Суббота , 5 июля 2025

ҚЫТАЙДЫҢ СҰМ САЯСАТЫ

МЕН АРАМ ПИҒЫЛЫ

Қытай қағи­да­ла­ры­ның сыры мен қыры­на бола­шақ тұрғы­сы­нан бай­ып­пен қарап, терең үңіл­мей, Аспан асты елі­мен көп­жақты қаты­на­старға бару – жері­міз, Ота­ны­мыз үшін қауіп­ті. Сон­ды­қтан мың­даған жыл­дар бойы қалып­тасқан Қытай­дың жымысқы сыр­тқы сая­са­тын ұғы­нып, түсі­ну, алдын ала зерт­теп, зер­де­леу – қаза­қтың алды­ңғы қатар­лы, бола­шақты болжай білетін интел­ли­ген­ци­я­сы­ның мін­деті, қаси­ет­ті пары­зы. Егер бүгін бай­ы­бы­на барып алмай, Қытай­ға елі­міздің қақ­па­сын айқа­ра аша­тын бол­сақ, ертең қай­та­ра жаба алмаймыз.

Бірін­ші қағи­да – халы­қты бақы­лау мен басқа­ру «Баоц­зя» жүй­есі көне заман­нан баста­лып, қоғам өмірінің бұл­жы­мас заңы, өза­ра аңду, жап­пай тың­шы­лық, қытай халқы­ның қаны­на сің­ген, сана­сын биле­ген, табиғи бол­мысын біл­діретін ұлт­тық ерекшелі­гіне айналған.

Біздің дәуір­ге дей­ін­гі уақыт­тан 400 жыл бұрын қытай биле­ушісі Шин Ян халы­қты 5–10 жанұя­дан тұра­тын топ­тарға бөлуді бұй­ыр­ды. Мақ­сат – топ мүше­лерінің ара­сын­да бәсе­ке­ле­стік­ті, бақта­ла­сты­қты қалып­та­сты­ру, адам сана­сы­нан сенім, мей­ірім деген ұғым­дар­ды жой­ып, тек билік­ке ғана сену­ге бола­ты­нын біл­діретін, жеке адам­ның тыныс-тір­шілі­гін, көзқа­ра­сын қадаға­ла­у­ға мүм­кін­дік беретін жүй­ені өмір­ге енгізу.

Тәулік бойы әрбір адам­ды бақы­ла­у­ға ала­тын жүй­енің зама­на­уи негізі – жеке тұлға­ны сөзі­мен емес, ісі­мен баға­лау. Себебі әле­умет­тік сау­ал­на­ма­лар­да қара­пай­ым халық шын­ды­қты айта бер­мей­ді, шене­унік­тер бол­са, өмір­дің көлең­келі тұста­рын таса­да қал­ды­рып, күн жағын көр­се­ту­ге тырысады.

«Баоц­зя» деп аталған бұл жүйе қазір бей­не­бақы­лау құрал­да­ры, сан­дық тех­но­ло­гия және жан­сыз робот­тар арқы­лы іске асы­ры­ла­ды. Мыса­лы, банк­тен алы­нған неси­ені уақы­тын­да қай­та­ру, ком­му­нал­дық төлем­дер­ді, салы­қты кешік­тір­меу – баға­лау көр­сет­кі­шін жоға­ры­ла­та­ды, кешік­тір­се – төмен­дей­ді. Көше­де­гі жолай­ы­ры­ғы­нан мүге­дек, қарт адам­дар­дың өтуіне көмек­тес­се, көр­сет­кіш көтеріледі, қоқыс сала­тын жәшік­тер­ді шата­сты­ру – теріс баға. Ары қарай, арна­у­лы робот оң және теріс көр­сет­кі­ш­тер­дің қосындыс­ы­нан ортақ баға­ны шыға­ра­ды. Жемқор­лы­қ­пен, тамыр-таны­стық, жең ұшы­нан жалға­су­мен күрес қаруы­на айналған «Баоц­зя» жүй­есі шене­унік­тер мен биз­нес өкіл­деріне аса қатал. Баға көр­сет­кі­ші теріс шене­унік жыл­жы­май­тын мүлік, жер сатып алу құқы­ғы­нан айы­ры­ла­ды, сапарға шық­са, оған және жанұя мүше­леріне ұшақтың биз­нес кла­сы­на, поез­дың жай­лы вагон­да­ры­на билет сатыл­май­ды, төрт жұл­ды­здан жоға­ры қонақ үйлерінің, мей­рам­ха­на­лар­дың есі­гі жабық, бала­ла­ры сапа­лы білім беретін ақы­лы мек­теп­тер­ге бара алмай­ды. Биз­нес өкіл­дері, мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен берілетін бай­қа­у­ларға қаты­сты­рыл­май­ды, арзан несие тура­лы арман­да­удың да қажеті жоқ.

Жары­лқау – баға көр­сет­кі­ші оң шене­унік­тер­ге қыз­мет бас­пал­дағын­да жоға­ры­ла­у­ға мүм­кін­дік беріледі, биз­нес өкіл­дері банк­тен арзан несие алып, сауда­да мем­ле­кет­тің қол­да­уы­на ие бола­ды. Оң бағаға ие болған қара­пай­ым адам­дар үшін ұшақ, поезд билет­тері 25 пай­ы­зға арзан­дай­ды, несие пай­ы­зы сезі­нер­лік­тей төмен бола­ды, жұмысқа орна­ла­су мүм­кін­ді­гі жоға­ры­лап, кәсі­би білік­тілі­гін көте­ру тегін болады.

Сыр­тқы тәр­тібі осын­дай болған «Баоц­зя» жүй­есінің ішкі қыр­ла­ры, адам құқы­ғын барын­ша шек­теу, жеке өміріне араласу.

Жүй­ені жетіл­ді­ру, халы­қты бақы­ла­уды күшей­ту үшін, Қытай­дың қауіп­сіздік мини­стр­лі­гі 2015 жылы адам­ның бет-әлпе­тіне қарап, жүрісін бақы­лап, тұрған орнын бір­не­ше секунд­тың ішін­де аны­қтай­тын құрам­ды, құрал тетік­тері­мен қала­лар­ды жаб­ды­қтай бастады.

Күтіл­генін­дей, «зиян­кест­ік әре­кет­тер­мен күрес» деген желе­умен алға­шқы­лар­дың бірі болып бақы­лау құрал­да­ры 10 мил­ли­он­нан астам мұсыл­ман халқы тұра­тын Синьц­зян-Ұйғыр ауда­ны­на орнатылды.

Бақы­лау жүй­есінің көме­гі­мен аны­қта­ла­тын, егер жер­гілік­ті тұрғын, билік бекіт­кен бағыт, үй-жұмыс-базар-дүкен­дер­ден 300 метр­ге ауы­тқи­тын бол­са, қай­да, кім­ге, неге барға­ны тура­лы мили­ци­яға түсінік беру­ге мін­дет­ті. Жау­а­пқа жанұя мүше­лері де тар­ты­ла­ды, тәр­тіп бұзу­шы жазаланады.

Әлем­де­гі адам құқы­ғын қорғай­тын халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың пікірін­ше, жүйе – ХХІ ғасыр­дағы жабай­ы­лық. Батыс Еуро­па, АҚШ бар­лау орта­лы­қта­ры­ның мәлім­де­улерін­ше, Аспан асты елі бұл жүй­ені жуы­қтағы жыл­да­ры көр­шілес елдер­ге, алыс бола­шақта жер шары­на жап­пай тара­ту­ды көз­деп отыр. Меже – сырт мем­ле­кет­тер­ге өмір сүрудің қытай­лық қағи­да­ла­рын енгізіп, әлем­дік үстем­дік­ке ие болу, халқын Қытай­дан шет аймақтарға қоныстандыру.

Басқын­шы­лық сая­са­тын іске асы­ру жолын­да Бей­жін қытай­ларға тән емес «мыр­за­шы­лық» көр­се­ту­де. Оның ішін­де бей­не­бақы­лау тетік­терін, құрал­да­рын төлем­сіз тара­ту, өзге елдер­ге орна­ту және олар­мен жұмыс істей­тін маман­дар­ды дай­ын­дау тегін. Қытай­лық жүй­ені әзір­ге қабыл­даған­дар – Ника­ра­гуа, Боли­вия, Эква­дор, Тан­за­ния, Мозам­бик, Монғо­лия және Қырғызстан.

Қытай тара­пы­нан қой­ы­ла­тын шарт біреу ғана – бұл елдер­де­гі баты­стық ком­пью­тер­лер желісі, элек­тро­ни­ка, түгел­дей қытай­лық құрал­дар­мен алма­сты­ры­ла­ды. Соны­мен Қытай «тегін ірім­шік тышқан ұстай­тын қақ­пан­да ғана бола­ды» деген мақал­ды ұмы­тқан­дар­дың ішкі өмірін, өндірісін, қару­лы күш­терін бақы­ла­у­ға ала­ды. Ол меке­ме­лер Қытай­сыз тырп ете алмайды.

Екін­ші қағи­да – «өзгенің жеріне жұм­сақ ену, соғыс­сыз басып алу». Осы­дан 2,5 мың жыл бұрын Қытай фило­со­фы Сун-Цзы «Соғыс өнері» атты еңбе­гін­де былай деп жазған: «Жауы­ң­ды соғыс­сыз тізе бүк­тіріп, жерін басып алу – жеңістің шырқау шыңы». Бүгін­гі Қытай­дың сырт елдер­ге «жұм­сақ ену» сая­са­ты ежел­гі қағи­да­ның айна­сы іспет­тес. Жолы – өндіріс­ке инве­сти­ция салу, арзан несие беру, жер­ді ұзақ мерзім­ге жал­гер­лік­ке алу, бір­лес­кен кәсі­по­рын­дар құру.

«Жұм­сақ ену» жолы – 2013 жылы Қытай бас­шы­сы Си Цзинь­пин ұсы­нған, 70 мем­ле­кет­ті қам­ти­тын «Бір бел­деу, бір жол» жоба­сы. Жоба­ның стра­те­ги­я­лық шеші­мі – «Батыс Қытай – Батыс Еуро­па» халы­қа­ра­лық қаты­нас жол­да­рын салу­мен, Шан­хай қала­сын, шығы­стағы кеме­жай­ла­рын Қаза­қстан, Қырғыз­стан, Өзбек­стан, Түрік­мен­стан, Иран және Түр­кия жер­лері­мен жалға­сты­ру, ары қарай Балқан түбе­гін­де­гі мем­ле­кет­тер­ді көк­тей өтіп, Фран­ция кеме­жай­ла­ры­на шығу. Ұзақ уақы­тқа созы­ла­тын жос­пар­лы мақ­сат – әйгілі «Жібек жолы­на» бәсе­ке­лес бола ала­тын, эко­но­ми­ка­сы­ның күре тамы­ры­на айна­ла­тын жол­дар арқы­лы жобаға енген мем­ле­кет­тер­ден шикі­зат, табиғи қор­лар, қаз­ба бай­лы­қта­рын еш кедер­гісіз Қытай­ға жет­кі­зу, қар­сы бағыт­та дай­ын бұй­ым­да­рын, халқы тығыз орна­ласқан, сатып алу қабілеті жоға­ры Еуро­па елдеріне тасымалдау.

Жоба­ны жедел­детіп іске асы­ру Қытай үшін аса маңы­зды. Егістік­ке жарай­тын жері ел ауда­ны­ның небәрі 10–12 пай­ы­зы ғана, қалға­ны тау, шөл, шөлейт. Қытай­дың үрдіс өсім­ді халы­қты азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз ету­ге, жұмыс орын­да­рын сақтап, әле­умет­тік мәсе­ле­лер­ді шешу­ге ішкі табиғи мүм­кін­шілі­гі жоқ. Жағ­дай­ды келе­шек­те ушы­қты­ра­тын тағы бір мәсе­ле – соңғы оншақты жыл­дағы Қытай эко­но­ми­ка­ның өсуі, құры­лыс сала­сы­ның қарқын­ды дамуы. Қор­шаған ортаға немқұрай­лы көзқа­рас жер бетінің бей­несін өзгер­тіп, елде­гі өзен, көл­дер­дің жар­ты­сы­нан аста­мы жоға­лып кетуіне әкел­ді, қалған­да­ры да ұза­ққа бармайды.

Егістік­тен аз уақыт­та мол өнім алу үшін хими­я­лық тыңай­тқы­штар­ды жап­пай пай­да­ла­ну, агро­тех­ни­ка­лық шара­лар­ды сақта­мау, топы­рақтың құра­мын өзгер­тіп, өнім беру қабілетін жоғал­тқан кеше­гі құнар­лы жер­де бүгін арам­шөп­тер де өспейді.

Құнар­лы жер­лері­нен, су көз­дері­нен айы­ры­лған шару­а­лар­ды Аспан асты елі амал­сыз, үйлер салы­нып, қаңы­рап бос тұрған қала­ла­ры­на көшіру­ге мәж­бүр бол­ды. Соңғы жыл­да­ры бір­не­ше жүз мил­ли­он қытай­лы­қтар қала­ларға қоныс аудар­ды. Ішкі көші-қон мәсе­лесін шешу, өзге халы­қтар­ды қытай­лы­қтарға айнал­ды­ру мақ­са­тын­да Ішкі Қытай­дан біз­бен шека­ра­лас Синьц­зян-Ұйғыр ауда­ны­на 100 мил­ли­он адам­ды көші­ру шара­ла­ры іске асы­ры­лу­да. Осы ара­да еске­ретін нәр­се – осын­ша­ма халы­қтың өмір сүруіне орас­ан зор, көп мөл­шер­де тұщы су қажет бола­ды. Қытай жері­нен бастау ала­тын Ертіс, әсіре­се Іле өзенінің таяу бола­шақта қазақ жеріне жетуі екіталай.

Жер, су бөлісін­де Қытай ешкім­ге есесін жібер­мей­ді. Кеңес Одағы тараған­нан кей­ін, оның құра­мын­да болған Қырғыз­стан – 12 шар­шы шақы­рым, Тәжік­стан – 1200, Қаза­қстан – 407, Ресей – 337 шар­шы шақы­рым жерін Қытай­ға бер­ді. Қытай өз жері­нен Инди­яға өтетін ортақ өзен Брах­ма­путра­ның суын бөгеп, үнділік шару­а­лар­ды сусыз қалдырды.

Жыл өткен сай­ын күр­де­леніп келе жатқан өмір­лік мәсе­ле­лер­дің Қытай үшін шеші­мі біреу – өзге­лер­дің жерін­де­гі шикі­зат көз­дерін, табиғи қор­ла­рын, жер қой­на­уын­дағы қаз­ба-бай­лы­қта­рын қытай иелі­гіне алу. Осы жос­пар­ды іске асы­ру үшін, Қытай алы­стағы Арген­ти­на, Латын Аме­ри­ка­сы, Афри­ка құр­лы­ғы­нан тар­тып, сол­түстік­те­гі Фин­лян­дия, Бал­тық жаға­ла­у­ын­дағы елдер­дің біраз жер­лерін жал­гер­лік­ке алған. Ресей­дің Сібір, Қиыр Шығыс ара­лы­ғын­дағы көп­те­ген аудан­да­ры­на Қытай диас­по­расы тығыз орна­ласқан. Ондағы қытай­лы­қтар жап­пай Ресей аза­мат­ты­ғын қабыл­да­уда. Ол үшін оларға Бей­жін ақша­лай көмек береді деген сыбыст­ар бар. Қытай­дың гео­гра­фи­я­лық кар­та­сын­да Сібір, Қиыр Шығыс – Қытай­дың уақыт­ша жоғал­тқан жер­лері деп көр­сетіл­генін ескер­сек, енді бұл аймақтан қытай­лы­қтар­ды ығы­сты­рып шыға­руға Ресей­дің шама-шарқы жете қой­мас. Ресей жерін­де Қытай­ды аса қызы­қты­ра­тын әлем­де­гі ең үлкен тұщы су қой­ма­сы – Бай­кал көлі. Оны иге­руді Қытай бүгін­нің өзін­де қолға алған.

Баты­стық бас­пасөздің мәлі­мет­терін­ше, ықпал­ды Қытай диас­по­рас­ы­ның көп тараған елдері – АҚШ, Бра­зи­лия, Австрия, Кана­да, Син­га­пур, Қаза­қстан, Австралия.

Диас­по­ра­ның мін­деті – «жұм­сақ ену» сая­са­тын жүр­гі­зу, қытай­лық құн­ды­лы­қтар­ды енгі­зу, тұрған жер­леріне отан­даста­рын тар­ту, тір­шілік кеңісті­гін ұлғай­ту. Ең қауіп­тісі – жер­гілік­ті тұрғын­дар­дан кәсі­би, ақыл­ды тың­шы­лар­ды дай­ын­дау, елді іштей іріту. Осын­дай­да ұлы Абай­дың «Біріңді, қазақ, бірің дос көр­ме­сең – істің бәрі бос» деген дана сөз­дері ойға оралады.

Жерлерін­де жемқор­лы­қ­пен аяу­сыз күрес жүр­гі­зетін, тұза­ққа ілін­ген шене­унік­тер­ді, атағы­на, еңбе­гіне қара­ма­стан өлім жаза­сы­на кесетін Қытай диас­по­ра­ның сырт елде жемқор­лы­қ­пен айна­лы­суы­на көзін жұма қарай­ды. Өйт­кені жүй­елі жемқор­лық жай­лаған елде ешқан­дай даму бол­май­ты­ны, халқы руха­ни күй­зеліс­ке ұшы­рап, басқа­ру билі­гіне сені­мін жоғал­та­ты­ны бесе­не­ден бел­гілі. Ондай іштей бір­лі­гі жоқ мем­ле­кет­тер­мен келіс­сөз жүр­гі­зу, айтқа­ны­на көн­ді­ру оңай бола­ты­нын Қытай жақ­сы түсі­неді. Іске асы­ры­луы бай­ы­рғы әдіс – билік­тің әртүр­лі дең­гей­іне Қытай­дың мүд­десін қорғап, сой­ы­лын соға­тын ұлт сатқын­да­рын енгі­зу, сая­са­тын дәріп­тей­тін ақпа­рат көз­дерін қол­дау, көмек беру.

Қытай­дың «жұм­сақ ену» сая­са­ты­ның және бір көрінісі – инве­сти­ция құю, арзан несие беру және ортақ кәсі­по­рын­дар құру. Арзан несие беру тәсілі­мен Қытай Афри­ка құр­лы­ғын­дағы АҚШ, Кана­да ком­па­ни­я­ла­рын ығы­сты­рып шыға­рып, өз ком­па­ни­я­ла­ры­на жол ашты.

Алмақтың да сал­мағы бар. Бүгін­де «Бір бел­деу, бір жол» жоба­сы­на енген мем­ле­кет­тер­дің басым көп­шілі­гінің Қытай­ға несие бере­ше­гі бар. Неси­ені қай­та­ру­да Қытай ымы­рас­ыз, кешірім­ді біл­мей­ді. Тәжік­стан, Қырғыз­стан­ның Қытай неси­есін қай­та­руға қауқа­ры жоқ.

Неси­ені қай­та­ра алмаған Афри­ка­дағы шағын мем­ле­кет Шри-Лан­ка борыш өте­уіне стра­те­ги­я­лық маңы­зы үлкен, ұлт­тық мақта­ны­шта­ры «Хам­бан­то­та» кеме­жай­ын Қытай­ға 99 жылға жал­гер­лік­ке беру­ге мәж­бүр болды.

Қытай шетел­де жұмыс істей­тін ком­па­ни­я­ла­ры­на барын­ша қол­дау көр­се­ту­ге тыры­са­ды, қорғай­ды. Сырт елдер­ге салған инве­сти­ци­я­сын, неси­есін қорғау мақ­са­тын­да Қытай­дың әске­ри база­ла­ры Пәкістан­да, Бан­гла­деш, Мозам­бик, Иран, Араб Эми­рат­та­ры, Сома­ли, тіп­ті әске­ри ұйым НАТО-ға мүше Түр­кия жерін­де де орналасқан.

Әдет­терін­ше, Қытай қорға­ны­сы әлсіз, несие қары­зы бар мем­ле­кет­тер­дің ішкі өміріне ара­ла­са бастай­ды, сая­си шешім­деріне ықпал жаса­уға тырысады.

Жара­ты­лы­сын­да қытай – өте өзім­шіл халық. Ұлт­тық ұран­да­ры «Қытай бәрі­нен де жоға­ры» деген ұғым­мен өмір сүретін қытай­лы­қтар қай елде тұр­ма­сын, аза­мат­ты­ғын қабыл­да­ма­сын, нен­дей кәсіп­пен айна­лы­спа­сын, ешу­ақыт­та өздерінің қытай­лы­қтар екенін ұмыт­пай­ды, тари­хи ота­ны­ның мүд­десін қорғай­ды. Басқа­лар­дың ұлт­тық құн­ды­лы­ғын, тілін, дінін қабыл­да­май­ды, өткеніне үңіл­мей­ді, бола­шақты ойлайды.

Қытай­дың «жұм­сақ ену» қағи­да­сын іске асы­ру­дың және бір бағы­ты – транс­ферт тех­но­ло­гия сая­са­ты. Іске асы­ру тәсілі – Қытай ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің пле­ну­мын­да қабыл­данған шешім – ескі тех­но­ло­ги­яға негіз­дел­ген, арзан өнім­дер­ді шыға­ра­тын кәсі­по­рын­дар­ды шетел­ге көші­ру. Сая­си аста­ры – отан­дық өнер­кәсібі кен­же­леп қалған мем­ле­кет­тер­дің халқын күн­делік­ті күй­бің­нен артыл­май­тын, ғылым, білім­ді, жоғарғы тех­но­ло­ги­я­ны қажет етпей­тін кәсіп­пен айна­лы­суға бағыт­тау, ұлт­тық интел­лек­тіні шек­теу, өзін­дік ғылым, тех­но­ло­ги­я­сы­ның дамуы­на жол бермеу.

Бұл адам сана­сын билеу, тех­но­ло­ги­я­лық арақа­шы­қты­қты ұзар­ту сая­са­ты алғаш рет Синьц­зян-Ұйғыр ауда­нын­да сынал­ды, тиім­ділі­гі бай­қал­ды, енді­гі жос­пар – бірін­ші кезек­те несие бере­ше­гі бар мем­ле­кет­тер­ге енгізу.

Әлем­де­гі халық саны­ның өсуі­нен жер шарын­дағы шикі­зат, табиғи қор­лар­дың сарқы­ла бастаға­нын, тұщы су жетіс­пе­ушілі­гі­нен адам­заттың өмір сүруіне қолай­лы аймақтар­дың тары­ла бастаға­нын бай­қап, «Жыр­тқыш бол­ма­саң, жыр­тқы­шқа жем бола­сың» деген мақал­ды есі­нен шығар­май­тын қытай­лық «жұм­сақ ену» қағи­да­сы – келе­шек­ті болжа­удың, алдағы іс-әре­кет­тің үлгісі.

Үшін­ші қағи­да – «май­лы су жат жұр­тқа кет­пе­уі керек».

Қытай туриз­мі. Әлем­де­гі әрбір бесін­ші турист – қытай­лық. Халы­қа­ра­лық туризмді зерт­теу инсти­тут­та­ры­ның болжам­да­рын­ша, 2030 жылға қарай қытай­лық тури­стер­дің жыл­дық саны 400 мил­ли­онға жетуі мүмкін.

Қытай тури­стерінің санын шек­тей­тін жағ­дай – олар көп бара­тын Вене­ция, Бар­се­ло­на, Дуб­ро­вик, Ресей­дің Мәс­кеу, Санкт-Петер­бург қала­ла­рын­да қытай­лық тури­стер­дің келуіне жер­гілік­ті халы­қтың қар­сы­лы­ғы күшей­іп келеді. Себебі – олар­дан қала бюд­жетіне түсетін қар­жы тым мардымсыз.

Қағи­да бой­ын­ша, әуе­жай­да тури­стер­ді қар­сы ала­тын авто­бу­стар­дан бастап, қонақүй, мей­рам­ха­на, асха­на, бара­тын дүкен­дер, қала­ны таны­сты­ра­тын гид­тер­ге дей­ін қытай­лық болуы шарт. Сон­да жат елде жұм­салған қар­жы, қай­та­дан Қытай­ға ора­ла­ды. Екін­ші жағы­нан, Санкт-Петер­бург қала­сы­на орна­ласқан қытай­лық туризм фир­ма­ла­ры қала канал­да­рын­дағы қай­ы­қтар­ды, Бал­тық теңізіне бара­тын теп­ло­ход­тар­ды, тари­хи орын­дар – пат­ша сарайы, Эрми­таж билет­терін алдын ала сатып алып, көтер­ме баға­мен сату­ды пай­да­лы биз­неске айнал­ды­рған. Нәти­же­сі – өзгенің заң­да­ры­на көңіл бөл­мей­тін, салы­қтан жал­та­ру­дың сан түр­лі әдісін мең­гер­ген қытай­лық фир­ма­ларға бәсе­ке­лес бола алмай, заң­мен қыз­мет атқа­ра­тын жер­гілік­ті тури­стік фир­ма­ларға қыз­метін тоқта­туға тура келуі.

Сон­ды­қтан Қаза­қстанға қытай­лық тури­стер көп­теп кел­се, қазы­на­мыз юань, дол­лар, евроға толып, ұрты­мыз май­ла­на­ды деп күту – жаң­сақ пікір, тұлы­пқа мөңіре­ген бұза­удай болып қаламыз.

Баба­ла­ры­мы­здан мирас болып қалған ұлан-бай­тақ жері­міздің қой­на­уын қопа­рып, келе­шек ұрпақта­ры­мы­зға аса қажет бола­тын қаз­ба бай­лы­қтар­ды арзан шикі­зат есебін­де елдеріне жіберіп жатқан қытай­лық ком­па­ни­я­лар­дың іс-әре­кетіне, қаза­қстан­ды­қтарға деген пиғы­лы­на зер сал­саңыз, Қытай бар жер­де, Қаза­қстан жоқ.

Қыз­мет­кер­лерінің өза­ра Қаза­қстан және қаза­қтар тура­лы айтқан әңгі­ме­лерін естудің өзі қорқы­ны­шты. Сұрақ – Қытай­дың қазақ жері­нен не ала­ты­ны, нені көз­дей­тіні бел­гілі, ал Қытай Қаза­қстанға не береді? Қой­на­уы қазы­наға толы ұлан-бай­тақ жері, табиға­тын­да талант­ты халқы бар Қаза­қстан Қытай­сыз да өмір сүре ала­ды. Тіп­ті су қауіп­сізді­гі мәсе­лесін де Қытай­сыз шешу­ге болады.

Қытай қағи­да­ла­ры­ның сыры мен қыры­на бола­шақ тұрғы­сы­нан бай­ып­пен қарап, терең үңіл­мей, Аспан асты елі­мен көп­жақты қаты­на­старға бару – жері­міз, Отаны­мыз үшін қауіп­ті. Егер бүгін Қытай­ға елі­міздің қақ­па­сын айқа­ра аша­тын бол­сақ, ертең қай­та­ра жаба алмаймыз.

Тоқта­мыс Мендебаев,

тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн