Понедельник , 30 июня 2025

ҚЫТАЙДА ҚАМАЛҒАН туыстарын іздегендер АСТАНАДА ҚАМАЛДЫ

  • 15 жыл­дан бері түр­ме­де оты­рған дис­си­дент ақын Арон Ата­бек ауру­ха­наға түсті. Бұл жөнін­де құқық қорға­у­шы Бақыт­жан Төреғо­жи­на өзінің Facebook парақ­ша­сын­да хабарлады.

Құқық қорға­у­шы Еле­на Семе­но­ва­ның «Азаттық» тіл­шісіне айтуын­ша, Арон Ата­бек­тің ауру­ха­наға түс­кеніне бір апта болған. «Ол бұған дей­ін емде­лу­ге үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы болып кел­ген. Оған «ауру­ха­наға жат­па­саңыз, сал бола­сыз, өмір бойы арбаға таңы­ла­сыз» деп қатаңы­рақ ескерт­кен­мін. Тек­се­ру­ден өтіп, ана­л­из­дерін тап­сы­рған­нан кей­ін, қан­дай да бір ем көр­се­тетін шығар», – дей­ді Еле­на Семенова.

Оның айтуын­ша, Арон Ата­бек ауру­ха­на­да тек­се­ру­ден кей­ін меке­ме­ге қай­та­дан ора­ла­ды. Қыл­мыстық атқа­ру жүй­есі коми­теті әзір­ге түсінік­те­ме бер­меді. Арон Ата­бек оты­рған Пав­ло­дар облы­сын­дағы АП-162/1 түзе­ту меке­месінің бас­шы­сы «Азаттық» тіл­шісіне теле­фон арқы­лы жау­ап бере алмай­ты­нын, «ресми сау­ал жібе­ру қажет­ті­гін» айтқан.

Azattyq.org

  • Өткен апта­ның соңын­да аста­на­дағы Қытай елшілі­гі алды­на жина­лып, Шың­жаң­дағы туы­ста­рын қай­та­ру­ды талап етіп жүр­ген он шақты адам­ды поли­ция ұстап әкет­кен еді. Бұл тура­лы бел­сен­ді, Шың­жаң­да бауы­ры қалған Бай­бо­лат Күн­бо­латұ­лы Facebook парақ­ша­сын­да хабарлады.

Қытай Шың­жаң­дағы туы­ста­ры­мы­зды Қаза­қстанға жібер­мей отыр деген он шақты адам Қытай­дың Нұр-Сұл­тан­дағы елшілі­гіне келіп, елші Чжан Сяо­ның шығуын талап еткен, деп жаза­ды «Азаттық». Олар 23 қыр­күй­ек­те БҰҰ өкіл­ді­гіне барып, ұйым­ның бас хат­шы­сы Анто­ниу Гутер­риштің аты­на хат тапсырған.

Еске сал­сақ, Шың­жаң­дағы туы­ста­рын қай­та­ру­ды талап етіп жүр­ген­дер нара­зы­лық акци­я­ла­рын Алма­ты қала­сын­да бастаған. Олар 200 күн бойы Алма­ты­дағы Қытай кон­сул­ды­ғы­на барып, туы­ста­рын Қаза­қстанға жібе­руді талап еткен. Нара­зы­лар кей­бір күн­дері кон­сул­дық алдын­да түне­ген еді.

«Аста­на­да Қытай елшілі­гі алды­на Қытай­да нақақтан қама­лып, сот­талған, із-түз­сіз жоғалған туы­ста­рын боса­ту­ды, дере­гін тауып, пас­пор­тын беріп, Қаза­қстанға қай­та­ру­ды талап етіп, бей­біт митинг өткіз­ген ана­лар­ды, апа­лар­ды Қаза­қстан поли­ци­я­сы ұстап әкет­кені – сұм­дық бол­ды, – деп жаза­ды Бай­бо­лат Күн­бо­латұ­лы ФБ-парақ­ша­сын­да. – Олар­ды боса­туын қатаң талап ете­міз! Қытай гено­ци­ді, қытай қор­лы­ғын­да, тап­та­луын­да жазы­қ­сыз қыры­лып, тірі­дей аза­бын­да қалған 3 мил­ли­он қазақ тұтас әлем қаза­қта­ры­ның бөлін­бес бөл­ше­гі және қан­дас бауыр­ла­ры­мыз! Шың­жаң­дағы қаза­қтарға көр­сет­кен қор­лық, қыспақ – дүние жүзі қаза­қта­ры­на көр­сет­кен қысым, қор­лық деп біле­мін! Қара шаңы­рақ Қаза­қстан дүние жүзі қаза­қта­ры­ның аман­ды­ғы­на, Ота­ны­на ора­луы­на кепіл болуға тиіс! 

Қорған болуға тиіс Қаза­қстан елі зар еңіреп, жыл бойы үй бетін көр­мей, Алма­ты­да Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­да тікесі­нен тік тұрған ана­лар­ды қор­лап, күшпен, зор­лы­қ­пен ұстап әке­ту – шек­тен шығып басы­нған­дық! Зұлым­дық! Жауы­здық! Тас бауыр­лық! Сатқын­дық! Иттік!». 

ДАТ-ақпа­рат

ТҮРКІСТАН Ұлт­тық қорға ҚОЛ САЛДЫ

  • Қаза­қстан үкі­меті 2021 жылы Түр­кістанға апа­ра­тын 10 әуе бағы­тын суб­си­ди­я­ла­у­ға Ұлт­тық қор­дан 2,3 мил­ли­ард тең­ге бөлді.

«Түр­кістан қала­сы­на 10 әуе бағы­тын ашу үшін, биыл Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қоры­нан ныса­на­лы транс­ферт арқы­лы 2,3 мил­ли­ард тең­ге бөлін­ді» деп хабар­ла­ды бұл орай­да Қаз­ТАГ. Ақпа­рат агент­ті­гінің сау­а­лы­на жол­даған жау­а­бын­да үкі­мет Түр­кістан бағы­тын­дағы әуе рей­стерінің Ұлт­тық қор есебі­нен биыл ғана суб­си­ди­я­ла­нып оты­рға­нын айтқан.

Қаза­қстан­ның 2021 жылғы бюд­жетін­де тұрақты әуе тасы­ма­лы­на 5,5 мил­ли­ард тең­ге қарас­ты­ры­лған. Оның ішін­де 2,5 мил­ли­ард тең­ге рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен, 3 мил­ли­ард тең­ге Ұлт­тық қор­дан бөлі­неді. Кон­курс нәти­же­сін­де суб­си­ди­я­ла­на­тын әуе рей­стерін QAZAQ AIR және SCAT акци­о­нер­лік қоғам­да­ры орын­дай­тын болған.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн