Понедельник , 30 июня 2025

Қытайдың қазақтары АҚШ ПЕН РЕСЕЙ билігінен араша сұрады

28 қаңтар күні Алма­ты­да Қытай­дың Құмыл аймағы Бар­көл ауда­ны­нан кел­ген этни­ка­лық қаза­қтар Қытай­да жазы­қ­сыз қуғын көріп отыр деген туы­ста­ры­на ара­ша сұрап, бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізді.

«Ата­жұрт ерік­тілері» қоғам­дық ұйы­мы­ның кең­сесін­де өткен жиын­да қаты­су­шы­лар­дың бірі жиналған­дар аты­нан АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трамп пен Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин­нен ара­ша сұрап, ағы­л­шын және орыс тіл­дерін­де үндеу оқыды.

Жиы­нға 30-ға тар­та адам кел­ді. Олар­дың кей­бірі бала­сы сая­си үйре­ну лагерін­де, кей­бірі туы­ста­ры­ның үйқа­мақта оты­рға­нын, біра­зы туы­ста­ры­ның сот­та­лып кет­кенін айт­са, тағы бірінің туы­ста­ры Қаза­қстанға қай­та алмай оты­рға­нын айтады.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн