Қытай қатерінен САҚТАНАЙЫҚ!

Қытайдың Ухань қаласынан тараған белгісіз өкпе ауруы әлемді дүр сілкіндірді. Басқа – басқа, ал шекаралас елдегі жағдай қазақстандықтарды қатты алаңдатуда. Бастапқыда қытай жағы жасырып қалмақшы болған ақпарат ғаламтор мен әлеуметтік желілердің күшімен әлемге тарап кетті. Көбіне ағылшын мен қытай тіліндегі БАҚ мәліметтері көпшілік үшін беймағлұм болғандықтан, өзін тіркелмеген және тіркелмейтін «Атажұрт еріктілері» ұйымының жетекшісімін деп таныстыратын, қытай мен ағылшын тілін жетік меңгерген қоғам белсендісі Серікжан Біләш интерент желісіндегі ағылшын мен қытай тіліндегі БАҚ материалдарына шолу жасап өтті. Сол шолудың қысқартылған нұсқасын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Ағылшындық басылымдардың келтірген мәліметтері бойынша, белгісіз вируспен ауырған адамдар Уханьда көше бойларында, жол жиектерінде өліп жатыр деп дабыл қағуда. «Инстаграмда» көрсетілген ақпараттарға ден қоятын болсақ, Қытай билігі Уханьды жабық қала деп жариялап, оны әскерімен қоршап қойған. Адамдардың жол шетінде өліп жатқан фотолары мен бейнежазбалары тараған. Онда фантастикалық кинодағыдай, басынан аяғына дейін химиялық соғыста жүрген, аппақ киінген, өне-бойы 100% қымтанып алған адамдар жол шетінде өліп жатқандарды тексеріп жүр.

Екінші бір ақпаратта жол жиегінде өліп жатқан адамдарды тұмшаланып алған дірігерлер көлікке тиеп алып кеткені көрсетілген. Осы мақаланы оқып берейін: сенбегендер болса, көрсін, білсін.

«Кеше Қытай билігі Ухань қаласын тұтастай тұмшалап, жауып тастады. Уханьнан жіберілген суреттерде ес-түсі жоқ адам еденде жатыр. Қысқасы, Ухань қаласы тұтасымен жабық қала болды» деп, ағылшын ақпарат агенттіктері жарыса жазып жатыр.

Тағы бір ақпаратты оқып берейін. Хунан өлкесінің Шаңша әуежайында бір адам сол жерде талып қалған. Ендігі «Твиттерде» жарияланған бір ақпаратта Уханьның алдыңғы шептегі дәрігерінің рухани жақтан әбден күйрегендігі көрініп тұр. Бүкіл ауруханада жерде құлап жатқан адамдар. Өне-бойы тұтас тұмшаланған дәрігер телефонмен біреуге: «Сендердің не істейтін ойларың бар? Мына адамдарды алып кетпейсіңдер ме?! Бұл жердің барлығы адам, біздің де мереке өткізгіміз келеді. Менің өмір сүргім келмей кетті. Менің өлгім келеді!» – дейді.

Мен көрген тағы бір ақпаратқа сәйкес, 40-50 шақты ұшақ Ухань қаласының жоғарғы дәрежелі мансаптыларын, әскери жоғарғы дәрежелі коммунистік шенділердің бала-шағасын алып, қаладан біржолата ұшып кеткен. Содан кейін әуе қатынасы тұтастай тоқтатылған.

Ал енді америкалық БАҚ-тың жариялаған ақпаратына тоқталайын. Мақалада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 24 қаңтарда Пекин уақытымен таңғы 02 сағатта шұғыл жиналыс ашқан. Осы жиналыста Қытайда тараған белгісіз өкпе ауруын тек Қытайға қатысты, бүкіл дүние жүзі бойынша төтенше жағдай жариялауға келмейді деп шешкені жөнінде жазыпты. ДДҰ-ның мәлімдеуінше, Қытайдағы вирус адамдарды өлімге апарады. Бірақ бұл ауруға шалдыққандардың 4/1 ғана шұғыл реакция береді. Олардың көбінің иммунитеті нашар, бұрыннан сырқаттары бар адамдар.

Ал тағы бір мақалада өлгендердің бәрі Ухань қаласынан келгендер екені жазылады. Қала көшелері бос қалды. Ауруханалардың барлығы лық толы. Ухань бүкіл әлемнен көмек сұрауда делінген. Азық-түлік жетіспей жатыр. Тамақтың бағасы өсіп кеткен. Екінші бір суретте Уханьның поезд бекетінде тұтасымен мұздай қаруланған, беттерін маскалаған қытайдың армиясы торып жүр.

Біз бұны ағылшын және қытай тіліндегі ірі медиалардан аударып жариялап отырмыз. Тіркелмеген «Нағыз Ата-жұрт еріктілері» ұйымының «Ютуб» каналына кіріп, Қытайда тараған індет туралы жаңа ақпараттарды біліп отырыңыздыр. Біз олардың бәрін жазып үлгермейміз, тек аудио-видео таратып отырамыз. Уханьда оқып жатқан балалары бар қазақтар, балаларыңды алдырып алыңыздар! Оларды ауылға әкеп, қойдың құйрық майымын сылап, қазақша емдеймін деп ақымақ болмаңыздар! Мемлекетпен бірден хабарласып, ең қатаң режимдегі ауруханаларға барып, бірден тіркеліңіздер. Тұтас халық болып қырылып қалмайық! Қытайға ештеңе етпейді. Олар 1,5 миллиард. Жартысы қырылып қалса да, 700 млн. халқы қалады. Ал біз 18-ақ млн. халықпыз.

Қытайдың Қазақстандағы итаршысы, өзін-өзі Қытайдың шетелдегі диспорасы санайтын және тыңшылық органы, шетелдегі «жұмсақ күшін» арттыратын «Қытай бірлік салу» деген мекемесі бар. Ол Пекиннің орталық политбюросына тікелей бағынады. Орысша аудармасы – «Единый фронт». Сол ұйым жылына 10 млрд. долларды Қытайдың коммунистік партиясынан алып, шетелде бала оқыту, діни, достық қарым-қатынасын арттырамыз деп, Конфуций институттарын ашып, Қытайдың жұмсақ экспанциясын күшейту үшін жұмыс жасайды. Қытайдың түрі өзгертілген әскери-шпиондық органы. Осы шпиондық органның мекемелері Қазақстанда тіркеуден өткен. Олар қазақтың балаларын алдап-арбап, өздері оқытып жүр. Ресми ақпарат бойынша, 14 мың қазақтың баласы Қытайда оқып жүр. Ал бейресми ақпаратқа сәйкес, олардың саны 20 мыңнан да көп болуы мүмкін.

Осы балалардың ата-аналары, ойлаңыздар! Балаларыңызды аман сақтаңыздар! Бұларға қытайдың шпиондық органдары арнайы түрде ауруды жұқтырып жіберуі әбден мүмкін. Қытайдан келетін азық-түлікке тыйым салыңыздар! Біздің мемлекет әлі дабыл қақпай тұр. Оны Қытайдың елшілігі бүгінгі жариялаған мәлімдемесінде де жазыпты: Қазақстанда осы уақытқа дейін Қытайдан келетін жолаушыға тыйым жоқ деп. Қытай біліп отыр – біздің осындай сорлы екенімізді.

Қытайдан келетін жеміс-жидек, нешетүрлі дәмдеуіштер, тіпті бүкіл заттарынан бас тартыңыздар. Қытайдан келетін киімнен де абайлаңыздар! Өткенде қырғыз әйелдердің видеосы тарады: Қытайдан келетін джинсы шалбарлардың белінде белгісіз ұнтақ жүр. Орыстардың қаншама видеосы жүр: қытайдың үтігі мен телефон қуаттағыштарында тыңдағыштар табылғаны көрсетілген. Біз де бір видео салдық: Қытайдан келген сумканың ішінде тыңдағыш құралдар жасырынғаны туралы.

Азық-түлігінің бәрі улы. Ойлап қараңыздаршы, неге біздер, осыншама жері бар қазақ өспей отырмыз?! 1990 жылдары 20 млн. өзбек бүгін, міне, 40 млн. адамға жақындап барады. Аш, кедей өзбек Қазақстанға келіп, жұмыс істеп 40 млн. болды, ал қазақтар өспей қалды?! Өйткені бізді бірінші кезекте құртып жатыр. Оларға өзбектің өзі сыймай отырған жері керек емес, біздің жеріміз керек. Ол үшін бірінші бізді құрту керек. Еркектердің белсіз, әйелдердің бедеу болуы, өспеуіміз, көбеймеуіміз нешетүрлі аурулардың шығуы – қытайдың азық-түлігінен! Сондықтан тұтас халық болып, қытайдың азық-түлігіне бойкот жариялаңыздар. Аш қалсаңыздар да, қара шәй ішіп, қара нан жесеңіздер де, қытайдан келетін жеміс-жидекті жемеңіздер! Қытайдың алмасын, бананын жемесеңіз, өліп қалмайсыз! Ата-бабамыз банан мен мандариннің не екенін білмей өткен.

Сақтаныңыздар! Бізді тұқымымызбен құртып жіберіп, жерімізді қытаймен толтыруды жоспарлап отыр. Артық айтсам, айыпқа бұйырмаңыздар. Жазушылар, зиялылар, журналистер, әлемдік ақпаратты оқыңыздар! Жазыңыздар! Дабыл қағыңыздар! Әлемдік ағылшын тілді ақпарат құралдары осы жайлы жазып жатыр. Дабыл қағып, Қытайдан келетін шекараны жауып, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген қытайларды бақайшағына дейін тексеріңіздер және тексерудің ақшасын өздеріне төлетіңіздер! Қатаң режимдегі виза беру шараларын қолданыңыздар! Осыны естіген адам айналасына жариялап, тұтас мемлекет болып қозғалысқа келіңіздер! Мемлекетке қатаң талап қойып, әуежай, кедендерімізде Қытайдан келетіндерді қатаң тексеруге алмасақ, «құрыдың қазақ» дей беріңіз!

Тіркелмеген және тіркелмейтін «Ата жұрт еріктілері» атынан жаңа хабарларды білгіңіз келсе, «Ютубқа» кіріп, латын жазуымен ATAJURT деп жазып іздесеңіздер, жаңа ақпараттарды үзбей таратып отырмыз. Бізбен бірге болыңыздар!

 «D»

  • Өзбекстан және Қазақстан халқының демографиялық динамикасы:

 Өзбектер Қазақтар

1950 жыл 6 314 000 6 591 600

2019 жыл 33 523 600 18 395 567

«Уикипедиядан» алынды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн