Четверг , 22 января 2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚҰРЫЛТАЙЫ Қазақ елі мен қоғамына не береді? НЕМЕСЕ ПАРТИЯДА ЖОҚ азаматтардың сайлау құқы туралы

Қаза­қстан­ның жаңа тарихын­да «Қызы­лор­да құры­л­тайы» деген ата­у­мен қала­тын, елде­гі үлкен сая­си өзгерістер­ге мұрын­дық бола­тын Ұлт­тық құры­л­тай­дың жұмысы бастал­ды! Мен Құры­л­тай­дың «Аза­мат­тық қоғам» сек­ци­я­сын­да екі мәсе­лені сөз еттім.

Бірін­ші. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың баста­ма­сы­мен алда өтетін Пар­ла­мент­тік рефор­маға бай­ла­ны­сты қоғам­да жиі қозға­лып оты­рған мәсе­ле – пар­ти­яда жоқ аза­мат­тар­дың сай­ла­ну құқы­на қаты­сты. Егер елде 8 мил­ли­онға жуық пар­ти­яда жоқ сай­ла­у­шы аза­мат­тар бар екенін ескер­сек, бұл сұрақты жылы жауып қоюға болмайды.

Мұн­дай жағ­дай­да алда бола­тын пар­ла­мент­тік сай­ла­удың леги­тим­ді­гіне аза­мат­тық қоғам тара­пы­нан оң баға беріл­ме­уі әбден мүм­кін. Билік­ке деген мұн­дай ере­гес қоғам­дық тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз ете алмайды!

Бір­ден айтай­ын, мен өзім бір ман­дат­ты сай­лау жүй­есі бой­ын­ша сай­ланған депу­тат бола тұр­сам да, Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың халы­ққа өткен күз­де­гі Жол­да­уын­да айты­лған пар­ти­я­лық сай­лау жүй­есін қол­дай­мын. Бұл – елді пар­ти­я­лық негіз­де жұмыл­ды­ру мен қоғам­да орын алуы мүм­кін түр­лі тәу­е­кел­дер­ге төтеп беретін, әсіре­се бүгін­де тең­селіп тұрған гео­са­я­си әлем­де біздің елдің ішкі тұрақты­лы­ғын сақта­уға, жеке­ле­ген сепа­ра­ти­стік пиғыл­дарға тосқа­уыл қоюға мүм­кін­дік беретін жүйе екенін мой­ын­дау керек.

Деген­мен, қоғам­да пар­ти­яда жоқтар­дың сай­лау және сай­ла­ну құқын қалай қам­та­ма­сыз ете­міз деген сұрақ бар. Осы орай­да аргу­мент ретін­де айты­лар сөзді ұза­ққа созбай, Пар­ла­мент­тік рефор­ма жөнін­де­гі жұмыс­шы тобы мен Ұлт­тық құры­л­тай­дың хат­шы­лы­ғы­на мына­дай ұсы­ныс айтқым келеді:

Қол­да­ны­стағы сай­лау тура­лы заң­на­ма­лар­да сай­ла­у­ға түсетін сая­си ұйым­дар­дың пар­ти­я­лық тізім­деріне кво­та енгі­зу мүм­кін­дік­тері тура­лы нор­ма­лар бар. Мәсе­лен, жастар кво­та­сы, ген­дер­лік кво­та және мүм­кін­ді­гі шек­те­улі аза­мат­тар­дың пай­ы­здық кво­та­сы­ның мөл­шері бел­гі­лен­ген. Бүгін­гі Пар­ла­мент­те­гі пар­ти­я­лар­да бұл кво­та қатаң сақталған. Енде­ше ел Пре­зи­ден­ті бел­гіле­ген рефе­рен­дум­нан кей­ін Пар­ла­мент­те талқы­ла­на­тын бір пала­та­лы пар­ла­мент­ке бай­ла­ны­сты заң­на­ма­ларға пар­ти­яда жоқ аза­мат­тар­дың кво­та­сын енгі­зу мүм­кін­ді­гі тура­лы нор­ма­ны неге енгізбеске?

Мұн­дай жағ­дай­да сай­ла­у­ға түсетін әр пар­тия өз қата­ры­на пар­ти­яда жоқтар­ды жария түр­де шақы­рып, пар­ти­яі­шілік прай­ме­риз арқы­лы таң­да­удан өткен аза­мат­тар­ды пар­ти­я­лық тізім­ге енгі­зу мүм­кін­ді­гі туар еді. Пар­ти­яда жоқтар­ды мем­ле­кет­тік мүд­де жолын­да пар­ти­я­ларға тар­ту және сала­у­ат­ты қоғам бел­сен­ділерін өкілет­ті билік­ке сая­си инте­гра­ци­я­лау мүм­кін­ді­гі арқы­лы қоғам­ды ортақ ықы­ласқа жұмыл­ды­ру ықти­мал­ды­ғы артар еді.

Қоғам­дағы жеке­ле­ген топ­тар­дың про­те­стік қызуын басуға және пар­ти­яда жоқтар өкіл­дерінің қаты­суы­мен елде қор­да­ланған про­бле­ма­лар­ды бір­лесіп шешу мүм­кін­ді­гі «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­ла­ры­на сәй­кес келеді деп ойлаймын.

2. ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ

Фран­ци­я­ның «Басти­ли­я­ны алған күні» неме­се Ресей­дің «Ұлы октябрь рево­лю­ци­я­сы күні» сияқты Қаза­қстан­ның ұлт­тық мере­кесіне айна­луы тиіс!

Биыл Жел­тоқ­сан оқиға­сы­ның 40 жыл­ды­ғы ата­лып өтілетін жыл. Бір­ден ескер­тей­ін, бүгін мен Жел­тоқ­сан мәсе­лесін билік пен қоғам­ның ара­сын­дағы бұры­нғы текетіре­стің тақы­ры­бы ету­ден аулақпын.

Деген­мен бір ақиқат­ты мой­ын­дау керек: халы­қа­ра­лық дәре­же­де әбден мой­ын­далған бұл тақы­ры­пқа біз 40 жыл­дың ішін­де ұлт­тық дең­гей­де нүк­те қой­ып бол­ма­дық. Бұры­нғы «одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар» пост­кеңе­стік фор­ма­ци­ядан әлдеқа­шан өтіп болға­нын ескер­сек, біз­де­гі Жел­тоқ­сан мәсе­лесі бітеу жара сияқты әлі күн­ге дей­ін сыздап тұр.

Сон­ды­қтан Ұлт­тық құры­л­тай мүше­лері алдын­да Жел­тоқ­сан мәсе­лесін «Жаңа Қаза­қстан» таны­мы бой­ын­ша жаңа сая­си түй­сік және жасам­паз аза­мат­тық пай­ым дең­гей­ін­де бір­лесіп ақыл­да­су­ды ұсынамын!

1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі кеңе­стік тота­ли­та­риз­мнің сеңін сөгудің баста­ма­сы болға­ны бүгін­де біздің елге ғана емес, бүкіл әлем­ге мәлім. Бал­тық жаға­ла­уы елдерін­де­гі қасаң ком­му­ни­стік иде­я­ларға қар­сы ұлт-азаттық қозға­лы­сқа да, 1990 жылғы Әзір­бай­жан аста­на­сы Баку­де­гі Қара қаңтар оқиға­сы­на да біздің Жел­тоқ­сан баста­ма­шы бол­ды. Тіп­ті бір Гер­ма­ни­я­ны екі­ге бөл­ген Бер­лин қабы­рға­сы­ның құла­уы мен поляк кәсі­по­дақта­ры­ның «Соли­дар­ность» қозға­лы­сы­ның баста­ма­сы­мен Поль­ша мем­ле­кетінің соци­а­ли­стік лагерь­ден бөлініп шығуы да 1989 жылы – Жел­тоқ­сан­нан кей­ін болды.

Әлем­нің жаңа тарихын­да адам­заттың дамуы­на қозға­у­шы құбы­лыс болған бұл ұлы оқиға­лар­дың бар­лы­ғы бүгін­де аталған елдер­дің ұлт­тық мере­кесі сана­ла­ды. Бұл дата­лар демо­кра­ти­я­лық даму­дың және тота­ли­та­ризм­ге қар­сы­лы­қтың ұлт­тық сим­во­лиз­міне айналған.

1917 жылғы Октябрь рево­лю­ци­я­сы да тота­ли­тар­лық жүй­е­ге қар­сы шыққан Жел­тоқ­сан сияқты пат­ша­лық монар­хи­я­лық билік­ке қар­сы көтеріліс бол­ды. Осы­дан 35 жыл бұрын біз бүкіл Совет Одағы­ның халқы болып, «РСФСР»-мен бір­ге той­лай­тын 7 қара­ша күні бүгін­де Ресей­дің жал­пы феде­раль­дық мере­кесі ретін­де ата­лып өтеді.

Ары­ға бар­сақ, 1798 жылы король­дік абсо­лю­тизм­ге қар­сы шыққан көтеріліс­шілер Басти­ли­я­ны алған 14 шіл­де (День взя­тия Басти­лии) бүгін­де Еуро­па­дағы өзгерістер­дің баста­уы ретін­де Фран­ци­я­ның ұлы мере­келік дата­сы­на айналған.

Енде­ше біз қай мұра­дан бас тар­та­мыз? Біз неге Жел­тоқ­сан­ның тари­хи мұра­сын мем­ле­кет­тік мән­де­гі жал­пы­ұлт­тық мере­ке күніне айнал­ды­ра алмай жүр­міз? Қазақ халқы­ның тарихын­дағы бұл тари­хи дата­ны жыл сай­ын неге жел­тоқ­сан­шы­лар ғана той­ла­уы тиіс?

Өмір­дің заңы солай – енді 40–50 жыл­дан кей­ін Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­су­шы­лар бұл өмір­ден кетіп біте­ді. Бірақ Қаза­қстан­ның тарихын­да Жел­тоқ­сан мәң­гілік қала­ды. Бүгін­гі біз­дер қала­сақ та, қала­ма­сақ та, бұл көтеріліс Фран­ци­ядағы «Басти­ли­я­ны алған күн» сияқты Ұлт­тық датаға айналады.

Сон­ды­қтан биы­лғы Жел­тоқ­сан­ның 40 жыл­ды­ғы қар­саңын­да біз бұл тари­хи датаға жаңа­ша және жасам­паз көзқа­рас қалып­та­сты­рып, 17 жел­тоқ­сан­ды Ұлт­тық мере­ке­ге айнал­ды­ру­ды қолға алуы­мыз керек деп ойлай­мын. Және бұл көзқа­рас­ты «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сын, тиісін­ше елдің жаңа тарихы­ның бетін ашқан Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың пре­зи­дент­тік құзіреті (каден­ци­я­сы) кезін­де баста­уы­мыз керек. Бұл сим­во­ли­ка­лық тұрғы­да дұрыс, әрі ішкі және сыр­тқы бар­ша жұрт­шы­лы­ққа түсінік­ті баста­ма болар еді.

Иә, әлем­де және елдің төңіре­гін­де гео­са­я­си жағ­дай толқып тұрған бүгін­гі кез­де әлдекім­дер­дің «ескі қоты­рын» тыр­нау қажет пе деген сұрақ тууы мүм­кін. Бірақ мем­ле­кет бас­шы­сы­ның Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның жарғы­сы­на сәй­кес сыр­тқы дипло­ма­ти­я­лық сая­са­ты берік қалып­та­сып, бұл бей­біт сая­сат әріп­тес елдер ара­сын­да әлдеқа­шан мой­ын­далған жағ­дай­да тәу­ел­сіз мем­ле­кет ретін­де біздің ешкім­ге жал­тақтай­тын жөні­міз жоқ. Ұлт­тық мәсе­ле­лер сана­тын­дағы біздің ішкі мем­ле­кет­тік сая­са­ты­мы­зға ешкім­нің ара­ла­су құқы­ғы бол­мауы керек.

Осы орай­да Жел­тоқ­сан­ның 40 жыл­ды­ғын атап өту­ге дай­ын­дық мәсе­ле­лері төңіре­гін­де ақыл­да­су, кеңе­су, ойла­су мақ­са­тын­да мен өткен жыл бойы елде құры­лған 19 бір­дей Жел­тоқ­сан ұйы­мы­ның жетек­шілері­мен кез­де­стім. Еске сала кетей­ін, Жел­тоқ­санға деген біре­гей ұлт­тық көзқа­рас­тың бол­мауы сал­да­ры­нан бүгін­де бір Жел­тоқ­сан 21 бөл­шек қоғам­дық ұйы­мға бөлініп кет­кен. Ескі билік кезін­де­гі бұл бөл­шек­те­удің «бөліп алып билеу» фор­му­ла­сы­ның себеп-сал­да­рын бәрі­міз білеміз!

Міне, сол 21 Жел­тоқ­сан ұйы­мы бірік­кен қауым­да­стық (ассо­ци­а­ция) құрып, 40 жыл­дық қар­саңын­да Үкі­мет­пен бір­лесіп, кон­струк­тив­ті әзір­лік шара­ла­рын баста­уға дай­ын отыр. Бүгін­де олар бұры­нғы жік-жап­пар қоғам­дық қозға­лыс тұрғы­сын­да емес, пар­ти­я­лық неме­се басқа да сая­си күш­тер­ден де жоға­ры тұра­тын, Ұлт­тық рух қалып­та­сты­ру­дың сана­лы және руха­ни дең­гей­іне жетті.

Үкі­мет осы баста­ма­ны қол­дап (қажет болған жағ­дай­да Мәжілісте­гі депу­тат­тар тобы бұл баста­маға дәне­кер бола ала­ды), осы жасам­паз көзқа­рас­ты қол­да­уға мұрын­дық болуы керек деп санай­мын! Қазір­гі түр­лі тәу­е­кел­дер қал­ты­ратқан әлем­де­гі Қаза­қстан­ның тұта­сты­ғы мен тәу­ел­сізді­гі билік пен жал­пы қоғам үшін басты ортақ мем­ле­кет­тік мүд­де­ге айнал­ды. Бүгін­де жел­тоқ­сан­шы­лар бұры­нғы­дай күй­кіл тұр­мыстық тір­лік­тің шеші­мін, пәтер беруді неме­се өздерінің ерлі­гі үшін өте­мақы төле­уді сұра­май­ды. Бір әулет­тің ата­сы мен әже­сі болған, алды шөбе­ре сүй­іп оты­рған жел­тоқ­сан­шы­ларға ел іргесінің тыны­шты­ғы мен Ұлт­тың мем­ле­кет­тілік мәсе­ле­лері бәрі­нен де қымбат.

Міне, осы баста­ма­ны жете­леп кету үшін, Үкі­мет 21 ұйым­ның қоғам­дық басқо­суы­мен «Бірік­кен Жел­тоқ­сан қауым­да­сты­ғы» плат­фор­ма­сын құрып, олар­дың жетек­шілері­мен дөң­ге­лек үстел фор­ма­тын­да кез­де­су өткізіп, «Жел­тоқ­сан­ның 40 жыл­ды­ғы» мем­ле­кет­тік медалін тағай­ын­дап, мерей­лі жылға бір­лес­кен дай­ын­дық шара­ла­рын бел­гіле­уі қажет деп ойлай­мын. Қоғам­ды елдік бір­лік­ке жұмыл­ды­руға ықпал ететін бұл мей­ір­бан ықы­лас кезін­де қуғын-сүр­гін көр­ген жел­тоқ­сан­шы­ларға тегіс реа­би­ли­та­ция жаса­удан басталға­ны жөн болады.

Бүкіл ел болып, Жел­тоқ­сан­ның 40 жыл­ды­ғы­на бастай­ық! Қаза­қста­ны­мы­здың тұта­сты­ғы мен тең­селіп тұрған әлем­де­гі біздің елдің тұрақты­лы­ғы­на, қоғам­ның бір­лі­гіне ұйтқы бола­тын баста­ма­ны қолдайық!

Ермұрат БАПИ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн