Суббота , 5 июля 2025

ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦАЙЛАРЫ жазықсыз келіншекті аналық құқықтан АЙЫРАМЫЗ ДЕП ҚОРҚЫТҚАН

Қызы­лор­да тұрғы­ны билік­тен әле­умет­тік жәр­дем­ді күшей­туді талап еткен ана­лар нара­зы­лы­ғы­на қаты­сқан­нан кей­ін, өзіне қат­ты қысым жаса­лып, «поли­ция ұрып-соққа­нын» айта­ды. Билік мұны жоққа шығарады.

Қызы­лор­да қала­сы­ның тұрғы­ны Меру­ерт Әйті­мо­ва (сурет­те) өткен айда билік­тен жәр­де­мақы­ны көбей­туді, бас­па­на мәсе­лесін шешуді және көп бала­лы отба­сы­ларға жеңіл­дік­тер беруді талап еткен ана­лар нара­зы­лы­ғы­на қаты­сқан. Өз айтуын­ша, қала және облыс әкім­дері­мен кез­де­су­де алға­шқы­лар­дың бірі болып сөй­ле­ген ол әле­умет­тік жағ­дайы төмен тұрғын­дар­дың ауыр тұр­мысын айтып, мәсе­лені бас­шы­ларға жет­кізу­ге тырысқан.

Көп ұза­май оған теле­фон шалған бел­гісіз біре­улер «тыны­шта­луға» және мәсе­лесін шене­унік­тер­ге жеке тәр­тіп бой­ын­ша жолы­ғып шешу­ге кеңес берген.

Меру­ерт Әйті­мо­ва ақпан­ның 27-сі күні Қызы­лор­да қала­сы­ның әкі­мі Нұр­лы­бек Нәлі­ба­ев­тың қабыл­да­уы­нан шығып, облыс әкі­мі Қырым­бек Көшер­ба­ев­тың қабыл­да­уы­на барған кез­де оны аза­мат­тық киім­де­гі бір­не­ше адам көлік­ке салып әкет­кенін айта­ды. Меру­ерт­тің сөзін­ше, поли­ция бөлім­ше­сін­де оған қала әкі­мі Нұр­лы­бек Нәлі­ба­ев пен облыс әкі­мі Қырым­бек Көшер­ба­ев­тың алдын­да сөй­ле­ген сөзінің видео­сын және екі бала­сы­ның суретін көр­сет­кен. Одан WhatsApp мес­сен­джерін­де­гі ана­лар чатын жабу­ды талап еткен. «Біз саған ескерт­тік. Неге тыныш жүр­мей­сің? Егер ана­лық құқы­ғы­ң­нан айы­ры­лып, қамалғың кел­ме­се, чат­ты жауып, тыныш қана өмір сүр» деген поли­ци­яда маған Аягөз есім­ді жас әйел. Мен ешкім­ді көтеріліс­ке шақыр­маға­ным­ды, тек көп бала­лы және жалғы­зілік­ті ана­лар­дың талап-тілек­терін жет­кіз­генім­ді айт­тым», – дей­ді Меруерт.

Ол WhatsApp мес­сен­джерін­де «Қызы­лор­да ана­ла­ры» чатын ашқа­нын жасыр­май­ды. Онда ана­лар про­бле­ма­ла­ры­мен бөлісіп, ұсы­ны­ста­рын ортаға салған. Чат­та заңға қар­сы ешқан­дай іс-әре­кет болған жоқ деп сен­діреді Меру­ерт Әйтімова.

Ол поли­ци­ядағы «әңгі­ме» кезін­де поли­ция киі­мін­де­гі әйел оны екі рет беті­нен ұрға­нын, ол екін­ші рет қол жұм­саған кез­де үстел­дің шетіне құлап, аяғы ауыр екенін айтып, ауыр­сы­на айғай­лап жібер­генін айтып бер­ді. Бұдан соң оған су әкеліп беріп, тыны­штан­ды­руға тыры­сқан билік өкіл­дері Әйті­мо­ва­мен ұзақ сөй­лесіп, «ши шығар­май», тыныш жүр­гені өзіне жақ­сы бола­ты­нын түсіндірген.

Меру­ерт Әйті­мо­ва өзін поли­ци­яда бес сағат­тан артық ұстаға­нын, теле­фо­ны мен сырт киі­мін алып қалып, суық бөл­ме­де оты­рғы­зға­нын айта­ды. Бір сағат­тан кей­ін келе­мін деп, екі бала­сын тастап кет­кен келін­шек­тің ұзақ уақыт жоғалға­ны­на алаң­даған көр­шісі Меру­ерт­тің жақын­да­ры­на теле­фон шалып, хабар­лаған. Поли­ци­яда оты­рған Меру­ерт­ті бұры­нғы күй­е­уі мен туы­ста­ры түн­ге қарай алып шыққан.

Меру­ерт Әйті­мо­ва ақпан­ның 27-сін­де басы­нан қан­дай жағ­дай өткені тура­лы бір­не­ше күн бойы ешкім­ге айт­паған. Ол содан бері өзіне бір­не­ше рет теле­фон соққан бел­гісіз біре­улер мес­сен­джер­де­гі чат­ты жауып, бел­сен­ділі­гін доға­руға шақы­рға­нын және «үкі­мет­пен ойна­мауды» ескерт­кенін айтады.

Науры­здың 4‑і күні Меру­ерт Әйті­мо­ва Алма­ты қала­сын­дағы бел­сен­ді Құрал Меде­уов­ке хабар­ла­сып, болған жайт­ты баян­даған. Меде­уов қызы­лор­да­лық тұрғын­нан есті­генін сол күні Facebook әле­умет­тік желісін­де­гі парағын­да жари­я­лаған.

Билік өкіл­дері бұл бел­сен­дінің посты­на жау­ап қат­ты. Науры­здың 5‑і күні Қызы­лор­да қала­сын­да БАҚ өкіл­дері үшін ұйым­да­сты­ры­лған жиын­да Құрал Меде­уовтың әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба­сын сөз­бе-сөз оқы­ған Қызы­лор­да облы­стық поли­ция депар­та­мен­тінің басты­ғы Қай­рат Мұхи­тов бел­сен­ді таратқан ақпа­рат шын­ды­ққа сай емес деп мәлімдеді.

– Біз тек­сер­дік. Мұн­дай дерек еш жер­де орын алмаған. Не облыс әкім­ді­гін­де, не басқа жер­де мұн­дай фак­ті жоқ. Поли­ция депар­та­мен­ті таңер­тең бар­лық бөлім­ше­лер­дің жетек­шілерін жинап, тек­сер­ді. Мұн­дай фак­ті жоқ, – деді Мұхи­тов аймақтық ком­му­ни­ка­ция қыз­метін­де­гі жиында.

Поли­ция депар­та­мен­тінің басты­ғы Қаза­қстан­да «көпе-көр­неу жалған ақпа­рат таратқа­ны» үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­ты­нын ескерт­ті. «Азаттық» тіл­шісі сөй­лес­кен алма­ты­лық бел­сен­ді Құрал Меде­уов Қызы­лор­да тұрғы­ны­нан теле­фон арқы­лы есті­генін жұр­тқа жет­кі­зуді жөн санаға­нын айтады.

– Қыл­мыстық іс қозғай­ды деп, шын­ды­қты жасы­рып қала алмай­мыз ғой. Кеше түн­де ол келін­шек маған хабар­ла­сып, өзін поли­ция бөлі­міне қамаға­нын, теле­фон­ды есік алдын­да алып қалып, паль­то­сы­на дей­ін шешіп, желең көй­лек­пен бір­не­ше сағат салқын жер­де ұстаға­нын айтып бер­ді. Ол жай­ын­да бүкіл жаз­ба­ны теле­фо­ны­ма жазып алдым. Сон­ды­қтан енді мұны елдің наза­ры­на ұсы­ну­ды жөн көр­дім. Мұның несі қыл­мыс? – дей­ді Құрал Медеуов.

Қызы­лор­да облы­сы­ның әкім­ді­гі Құрал Меде­уовтың Facebook әле­умет­тік желісін­де­гі жаз­ба­сы­на бай­ла­ны­сты тек­се­ру жүріп жатқа­нын, оның нәти­же­сі кей­інірек хабар­ла­на­ты­нын айтты.

Науры­здың 5‑і күні Қызы­лор­да қала­сын­да өткен бри­финг­те облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Серік Шота­ев әкім­дік есі­гі әркім­ге, солар­дың ара­сын­да бас­па­на, жәр­де­мақы мәсе­ле­лері жай­лы өтіні­шпен келу­шілер­ге де әрдай­ым ашық екенін айт­ты. Әкім­дік­ке кел­ген бар­лық арыз-өтіні­ш­тер қара­лып, өкілет­ті орган­дарға жол­да­на­тын бола­ды, деп мәлім­деді шенеунік.

Оңғар САЙМОСАЕВ,

«Азатты­қтың» Қызылорда 

облы­сын­дағы тілшісі

Республиканский еженедельник онлайн