ҚЫТАЙМЕН ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ:

10 түрлі қауіп пен биліктің 3 түрлі сылтауы

1. Қазақстанға қытайлар қаптап, барлық өндіріс орындары, базарлар, заводтар қытайдың қолында болып, Африка халқы сияқты Қазақтар да қытайларға құл болады.

2. Қазақтың асты-үсті байлығын қазып, Қазақ жерінің тоз-тозын шығарып, мұнай мен газын Қытайға құйып, қызығын қытайлар көріп, 5 жылға жетпей экологиялық апат әкеледі.

3. Ұзақ жыл бір баламен шектелген Қытайда қазір ер адамдардың саны әйелдерден екі есе өсіп, миллиондаған сұрбойдақ қытайлар Қазақстанға келіп, бір-бір компания құрып, жаппай Қазақтың қыздарын қатындыққа алады, себебі оларда қаржы да, билік те бар, қолдарында ештеңе жоқ Қазақтың қыздары оларға амалсыз тиеді.

4. Қазақстан сияқты жемқорлық жайлаған мемлекетте қытайлар мол қаржымен биліктің кез келген саласын сатып алып, екінші Сингапур сияқты билікті қолға алады.

5. Қазақ жастарын Қытайда ақысыз оқытамыз деп, оң-солын танымаған, енді ғана 11-сынып бітірген жас қыздар мен балаларды ішкі Қытайда 5 жыл оқытып, миларын жуып, зомби етіп, қыздарын қатын қылып, ұлдарын құл етіп, Қазақстанға қайтып әкеліп, солар арқылы Қазақтарды қолында ұстайды.

6. Қарапайым халықты дәрілік өсімдіктерді жиюға жұмылдырып, Қазақ жерінің астаң-кестеңін шығарып, жайылымдық, орманшылық, егіншілік жерлерді эрозияға айналдырып, орасан зиян алып келеді.

7. Қазақстанда құпия қызметкерлерін дайындап, Қазақстанда орнатқан сергек камералары арқылы әрбір Қазақты бақылауда ұстап, елдегі ұлтшыл, белсенді азаматтарды тырп еткізбей ұстап, соттап, түрмеде шірітеді.

8. Қазақтың жасыл жайлауларын саяхат, туризм ашамыз деп жайлауларды сатып алып, Қытай туристерін қаптатып, Қазақтарды жайлауға шығармай, өз жайлауына өздерін зар етіп қояды. 

9. Қазақстандағы мектептерге қытай тілін оқытуды міндеттеп, бара-бара қытай тілін оқуға да, жұмысқа да негізгі тіл етіп, одан өтпегендерді жұмыссыз қалдырады.

10. Қытайдың ірі банктері келіп, Қазақстан банктерін сатып алып, банкке қарыз Қазақтың бәрін Қытайға қарыз етіп, олардың қойған жылжымайтын мүліктерін тартып алады.

БИЛІКТІҢ 3 ТҮРЛІ СЫЛТАУЫ:

1. Билік Қытайдағы 3 миллион Қазағымыз «визасыз режим» арқылы елге келеді деген жалған сылтау айтады, бірақ Қытайдағы Қазақтардың қолында шетелге шығатын паспорттары жоқ, оларды Қытайлар 2017-де тартып алған, сондықтан Қытайдан тек қана қытайлар келеді.

2. Қазақстан азаматтары Қытайға визасыз бара алады дейді, бірақ Қазақстан азаматтары болып табылатын, бұрын Қытайдан келген Қазақтар Қытайға бара алмайды, себебі Қытайлар оларды Қытайдағы туыстарымен араласып, оларды Қазақстанға алып кетеді деп, «бұрын Қытайда тіркеуі өшпеген» деген сылтаумен оларды шекарадан өткізбейді.

3. Қазақстандағы саудагерлер «визасыз режим» арқылы Қытайға барып, товар әкелуіне жағдай жасалады дейді, бірақ топырлаған қытайлар Қазақстанға келген соң, бүкіл базарды иемденіп, товарларын әкеліп, біздің саудагерлерден екі есе арзан сатып, бүкіл кәсіпкерлерді банкрот жасайды. Қытаймен басекелесе алмаған саудагерлер Қытайға құл болады.

*ОЙЛАН, ҚАЗАҒЫМ, ОЯН, ҚАЗАҒЫМ! ҚЫТАЙЛАРҒА ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ БЕРУГЕ ЖОЛ ЖОҚ!*

ҚЫТАЙЛАР

Алматыға баяғыда

КЕЛІП АЛҒАН

  • Алматы қаласында Қытай капиталының қатысуымен мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

 «Алматы қаласында Қытай капиталының қатысуымен 1064 кәсіпорын жұмыс істейді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 40%-ға өсіп, 6,8 млрд АҚШ долларын құрады», – делінген хабарламада.

 Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қытайдың «Синьсин корпорациясы» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цзяньмен кездесті. Жергілікті өндірушілер үшін өткізу нарықтарын кеңейтуге және екі ел арасындағы экономикалық процестерді жеделдетуге мүмкіндік беретін электрондық сауда платформасын әзірлеумен бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.

 Ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы Alibaba.com маркетплейсте «Gold Supplier» иелері ретінде Алматының 12 компаниясы атанса, ал 2022 жылы – 56 компанияға жетті.

ҚазТАГ

Азаттығымызға

ОРАСАН ҚАУІП

Марат Бәйділдаұлы

(Тоқашбаев),

жазушы-публицист

  • Бұл күндері қазақ қоғамы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы визасыз режим туралы қаулы жобасын қызу талқылап, оған наразылықтарын ашықтан-ашық білдіруде.

Қазақстан мен Қытай үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отырғаны баспасөзде айтылған. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірлегенінен де хабардармыз. 

Қаулы жобасына сәйкес, қазақстандықтар Қытайға, ал ҚХР азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады, туристер шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады дейді.

Тараптар өзара визасыз режим туралы мәселені 2022 жылдың маусым айында талқылапты. Бұдан кейін Қазақстан біржақты тәртіпте Қытай азаматтары үшін 14 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге визасыз режим ашқан. Алайда бұл шешімді Қазақстан жұрты, оның ішінде мемлекет құраушы қазақ халқы қолдап отырған жоқ. Экономикалық, туристік байланыстардың визасыз режимге күні қарап қалмасы анық. Оның басқа да ондаған жол-жосықтары жетіп жатыр.

Ең бастысы – визасыз келетін елдер санын жүзге жеткіземіз деген ұмтылыспен министрлік мәселенің мәнісіне бойламай, үстірт шешім қабылдау салдары ел тәуелсіздігіне қауіп төндіруі аса ықтимал! Әрине, шенеуніктер өз ұстанымын жан сала қорғап бағатыны түсінікті. Бірақ мәселеге байыппен қарайтын болсақ, Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режимнің түкке де қажеті жоқ! 

Мұндай үстірт қадамның Қазақстан үшін экономикалық, демографиялық, саяси салдары болатыны анық. Қытайдың айналасындағы елдерге экспансиялық саясат ұстанатыны ешкімге құпия емес. Бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қазір Қытайдың ықпалы аясында. Қытайлықтардың бұл аумақтағы ең үлкен 500 компаниясының жалпы активі – 540 млрд долл. Олар айғайлатпай, үндемей жүріп-ақ өз шаруасын бітіре береді. Айталық, түрлі жолдармен өтіп алған қытайлықтар Таиланд халқының 10 пайызын құрайды, бірақ елдің ЖІӨ-нің тең жартысы солардың еншісінде. 

Үңіліп зерттей берсең, небір сұмдық цифрлар алдан шығады. Қытайлар Малайзия халқының үштен бірін құрайды, бірақ хуацяо-қытайлары ел экономикасының 80 пайызына ие. Қытайлықтар Үнденезия тұрғындарының небары 3 пайызынан аспаса да, бірақ экономиканың 70 пайызы солардың қолында. Филиппин еліне кірген қытайлықтар әзірге 1 пайызға да жете қойған жоқ, бірақ аздығына қарамастан, олар елдің өндіріс өнімінің 35 пайызын ұстап отыр. Ақша қаражатының көптігі, «арзан несие» мүмкіндіктері, Қытайдың экспансиялық тәбетін ашқан үстіне ашып барады. 

Бүгінгі таңда Африканың көптеген елдері Қытайдың экономикалық бодандығында. Қытайдың Африка елдерінде ашқан компанияларының саны 4 мыңға таяу болса, салған инвестиция көлемі 50 млрд долларға жетіп қалды. Қазір Қара құрлық Қытайдың ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында. 

Қытайдың Қазақстанға қатысты ресми саясаты достық пейілде болғанымен, бірқатар шенеуніктерінің ұлыханьдық ішкі ұстанымдары басым түсіп жатады. Экономикалық саясатпен ілесе демографиялық саясат та қосарлана жүреді. Бұған қоса Қытайдың «хуацяо» саясатын естен шығаруға болмайды. Бөтен елдерге барып, сонда үйленіп, бала-шағалы болып, бірақ Қытай мүддесіне жұмыс істеу құбылысы – «хуацяо» деп аталады. Сол саясат дәл Қазақстанға келгенде тоқтап қалады дегенге кім сенеді? Визасыз режим ақшалы қытай азаматтарының қазақ қыздарына үйленуіне кеңінен жол ашқалы отыр. Олардың ұрпақтары жаңағы хуацяо саясатының нақты жемісі болмақ. Сөз арасында визасыз режимнің Қытайда тұратын қазақтарға да еш пайдасы жоқтығын айта кетейік. Өйткені олар паспортсыз болғандықтан, Қазақстанға келе алмайды!

Тағы бір үрейлі жағдай – Қазақстан қоғамы Қытаймен визасыз режим құбылысына демократиялық тұрғыдан дайын емес. Қазақстан шенеуніктерінің мемлекетшілдік қасиеті мүлде төмен. Коррупция жайлаған елде мемлекеттік мүдде қолма-қол сатылып кете береді. Осындай жағдайда визасыз режим Қазақстан байлығының жасырын-көрінеу жолдармен Қытай меншігіне өтіп кетуіне даңғыл жол ашады.

Визасыз режим – азаттығымызға қауіп! Сондықтан бұл қазіргі жағдайда үзілді-кесілді тоқтау салатын құбылыс!

Осы жайттарды ескере келе, Қазақстан Үкіметі Қытай елімен арадағы визасыз режимге қатысты қол қойылуы ықтимал қаулы жобасын күн тәртібінен алып тастауға тиіс!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн