Пятница , 4 июля 2025

ҚЫТАЙ экспансиясына ЖОЛ ЖОҚ!

Қадір­лі Отандастар!

ҚР Сауда және инве­сти­ция мини­стр­лі­гі Қытай Қаза­қстан­ның аумағын­да 2023 жыл­дың аяғы­на дей­ін 56 зауыт салып бітіреді деген мәлім­де­ме жаса­ды. Билік­тің есебі бой­ын­ша, Қытай­дан келетін инве­сти­ция көле­мі – 24,5 мил­ли­ард доллар.

Осы­ған дей­ін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мәлім­де­ме жасап, бұл зауыт­тар­дың құры­лы­сын қазақ жұмыс­шы­ла­ры емес, қытай­лар сала­ты­нын да мәлім­деді. Яғни, 56 зауыт­пен бір­ге Қаза­қстанға ондаған, тіп­ті жүз­де­ген мың қытай­лық келеді деген сөз.

Қаза­қстан­ның бүкіл аумағын қам­ти­тын зауыт­тар орна­ласқан жер кім­нің мен­ші­гін­де бола­ды? Қытай Қаза­қстан­ды жары­лқап, зауыт­та­рын салып, ақша­сын кұй­ып, елден кетіп қала­ды деген­ге кім сенеді?

Қытай ешу­ақыт­та бір­де-бір мем­ле­кет­ке тегін көмек көр­сет­пе­ді. Көп­те­ген афри­кан­дық мем­ле­кет­тер Қытай­ға қары­зға батып, өздерінің стра­те­ги­я­лық нысан­да­рын Бей­жіңнің иелі­гіне беру­ге мәж­бүр болды.

Көр­ші қырғыз елінің бас­шы­сы Садыр Жапа­ров мына­дай мәлім­де­ме жаса­ды: «Қары­зды төлеу мүм­кін бол­май жат­са неме­се бір күн­ге кешік­се, онда екін­ші тарап бұл нысан­дар­ды өзіне ала­ды деген келісім жасалады».

Қырғыз­стан бас­шы­сы Қытай­дың басқа­руы­на өтуі мүм­кін нысан­дар­дың қата­рын­да елдің сол­түсті­гін­де­гі ең іpі энер­гия орта­лы­ғы «Біш­кек ЖЭО», «Датқа-Кемин» электр беру желісін, сон­дай-ақ рес­пуб­ли­ка­ның сол­түсті­гі мен оңтүсті­гін бай­ла­ны­сты­ра­тын жол­ды атады.

Афри­ка елдері тәрізді, қырғы­здар сияқты, Қаза­қстан да Қытай­дан үсті-үстіне карыз алу­да. Оның үстіне қазіp Қытай Қаза­қстан­ның мұнай сала­сы­ның 40 пай­ы­здан аста­мын өз бақы­ла­у­ын­да ұста­уда. Қытай­дың қолын­да 22 мұнай ком­па­ни­я­сы жұмыс жаса­уда. Елі­міз­де Қытай 100 пай­ыз қадаға­лай­тын 2674 ком­па­ния, Қаза­қстан мен ҚХР бір­леciп жұмыс жасай­тын 874 кәсі­по­рын бар. Келесі жыл­дың аяғы­на дей­ін Бей­жің­нен Қаза­қстанға 48 мил­ли­ард дол­лар инве­сти­ция кұй­ы­ла­ды деп күтілу­де. Ал биы­лғы жыл­дың мау­сым айы­на дей­ін Қытай «ҚазА­то­мӨ­нер­кәсіп­тің» 49 пай­ы­зын сатып алмақ. Бір сөз­бен айтқан­да, Қытай Қаза­қстан­ды мил­ли­ард­таған дол­лар­мен жау­лап алу науқа­нын қарқын­ды түр­де жүргізуде.

Осы орай­да Тоқа­ев­тың «ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лері шетел­дік­тер­ге сатыл­май­ды, жалға беріл­мей­ді» деген сөзіне мән бер­гі­міз келеді. Бұл жер­де тек қана ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лері тура­лы мәсе­ле айтыл­ды. Ал өндірістік бағыт­тағы жер­лер ше? Орман шару­а­шы­лы­қта­ры мен басқа да бағыт­тағы жер­лер­ді қай­те­міз? Ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерінің бағы­тын өзгер­ту де билік­тің қолын­да. Демек, билік­тің ойлаған арам­за­лы­ғы бар. Олар заңға «ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін жалға да бер­мей­міз, сат­пай­мыз» деп, басқа бағыт­тағы жер­лер­ді Қытай еншісіне беруді көз­деп отыр. Қаза­қстан­да салы­на­тын 56 зауыт­тың жері де Қытай­дың колы­на өтyi мүмкін.

Сон­ды­қтан біз Тоқа­ев­тан «Қаза­қстан­ның жері, мей­лі ол қай бағыт­тағы бол­сын, шетел­дік­тер­ге жалға беріл­мей­ді, сатыл­май­ды» деп заң қабыл­да­уды, әрі бұл бап­ты Кон­сти­ту­ци­яға енгі­зуді талап ете­міз! Қаза­қтың ұлта­рақтай да жерін Қытай­ға бермейміз!

Соны­мен бір­ге Қытай­дың елшісі Қаза­қстанға қаты­сты түр­лі мәлім­де­ме­лер таратқа­ны бел­гілі. Әсіре­се «Қытай және Қаза­қстан әскері аймақ тыны­шты­ғын қорғап, ел көле­мін­де түр­лі-түсті рево­лю­ци­я­ның орын алуы­на жол бермейді.

Қayi­пcіздік, қорға­ныс, бей­біт­шілік үшін екі тарап та бір мүд­де жолын­да күре­седі» деген сөзі Қытай­дың ресми пози­ци­я­сы қан­дай екенін аңғар­та­ды. Біз бұған түбе­гей­лі нара­зы­мыз. Ондай сөз айтқан елші Қаза­қстан­нан кетсін!

Қытай елшісінің мұн­дай сөз айтуы жеке өзінің пікірі емес, мем­ле­кет­тік ұста­ным екені анық. Міне, осы­ны көре тұра, үнде­мей оты­рған, Қытай­дың алдын­да қары­зға батып, қаза­қтың емес, Бей­жіңнің мүд­десіне қыз­мет етіп оты­рған Қаза­қстан­ның билі­гі нағыз опа­сыздық жаса­уда. Егер Қытай­ға деген тәу­ел­ділік­ті күшей­туді тоқтат­па­са, Бей­жің зауыт­та­ры­ның кұры­лы­сы тоқта­ма­са, біз Назар­ба­ев та, Тоқа­ев та билік­тен кет­сін деп алаңға шығамыз!

Соны­мен бір­ге Қытай­дың Шың­жаң­да қан­даста­ры­мы­зға қар­сы жасап оты­рған гено­ци­дін тоқта­ту­ды талап ете­міз. Бұл мәсе­ле­ге ресми билік өкіл­дері ара­ла­сып, Қытай­дан қаза­қты азапта­уды тоқта­туын талап етуі керек. Қаза­қстан өз қан­даста­ры­на пана болуы тиіс!

Билік­ке Қытай экс­пан­си­я­сы­на сақты­қ­пен қара­уды ескер­те оты­рып, біз, митинг қаты­су­шы­ла­ры, төмен­де­гі­дей талап­тар қоямыз:

1. Қытай­дың 56 зауы­ты­ның кұры­лы­сын жүр­гізу­ге қар­сы­мыз! Ол дереу ток­та­ты­луы керек;

2. Қытай­дан мем­ле­кеті­міз қан­ша қарыз алды? Қан­дай шар­ттар­мен алды? Неге алды? Mіне, осы мәлі­мет­тер­дің бар­лы­ғы ашылсын;

3. Қытай­мен қан­дай да маңы­зды эко­но­ми­ка­лық келісім-шар­ттар қоғам­ның талқы­ла­у­ын­сыз жасалмасын;

4. Қытай­дан жұмыс­шы­лар кел­тіріл­месін! Бар­лық жұмысты қаза­қстан­ды­қтар атқа­руы тиіс;

5. Жер шетел­дік­тер­ге сатыл­май­ды, жалға беріл­мей­ді деген мәсе­ле Кон­сти­ту­ци­яға енгізілуі тиіс;

6. Жер мәсе­лесін билік­тің тағай­ын­даған комис­сия мүше­лері емес, шынайы тәу­ел­сіз, қоғам­дық күш­тер қара­уы керек;

7. Соны­мен бір­ге билік­тен бар­лық сая­си тұтқын­дар­ды боса­тып, олар­ды қуда­ла­уды тоқта­ту­ды талап етеміз;

8. Қаза­қстан­да жаңа­дан «Сая­си пар­ти­я­лар», «Сай­лау тура­лы» заң қабыл­да­нып, оппо­зи­ци­я­лық ұйым­дар тір­ке­луі тиіс!

Алма­ты,

27 наурыз 2021 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн