Понедельник , 30 июня 2025

Қымбатшылық ҚАМЫТЫ қысып барады

Өткен ақпан айын­да Қаза­қстан­да күн­бағыс майы, қант, жұмыр­тқа, ұн, жар­ма және тауық қым­бат­та­ды, деп хабар­ла­ды Ұлт­тық банк.

«Ақпан­да баға­лар одан әрі – 42%-ға көтеріл­ді, күн­бағыс майы, қант – 39%, жұмыр­тқа – 33%-ға арт­ты. Ұн, жар­ма мен нан, құс еті қым­бат­та­ды», -– делін­ген өткен жұма­да тара­ты­лған Ұлт­тық банк­тің хабарламасында.

Ақпа­ратқа сәй­кес инфля­ци­яға негіз­гі үле­сті азық-түлік баға­сы­ның өсуі қоса­ды. Ақпан­да азық-түлік инфля­ци­я­сы қаңтар­дағы 11,4%-дан 11,6%-ға дей­ін өскен. Инфля­ция 2021 жылғы ақпан­да 0,7% бол­ды, жыл­дық мән­де өзгеріс­сіз қал­ды – 7,4%.

Қаз­ТАГ

Тағы бес белсенді «САЯСИ ТҰТҚЫН» санатында танылды

  • Қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы­лар «сая­си тұтқын­дар» тізі­мін тағы жаңарт­ты. 17 науры­зда жари­я­ланған жаңа тізім­ге тағы бес адам қосылған.

Олар­дың бар­лы­ғы тый­ым салы­нған «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» қозға­лы­сы және «Көше пар­ти­я­сы­на» қаты­сы бар деп күдік­ке ілініп отыр. Қаза­қстан соты «экс­тре­ми­стік ұйым» деп таны­ған ҚДТ мен «Көше пар­ти­я­сын» Еуро­пар­ла­мент «бей­біт оппо­зи­ци­я­лық ұйым» деп атаған. Құқық қорға­у­шы­лар екі ұйы­мға қаты­сты шыққан сот шеші­мінің жари­я­лан­баға­нын айтып, сынаған.

  • Екі­ба­стұз тұрғы­ны, аза­мат­тық бел­сен­ді Мақсұт Аппа­сов, құқық қорға­у­шы­лар­дың айтуын­ша, аза­мат­тық бел­сен­ділі­гі үшін қуда­ла­нып отыр. Тер­геу орган­да­ры оны тый­ым салы­нған «Көше пар­ти­я­сын» қол­да­ды деп айып­таған. Ақпан айы­ның соңын­да ұсталған. «Бей­біт жиын тәр­тібін бұзға­ны үшін» талай рет әкім­шілік жаза­ға тартылған.
  • Қоста­най қала­сы­ның тұрғы­ны, бел­сен­ді Медет Есе­не­ев – 2020 жылы қаңтар­да Қыл­мыстық кодекстің 405-бап 2‑бөлігі бой­ын­ша («Тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ла­су», нақты жағ­дай­да «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» қозға­лы­сы) кінәлі деп таны­лып, бостан­ды­ғы бір жылға шек­тел­ген, про­ба­ци­я­лық бақы­лау бел­гі­лен­ген. 2020 жылы 4 қыр­күй­ек­те «про­ба­ция шар­тын бұзға­ны үшін» шар­тты жаза түр­ме жаза­сы­мен алмастырылған.
  • Ақта­улық бел­сен­ді Абзал Қана­ли­ев – Қыл­мыстық кодекстің 405-бап 2‑бөлігі бой­ын­ша («Тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ла­су») күдік­ке ілін­ген. Был­тыр қара­ша айын­да үйқа­маққа алы­нған. Алай­да «әле­умет­тік желі­де­гі жаз­ба­сы үшін» ақпан айы­ның соңын­да қамауға алы­нған. Құқық қорға­у­шы­лар­дың айтуын­ша, ол талай рет видео-чел­лен­дж­дер, пикет­тер, «сая­си тұтқын­дар­дың» отба­сы­на көмек беру акци­я­ла­ры­на қаты­сып, сол үшін әкім­шілік жаза­ға тартылған.
  • Маңғы­стау облы­сы Бей­неу ауы­лы­ның тұрғы­ны Мерей Құр­бақов – «тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ла­сты» деген күдік­ке ілініп, қамауға алы­нған. Құқық қорға­у­шы­лар оның бір жыл­дан астам уақыт­тан бері аза­мат­тық пози­ци­я­сы үшін қуда­ла­нып келе жатқа­нын айта­ды. Ол был­тыр жел­тоқ­сан айын­да «билік өкіліне күш қол­данға­ны үшін» кінәлі деп таны­лып, 40 сағат қоғам­дық жұмыс істе­у­ге мін­дет­тел­ген. Мүге­дек­ті­гі бар бел­сен­ді онко­лог­тар есебін­де тұр.
  • Нұр-Сұл­тан қала­сы­ның тұрғы­ны, бел­сен­ді Айдар Сызды­қов – Қыл­мыстық кодекстің 405-бап 2‑бөлігі бой­ын­ша («Тый­ым салы­нған ұйым­ның ісіне ара­ла­су», нақты жағ­дай­да «Көше пар­ти­я­сы») күдік­ке ілініп, қамауға алы­нған. Осы­ған дей­ін көп­те­ген митин­гілер­ге қаты­сып, сая­си көзқа­ра­сын ашық біл­дір­гені үшін әкім­шілік жаза­ға тартылған.

Еске сал­сақ, Қаза­қстан­да алға­шқы сая­си тұтқын­дар тізі­мі 2013 жылы жасалған. Құқық қорға­у­шы­лар сая­си тұтқын деп таны­ған­дар қата­рын­да ақын әрі дис­си­дент Арон Ата­бек, жаңаө­зен­дік бел­сен­ді Ержан Елші­ба­ев«тер­ро­ризмді наси­хат­та­ды» деп сот­талған Кен­же­бек Әбі­шев, Алмат Жұмаға­ли­ев те бар. Қаза­қстан­дағы сая­си қуда­лау тура­лы ақпа­рат тара­та­тын Tirek.info сай­ты­ның мәлі­метін­ше, жаңа­дан қосы­лған­дар­ды есеп­те­ген­де, Қаза­қстан­да бар­лы­ғы 29 сая­си тұтқын қамауда отыр.

Azattyq.org

Жергілікті депутаттар жайылымдық жердің МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ

Түр­кістан облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның кезек­ті үшін­ші сес­си­я­сын­да өңір­дің дамуы­на қаты­сты бірқа­тар мәсе­ле қарал­ды. Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы Түр­кістан облы­стық фили­а­лы­ның төраға­сы, облы­стық мәс­ли­хат­тың депу­та­ты Ғалым­жан Елші­бай көп жыл­дан бері елді толған­ды­рып оты­рған өзек­ті мәсе­ле – жай­ы­лым жер­лерінің жетіс­пе­ушілі­гін қозғады.

Қай аудан­да бол­сын, жер­дің жырын айтып, қиын­дық көріп оты­рған ауыл тұрғын­да­ры жетіп арты­ла­ды. Мал жая­тын жай­ы­лым тап­пай, төрт түлі­гін қорас­ын­да қамап ұста­уға мәж­бүр жұрт­шы­лы­қтың шыда­мы да тау­сы­ла бастаға­ны жасы­рын емес. Бұған дей­ін бірқа­тар ауыл­да жер­гілік­ті тұрғын­дар нара­зы­лы­қта­рын біл­дір­ген бола­тын. Тіп­ті жай­ы­лым үшін таласқа түсіп, біріне-бірі қару қол­данған­дар да тір­кел­ген. Осы­дан төрт жыл бұрын «Жай­ы­лым­дар тура­лы» арнайы заң қабыл­данға­ны­мен, мәсе­ле әлі күн­ге дей­ін шеші­мін тап­пай отыр.

Ғалым­жан Елші­бай жара­ның аузы жары­лып кет­пей тұрған­да, арнайы депу­тат­тық комис­сия құрып, жай­ы­лым жер­дің мәсе­лесін зерт­теп, зер­де­ле­уді ұсын­ды. Шие­леніс­кен мәсе­лені шешу­де нақты қадам­дар жасау қажет­ті­гін айтқан халық қала­у­лы­сы алдағы уақыт­та мәс­ли­хат пен ақпа­рат құрал­да­рын­дағы әріп­те­стерін бір­лесіп жұмыс істе­у­ге шақырды.

Қаз­ТАГ

  

«РЕСЕЙДІҢ СЫЙЛЫҒЫ» жайлы Путин тағы айтты

  • Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин 18 наурыз күні кеш­кісін Мәс­ке­уде өткен Қырым аннек­си­я­сы­ның жеті жыл­ды­ғы­на арналған шара­да Ресей­дің Совет Одағы құра­мын­да болған елдер­ге жер беріп, «мол сый­лық» жасаға­нын тағы да айт­ты. Ол Совет Одағы құлаған соң Ресей «талай тер­ри­то­ри­ядан айы­ры­лып қал­ды» деп санайды.

Путин өз сөзін­де Қырым­ның Ресей­ге қосы­луын «тари­хи әділ­дік» деп ата­ды. Ол Қырым­ды орыс халқы­ның қалып­та­суы­на негіз болған жер­дің бірі деп санайды.

«Өткен ғасыр­дың 20-жыл­да­ры боль­ше­вик­тер Совет Одағын құрып, әлі күн­ге түсініксіз себеп­пен көп аумақты, гео­гра­фи­я­лық кеңістік­ті ква­зи­мем­ле­кет­тік құры­лым­дарға бер­ді. Кей­ін өздері қирап, пар­тия мен Совет Одағын құлат­ты, соның сал­да­ры­нан Ресей көп­те­ген тер­ри­то­ри­я­сы мен гео­са­я­си кеңісті­гі­нен айы­рыл­ды», – деді ол.

Путин Ресей «жаңа гео­са­я­си жағ­дай­да өмір сүру­ге» дай­ын екенін де айта­ды. «Біз көр­шілері­мізді гео­гра­фи­я­лық тұрғы­дан жақын көр­ші ретін­де ғана емес, бауыр­лас ел ретін­де де қарай­мыз. Оларға көмек қолы­мы­зды созып, біздің бәсе­ке­ге қабілет­ті мүм­кін­дік­тері­мізді пай­да­ла­нып, дамуға, алға жыл­жуға жағ­дай жаса­уға дай­ын­быз. Біз­де [мүм­кін­дік] жет­кілік­ті» деді ол.

Путин «көр­шілер­ге көмек» жай­лы айта келе, «Ресей­дің сый­лы­ғын Ресей Феде­ра­ци­я­сы­на қар­сы қол­данған­дар­мен ешқа­шан келіс­пей­тінін» ескерт­ті. «Бұл сөзім­ді ести­ді деп үміт­те­не­мін», – дей­ді Путин.

Қырым аннек­си­я­сы­ның жеті жыл­ды­ғы­на арналған кон­церт Мәс­ке­уде­гі «Луж­ни­ки» ста­ди­о­нын­да өтіп, оған ресей­лік әншілер қаты­сты. «Рос­сия 24» теле­ар­на­сы таратқан видеоға қараған­да, ста­ди­он толы болған, көре­рмен­дер­дің көбі мас­ка­сыз отырды.

Ресей 2014 жылы Қырым­да рефе­рен­дум өткізіп, Укра­и­на құра­мын­дағы түбек­ті аннек­си­я­лап алған. Бұл шара Ресей әске­ри­лерінің бақы­ла­у­ы­мен, Укра­и­на заң­на­ма­сы­на қар­сы өтті. Рефе­рен­дум­нан кей­ін Қырым­ды Ресей әскері бақы­ла­у­ға алды.

АҚШ пен Еуро­па одағы Ресей­ге Қырым­ды аннек­си­я­лап, Укра­и­на­ның шығы­сын­дағы сепа­ра­ти­стер­ді қол­даға­ны үшін санк­ция салған. Мәс­кеу Қырым­ның Ресей­ге қосы­луын «тари­хи әділ­дік» дей­ді, ал Дон­бас­стағы әске­ри қақты­ғы­сқа қаты­сып жатқа­нын жоққа шығарады.

Бұл екі ара­да Ресей сыр­тқы істер мини­стрі Сер­гей Лав­ров Мәс­кеу мен Пекин дол­лар­мен және «Баты­стың бақы­ла­у­ын­дағы» төлем жүй­е­лері­мен есеп айы­ры­су­дан бас тар­ту керек деп мәлім­деді. Оның пай­ым­да­уын­ша, Ресей мен Қытай осы арқы­лы санк­ци­я­ның сал­да­рын азай­та ала­ды. Бұл тура­лы ол қытай­лық басы­лым­дарға бер­ген сұх­бат­та айт­ты. Лав­ро­втың сөзі Ресей СІМ ресми сай­тын­да жарияланды.

Ресей сыр­тқы істер мини­стрінің ойын­ша, АҚШ-тың мақ­са­ты – «Ресей мен Қытай­дың тех­ни­ка­лық дамуы­на кедер­гі кел­ті­ру». Лав­ров Баты­стың, соның ішін­де Вашинг­тон­ның басты құра­лы – санк­ция деп санайды.

Науры­здың басын­да АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден Алек­сей Наваль­ный­дың ула­нуы­на бай­ла­ны­сты Ресей­ге алға­шқы санк­ци­я­ны салған. Қара тізім­ге орган өкіл­дері, пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Сер­гей Кири­ен­ко, ФСБ бас­шы­сы Алек­сандр Борт­ни­ков кір­ген. Бұған қоса, АҚШ Ресей­дің әске­ри мақ­сат­та қол­да­ны­ла­тын тау­ар­ла­рын елге кір­гізу­ге тый­ым салды.

Ресей жаңа санк­ци­я­лар­ды «Ресей­ге қар­сы шабуыл» деп сипатта­ды. 18 науры­зда Ақ үй алдағы уақыт­та Ресей­ге тағы шек­те­улер бола­ты­нын мәлімдеді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн