Пятница , 4 июля 2025

ҚЫТАЙҒА ҚАРСЫЛЫҚ ӨРТІ НЕДЕН ТҰТАНДЫ?

  • Жыл басы­нан бері Қаза­қстан­да ай сай­ын митинг өту­де. Қаңтар айын­да Қараған­ды қала­сы­нан басталған нара­зы­лық акци­я­ла­ры артын­ша Аста­на­дағы (ол кез­де әлі Нұр-Сұл­тан емес) көп бала­лы ана­лар­дың қар­сы­лық шара­ла­ры­на ұласқан. Кей­ін­нен Алма­ты, Шым­кент, Ақтө­бе сияқты ірі қала­лар­да пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да және сай­лау күні мың­даған адам алаңға шығып, сай­ла­удың әділет­сіз өткен­ді­гіне нара­зы­лы­қта­рын біл­дір­ген. Бүгін біз осы митин­гілер­дің ара­сын­да соңғы уақыт­та­ры халы­қтың алаңға шығуы­на жиі себеп болып оты­рған «Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы акци­я­ларға» тоқта­лу­ды жөн көрдік.

Бірне­ше айдан бері әле­умет­тік желілер мен бірқа­тар БАҚ бет­терін­де «Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы» нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на қаты­сты сарап­шы­лар мен жур­на­ли­стер қауы­мы түр­лі болжам­дар айту­да. Олар­дың бірі бұның артын­да сыр­тқы күш­тер тұр десе, енді бірі бұны билік­тің өзі жасап отыр деген дол­бар­ды дәй­ек­тей­ді. Осы елдің алаңкөңіл аза­ма­ты болған соң, қоғам­да болып жатқан оқиға­ларға баға беріп, ой айтуға кім­де-кім құқылы.

Бірақ «Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы акци­я­лар­ды сыр­тқы күш­тер ұйым­да­сты­рып отыр» деген пікір­ге айта­тын қар­сы уәжі­міз бар. Қаза­қстан­да антиқы­тай­лық көңіл-күй­дің өршуіне, бірін­ші­ден, тари­хи фак­тор­лар себеп. Қазақ халқы­ның сана­сын­да сонау ғұн­дар зама­ны­нан бері қалып қой­ған Қытай­ға деген сенім­сіздік пен үрей бар. Оны жоққа шыға­руға болмайды.

Екін­ші­ден, Ақор­да­ның осы уақы­тқа дей­ін Қытай­мен жасаған эко­но­ми­ка­лық келісім­дерінің бір­де-бірі Қаза­қстан халқы­ның талқы­сы­на ұсы­ны­лып, ашық жүр­гізіл­ген жоқ. Әлі күн­ге дей­ін қара­пай­ым бұқа­ра Қаза­қстан Қытай­мен қан­дай шар­ттар бой­ын­ша келісім жасасқа­нын білмейді.

Үшін­ші­ден, Қытай билі­гі бір­не­ше жыл­дан бері Шың­жаң аумағын­дағы аз ұттарға қысым көр­се­ту­де. Оның ішін­де этни­ка­лық қаза­қтар да бар. Ал бұл өз кезе­гін­де Қаза­қстан қоға­мын­да қызу талқы­ла­нып, Қытай мем­ле­кетіне және елге келіп жатқан қытай ком­па­ни­я­ла­ры­на деген өшпен­ділік­ті одан ары күшей­ту­де. Жал­пы, біздің қоғам үшін Қытай­дағы қазақ мәсе­лесі өте маңы­зды және ауыр тақы­рып. Себебі бұл мәсе­ле­де де қоғам­ды екі­ге бөлу, бір-біріне айдап салу деген сияқты тех­но­ло­ги­я­лар толып жатыр. Бірақ ол мүл­де басқа мәселе…

Төр­тін­ші­ден, Қазақ халқы Қытай билі­гінің әлем­де, соның ішін­де Орта­лық Ази­яда жүр­гізіп оты­рған сая­са­ты­на қарап, табан тіре­ген жері­нен айы­ры­лып қалу­дан қауіп­те­неді. Қаза­қстан халқы­ның бұлай деп алаң­да­уы­на себеп те жоқ емес. Оған құдай қосқан көр­шілері­міз Қырғыз­стан мен Тәжік­стан­да болып жатқан оқиға­лар айқын дәлел. Қазір­дің өзін­де атал­мыш екі мем­ле­кет Қытай­дан алған қары­зда­рын қай­та­руға қауқар­сыз болып, мил­ли­он­даған қары­зды өтеу үшін, өздерінің кен орын­да­рын Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның иелі­гіне беру­ге мәж­бүр. Айт­пақ­шы, Қаза­қстан сияқты Қырғыз­стан­да да жыл басы­нан бері Қытай экс­пан­си­я­сы­на қар­сы нара­зы­лық акци­я­ла­ры өту­де. Айыр қал­пақты ағай­ын­дар да Қытай­дың сая­си-эко­но­ми­ка­лық қақ­па­ны­на түсіп қалу­дан қауіптенеді.

Бесін­ші және өте маңы­здың себеп­тер­дің бірі – қаза­қстан­дық билік­тің өз халқы алдын­дағы сенім лими­тінің тау­сы­луы. Қазір халық Ақор­да­ның бір­де-бір сөзіне сен­бей­ді. Яғни, халы­қтың көше­ге шығып, нара­зы­лық біл­діру­ден басқа ама­лы жоқ. Егер билік бұл мәсе­лені шешу үшін қан­дай да бір қадам­дар жаса­ма­са, бітеу жара жағ­дайы насы­рға шабуы әбден мүм­кін. Бұлай болған­да, осы­ған дей­ін бір­не­ше рет құры­лып, бір­не­ше рет тара­ты­лған «Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесі» сияқты шала жан­сар баста­ма­лар­дың көмек­тес­пей­тін­ді­гі анық. Ақор­да халық сені­мін қай­та­ру үшін, нақты сая­си рефор­ма­лар жаса­уы тиіс. Бірақ Ақор­да мен «Кіта­п­ха­на» ара­сын­да соңғы уақыт­та­ры болып жатқан текетірес­ке қарап, дәл осы бағыт­та жақын ара­лы­қта қан­дай да бір өзгерістер бола­ды деп айту қиын.

Орта­лық Азия мем­ле­кет­терінің Қытай­ға қан­ша қарыз екен­ді­гіне қысқа­ша тоқта­лай­ық. Қазір­гі таң­да Қаза­қстан­ның Қытай алдын­дағы ресми қары­зы 12 мил­ли­ард дол­лар­дың дол­ба­ры бола­ды. Бұдан бөлек, қазақ мұнай­ы­ның 20 пай­ы­зын Қытай ком­па­ни­я­ла­ры өндіру­де және елі­міз­ге Бей­жіңнің капи­та­лы есебі­нен 51 зауыт кіргізілуде.

Көр­шілес Қырғыз елінің жағ­дайы біз­ге қараған­да қиын­дау. Ресми Біш­кек­тің Қытай алдын­дағы боры­шы елдің сыр­тқы қары­зда­ры­ның 40 пай­ы­зын құрай­ды. Нақты­рақ айтқан­да, айыр қал­пақты ағай­ын Бей­жің­ге 1 мил­ли­ард 700 мил­ли­он дол­лар қарыз. Қырғыз елі қары­здар­дың басым көп­шілі­гін аты шулы сая­сат­кер Алмаз­бек Атам­ба­ев пре­зи­дент болып тұрған тұста алған.

Орта­лық Азия елдері ара­сын­да Қытай қары­зы­на бел­ше­сі­нен батып, өзін­дік рекорд орнатқан Эмо­ма­ли Рах­мон­ның басқа­руын­дағы Тәжік­стан Рес­пуб­ли­ка­сы. Душан­бе сыр­тқы қары­зы­ның 48 пай­ы­зын Бей­жің­нен алған. Бұл шама­мен 1,2 мил­ли­ард дол­лар. Қазір­гі таң­да Тәжік­стан алтын кен­дерінің 80 пай­ы­зын Қытай ком­па­ни­я­ла­ры иге­ру­де. 2011 жылы Тәжік­стан билі­гі шека­ра­ны демар­ка­ци­я­лау мен дели­ми­та­ци­я­ла­уды сыл­та­у­ра­тып, Қытай­ға өз тер­ри­то­ри­я­сы­ның 1 пай­ы­зын бер­ді. Ал был­ты­рғы жылы тәжік гео­ло­гия басқар­ма­сы Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның иелі­гіне «Жоға­ры Құма­рық» алтын кенін бер­ді. Келісім бой­ын­ша, оның орны­на Бей­жің Тәжік­станға «Душанбе‑2» жылу электр стан­ци­я­сын салып беруі тиіс. Халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар­дың пікірін­ше, Душан­бе Қытай­ға жер, кен орын­да­рын беру арқы­лы 330 мил­ли­он дол­лар қары­зын қайтарған.

Өзбек­стан­ның Қытай алдын­дағы қары­зы 7,8 мил­лард дол­лар. Ресми Таш­кент Бей­жің­нен қары­зды билік басы­на Шав­кат Мир­зи­ёев кел­ген­нен кей­ін бел­сен­ді түр­де ала баста­ды. Ал Түр­кі­мен­стан­ның Қытай­ға қан­ша қарыз екен­ді­гі бел­гісіз. Себебі – ел пре­зи­ден­ті Құр­банғұ­лы Бер­ді­мұ­ха­ме­дов жабық есік сая­са­тын ұста­на­ды. Десе де, ашық ақпа­рат көз­дерінің мәлі­метін­ше, Қытай Түр­кі­мен­станға «Гал­кы­ныш» газ орнын иге­ру­ге несие бер­ген. Бұдан бөлек, Бей­жің Қаза­қстан мен Өзбек­стан арқы­лы өтетін газ құбы­рын тар­туға 8 мил­ли­ард дол­лар қар­жы жұм­саған. Түр­кі­мен­стан әлем­де газ өндіру­ден 4‑орын ала­ды. Бірақ өндіріл­ген көгіл­дір отын­ның 90 пай­ы­зы 4 есе арзан баға­мен Қытай­ға жөнел­тіледі. Болжам бой­ын­ша, Ашха­бад Бей­жің алдын­дағы қары­зын осы­лай­ша өтеуде.

Жоға­ры­да айты­лған мил­лард­таған сома­лар­ды бағам­дап, сана­лы адам­ның басын­да «Орта­лық Азия елдері, соның ішін­де Қаза­қстан не себеп­ті Қытай­дан қарыз алуға құштар?» деген заң­ды сұрақ туын­дай­ды. Оған жау­ап біреу. Себебі – Қытай­дан қарыз алу оңай әрі жыл­дам. Бей­жің Батыс елдері сияқты демо­кра­тия инсти­тут­та­ры, адам құқы­ғын сақтау, тәу­ел­сіз сот жүй­есі сияқты мәсе­ле­лер­ге бас қатырмайды.

Айт­пақ­шы, Қытай­дан қарыз алу­дың «чепу­ха» екен­ді­гін бұры­нғы пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та бір сұх­ба­тын­да айтқан: «Қытай ешқа­шан өз талап­та­рын тық­па­ла­май­ды. Батыс елдерін­дей, «біз сияқты өмір сүрің­дер» деп ешу­ақыт­та айт­пай­ды», – деген-ді.

Шын мәнін­де Қытай­дан қарыз алу Назар­ба­ев айтқан­дай оп-оңай ма? Қытай қарыз бер­ген еліне ешқан­дай талап қой­май ма?

Әрине, олай емес. Қытай несие бер­ген­де, кез кел­ген елге өзінің тала­бын қояды. Ол талап қан­дай дей­сіз ғой? Айтай­ық. Егер Бей­жің­нен қарыз ала­тын бол­саң, жоба­ла­ры­ң­ды жүзе­ге асы­ру үшін қажет­ті тех­ни­ка­ны, құрал-жаб­ды­қтар­ды мін­дет­ті түр­де Қытай­дан сатып ала­сың. Бұған қоса, Қытай­дың еңбек күшін пай­да­ла­на­сың. Бір сөз­бен айтқан­да, Бей­жің біз сияқты елдер­ге несие береді және сол арқы­лы тех­ни­ка­сын сатып, халқын жұмыспен қам­та­ма­сыз етіп, қар­жы­ны қай­та­дан еліне қайтаруда.

Назар­ба­ев айтқан­дай, тегін ешнәр­се жоқ бұл жалған дүни­е­де. «Судың да сұра­уы бар», бірақ сол сұра­удың құны қан­дай бола­ды? Мәсе­ле – сонда…

Есдәу­лет ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ,

«DAT»-тың қоғам­дық-сая­си шолушысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн