Пятница , 4 июля 2025

«ҚЫЗЫЛАҒАШ ОҚИҒАСЫ» – бес қазақтың ғана қасіреті емес

  • Алма­ты облы­сы Қызы­лағаш ауы­лы маңын­да болған «қазақ-қытай қақты­ғы­сы» сал­да­ры­нан бес бір­дей қазақ жігітінің қамауға алы­нуы­на бай­ла­ны­сты кеше қоғам қай­рат­кері Рыс­бек Сәр­сен­бай мен аза­мат­тық бел­сен­ділер – Ыры­с­бек Тоқ­та­сын, Оңал­ба­ев Әсет және адво­кат Ләз­зат Аха­то­ва бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізді.

Алдын ала айта кетей­ік, бұл бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да жуы­қта қытай-қазақ шека­ра­сын «бұзып өтіп», Қаза­қстан­нан сая­си бас­па­на сұрап кел­ген қос бір­дей жігіт – Қытай­дағы зор­лық-зомбы­лы­қтан жапа шек­кен Қастер Мұса­хан мен Мұра­гер Әлі­мұлы­ның қамауға алы­ну жағ­дайы да сөз бол­ды. Олар жөнін­де­гі сөз – кейінірек.

Бір қазақ жігітін соққы­ға жыққан үш қытай­лық жұмыс­шы Әкім­шілік құқық бұзу кодексінің «бұза­қы­лық» бабы бой­ын­ша жеңіл жаза­мен құты­лып кетіп, ұлт­тық намысы үшін әділ­дік ізде­ген Қаза­қстан­ның бес аза­ма­ты Қыл­мыстық кодекстің екі бір­дей ауыр бап­та­ры­мен қамауға алы­нға­нын спи­кер­лер тәп­ті­ш­теп мәлім­деді. Шетел­дік ком­па­ни­я­лар­да қытай аза­мат­та­ры заң­сыз жұмыс істе­ген­дері, жер­гілік­ті жер­де­гі шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дың жұмысын атқа­ру­шы билік­тің бақы­ла­у­ға алмай­ты­ны жөнін­де мәсе­ле көтер­ді. Қазан­ның 10‑ы күні сот Қызы­лағаш ауы­лы­ның бес аза­ма­ты – Берік­бол Рысал­ди­нов пен ағай­ын­ды­лар – Бей­біт, Нұр­бол Мұха­ме­та­лин мен Сарқыт пен Еркін Салқа­но­вты екі айға қамау тура­лы шешім шығарды.

Алдағы күн­дер­де ағай­ын­ды жігіт­тер­ді кепіл­дік­ке шыға­ру жөнін­де туы­ста­ры­ның өтіні­ш­тері сот­та қарал­мақ. Ал Берік­бол Рысал­ди­но­вты кепіл­дік­ке шыға­ру үшін, ұлт­жан­ды қай­рат­кер Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы өзінің жеке мен­шік үйі мен жеңіл көлі­гін кепіл­дік­ке қоя­ты­нын мәлімдеді.

Ресми ақпа­рат­тарға сүй­ен­сек, 2019 жылғы қазан­ның 7‑де Алма­ты – Өске­мен авто­жо­лы­ның 303-шақы­ры­мын­да Қанат Жам­был деген жігіт­ті үш қытай жұмыс­шы­сы жабы­лып ұрған. Бірақ олар әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лып, 10 тәулік­ке қама­лу­мен құты­лған. Сол күн­нің ертеңін­де Алма­ты облы­сы­ның Ақсу ауда­ны­на қарас­ты Қызы­лағаш ауы­лы­ның бес тұрғы­ны қытай аза­мат­та­ры­мен төбе­ле­седі. Соққы­ға жығы­лған екі қытай­лық орта­ша дене жарақа­ты­мен ауру­ха­наға түседі.

Жиын­да сөз алған Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы бұл орай­да былай деді:

– Бұл оқиға­ның түп-тамы­ры ары­да жатыр. Қытай­лы­қтар­дың күш қол­да­нуы кеше ғана орын алған оқиға емес. Қаза­қстан билі­гі инве­стор десе ішкен асын жер­ге қой­ып, төбе­де тай­раң­да­та­ды. Жаңаө­зен­де­гі қан­ды қырғын дәл осын­дай қытай мен қаза­қтың ара­сын­дағы әле­умет­тік жан­жал­дан шықты. «Қара­жам­бас­мұ­най» ком­па­ни­я­сы­ның қожай­ы­ны қытай­лар бола­тын. Тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ еңбе­кақы­ны көте­ру жөнін­де талап қой­ып еді, ұйым жетек­шілерінің қуғы­нға түсуіне қытай тара­пы ықпал етті. Соңын­да қара халы­қтың қаны төгіл­ді, ана­лар­дың көз жасы көл бол­ды. Жаңаө­зен жара­сы әлі жазы­лған жоқ.

Кеше Қызы­лаға­шта да қаза­қтар мен қытай жұмыс­шы­ла­ры­ның ара­сын­дағы теңсіздік­тің беті ашыл­ды. Қазақ жігіт­тері неге қытай­лар­ды ұрды? Себебі – төбе­ле­сті шетел­дік жұмыс­шы­лар баста­ды. Қаза­қстан­да өз қаза­ғын қорғай­тын заң жоқ екені бел­гілі. Сон­ды­қтан да ол аза­мат­тар қытай­лар­ды ұрған. Осы жағ­дай­дың түп-төр­кіні – мәсе­лен, сол ком­па­ни­яда 68 қытай заң­сыз жұмыс істе­ген. Егер қытай­лар қазақ аза­ма­тын ұрма­са, 68 қытай заң­сыз біздің жері­міз­де жүр­ме­се, осы жағ­дай бол­мас еді. Біздің поли­ция, про­ку­ра­ту­ра, ҰҚК қай­да қарап оты­рға­ны белгісіз.

Енді Қызы­лаға­штың жігіт­терін сот­та­са, бүкіл қазақ көтеріледі. Біз осы­лай сот арқы­лы толқу­ды тоқта­та­мыз десе, билік қат­ты қате­ле­седі. Қазір Қытай­дан кіретін 51 зауыт, жалға жер беру, Қытай­дың өзін­де­гі «сая­си үйре­ту лагерь­лері» жай­лы қоғам­да айты­лып жатыр. Бұл онсыз да ыза­ла­нып оты­рған халы­қтың ашуы­на тиеді. Бес аза­мат­ты қат­ты жаза­ла­удың кере­гі жоқ. Инве­стор­лар­ды қорғау керек деген бір кісінің тап­сыр­ма­сы бар.

Тәуел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қозға­лы­сы­ның бел­сен­дісі Әсет Оңал­ба­ев­тың айтуын­ша, бес жігіт­тің осын­дай әре­кет­ке баруы­на бой­ын­дағы қаза­қтық қаны мен ұлт­тық намысы себеп болған. «Төбе­ле­сті бастаған – қытай жұмыс­шы­ла­ры. Өз елін­де, өз жерін­де тұрған қаза­қтар ар-намысын тап­та­тып, қарап тұра алма­ды», – деді ол.

Қоғам бел­сен­дісі Ыры­с­бек Тоқ­та­сын Тал­ды­қорған қала­сы­на, облы­стық әкім­дік­ке барып, қамауда жатқан 5 жігіт­ке ара­ша сұраған­да­рын айт­ты. Облыс әкі­мінің бірін­ші орын­ба­са­ры Ләз­зат Тұр­ла­шо­втың айтуын­ша, заң­сыз жұмыс істе­ген 68 қытай­лы­қтар­ды елден шығарған.

«Әкім­дік шетел­дік заң­сыз жұмыс­кер­лер­ді осы уақы­тқа дей­ін қалай бай­қал­маған? Заң бұзған­дар­ды шека­ра­дан шыға­ру­мен ғана шек­тел­ген бе, жұмыс­кер­лер­ді заң­сыз қабыл­даған қытай­лық ком­па­ни­яға айып­пұл сал­ды­ңы­здар ма?» деген сұрағы­мы­зға облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры­нан «жұмыстың тез жүруі үшін, лицен­зия алуға көп уақыт кете­ді, сол үшін кей жағ­дай­да қытай­лық жұмыс­шы­лар­дың лицен­зи­я­сыз жұмыс істе­уіне көз жұма қара­дық» деген­ге сая­тын жау­ап естідік. Біздің шен­ділер­дің өзі өз заңы­мы­зды бел­ше­ден басып, заң­сызды­қты көре тұра, көр­мес­ке сал­са, қытай­лар қай­дан біздің заңы­мы­зды менсінсін?!»

Жиын соңын­да спи­кер­лер пре­зи­дент К.-Ж.Тоқаевтың аты­на осы іске бай­ла­ны­сты аза­мат­тарға кешірім жаса­уын, елі­міз­де жұмыс жасап жатқан бар­лық қытай­лық ком­па­ни­я­ларға тек­серіс жүр­гі­зу керекті­гі жөнін­де ашық хат жол­дай­тын­да­рын мәлімдеді.

Адво­кат не дейді?

Ләззат АХАТОВА: ЖЕТІ ЖІГІТТІ ҚОРҒАУ – қазақтың мүддесіндегі міндет

  • Зай­сан­дағы екі жігіт пен Қызы­лаға­штағы бес жігіт­ті қорға­уы­на алған адво­кат Ләз­зат Аха­то­ва кеше­гі күн­ге дей­ін­гі осы екі іске былай деп тоқталды:

– Қызы­лаға­штық бес жігіт­ке ҚК-тің ауыр үш бабы­мен, 293-бап­тың 3‑тармағы, 2‑бөлігімен, 106–107-баптармен іс қозғалған. «Жәбір­ле­ну­шілер­ге ауыр дене жарақа­тын сал­ды, қару қол­да­нып, күш көр­сет­ті» деген айып тағы­лған. Ал біздің жігіт­тер­дің айтуын­ша, олар қол­да­ры­на қару алып шық­паған. Керісін­ше, қытай­лы­қтар мін­ген авто­бу­ста кеспек арма­ту­ра­лар болған.

– Таяқ жеген-міс үш қытай­лық, олар­ды жұмысқа алған ком­па­ния тура­лы біле алды­ңыз ба?

– Қазір­гі таң­да жәбір­ле­ну­ші тарап, яғни қытай­лы­қтар өз елдеріне депор­та­ци­я­ла­нып кет­кен. Енді бес жылға дей­ін Қаза­қстанға келе алмай­ды. Өйт­кені құжат­та­ры заң­сыз болған. Ал ком­па­ния бас­шы­сы­на осы заң­сызды­қтар үшін қыл­мыстық іс қозғал­ды дей­ді. Менің көкей­ім­де – төбе­лес бары­сын­да ауыр дене жарақат­та­ры салы­нған бол­са, олар қалай жол жүреді деген күдік басым. (Ауыр дене жарақа­ты – көзі шығып кету, аяқ-қол­дың сынуы, т.с.с. жағ­дай­лар). Ауыр жарақат алған адам орны­нан қозға­лып, алыс жаққа кете ала ма?

Ал төрт жәбір­ле­ну­ші ауру­ха­на­да жатыр деп естідік. Олар­дың жағ­дай­ын жур­на­ли­стер барып, өз көз­дері­мен көріп қай­тып­ты. Ол жер­де ауыр хал­де жатқан адам бол­маған дей­ді. Ең басты­сы – бұл іс жай ғана төбе­лес неме­се жеке бас араз­ды­ғы үшін болған бұза­қы­лық әре­кет емес. Осын­дай жағ­дай­дың орын алуы­на біздің елде жұмыс істеп жатқан қытай­лы­қтар­дың өздері жұмысқа кел­ген елдің заңын, әдет-ғұр­пын сый­ла­май, шек­тен шыққан әре­кет­тері себеп болған деп білемін.

Қызы­лағаш тұрғын­да­ры­ның айтуын­ша, қап­тап жүр­ген қытай­лы­қтар қаза­қтың қызда­ры­на жөн­сіз тиі­седі екен. Тіп­ті қыз зор­лау дере­гі болған деген әңгі­ме бар. Алай­да туы­ста­ры ел-жұрт біл­месін деп, қыздың одан кей­ін­гі тағ­ды­рын ойлап, тиісті орган­дарға шағым­да­нуға қорқып отыр екен. Жасөс­пірім бала­ларға әлім­жет­тік жасап, жабы­лып ұрып кетіп, жер­гілік­ті халық өкіл­деріне шеке­лері­нен қарап, кекетіп, орыс­ша үйрен­ген сөз­дері «казахи–бараны» деп маза­қтап, ауыл тұрғын­да­ры­ның рені­шін, ашу-ыза­сын туды­ра­тын әре­кет­тер жасаған. Қызы­лаға­штағы қақты­ғыс – жер­гілік­ті халы­қтың осы әре­кет­тер­ге қар­сы туын­даған ашу-ыза­сы­ның, нара­зы­лы­ғы­ның сыр­тқа шығуы­ның көрінісі. Осы жағ­дай­лар­ды көріп-біліп оты­рған бес қаза­қтың жігіті ашу-ыза­мен біздің елде жұмыс істеп жатқан қытай­лы­қтар­ды ұрып тастаған. Алай­да ешқан­дай қару қол­дан­баған, тек қол­да­ры­мен ұрған.

– Шығы­стағы Зай­сан ауда­ны­на барып, шека­ра­ны «бұзып» өткен екі жігіт­ті де қорға­уы­ңы­зға алды­ңыз. Істің бет алы­сы қалай?

– Зай­сан аудан­дық соты Шың­жаң қаза­қта­ры Мұра­гер Әлі­мұ­лы мен Қастер Мұса­ханұлын екі айға қамау тура­лы қау­лы қабылдады.Қытайдың озбыр­лы­ғы­нан, қор­лы­ғы­нан қашып, қалың елім – қаза­ғым деп шека­ра бұзып, қашып келу­ге мәж­бүр болған екі қан­да­сы­мыз ешқан­дай қыл­мыс­кер емес. Олар ешқай­да жасы­ры­нған жоқ, келе сала өздері босқын мәр­те­бесін сұрап, ол жақтағы қан­дастар­дың жағ­дай­ла­ры­ның ауыр екенін көр­сетіп, Көші-қон поли­ци­я­сы­на ары­зда­рын өткізді.

– Бұл екі аза­мат­тың әре­кетін халы­қа­ра­лық заң­ды­лы­қтар шең­берін­де қорғау мүм­кін­ді­гі бар ма?

Халы­қа­ра­лық заң нор­ма­ла­ры­на сәй­кес, қан­дай да бір елден зәбір көріп, жапа шек­кен аза­мат­тар шека­ра бұзып, басқа елге босқын мәр­те­бесін сұрап бар­са, оларға қыл­мыстық іс қозғал­мау керек. Ол кон­вен­ци­я­ны БҰҰ қабыл­дап, халы­қа­ра­лық акт ретін­де бекіт­кен. Ол кон­вен­ция талап­та­рын БҰҰ-ның құра­мы­на кір­ген елдер­дің бәрі орын­да­уы керек. Ешкім де баста­ры­на қауіп-қатер төн­бе­се, шека­ра­ны бұзып өтіп, өз баста­рын қатер­ге тік­пес еді. Сол себеп­ті менің қорға­уым­дағы ҚХР-ның екі аза­ма­ты, этни­ка­лық қаза­қтар Қастер Мұса­хан мен Мұра­гер Әлі­мұлы­на қозғалған қыл­мыстық іс заң­сыз деп есептеймін.

Қытай­лық конц­ла­герь­ден қашып, шека­ра­ны заң­сыз кесіп өту – орта дәре­же­де­гі қыл­мыс болып сана­ла­ды. Қыл­мыстық заң­на­ма нор­ма­ла­ры­на сай, ауыр қыл­мыс жасаған­да ғана бұл­тарт­пау шара­сы – қамауға алуға болар еді. Бұл жағ­дай­да олар кісі өлтір­ген жоқ, ауыр қыл­мыс жасаған жоқ. Сон­ды­қтан қамау бұл­тарт­пау шара­сы заң­сыз қолданылған.

– Зай­санға барған­да, Қастер мен Мұра­гер­ді көр­діңіз бе?

– «СИЗО»-ға кіріп шықтым. Қастер мен Мұра­гер аман-есен, жағ­дай­ла­ры жаман емес. «Ешкім қысым жасап жатқан жоқ», – деді. Тек жылы киім­дер керек екен. Мұра­гер­дің әпкесі Нұр­гүл еке­уіне бір­дей етіп, керек-жарағы­ның бәрін алып беріп жібер­ді. Кел­гені­міз­ге қуа­нып қал­ды. Қол­дау көр­сет­кен қан­даста­ры­на алғыс айтып жатыр.

Тер­геу изо­ля­то­ры­ның басты­ғы Қанат Жүсі­пов мыр­за­ға да кіріп шықтым. Сот қаулы­сы­на кел­тіріл­ген жеке шағым ШҚО соты­на жіберіл­гені жөнін­де хабар алдым. Бір апта­ның неме­се оншақты күн­нің ішін­де жеке шағым қара­ла­ды. Сотқа екі аза­мат­ты апа­рып-әкеліп тұра­ды. Меке­ме бас­шы­сы ешкім тара­пы­нан қысым жасал­май­ты­нын, екі жігіт­ті бақы­ла­уда ұстай­ты­нын айтты.

Қоғам, ел-жұрт қызы­лаға­штық бес жігіт­ті, Зай­сан­дағы екі аза­мат­ты қорға­уға атса­лыс­са, ақпа­рат­тық қол­дау көр­сетіл­се деген өтіні­шім бар. Бұл біздің ұлт­тық намысы­мы­зды қорғау мүд­десіне сай, заң шең­берін­де­гі ісі­міз болуы керек.

– «ДАТ» өз тара­пы­нан ақпа­рат­тық қол­да­уға дай­ын! Қазақ жігіт­терін қорғау жолын­дағы еңбе­гіңіз жан­сын, Ләз­зат ханым!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«DAT»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн