Пятница , 4 июля 2025

Қытайдың жарылқауы БІЗГЕ ҚАЖЕТ ЕМЕС!

Редак­ци­яға хат

Қаза­қстан­ның бай­лы­ғын бар­лық сала­да талап алып жатқан тек қытай­лы­қтар емес екен­ді­гі елге бел­гілі. Ара­сын­да ара­нын ашқан өз жемқор­ла­ры­мыз да бар. Бірақ бай­лы­ғы­мы­зды көп жыл­дан бері көбірек асап, ием­деніп алып жатқан – Қытай. Алға­шын­да бірқа­тар қаза­қстан­дық кәсі­по­рын­дар­дың үлесін өте төмен баға­мен сатып алып, кей­ін түп­кілік­ті ием­деніп кет­ті. (Бұл жөнін­де 12-бет­те­гі жари­я­ла­ны­мға көңіл ауда­ры­ңыз – Ред.).

Қытай­дан келіп, қаза­қтың жерін­де жұмыс істеп жатқан қытай­лар 67 000 тең­ге жалақы ала­тын қаза­қстан­дық жұмыс­шы­лар­дан кемін­де 10 есе жоға­ры ақы ала­ты­ны бүкіл елге мәлім. Әрине, бұл әділет­сіздік «үлкен басты­ғы­мы­здың» келісі­мі бой­ын­ша жаса­лып жатқан қия­нат деп түсін­дік. Қытай­лы­қтарға үлкен теңдік пен мүм­кін­дік беріп қой­ған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі. Басқа­лар (тіп­ті Тоқа­ев та – Ред.) ондай мәсе­ле­ге ара­ла­са алма­сы жасы­рын емес. Қытай­лы­қтар анау-мынау, кіші­гірім бас­шы­лар­мен ақыл­дас­пақ түгілі, сөй­ле­с­пей­ді де, себебі – олар­мен жасалған келісім­шар­тта осын­дай кең­шілік берілген.

Ақтө­бе­де­гі «Көк­жи­де», «Құм­сай», «Мар­тук» сияқты мұнай­ға бай кен орын­да­ры­мыз 1995 жыл­дан бері Қытай­ға беріліп қой­ған. Бұл кені­ш­тер­ден түсетін табыст­ың пай­да­сы билік­тің биік басын­дағы­ларға бол­ма­са, халы­қтың қазы­на­сы­на түсіп жатқа­ны мардымсыз.

Енді қытай­лар Қаза­қстан­ның жеріне орман-тоғай өсіріп, жай­қал­та­мыз деп, Жер тура­лы заң­ды­лы­қтар жоба­сы­на өз мүм­кін­дік­терін билік арқы­лы тық­па­лаға­ны да мәлім. Ресей­дің Сібірі мен Қиыр Шығы­сын­дағы орман-тоғай­ды отап жатқан қытай­лар Қаза­қстан­ды жай­қал­там деуі – дал­ба­са сөз. Олар­дың мақ­са­ты – қаза­қтың жерін­де мәң­гілік тұрақтап қалу­дың айла-амалы.

Қаза­қстанға 56 завод салып, жары­лқай­мыз деп оты­рған түп­кілік­ті мақ­са­ты да бел­гілі – салы­на­тын кәсі­по­рын­дар­дың төңіре­гіне тұрақтап қалу. Олар­дан Қаза­қстанға келетін­дер – кілең бой­дақ жігіт­тер, қаза­қтың үйсіз-күй­сіз, жұмыс­сыз жүр­ген жас қызда­ры­на үйленіп, мақ­сат­та­ры – Қаза­қстан­ды қытайландыру!

Дәл бүгін­гі күн­гі жағ­дай осы­лай болып та жатыр. Бұры­нғы Торғай облы­сы­ның жеріне орман-тоғай егіп, жай­қал­та­мыз десек, үкі­мет тиісті қара­жат бөл­се, өзі­міздің Агро­уни­вер­си­тет­тің орман факуль­тетін бітіріп, жұмыс­сыз жүр­ген маман­да­ры­мыз ол жос­пар­ды ойдағы­дай іске асы­рып береді. Қаза­қстанға келіп, елі­міз­ге, жері­міз­ге түп­кілік­ті орна­ла­су­ды жос­пар­лап жүр­ген қытай­лы­қтарға халы­қтың қар­жы­сын неге беруі­міз керек?

Халық сай­ла­маған, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев тағай­ын­даған депу­тат-сымақта­ры­мы­здың ағаш оты­рғы­зуға 25 жылға қаза­қтың жерін Қытай­ға жалға беру керек деп не бет­тері­мен ұсы­ныс жасаға­ны жал­пы қазақ халқы үшін ұят бол­ды. Өзі­міздің Көк­ше­тау, Алма­ты облы­сы, Алма­ты қала­сы, Жам­был және көп­те­ген облы­сы­мы­зда орман-тоғай­ы­мыз жай­қа­лып тұрға­ны­на бір­не­ше ғасыр бол­ды ғой. Қытай­ды шақы­ра­мыз деген депу­тат­сы­мақтар біліп жүр­сін: бұлар қаза­қтың жерін­де не өсетінін білу­ден бұрын, халық сай­ла­маған­ды­қтан, рес­пуб­ли­ка­ның елі-жұр­ты­мен де таныс емес. Халық олар­дың аты-жөнін де, түр-түсін де білмейді.

Бір мысал айтай­ын: теле­ви­зор көріп оты­рға­ны­мы­зда, бір депу­тат (атын ата­ма­дым) бюд­жет есебі­нен пай­да­ла­нып жүр­ген авто­көлі­гіне отыр­мақ болған­да, бір жур­на­лист жүгіріп келіп, бір жағ­дай­ды сұрағы­сы келіп еді, анау сөй­ле­спек тұр­мақ, аман­дас­пай тұра қашты. Қытай­ға жер беру керек деген депу­тат­тың біре­уі осы адам.

Қоры­та келе айт­пағым, дәл бүгін­гі күні Қаза­қстан­да жүр­ген қытай­дың біре­уі қал­май еліне кет­сін! Біз­ге 56 завод керек болып жат­са, эко­но­ми­ка­мыз көтеріл­ген­де, оны өзі­міз де салып ала­мыз. Біз­ге қытай­дың инве­сти­ци­я­сы да, зауыт-фаб­ри­ка­сы да қажет емес. Біз­ге қажеті – қазақ жерінің аман­ды­ғы! Қытай­ға 1 гек­тар түгілі, бір метр де жер сатыл­ма­сын, жалға беріл­месін! Біз­де­гі лати­фун­ди­стер, бай­лар алып қой­ған жер­лер дереу қай­та­рыл­сын! Мем­ле­кет пен жал­пы қазақ халқы­ның жерін­де ешкім­нің жұмысы бол­ма­сын! Көр­ме­гені­міз қытай бол­сын! Аңқа­улы­қты қой­ып, қазақ жерін көзі­міздің қара­шы­ғын­дай сақтай­ық, кешікпейік!

Бекен КӨКІШҰЛЫ, еңбек арда­гері, Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн