Пятница , 4 июля 2025

ҚЫТАЙЛАР Алаштың астанасына ТҮРМЕ САЛАДЫ

Жуы­қта өткен «Қаза­қстан – жаңа Жібек жолы» фору­мын­да мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­дау үшін Қытай инве­стор­ла­ры Семей қала­сын­да 1500 орын­дық түр­ме сала­ты­ны жөнін­де ресми ақпа­рат тарады. 

Ол аз десеңіз, осы форум­да Қытай үкі­меті бірін­ші кезек­те «Қаз­мұ­най­газ», «Қаз­энер­го», «Қазав­то­жол» ұлт­тық ком­па­ни­я­ла­ры­ның акци­я­ла­рын сатып ала­тын­да­рын ашық мәлім­деді. Ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың үлесін мен­шік­теу – ұлт­тық эко­но­ми­каға иелік ету деген сөз! 

Таңқа­ла­тын ештеңе жоқ, Қаза­қстан­да қытай сатып алмаған, қытай ием­ден­бе­ген не қал­ды дер­сіз?! Осы­дан бірер жыл бұрын ішкі істер­дің мини­стрі болған Қ.Қасымов кезек­ті бір жиын­да елі­міз­де түр­ме салын­бай­ты­ны жөнін­де айтқан бола­тын. «Елі­міз­де­гі түр­ме­лер­ді жеке кәсіп­кер­лер сал­май­ды. Құны тым қым­бат көрі­неді, сон­ды­қтан бұры­нғы­ла­рын жөн­де­уден өткі­зе­міз», – деген-ді. Ара­да екі жыл өтер-өтпе­стен, түр­ме салу жөнін­де­гі мәсе­ле қай­та көтеріліп, оның құры­лы­сын қытай­лы­қтар жүр­гі­зетін бол­ды. Демек, билік алдағы уақыт­та түр­ме­ге қама­ла­тын­дар­дың санын көбейтпекші… 

Абыз Абай мен Алаш ары­сы Әли­хан Бөкей­ха­но­втың ізі қалған, кезін­де Ала­шор­да үкі­метінің аста­на­сы атанған қала­ны қытай­лар салған абақты­ға айнал­ды­ру қан­дай қас­көй­дің ойы­на кел­гені бел­гісіз. Бұл өңір­ден қаза­қстан­дық оппо­зи­ци­я­ның ақсақа­лы Серік­бол­сын Әбділ­дин, қуда­ла­удағы сая­сат­кер­лер Әке­жан Қажы­гел­дин, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Төлен Тоқ­та­сы­нов, бүгін­гі оппо­зи­ци­я­ның таны­мал тұлға­ла­ры Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Мар­жан Аспан­ди­я­ро­ва, Әмір­бек Тоғы­сов сын­ды аза­мат­тар шыққа­ны бел­гілі. Одан бер­гісі – күні кеше ғана Мұх­тар Жәкі­шев Семей­дің түр­месін­де күй­зеліп жатты. 

Өрке­ни­ет­ті елдер түр­ме санын қысқар­тып, жаза­лау тәр­тібін қоғам­дық жұмыстар­ды атқа­ру мен айып салу жүй­есіне көшу­де. Олар­да тек ауыр жаза­ға тар­ты­лған­дар ғана түр­ме­ге қама­ла­ды. Ал Қытай түр­месінің жай-жап­са­ры ежел­гі тарих түгілі, бүгін­гі қытай қаза­қта­ры­на мәлім. Қытай­да жалған жала­мен топ-тобы­мен адам ұстау тарихы, тұтқын­дау тәсілінің қанқұй­лы әдісі, түр­ме­де­гілер­дің итқор­лық тұр­мысы мен жазы­қ­сыз жан­дар­дың жан­түр­ші­гер­лік азапты өлі­мі жөнін­де қазақ ақы­ны Таң­жа­рық Жол­ды­ұ­лы өткен ғасыр­дың басын­да жазып кеткен. 

Арғы­сын айт­паған күн­нің өзін­де, өткен ғасыр­да қазақ жазу­шы­сы 40 жыл бой­ғы өмірін қытай түр­месін­де өткізіп, тас зын­дан­дағы қор­лы­қты «Қыл­мыс» рома­нын­да әшке­ре­леп жазған еді. Ал жаңа заман­да күні кеше ғана «Қытай гено­ци­ді» деген атпен әйгілі болған Шың­жаң­дағы үйре­ну лагерь­лерін­де­гі азапты өмір­ді өз көзі­мен көр­ген қан­даста­ры­мы­здың басы­нан өткеріп жатқа­ны мәлім. Сол түр­ме­ге жабы­лған­дар­дың жан аза­бын әлем­ге әшке­ре етем деп Серік­жан Білә­штің жаза­лы болға­нын «ДАТ» аз жазған жоқ. 

Қытай түр­ме салу­дың шебері. Фаши­стік конц­ла­герь­ден де асып түсетін азап абақты­сын салу қытай­лар­дың үйрен­шік­ті кәсібі екенін әлем­дік ақпа­рат аз жазған жоқ. Демек, зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­нып, жаза­сын өтей­тін­дер­ді «мақта­мен бауы­здай­тын» әдіс-тәсіл­дер қол­да­ны­ла­ды деген күдік­ті ешкім жоққа шыға­ра алмайды.

Қысқа­сы, сая­си көзқа­рас­та­ры үшін жау­а­пқа тар­ты­лып жатқан­дар Семей­де­гі «қытай­ский» түр­ме­ге түс­пе­сіне кім кепіл? Киелі жер­ге кім­нің өші кет­кен деген сау­ал­дың жау­а­бын кім береді? Қазақ жерінің әр топы­рағы қастер­лі, тек Семей ғана емес, басқа қала­лар­да да түр­ме салын­ба­уы тиіс! 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн