Пятница , 23 мая 2025

Құндылыққа негізделген білім – басты мақсатымыз

Біздің қазір­гі өмір сүріп жатқан орта­мы­зда педа­гог­тер­дің білік­тілі­гін арт­ты­ру, педа­гог­тің өзін-өзі жан-жақты дамы­ту бағы­тын­да үне­мі ізде­нуі өзек­ті мәсе­ле. Зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар дамы­ған сай­ын, жасан­ды интел­лект мүм­кін­ді­гі артқан сай­ын ұста­здар­дың руха­ни-адам­гер­шілік және құн­ды­лық бағ­дар­лы дамуы­на аса зор мән берілу­де. Зум­мер-ұрпақтар деген атаған қазір­гі мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның руха­ни-адам­гер­шілік ұста­ным­да­ры­ның қалып­та­суы алды­ңғы ұрпақтарға қараған­да өзге­ше. Бұл олар­дың тәр­би­е­лен­ген орта­сы­на, яғни тех­но­ло­ги­я­лар­дың адам тұр­мысы­на ден­деп енген тұсы­мен сәй­кес келуі­мен түсін­діріледі. Құн­ды­лы­қтар­ды әле­умет­тік қарым-қаты­на­сты рет­те­уші басты кате­го­рия деп таны­сақ, жастар­дың қоғам­дық қарым-қаты­на­сы­ның руха­ни-адам­гер­шілік қағи­дат­та­ры­на сай дамуы – ел бола­шағы үшін өте өзек­ті.
Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның IV Ұлт­тық құры­л­тай­да сөй­ле­ген сөзін­де: «Ашы­ғын айт­сақ, бала оқы­ту ісін­де бұған дей­ін білім­ге көбірек назар ауда­рыл­ды. Ал ұрпақ тәр­би­есіне қаты­сты жүй­елі ұста­ным болған жоқ. Бұл салаға тиісті дең­гей­де көңіл бөлін­бей келді.«Тәрбиесіз беріл­ген білім – адам­заттың қас жауы». Сон­ды­қтан білім­мен қатар тәр­би­е­ге айры­қ­ша назар ауда­ру өте маңы­зды. Бір­тұ­тас тәр­бие жоба­ның түп­кі мақ­са­ты – отан­шыл, білім­ді, жасам­паз ұрпақ тәр­би­е­леу. Мұның бәрі – адал аза­матқа тән қаси­ет­тер» — деп, қоғам­дағы адал­ды­қтың маңы­зы­на және тәр­би­е­ге басым­ды­лық береді [1].
Тәр­бие бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша жақ­сы баста­ма­лар елі­міздің бар­лық білім беру ұйым­да­рын­да жүр­гізілу­де. Қиын­ды­қтар да жоқ емес, әсіре­се жасөс­пірім­дер­дің ком­му­ни­ка­тив­тік дағ­ды­ла­ры­ның әлсізді­гі білім алушы­лар­дың әле­умет­тік-эмо­ци­о­нал­дық білі­мін дамы­ту­ды алға тар­та­ды. Әле­умет­тік-эмо­ци­о­нал­дық оқы­ту­дың басты құзы­рет­тілік­тері ретін­де: өзін-өзі сана­лы қабыл­дау, өзін-өзі бақы­лау, әле­умет­тік құзірет­тілік, қарым-қаты­нас және шешім қабыл­да­удағы жау­ап­кер­шілік дағ­ды­ла­рын білім беру бары­сын­да дамы­ту сана­лы ойлай­тын жастар­дың қата­рын арт­ты­ра­ды [2].
Абай, Шәкәрім басқа да ұлы ұста­здар­дың ұрпақта­ры­на мұра еткен еңбек­терін­де айтар негіз­гі ойы да ұрпақтың сана­лы қоғам мүше­сі ретін­де өзінің әре­кетіне жау­ап­кер­шілік­ті ала оты­рып, отба­сы­на, еліне, мем­ле­кетіне адал қыз­мет ету жоға­ры мис­си­я­сын алға тар­та­ды.
Қазір­гі білім беру мәсе­ле­лерін шешу­де қазақ халқы­ның руха­ни ұста­зда­ры­ның ұрпаққа қал­ды­рған өси­ет­тері мен зама­на­уи құрал­дар­дың ара­сын­да терең бай­ла­ны­стың бар екенін бай­қай­мыз.
Өмір­лік сұрақтар­ды ақыл­дың күшіне салып, терең тал­да­уда коучинг құрал­да­ры көмек­ке келеді.
Ада­ми қарым-қаты­на­ста, ком­му­ни­ка­ци­яда адам­ның ішкі әле­уетін ашу, өзін-өзі тану, вер­бал­ды және бей­вер­бал­ды құрал­дар­дың аста­ры­на үңі­ле оты­рып, ком­му­ни­ка­ци­я­ны тиім­ді құра білу ұста­здық қыз­мет­те өте маңы­зды.
Осы орай­да, Абай ата­мы­здың мына өлеңі еске түседі:
«Жүрек – теңіз, қызы­қтың бәрі – асыл тас,
Сол қызы­қ­сыз өмір­де жүрек қал­мас.
Жүрек­тен қызу-қыз­ба кете қал­са,
Өзге тән­нен еш қызық іс табылмас.

Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі,
Ар, ұят­тың бір ақыл – күзет­шісі.
Ар мен ұят сын­ба­са, өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күн­нің мәр­те­бесі»
Жүрек ілі­мін, яғни жан дүниенің таза­лы­ғы­на бағыт­талған, құн­ды­лы­қтарға толы білім­ге жастар­ды сусын­да­тар – ұста­здар. Сон­ды­қтан ақиқат­тан туын­дай­тын руха­ни-адам­гер­шілік құн­ды­лы­қтарға жас жет­кін­шек­тер­ді бағыт­та­уда ұста­здар­дың өз құн­ды­лы­қта­рын айқын­да­уы, ішкі жан құбы­лы­ста­рын­дағы шек­тей­тін сенім­дер­мен жұмыс жаса­уы қажет.
Адам табиға­ты сана­лы және бей­са­на­лы әре­кет­тер арқы­лы тұлға­лық дамуға бағыт­та­ла­ды. Адам­ның ішкі құн­ды­лы­ғын қалып­та­сты­ра­тын оның әле­умет­тік орта­сы, отба­сы, білім беру ұйым­да­ры, қоға­мы, қазір­гі өмір сүріп жатқан зама­ны. Тех­но­ло­гия дамы­ған заман­да адам­ның өзін­дік көзқа­ра­сы, сезім әле­мі, айна­ла болып жатқан әлем­де жаын­дағы адам­дарға эмпа­тия көр­се­те алу қабілеті құн­ды болу­да. Адам тұлға­сы­ның шынай­ы­лы­ғы, жан-жағы­на шуақ шаша білетін ішкі қуа­ты­ның мей­ірім­ді, өзі өмір сүріп жатқан әлем­ге қамқор­лық таны­та ала­тын­дай биік мис­си­я­ны өз бой­ы­нан таба білу қазір­гі әлем үшін өте қажет.
Адам жара­ты­лы­сы кемел­дік­ке ұмты­ла­ды, сол ұмты­лы­ста оны шек­тей­тін сенім­дер де әле­умет­тік орта­сы арқы­лы бой­ға сіңіріледі. Тұлға болып қалып­та­суы­на әсер ететін шек­тей­тін сенім­дер және даму­да оны қол­дай­тын құн­ды­лы­қтар. Өзінің кім екенін жастай­ы­нан аны­қтай алған тұлға­ның мис­си­я­сы жоға­ры руха­ни қажет­тілік­тер­ден туын­дай­ды. Өзіне мақ­сат қой­ып, дамуға бағыт алған ада­мға коучинг көмек­ке келеді.
Баты­ста жаңа бағыт ретін­де қоғам­ның бар­лық сала­сын­да бел­сен­ді дамы­ған коучинг біздің елде басқа­ша қабыл­да­ну­да. Әрине, бұл бағыт­та жаңа зерт­те­улер, соны­мен қатар тәжіри­бенің қажет­тілі­гі бел­гілі. Тре­нер, жат­ты­қты­ру­шы деп ауда­ры­ла­тын «коуч» сөзінің шығу төр­кіні қаза­қтың көш сөзі­мен бай­ла­ны­сты.
1830 жылы Окс­форд уни­вер­си­тетінің сөзді­гін­де коуч сөзі сту­дент­тік сленг ретін­де « адам­дар­ды бір жер­ден екін­ші жер­ге апа­рып тастау» яғни «арба» мета­фо­расы негізін­де туын­даға­ны тура­лы жазы­лған. Бұл сөз мади­яр (венгр) тілі­нен ағы­л­шын тіліне өткен.
Коучинг –сұрақтар арқы­лы адам­ның ішкі әле­уетіне қозғау салып, адам­ның өзінің мықты қаси­ет, қабілет­теріне сүй­ене оты­рып, алға қой­ған мақ­сат­та­ры­на жету­ге көмек­те­сетін үдеріс. Коучинг құрал­да­ры адам­ның миы­ның құры­лым­ды-жүй­елі ойлай білу қабілетіне қарай өмір­лік тәжіри­бе­ден туын­даған әдістер жиын­ты­ғын құрай­ды.
Сон­дай құрал­дар­дың бірі – ней­ро-логи­ка­лық дең­гей­лер неме­се Дильтс Пира­ми­да­сы. Бұл құрал биз­не­сте, өзін-өзі дамы­ту­да тиім­ді қол­да­ны­ла­тын үлгі ретін­де таны­мал. Авто­ры – Роберт Дилтс, ней­ро­линг­ви­сти­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лау бағы­ты­ны­ның негізін салушы, тре­нер.
Қор­шаған әлем тура­лы ойла­ры­мыз сана­да бел­гілі бір құры­лым­дарға бағы­нып, сақта­ла­ды. Адам­ның әлем­ді тану­дағы өзін­дік ерекшелі­гі, көзқа­ра­сы арқы­лы ада­ми қарым-қаты­нас құры­ла­ды. Адам күніне 70 мың. түр­лі ой ойлай­ды. Ақыл­мен сара­ланған ойла­ры арқы­лы өз өмірін, өмір­де­гі өз орнын, басқа­лар­мен ара қаты­на­сын, әлем­мен ара қаты­на­сын рет­тей­ді. Ақыл күші арқы­лы ойды рет­теу, құры­лым­дау, оның сөзін, әре­кетін дұрыс арнаға бұра­ды. Өзінің жан дүни­есін­де­гі құбы­лы­стар­ды жете түсі­ну­ге жол аша­ды. Аме­ри­ка­лық ғалым Роберт Дилт­стің ней­ро­ло­ги­ка­лық дең­гей­лер атты құры­лы­мы біз­ге ойы­мы­зды рет­те­у­ге, мақ­сат­тар­ды айқын­да­уға көмек­ке келеді. Біздің ішкі жан дүни­е­міз­де­гі құбы­лы­стар­дың сыр­тқы әлем­мен бай­ла­ны­сын түсі­ну­ге көмек­те­седі.
Роберт Дилтс Пира­ми­да­сы — әмбе­бап құрал. Ней­ро­ло­ги­ка­лық дең­гей­лер 6 бөлім­нен тұра­ды. Бөлім­дер­дің дең­гей­лері бір-бірі­мен бай­ла­ны­сты, ойды терең­де­ту­ге көмек­те­седі. Әр дең­гей адам­ның өзі және қор­шаған орта­дағы өзінің рөліне назар аудар­та­ды. Ойды құры­лым­ды жет­кізу­ге құрал бола ала­ды. Соны­мен қатар, ком­му­ни­ка­ци­яда мақ­сатқа қол жет­кі­зу­де, өзін-өзі дамы­ту­да бұл дең­гей­лер бой­ын­ша адам таны­мы дами­ды, өрісі кеңей­еді
Қор­шаған орта, яғни Кім? Не? Қай­да? деген сұраққа жау­ап береді. Менің айна­лам­да кім бар? Менің айна­лам­да не бар? Мен қай­да­мын? Бар­лық мате­ри­ал­дық дүние және адам­дар, отба­сы­ңыз, ортаңыз, мем­ле­кетіңіз, қалаңыз.
Осы дең­гей­ге келесі дең­гей әсер ете­ді.
Әре­кет дең­гейі. Не істеп жүр­сіз? Қан­дай әре­кет­тер­ді жасай­сыз?
Қабілет, дағ­ды­лар. Бұл әре­кет­ті жаса­уда қан­дай қабілет­теріңізді қол­да­нып жүр­сіз? Қан­дай дағ­ды­ла­ры­ңыз, қабілет­теріңіз көмек­ке келеді?Өзіңіздің мықты тұста­ры­ңы­зды еске түсіріңіз.
Төр­тін­ші дең­гей екі­ге бөлі­неді.
1‑жағы бізді шек­тей­тін наным-сенім­дері­міз, екін­ші жағын­да құн­ды­лы­қтар. Шек­те­улі сенім­дер бұлар біздің сана­мы­здағы әре­кеті­мізді шек­тей­тін ойлар. Шек­те­улі сенім­дер сана түк­пірін­де жеке қағи­да, ұста­ным­дар ретін­де сақта­ла­ды. Адам сана­лы даму жолын­да қан­дай ойлар оны шек­тей­ді, қан­дай ойлар шабыт­тан­ды­ра­ды, алға жыл­жы­та­ды деп ойла­ну арқы­лы өз көзқа­ра­сын өзгер­те­ді. Құн­ды­лы­қтар адам­ды мақ­сат­ты әре­кет­ке бастай­тын, шабыт­тан­ды­ра­тын сенім­дері. Оны не үшін жасай­сыз? Бұл әре­кет­ті жасау неге сіз үшін маңы­зды?
Шек­те­улі сенім­дер – бел­гілі бір тәжіри­бе бары­сын­да мида қалып­тасқан, адам­ның қуа­тын, әре­кетін жаса­уға, дамы­туға кедер­гі жасай­тын ұста­ным­дар.
Қан­дай да бір мақ­са­ты­ңы­зға жету­де­гі әре­кетіңіз­де­гі ой кедер­гілері. Мыса­лы, мақ­сатқа жету­де аяғы­на дей­ін шыда­май, тастап кет­тіңіз. Табан­ды­лы­ғы­ңыз, шыдам­ды­лық қабілетіңіз жет­пей тұр.
Мен – кіш­кен­тай адам­мын. Егер мен кіш­кен­тай адам бол­сам, үлкен істер­ді жасай алмай­мын. Өзі­ме деген сенім­ділі­гім аз, жау­ап­кер­шілік алуға қорқа­мын. Мен үлкен істер­ден қашқақтай­мын, өйт­кені үлкен істер­ді жаса­удан қорқа­мын. Аста­рын­да не жатыр, қорқы­ныш. Осы ойлар­ды, қол­дай­тын құн­ды­лы­қты аны­қта­у­мен өзгер­ту­ге бола­ды. Яғни, осы мақ­сат мен үшін неге маңы­зды? Не үшін осы мақ­сатқа жетуді қолға аламын?Мені не құл­шын­ды­ра­ды?
Бұл мені тежей­тін ойлар, ол терең түп­кі сана­дағы қалып­тасқан ұста­ным­дар­ды біз өзгер­те ала­мыз.
Тұлға дең­гейі, Иден­ти­фи­ка­ция, тұлға­лық өзінің рөлін аны­қта­уы. Сіз кім­сіз? Сіз тұлға ретін­де кім­сіз? Өзіңізді кім ретін­де еле­с­те­тесіз? Сізді басқа­лар­дан ерекше­лей­тін рөліңіз? Қан­дай әкесіз? Қан­дай ана­сыз? Қан­дай ұстазсыз? Обра­зы­ңы­зды еле­стетіңіз.
Мыса­лы, ұстаз ретін­де обра­зым­ды өз құн­ды­лы­қта­ры­ма сай қалып­та­сты­ра­мын. Егер ұстаз ретін­де биік образ­ды өзі­міз­ге үлгі деп алсақ, біз мис­си­яға шыға­мыз.
Мис­сия. Менің ұста­здық мис­си­ям қан­дай? Менің ұстаз ретін­де өмір­лік мән­ді қай­дан таба ала­мын?
Ұста­здар­дың жеке дамуын­да құрал ретін­де Дилтс Пира­ми­да­сын кур­стар­да тәжіри­бе­де қол­да­на­мын. Адам­ның өзіне сұрақтар қою арқы­лы, өзін-өзі жете тани ала­ды, өзінің даму жолын айқын­дай­ды, сон­ды­қтан да жеке тұлғаға бағыт­талған педа­го­ги­ка­лық әре­кет­тер­де сұрақтар­ды дұрыс қоя білу –өнер.
Пира­ми­да бой­ын­ша сұрақ қой­ған­да, тәжіри­бе­ге қаты­су­шы­ның бей­вер­бал­ды ым-иша­ра­сы­на назар ауда­ра оты­рып, шек­тей­тін сенім­дер­ді аны­қтап алу маңы­зды. Адам­ның алға қарай дамуын тежей­тін сана­дағы кедер­гі кел­тіретін шек­тей­тін сенім­дер­ді өзгер­ту педа­гог шебер­лі­гін дамы­та­ды. Шәкірт­тің құн­ды­лық бағ­дар­лы дамуы­на сұрақтар­дың қор­шаған орта, яғни физи­ка­лық әлем­де­гі адам­ның өз орта­сын­дағы рөлі­нен бастап өрі­стей­тін сұрақт­тар құн­ды­лық дең­гей­іне жет­кен уақыт­та транс­фор­ма­ци­я­лай­тын күш­ке ие бола­ды. Мақ­сатқа бағыт­талған әрбір тұлға­ның өзін кім ретін­де тани ала­ты­нын, яғни Абай ата­мы­здың «Әсем­паз бол­ма, әрне­ге, Өнер­паз бол­саң арқалан.Сен де бір кір­піш дүни­е­ге, кеті­гін тап та бар қалан!» деген жол­дарға арқау еткен дана­лы­ғын прак­ти­ка­да коучинг құрал­да­ры арқы­лы ней­ро­ло­ги­ка­лық дең­гей­лер­ді пай­да­ла­на оты­рып, дамы­та ала­мыз. .
Қоры­тын­ды­лар бол­сақ, руха­ни-адам­гер­шілік даму, құн­ды­лы­қтарға бағ­дар­лау, ең алды­мен, адам­ның ішкі күй­інің құбы­лы­ста­ры­на әсер ету­мен, оны бағыт­тай білу­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты. Зай­сан­ба­е­ва Гуль­нар Ниғметқызы

Республиканский еженедельник онлайн