Понедельник , 30 июня 2025

«ҚУЫРШАҚ» ҚУЫП КЕТТІ

  • Билік елді ғана бүл­діріп қой­ған жоқ, өздері де бүлініп біт­ті. Әйт­пе­се сена­тор Әли Бек­та­ев пен пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тар­дың кешелі бері айтып жатқан сөз­дерін қалай бағалаймыз?

Сена­тор қоғам­ның әлжу­аз топ­та­ры­на мем­ле­кет бөліп оты­рған мар­дым­сыз ақша­ны көп көріп, елді «масыл» деп айып­та­са, пре­зи­дент чинов­ник­тер­дің жемқор­лы­ғы­на көз жұма қара­уы­мыз керек дей­ді. Аста­на­дағы депу­тат­тар қала­шы­ғын­да тұрған үйлер­дің 2 млн дол­лар­дан кемі жоқ дей­ді, сон­да барып, көріп, есеп­теп шыққан Бек­бо­лат Қар­жан (бло­гер – Ред.). Бюд­жет­тен алып оты­рған мил­ли­он тең­ге жалақы­ла­рын ішпей-жемей жинаған­ның өзін­де жар­ты ғұмы­ры кететін сома.

Ішіп-жемі мен жатыс-тұры­сы­на дей­ін­гі шығын­да­ры елдің қал­та­сы­нан түс­кен салы­қтан шығып жатқа­нын біле ме екен Әли Бек­та­ев? (Сурет­те). Оның аузы­на бұл ақы­мақ сөзді кім сал­ды екен? Әлде өзінің жағым­паз басы­ның жет­кені ме? Қалай десек те, арсыздар­дың ішін­де­гі ақы­мағы екенін көр­сет­ті. Жай сена­тор емес, сая­си пар­ти­я­ның басшысы.

Айт­пақ­шы, бұл пысы­қтың «Ауыл» пар­ти­я­сы­на төраға болып тағай­ын­далға­нын сол пар­ти­я­ны әу бастан-ақ басқа­рып кел­ген Ғани Қали­ев өзіне істің мән-жай­ын біл­мек­ші болып, теле­фон соққан жур­на­ли­стен есті­генін біле­міз. Қуыр­шақ пар­ти­я­ның – қуыр­шақ төраға­сы. Лай­ы­қты жан­дар­дың орнын басқан жалған­нан жасалған жандайшап. 

Ал Тоқа­ев­тікі тіп­ті сорақы! Сон­да кор­руп­ци­я­мен күре­се­мін деген уәдесі қай­да қал­ды?! Мұн­дай сөз­ден кей­ін елде­гі бүкіл жемқор­лық істер­ге өзі дем беріп отыр десек, қате­ле­се қой­мас­пыз. Үш жыл бойы түк бітір­ме­гені былай тұр­сын, елде­гі жағ­дай­ды әбден қиын­да­тып жібер­ді. Мұның бәрі оны сая­си еркінің жоқты­ғы­нан, бор­ке­мік­ті­гі­нен туын­дап жатыр. Назар­ба­ев оны таң­даған­да, дөп басқан екен – басты қаси­еті ынжы­қты­ғы болған ғой.

Енді, міне, кор­руп­ци­я­мен күре­се­мін деген көбік сөзінің түй­інін кеше естідік. Әлде сол кор­руп­ци­я­ның түп-тамы­ры қай­да жатқа­нын жақ­сы біл­ген соң, оған жасар қай­ра­ны жоқ екенін мой­ын­даға­ны ма? Не елде­гі қаза­қтың, не шетел­де­гі қаза­қтың құқын қорға­уға қауқа­ры жоқ. Шека­ра­ның арғы жағын­да гено­цид­ке ұшы­рап жатқан қан­даста­ры­мы­зға қол үшін бер­мек түгілі, сөз де айта алмай отыр. Аға-бауы­рын ізде­ген қай­ма­на жұрт­тан Қытай кон­сул­ды­ғын қорғап, қан­даста­ры­мы­зды қор­лап отыр. 15 күн­ге қамалған Бай­бо­лат Күн­бо­латұлы­ның жазы­ғы не? Бауы­ры­ның тірі, өлісін біл­гісі кел­гені ме?

Кезін­де сол Қытай­ға бір­ша­ма жер беріл­ген­де, сыр­тқы істер мини­стрі болып тұрған Тоқа­ев ол жер­лер­де біздің ата-баба­мы­здың бей­іті де жоқ деп мәлім­де­ме жасаған еді. Сол­түстік­те­гі «Огне­упор­ный» деген ауыл­ды, маңын­дағы жүз­де­ген гек­тар жері­мен Ресей­ге беріп жібер­ген­де де, онда мекен еткен­дер­дің сек­сен пай­ы­зы ресей­лік пас­порт иелері екен деп те ақталған болатын.

Міне, біздің елдің тіз­гінін ұстап отыр-мыс деген кісі­міз осы. Бұл тағай­ын­далған­да, бір өзгеріс болып қалар деп үміт артқан­дар ол үміт­теріңе су құй­ып, сөн­ді­ре бер­сең­дер болады.

Асхат АСАН

Жаңа пандемияға ДАЙЫНДАЛЫҢЫЗ!

  • Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның (ДДСҰ) бас­шы­сы Тед­рос Адан Геб­рей­е­сус жаңа пан­де­ми­яға дай­ын­да­луға шақыр­ды, деп хабар­лай­ды ТАСС.

«Біз бәрі­міз пан­де­мия үйре­тетін сабақтар­ды үйре­нуі­міз керек. Жаңа эпи­де­ми­я­лар мен пан­де­ми­я­ларға дай­ын­дық, олар­дың алдын алу, аны­қтау және оларға жедел әре­кет ету үшін ден­са­улық сақтау қыз­мет­тері­мен және күшті алға­шқы меди­ци­на­лық көмек­пен жап­пай қам­ту негізін­де қол­дан кел­ген­нің бәрін жаса­уы қажет», ­­– деді Гебрейесус.

Ол сон­дай-ақ «вак­ци­на­лық теңсіздік пен вак­ци­на­лық ұлт­шыл­ды­ққа» назар аудар­ды, бұл «табысы жоға­ры және төмен елдер ара­сын­дағы алшақты­қты» арттырады.

ДДҰ бас­шы­сы­ның айтуын­ша, коро­на­ви­русқа қар­сы бар­лық егу­лер­дің 77%-ы қазір әлем­нің тек 10 мем­ле­кетіне тиесілі. Табысы аз елдер­дің көп­шілі­гін­де вак­ци­на­ци­я­ны ең осал және қауіп­ті халы­қты қам­ту үшін әлі де жет­кілік­ті вак­ци­на жоқ.

Қаз­ТАГ

 

«АНТИКОР» Нұр-Сұлтанды тексеруді БАСТАДЫ

  • Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет Нұр-Сұл­тан әкім­ді­гін тек­се­руді баста­ды, деп хабар­лай­ды ҚР Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің бас­пасөз қызметі.

«ҚР Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің баста­ма­сы­мен Нұр-Сұл­тан әкім­ді­гінің, оның аудан­дық бөлім­ше­лері мен ведом­ство­лық бағы­ны­сты ұйым­да­ры­ның қыз­метін­де­гі сыбай­лас жемқор­лық тәу­е­кел­деріне сыр­тқы тал­дау бастал­ды. Тал­дау жүр­гі­зу бары­сын­да елор­да әкім­ді­гінің құқы­қтық база­сы мен ұйым­да­сты­ру-басқа­ру қыз­метін егжей-тег­жей­лі зер­де­леу жос­пар­ла­ну­да», – делін­ген жұма күн­гі хабарламада.

Агент­тік төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Олжас Бек­те­но­втың айтуын­ша, бүгін­де жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың жоға­ры сыбай­лас жемқор­лық осал­ды­ғы бай­қа­ла­ды. «Ағым­дағы жыл­дың бес айын­да ғана сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет әкім­дік­тер­дің қыз­мет­шілері жасаған 92 сыбай­лас жемқор­лық құқық бұзу­шы­лы­қты тір­кеді, 76 адам қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­ды, олар­дың ішін­де әртүр­лі дең­гей­де­гі жеті әкім мен олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, сон­дай-ақ облы­стық басқар­ма­лар­дың 14 бас­шы­сы бар», – деді Бектенов.

ҚазТАГ

 

Назарбаевтың «құрметіне» ҚАМАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

  • Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның маман­дан­ды­ры­лған әкім­шілік соты сей­сен­бі­де аза­мат­тық бел­сен­ділер Нұр­лан Алтын­ба­ев пен Айдар Cызды­қо­вты «бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұз­ды» деген айып­пен абақты­ға жап­ты, деп хабар­ла­ды «Азаттық».

Нұр­лан Алтын­ба­ев­ты Нұр-Сұл­тан әкім­шілік соты­ның судья­сы Эль­ви­ра Есжа­но­ва 14 мау­сым­дағы АҚШ елшілі­гінің алдын­дағы нара­зы­лық акци­я­сы­на қаты­сқа­ны үшін айып­ты деп таны­ды. Бел­сен­ді сот шеші­мі­мен 10 тәулік­ке абақты­ға қамал­ды. Бірақ Алтын­ба­ев­тың өзі кінәсіз екен­ді­гін, митинг ұйым­да­стыр­маға­нын, әрі Қаза­қстан аза­ма­ты ретін­де қалаған уақыт­та және қалаған жер­де жүру­ге құқы­ғы барын айтқан.

Сол сияқты судья Эль­ви­ра Есжа­но­ва 36 жастағы Айдар Сызды­қо­вты Facebook желісін­де­гі посты үшін айып­ты деп таны­ған. Сот қаулы­сын­да Айдар Сызды­қо­втың 2021 жылғы 11 мау­сым­да өзінің Facebook’тегі парақ­ша­сын­да 12–13 мау­сым­да Алма­ты, Нұр-Сұл­тан, Шым­кент қала­сын­да митин­гі­ге қаты­суға шақы­рған жаз­ба­ны репост жасаға­ны айтылған.

«Ол сот­та кінәсін мой­ын­да­май, Facebook парақ­ша­сын 2021 жыл­дың 3 мау­сым­нан бері қол­дан­бай­ты­нын айтқа­ны­мен, оның парақ­ша­сы Instagram желісіне тір­кел­ген. Ал митинг өткізу­ге алдын ала өтініш беріл­ме­ген­дік­тен, Сызды­қо­втың әре­кеті заң­сыз, ол Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодекстің 488-бабы­ның 7‑тармағына сәй­кес «бей­біт шеру өткі­зу тәр­тібін бұзған» деп жазы­лған сот қаулысында.

Еске сал­сақ, мау­сым айын­да сот «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» (ҚДТ) қозға­лы­сын қол­даға­ны үшін» Айдар Сызды­қо­втың бас бостан­ды­ғын үш жылға шек­те­ген. Оған бес жылға дей­ін қоғам­дық-сая­си жұмыстар­мен айна­лы­суға, митин­гілер­ге, жиын­дарға қаты­суға, әле­умет­тік желілер­де жаз­ба жари­я­ла­у­ға тый­ым салынған.

Қаза­қстан билі­гі 6 шіл­де – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың туған күніне арналған ҚДТ митин­гілерін заң­сыз деп санай­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты 28–29 мау­сым­да бел­сен­ділер Қай­ыр­гел­ді Нұрға­ли­ев – 15 тәулік­ке, Марат Мұса­ба­ев – 20 тәулік­ке, Айжан Әбе­но­ва – 15 тәулік­ке абақты­ға қамал­ды. Сот олар­ды Әкім­шілік кодекстің 488-бап 6‑тармағы бой­ын­ша («бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұзға­ны үшін») кінәлі деп тапты.

ДАТ-ақпа­рат

 

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ

·       шымкенттік наразы әйелдер тағы әкіммен кездесуді талап етті

30 мау­сым күні Шым­кент қала­сы әкім­ді­гінің алды­на жиналған әйел­дер жер­гілік­ті билік­тен баға­ны тұрақтан­ды­ру­ды, бас­па­на, жәр­де­мақы сияқты әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешуді және бала­ларға коро­на­ви­русқа қар­сы вак­ци­на салуға қар­сы екенін айтып, қала әкі­мі Мұрат Әйте­но­втің шығуын талап етті. Бұл тура­лы оқиға орны­нан «Азаттық» тіл­шісі хабарлады.

Көп бала­лы ана Гүл­зи­ра Сады­қо­ва әкім­дік бер­ген уақыт­ша тегін бас­па­на­да бес бала­сы­мен тұра­ды. Үлкен ұлы – мүге­дек. Ол ай сай­ын берілетін 55 тең­ге жәр­де­мақы дәрі-дәр­ме­гі­нен артыл­май­ты­нын айта­ды. Бес бала­сы­на берілетін 58 мың тең­ге­мен күн көріп жүр. Азық-түлік баға­сы қым­бат­таған соң, бұл жәр­де­мақы күн­делік­ті тамағы­на да жет­пей жатыр.

«Бұрын айы­на 2 қап ұн сатып алсақ, қазір 1 қап ұн алып, нан­ның өзін үнем­деп жатыр­мыз. Бір қап ұнның өзі 10 мың тең­ге­ге жет­ті. Кей таны­ста­рым­ның үйін­де сол нан­ның өзі де жоқ. Ком­му­нал­дық төлем­дер де қым­бат, газ­дың өзіне бір айда 6 мың тең­ге төледік. Екі келі кар­топ­ты 500 тең­ге­ге сатып алдым. Өткен жылы осы уақыт­та 1 келі кар­топ 120–150 тең­ге бола­тын. Етті ұмыт­тық. Күн­делік­ті арыз-түлік қым­бат­таған соң, қары­зға бат­тық. Бір айдан екін­ші айға жет­пей, дүкен­ге қары­зға кіріп жатыр­мыз», – дей­ді көп бала­лы әйел.

Шым­кент­те соңғы жар­ты жыл­да күн­делік­ті тұты­на­тын азық-түлік баға­сы қым­бат­та­ды Мыса­лы, 1 литр сұй­ық май­дың баға­сы 600 тең­ге­ден 800 тең­ге­ге өсті. Әле­умет­тік дүкен­дер­де сұй­ық май­мен бір­ге қант­тың өзін бір ада­мға бел­гілі бір мөл­шер­мен шек­теп сатып жатыр. Орта­ша есеп­пен ұнның баға­сы 8 мың тең­ге­ден 10 мың тең­ге­ге қым­бат­та­ды. Соңғы бір айда кар­топ пен сәбіздің баға­сы өскені байқалды.

Azattyq.org

Көңіл айту

«ДАТ» бас­па­гер­лік-медиа жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы газет­тің жана­шыр авто­ры, био­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы ғылым­да­ры ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, профессор

Мағ­жан ИСАНЫҢ

қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы мен туған-туы­сқан­да­ры­ның қай­ғы­сы­на ортақ­та­сып, көңіл айтады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн