Бақа­ным­нан айырылдым! 

Қыса­сты­қ­пен күн кеш­кен көш­те де, ере­гес­кен­мен өште де сенім­ді сері­гім еді. Бақа­ным бар­да бағы­тым бекем, ту арқам тұтас еді. Бақа­ным­нан айы­ры­лған соң, аспан асты айда­ла­да аңы­рап қалған, қиян­да қаңғы­рып қалған күй­дің кебін­де­гі сен­делісті енді сезін­ген сияқтымын…

Қан­ша­ма жыл редак­ци­я­ның шаңы­рағы­на тіреу болған қос аша қара бақан қапы­да сын­ды. Аша­сы­ның бір басы болат­тан құй­ы­лған, екін­шісі асыл­дан жасалған есілім еді… Қақ орта­сы­нан морт опы­рыл­ды! Енді күл­діре­уіш­ке күш түс­се, күл­діре­ген киіз­дей күні­міз не болар екен?! 

***

Ширек ғасыр­да Бақан­мен бір­гі қан­ша­ма газет шығар­дық: өмірі ұза­қтау болған он екісі есте. Бір-екі саны­нан соң жабы­лға­ны есеп­те жоқ. Сол газет­тер­дің бар­лы­ғы­ның басы-қасын­да Бақан бол­ды. Шаңы­рағын тіреді, уыл­жы­ған уықта­ры­на әл бер­ді. «Бақан­сыз шаңы­рақ көтеріл­мей­ді» дей­тін ежел­гі көшпе­лі қаза­қтың сөзін бүгін­гі күні тұрақты мәтел­ге айнал­ды­рған біз­ден басқа біреу бар ма екен?

Бақан түй­діріп кет­кен тағы бір бұры­нғы тәм­сіл өксік кеп­тел­ген тамағы­ма тұты­лып қалған­дай: «Қарын­дастан айы­ры­лған жаман екен, екі көз­ге мөл­діреп жас келеді»…

***

Иә, мен жылап жүр­мін. Бақа­ным­ды қара жер­дің қой­ны­на мәпе­леп қой­ған күні кеңкіл­деп жылағам. Әлі жылап жүр­мін. Анау бір жыл­да­ры шешем 58-інде кет­кен­де, осы­лай жылағам. Одан кей­ін егіл­генім есім­де жоқ: 59-ында кет­кен Бақан­тай­ым­ның қаза­сы шешем­нен кем болмады…

Кеше тағы да жыла­дым. Редак­ци­яға кел­сем, аядай екі бөл­ме аңы­рап тұр. Тура­сы – қаңы­рап тұр. Сұп-суық! Адам бала­сы бас сұқ­паған моладай. 

Бақа­ным қала­ны жаяу ара­лап жүріп, ең арза­нын «Све­то­фор» база­ры­нан тап­тым деп, арбаң-гүр­бің алып кел­ген қара шәу­гі­мі әдет­те сарқ-сарқ қай­нап тұру­шы еді: енді басын бұты­на тығып жатқан қара мысы­қтай мел­шиіп тұр. Бұры­штағы «қырық жылғы» сто­лын­да оқыр­ман­ның ашыл­маған хат­та­ры үйіліп жатыр. Хат иелері Бақан­ның кім екенін, өмір­ден кім кет­кенін білер ме екен?!

Көп­тен кісінің қолын көр­ме­ген ком­пью­терін шаң басып­ты. Енді оған оты­рар оғы­лан­ды қай­дан табам? Кім маған Бақан бола алады?

Қара терін сүр­тетін саржағал ора­ма­лы орын­ды­ғы­ның арқа­лы­ғын­да ілулі тұр екен: бір шетін жас жуған беті­ме бастым… Бақыт­тың иісі сезіл­ді… «Бақыт­сыз қалған осы­лай ілулі тұр­сын, терім­ді сүр­тіп жүре­рмін…» дедім өз ішімнен.

Өткен апта­дан қалған ыдыс-аяқты жуып жүріп: «Ере­ке, енді жыла­май көр…» дедім өз-өзі­ме тағы да іштей. Пла­стик пакет­те көгеріп кет­кен жар­ты бәтер­ді ұса­тып, Бақыт­тың тере­зесін торуыл­дай­тын көгер­шін­дер­ге қоқы­мын көл­бей шаштым. Бақан сөй­тетін. Бұл бей­күнә мақұлы­қтар мақұ­рым шығар: кім­нің қолы­нан қоқым шашы­лға­нын­да шатағы бар ма? Бірақ бұрын­да­ры редак­ци­яда көгер­ген нан қал­май­тын: киесі ұра­ды деп, дәрі­ден бастап, дәке­ге дей­ін жүретін сөм­кесіне салып әке­ту­ші еді…

***

Бүгін асты­ңғы қабат­тағы асха­на­дан жылым­шы көжені жапа­дан-жалғыз сорап­тап оты­рып, тағы да көңілім боса­ды. Қасы­ғы­ма дей­ін сүр­тіп беретін. «Түкірік­теп сүрт­тім…» дей­тін әзілі есі­ме түсіп, өксік­тің ара­сын­да езу тарттым. 

Еке­уі­міз жұмыста жер қопа­рар­дай боп жүру­ші едік – жалғыз қалып­пын. Кен­же­тай бет қат­та­уға сей­сен­бі ауған­да, қонаға келеді. Оған: «Әй, маңқа, үй-ішің аман ба?!» дей­тін апа­сы алды­нан шық­пай­ды енді…

Аза­мат тиісті тап­сыр­ма­ны түр­тіп алып, жалақы­сы біз­ден тәуір жер­де­гі екін­ші жұмысы­на кет­кен. Кен­же еке­уіне өйт­пес­ке амал жоқ – газет­тен түсетін жары­мас жалақы­ға бала-шаға асы­рау мүм­кін еме­стің мұқта­жы мең­де­ген… «Айсұлуға сәлем айт!» деп, қатын-бала­сын түген­деп жүретін Аза­мат­тың жұмыстағы жана­шы­ры жоқ енді…

Қор­баң­дап келіп, газет­тің есебін, жиыр­ма-отыз мың­нан аспай­тын ақша­сын беріп кететін Ерік бауы­ры әпкесін әлек боп ізде­се – тап­пай­ды… «Бақыт апай­дың жетісіне сой­ы­ла­тын қой­ға заказ бер­дім…» деген сөзі дәт­ке қуат қана…

Сәр­сен­бінің сәс­кесін­де бет оқуға келетін Айман құр­бысы бүгін есік­ті жылап аша­рын сезіп отыр­мын… Соңғы жыл­да­ры бір-біріне бауыр басқан қос құр­бы еді – сыңа­ры­нан айы­ры­лған Айман­ды басу сөз саба­сы­на түсі­ре алар ма екен?

Екі ай ауы­рып жатқан­да, әйте­уір бір келеді ғой деген сенім Бақыт­тың жоғын сездір­мей­тін. Жіп­сі­ген жүзі жады­рап, әне-міне кіріп келер­дей еді… Енді Бақан бол­май­ды… Сене алмай­мын… Ешқа­шан кел­мей­тін бол­ды. Өзім көміп кет­кен Кең­сай­дың той­ым­сыз топы­рағын түріп тастап, қой­на­уы­нан қай­тып кел­ген ешкім жоқ…

***

Бақыт тура­шыл туған тұлға. Анау-мынау жал­тақой­ды бір сөзі­мен жалп еткі­зер мінезді еді. Бір­де бір аға­мыз газет­ке сұх­бат беретін бол­ды. Бол­ды дей­мін-ау, бер­месіне Бақыт бол­дыр­ма­ды. Соның алдын­да билік­тен тепе­ріш көр­дім деп, өзі кел­ген жаққа рені­шін сөз ара­сын­да сездіріп жүр­ген. Бақан сол аға­сын шақы­рып алды. Шай­ын құй­ып бер­ді, редак­ци­я­ның жүгір­мек­тері­нен тыққан-мыққан тәт­ті-мәт­тісін алды­на қой­ды. Сұх­бат бастал­ды. Көр­ші бөл­менің ашық есі­гі­нен аңдып отыр­мын: Назар­ба­ев­тың аты аталған Бақыт­гүл­дің сұрағы­нан ана­уың алай қаша­ды, бұлай бұл­та­ра­ды. Билік­ті жал­пы­ла­ма жадағай қам­шы­лап өтпек ниеті бар. Ал «ДАТ» пен Бақанға былш еткіз­ген батыл сөз керек.

Бір кез­де Бақыт­тың шыда­мы тау­сыл­ды-ау дей­мін: «Ей, аға, жау­ап­ты ырбаң­дат­пай тура айт­пай­мысыз, әйт­пе­се билі­гіңе қайт­пай­мысыз!» – деп салды.

Анау сасып қал­ды. «Төңіре­гін төпе­сек, Нұре­кең ешқай­да қаша алмай­ды?!» деп, тағы сол ырбаңы­на сала бастап еді: «Әй, аға, 20 жыл бол­ды сіз сияқты­лар төңіре­гін шиыр­лағанға! Сіздің неме­реңіз де Нұре­кеңнің ноқ­та­сын киді, енді нені күтіп жүр­сіз?!» – деп, сұх­бат­ты кілт үзді. Анау аға­сы үн-түн­сіз шығып кет­ті. Бірақ сол сұх­бат­тың газет­ке шыққан үлгісін­де Нұр­сұл­тан­ның нұсқа­сы сөз аста­ры­нан сезіл­геніне разы болған аға­сы ертең­гісін Бақы­тқа алғы­сын айтып кетті…

***

Кең­сай­дың төбесін­де де, кей­ін­нен жана­за аста да әлде­не­ше рет айты­лған сөз: «Бақыт­гүл өлген жоқ…» деген бол­ды. Көңіл жұба­туға жақ­сы сөз. Иә, 23 жыл­да әлде­не­ше үзіліп шыққан 960 нөмір­дің әрқай­сысын­да тасқа басы­лған аты қал­ды. Енді ешкім­ге керексіз медаль-мара­па­ты үйін­де үйіліп жатыр.

Мен сот­та­лып, бес жылға газет ісі­мен айна­лы­суға тый­ым салы­нған­да, тіп­ті кор­рек­тор болуға да қақым қал­маған­да: «Ер-аға, редак­тор­дың аты­на мені жаз, заты «ДАТ» боп қал­са – болға­ны да…» деп, түбірі «жау» сөзі­нен шыға­тын жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на алды. Жаудың кім екені мәлім – бізді күні-түні аңды­ған Ақор­да­ның билі­гі. 2006 жылғы «Тасжарған­нан» бастап бас редак­тор бол­ды. Он бес жылғы ол жазу архив­те шаң басып жатқан газет­тер­де сақтаулы.

Бірақ әке мен шеше­ден шақа шағын­да айы­ры­лып, әпкесінің бауы­рын­да өскен, артын­да қалған жалғыз Шыңғы­сын «апаң тірі» деп қалай сен­діресің? Ақиқат­ты қай­тіп алдай­сың? Универ­де­гі оқуы­на кететін бала­сы­на ұйқы­сы­нан ерте тұрып, ботқа­сын кім пісіріп береді? Оның маң­дай­ы­нан сый­пап: «Ағам­нан қалған тұяғым-ау!» деп, кім құшыр­ла­на құшақтайды?

***

Көл­де­нең кісі­ге көр­сет­пей көз жасқа әлі де әлде­не­ше ерік беретін шығар­мын. Маған енді кім Бақан бола­ды? Ұжым­ның шаңы­рағы­на Бақан­дай қара бақан табылмас… 

Біл­мес­ке Бақан кім еді? 

Ада­ми ожда­ны озы­қтың оры­ны олқы боп қала­ды. Қашан да солай болған. Бақи­лық Бақы­тым маған осы­ны тағы бір дәлел­деп кетті. 

Әлбет­те, орын­да­у­шы табы­лар, жұмыс­шы жалқы бол­май­ды. Бірақ мен үшін Бақан сыңар туған сұңғы­ла. Ерке­гі ез боп кет­кен дүни­е­де әйел басы­мен ердің есесін ете­гі­мен қым­тап қалған ұрға­шы­лар болған. Қабан­бай­дың ту сыр­тын­да Гауһар ару аттан­дап, ару­ақта­рын шақы­рып, жауға шапқан. Бақан сол тұр­пат­тың тұлға­сы, сол Гауһар­дың гөзал сынығы!

***

…Ертең газет шыққан соң, «Све­то­форға» барай­ын деп отыр­мын: жұмыстағы электр пеш күй­іп кетіп­ті, тіп­ті қай­тіп жасы­рай­ын, әжет­ке қажет қағаз да тау­сы­лған екен…

  • Жалға­сы бар

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн