Понедельник , 19 мая 2025

ҚҰБЫЛМАЛЫ ТРАМП ӘЛЕМ ҮШІН АСА ҚАУІПТІ

Қаза­қстан халқы БҰҰ қарарының

өз күшін­де қала­ры­нан үмітті

Соңғы күн­дері АҚШ халқы­ның бір бөлі­гі (штат­тар) Укра­и­на мәсе­лесін­де бұры­нғы пре­зи­дент Бай­ден­нің ұста­ны­мын 180 гра­дусқа өзгерт­кен пре­зи­дент Дональд Трам­пқа импич­мент жари­я­ла­уды қол­дап, нара­зы­лық шеру­леріне шығу­да. 2022 жылы «Ресей – агрес­сор ел» деген БҰҰ-ның 122 мем­ле­кет қол қой­ған қара­ры бар. Өзінің пози­ци­я­сын қалай­да өткі­зу үшін Трамп басқарған топ: «Ресей­мен соғы­сты бастаған Укра­и­на» деген желе­умен Ресей­ді – агрес­сор ел деп ата­уға қар­сы­лы­ғын білдіруде.

Еуро­одақ өкіл­дері мұны­мен келіс­пей­тінін біл­дір­ді. Осы­ған қаты­сты АҚШ-та жиналған Укра­и­на­ның еге­мен­ді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғын қол­дай­тын (G7) жеті мем­ле­кет­тің алта­уы, Трамп­тың Ресей агрес­си­я­сын айып­тай­тын БҰҰ Бас Ассам­бле­я­сы­ның қара­ры­ның «жоба­сын өзгер­ту керек» деген ұсы­ны­сын қол­да­мауы әбден мүм­кін. Егер алты мем­ле­кет өкіл­дері өздері қол­даған құжат­ты өзгер­тіп, Трамп­тың ыңғай­ын­да кетер бол­са, онда бұл – «Ресей­ді агрес­сор ел» деп басым дауы­спен қол­даған 122 мем­ле­кет­тің мүд­десін сатқан­дық болып қабыл­да­на­ды. Бірақ қазір­дің өзін­де алты ел Ресей агрес­си­я­сын айып­тай­тын БҰҰ Бас Ассам­бле­я­сы­ның қара­рын өзгер­ту­мен келіс­пей­ді» – деп жаз­ды The New York Times агент­ті­гі. Біздің­ше, тек осы­лай жасаған­да ғана Трамп­тың ұсы­ны­сы өтпей­ді, «Ресей – агрес­сор ел» деген БҰҰ қабыл­даған қарар күшін­де қала­ды. Басым дауыс шешу­ші бола­ды. АҚШ халқы қалай­да басым дауы­спен «Ресей – агрес­сор ел» деген БҰҰ қара­рын негіз етіп, Трам­пқа «демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды мой­ын­да­ма­ды» деп импич­мент жари­я­ла­уы керек.

Бүгін­де бар мәсе­ле осы БҰҰ-ның бір қара­ры­на тіреліп тұр. Сонан соң барып сұрақ Сенат талқы­ла­у­ы­на өте­ді. «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ», қай жең­генінің сөзін Сенат мақұл­дай­ды… Бұл текетіре­сте Укра­и­на­ның Еуро­одаққа мүшелік­ке өтуіне мүд­делі Евро­па меле­кет­тері өкіл­дері (алты ел) табан­ды­лық таны­та­ды, «БҰҰ қара­ры күшін­де қала­ды», – деп бостан­дық сүй­гіш әлем елдерінің басым бөлі­гі үміт­теніп отыр. Олар­дың қата­рын­да БҰҰ-ның қара­рын қол­дап, Ресей­ді «агрес­сор» деп қол қой­ған 122 мем­ле­кет­тің бірі – Қаза­қстан халқы да тұр!

Д.Трамптың «золо­тая кар­та» бағдарламасы…

Пре­зи­дент Д.Трамп «Алтын кар­та» деген жаңа бағ­дар­ла­ма ойлап тауып­ты. Бағ­дар­ла­ма бір апта­дан соң заң­ды күшіне енеді. Ол осы бағ­дар­ла­ма аясын­да Ресей оли­гарх­та­ры­на АҚШ-тың «Алтын кар­та­сын» 5 мил­ли­он дол­ларға сатып алып, кәсіп­терін жалға­сты­руға мүм­кін­шілік беріп отыр. Бұл кар­та­ны алған­дарға АҚШ аза­мат­ты­ғы да қоса беріледі. Бұл нені біл­діреді? Евро­па банк­терін­де­гі есеп­шот­та­ры мен актив­тері бұғат­талған ресей­лік оли­гарх­тар енді АҚШ-қа барып, кәсіп­терін жалға­сы­рып қана қой­май, санк­ци­ядан тұра­лаған Ресей эко­но­ми­ка­сы­на инве­сти­ция құя бастай­ды деген сөз. Тіп­ті «Алтын кар­та­ны» алған ресей­лік­тер­ге әлем­нің әр түк­пірін­де­гі АҚШ банк­терін­де­гі есеп­шот­та­рын боса­туға да рұқ­сат берілуі әбден мүмкін.

Сепа­рат­тық келісім. Д.Трамп Путин­нің жеке бас қауіп­сізді­гінің кепілі болмақшы

Д.Трамп Путин­мен Еуро­одақтың ту сыр­ты­нан өза­ра сепа­рат­тық келісім жасау арқы­лы сая­си-эко­но­ми­ка­лық одақ құруға кірісті. Ол қазір­дің өзін­де АҚШ инве­стор­ла­ры­на РФ жер асты қаз­ба бай­лы­қта­рын, сирек кез­де­сетін қым­бат түсті метал­да­рын бір­лесіп иге­ру­ге Путин­нің келісі­мін сұрап отыр. «Түрт сай­тан» деген­дей, 24 ақпан­да Путин оның ұсы­ны­сын қуа­на қабыл алып, Ресей­ден алю­ми­ний өндірісін ашуға келісі­мін бер­ді. Путин­нің одан әрі кет­кені сон­дай, ол: «Мы гото­вы при­влечь ино­стран­ных парт­не­ров и на так назы­ва­е­мые новые тер­ри­то­рии (…) Там тоже есть запа­сы опре­де­лен­ные», – деп, Укра­и­на­ның басып алған бөлі­гін­де­гі қаз­ба бай­лы­қтар­ды да бір­лесіп иге­ру­ге АҚШ-ты шақы­рып отыр. Путин басып алған аймақтағы Укра­и­на­ның мен­ші­гі болып табы­ла­тын қаз­ба бай­лы­қты да өзгенікі екенін мой­ын­дағы­сы жоқ.

Бәрі түсінік­ті бол­ды, Путин­нің көз­де­гені, бірін­ші­ден, өзінің жанын, екін­ші­ден, күй­ре­удің алдын­да тұрған РФ-ын қалай­да сақтап қалу үшін, ел эко­но­ми­ка­сы­на АҚШ инве­стор­ла­рын тар­ту, Трамп­пен эко­но­ми­ка­лық одақ құру арқы­лы АҚШ-ты өзінің «жеке бас қауіп­сізді­гінің кепілі» ретін­де ұстап оты­рғы­сы келеді. Пре­зи­дент Дональд Трамп: «…Киев может забыть о вступ­ле­нии в Севе­ро­ат­лан­ти­че­ский аль­янс», – деп, Укра­и­на НАТО аль­ян­сы­на кір­ме­уі керек деген үзіл­ді-кесіл­ді тала­бын қой­ды (цита­та по Associated Press). Мұны­мен Укра­и­на жағы келіс­пе­сі анық. Трамп мини­стр­лер каби­нетінің 1‑ші оты­ры­сын­да Укра­и­на­мен ара­дағы соғыс түсіністік­пен бей­біт шешіл­ген жағ­дай­да АҚШ жағы­нан Ресей­ге салы­нған санк­ци­я­лар­ды боса­та­ты­нын мәлім­деді. Бұдан әлем­де тыны­штық орнап, Ресей қау­пі сей­іл­месі анық, келесі кезек­те Қазақстан…

Трамп­тың мұны­сын, яғни «Басқын­шы мем­ле­кет» атанған авто­кра­ти­я­лық сая­си жүй­есі бар Ресей­мен сыбай­ла­суын, демо­кра­ти­я­лық қағи­да­лар­дан ауы­тқу, қазір­гі күр­делі гео­са­я­си аху­алға ең үлкен қауіп төн­діретін фак­тор, сепа­рат­тық келісім деп қабыл­да­уға негіз бар.

Енде­ше АҚШ пен Евро­па ара­сын­дағы қалып­тасқан ғалам­дық текетіре­стен, қазір­гі сая­си, әле­умет­тік кри­зи­стен Аме­ри­ка халқын тек бір жол – импич­мент жари­я­лау арқы­лы Д.Трампты билік­тен кеті­ру ғана құтқарады.

Түр­кия мен Еуро­одақтың бірі­гуі – түр­кі мем­ле­кет­терінің де қауіп­сізді­гінің кепілі…

Соңғы кез­де­гі Ресей мен Укра­ин соғы­сы­нан туын­даған АҚШ пен Еуро­одақтың ара­сын­дағы ала­у­ы­здық Түр­ки­я­ның Еуро­одаққа кіруін жедел­те­уі әбден мүм­кін. АҚШ пре­зи­дент ауы­сқан сай­ын жаңа кел­ген пре­зи­дент импе­ри­а­ли­стік сая­са­тын жүр­гі­зу жолын­да өзіне дей­ін­гі пре­зи­дент­тің қол қой­ған кез кел­ген халы­қа­ра­лық келісім­дерін ойлан­ба­стан бұза сала­ты­нын әлде­не­ше рет дәлел­деді. Соның бірі – мінезі алақұй­ын­дай өзге­ре сала­тын қазір­гі пре­зи­дент Трамп. Осын­дай­дан соң «ядро­лық қаруы жоқ елдер­дің қауіп­сізді­гінің кепілі бола­мыз» деп жүр­ген халы­қа­ра­лық уағ­да­ла­сты­қты жиі бұза­тын, орын­да­май­тын Ресей мен АҚШ секіл­ді ядро­лық қаруы бар алпа­уыт­тарға кім сенеді?

Бұған дей­ін Түр­кия 1999 және 2005 жыл­да­ры Еуро­одаққа мүшелік­ке қабыл­да­уын сұрап, екі мәр­те ұмты­лған еді. Бірақ түр­лі желе­улер­мен Түр­ки­я­ны Евро­па қабыл­да­ма­ды. Мінезі құбыл­ма­лы Трамп­тың қан­ды­қол, басқын­шы ел Ресей­дің жағы­на шығуы ғалам­дық ара сал­мақты күрт өзгерт­ті. Енді Еуро­па сая­сат­шы­ла­ры АҚШ-тан соң екін­ші сана­ла­тын алып әскер күші мен әске­ри өндірісі бар Түр­ки­я­ны өз қауіп­сіздік­терінің кепілі ретін­де Еуро­одаққа қабыл­да­уды әңгі­ме ете баста­ды. Егер Түр­кия Еуро­одақтың толы­ққан­ды қата­ры­на өтсе, бұл Қаза­қстан үшін, басқа да түр­кі мем­ле­кет­тері үшін Еуро­паға ашы­лған көпір болады.

Біз Евро­па мен Түр­ки­я­ның өза­ра ынты­мақ­та­суын заң­ды құбы­лыс және уақыт сұра­ны­сы­нан туын­даған маңы­зды қадам деп қабыл­даға­ны­мыз дұрыс. Түр­ки­я­ның Еуро­одақ­пен одақ­та­суы және түр­кі мем­ле­кет­терінің ара­сын­дағы қазір­гі жетек­шілік ролі – Қаза­қстан үшін Ресей мен Қытай­дың, АҚШ-тың импе­ри­а­ли­стік пиғы­лы­на, күн­де өзге­ретін екі­жүзді амал­да­ры­на қар­сы тұру­дың жалғыз жолы және қауіп­сізді­гі­міздің кепілі!

Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн