Четверг , 4 сентября 2025

ҚҰНДЫЛЫҚ НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?

Кез кел­ген сөзді қай­та­лай бер­се, дәмі кете­ді. Бұл – бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на да, ком­му­ни­ка­ция сала­сы­на да қаты­сты құлаққағыс. Осы­дан біраз бұрын мем­ле­кет бас­шы­сы мұны ескерт­кені есі­міз­де. Пре­зи­дент­тің: «Бар нәр­се­ден айы­ры­лып қал­мау маңы­зды. Ең басты­сы – тәу­ел­сіздік құн­ды­лы­қта­ры» деген ойын­да атқа­ру­шы билік­ке, қоға­мға жүк­тел­ген көп мін­дет бар.

Әрине, елдің үш құн­ды­лы­ғы – тіл, дін, мәде­ни­ет – маң­дай­ы­мы­здағы бақ екені түсінік­ті. Десек те, осы үш таған жөнін­де орын­сыз бай­ба­лам, даңға­за дау елдік­ті, көре­ген­дік­ті аңғарт­пай­ды. Дәлел­сіз-дәй­ексіз кіжі­ну, жөн­сіз ұры­на беру – азатты­қтың оты­здан асқан меже­сін­де күл­кі­ге қал­ды­руы кәдік. Әркім өзі­нен, отба­сы­нан, доста­ры­нан бастап ортақ іске бел шешіп кіріс­се, үлкен мәсе­ле ада­ми жол­мен шеші­ле бастайды.

Ада­мға, қоға­мға ми, ақыл, пара­сат, іскер­лік не үшін беріл­ген? Көкей­кесті мәсе­ле­ге қаты­сты нақты ұсы­ныс енгізіп, өзге­ге өне­ге болу, қиналғанға сеп­те­су, жол көр­се­ту – жұрт ісі. Қоғам бере­кесіне лай­ы­қты қадам. Қоғам­да, мем­ле­кет­те жоға­ры­да айтқан үш тағанға қажет­тілік қай­дан туа­ды? Әрбір адам аза­мат­тық боры­шын өте­у­ге мүд­делілік таны­туы – қалып­ты ниет.

Өткен ғасыр­дың 1925–1927 жыл­да­ры Халық ағар­ту мини­стрі болған көр­нек­ті қай­рат­кер Смағұл Сәду­ақасұ­лы: «Қазақ тілін мем­ле­кет­тік тіл ету – билік басын­дағы бір-екі төренің емес, әрбір қаза­қтың намысы­на бай­ла­у­лы іс», – деп­ті. Осы сөз ойы­мы­зға ора­ла береді.

Біздің­ше, ұлт­тық құн­ды­лық несі­мен қастер­лі екенін айтып бере ала­тын адам олар­ды көзінің қара­шы­ғын­дай сақта­уға, дамы­туға қыз­мет ете­ді. Тіп­ті соған сана­лы ғұмы­рын арнай­ды. Мұны елі­мізді мекен­де­ген түр­лі этнос өкіл­дері, этно­мә­де­ни бір­ле­стік­тер қауы­мы терең түсініп, қол­дап-қуат­тай­ды деп сенеміз…

Шын­ту­ай­тын­да, адам­заттық, ұлт­тық құн­ды­лы­қ­пен қатар әр өңір­дің, әр сала­ның, әр кәсіп­тің құн­ды­лы­ғын да еске­руі­міз қажет. Мәсе­лен, соңғы кез­де сын жиі айты­ла­тын басқа­ру орган­да­рын тиім­ді ету­ге не қам жасау керек? Қадаға­лау құры­лым­да­ры шек­тен шық­пас үшін қан­дай тетік іске қосы­луға тиіс? Әлем­дік тарих­та дер­жа­ва көсем­дері ішін­де Иосиф Ста­лин «бәрін кадр шешеді» деп, Мао Цзе-Дун «күн­нен де жоға­ры тұра­тын – кадр» деп тұжы­рым­даған­да, неге сүйенген?

«Біре­уі таққа отыр­са, қырқы атқа қона­ды» деген халық нақы­лын әжуәға айнал­ды­руға не себеп? Бас­шы­лар­дың «коман­да» дегені ертеңіне «отряд» болып шығып, ұятқа қал­ды­ра­тын тәжіри­бесін қашан доға­ра­мыз? Кадр даяр­ла­уда «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы кім­ді және нені ескер­меді? Әлде «пәлен­ше мен түген­ше бүй дедіні» жүз қай­та­лап айтып, жүре бере­міз бе?

Кез кел­ген еңбек­ке лай­ы­қты ақы, қыз­мет­ке жалақы төлеу, зей­не­тақы­ны әділет­ті бел­гілеу қашан рет­те­леді? Мери­то­кра­ти­яға жастар­дың көңілі неге тол­май­ды? Ден­са­улық сақтау, ғылым, өндіріс, энер­гия, эко­ло­гия, спорт сала­сын­да қан­дай нақты өзгерістер жүзе­ге асы­рыл­мақ? Ғима­рат, тұрғын үй тұрғы­зған­да қауіп­сіздік шара­ла­рын қалай еске­ру керек? Жол, көпір салу ісін­де кем­шілік қашан жойылады?

Бәл­кім, жоба-жос­пар­лар баз­біре­улер­ге бел­гілі шығар, бірақ сұраққа қараған­да қалың жұрт мүл­дем хабар­сыз оты­рған сыңайлы.

Құн­ды­лы­қтар тура­лы жал­пы­ла­ма қысыр әңгі­ме айта бер­ген­нен гөрі тиісті орта­лық басқа­ру құры­лым­да­ры аты аталған және атал­маған мәсе­ле­лер­ді шешуді қолға алма­са, сұрақ үстіне сұрақ туын­дай беретін түрі бар. Олар ай асы­рып, тоқ­сан ара­ла­тып, өз есеп­терін жари­я­лап тұр­са – халық үніне құлақ асқа­ны, Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сын орын­даға­ны, тәу­ел­сіздік құн­ды­лы­қта­ры­на қамқор­лық танытқаны.

Міне, халық көкей­ін­де осын­дай және басқа да сұрақтар туын­да­мас үшін аян­бай еңбек ету – бүгін­гі таң­да жұмысты жаңа­ша ұйым­да­сты­ру, яғни ел үшін, оның бола­шағы үшін батыл іс-әре­кет­ке көшу ретін­де қабыл­да­на­ры сөзсіз.

Бар­лық сала­да, әртүр­лі қыз­мет­те сан­нан гөрі сапаға мән беру – құн­ды­лы­қтар­ды екшеп, олар­ды қорға­у­мен тең. Бұл – ерте­ден жалға­сып келе жатқан тари­хи дәстүр, қалып­ты үрдіс.

Кезін­де атағы жер жарған биле­уші Әмір Темір: «Мем­ле­кет жұмысы­ның оннан тоғы­зы кеңес-мәс­ли­хат­пен, қалған біре­уі ғана қылы­шпен жүзе­ге аспақ», – деп бекер айт­па­са керек.

Әрине, қазір халқы­мы­здың көзі ашық, сау­ат­ты. Қаты­су­шы­лар үлкен­ді-кішілі жина­лы­стар­дың, жиын­дар­дың көкей­кесті тақы­ры­бы­на, маңы­зы­на, сапа­сы­на мән береді. Өкініш­ке қарай, көбі­не­се олар дай­ын­ды­қ­сыз, фор­маль­ды, тап­та­у­рын фор­мат­та өте­ді. Сон­ды­қтан нәти­же­сі де мар­дым­сыз бола­ды, ал қабыл­данған шешім­дер сөз жүзін­де қалып қояды. Оның орын­да­луы үшін заң­ның үстем­ді­гі, тәр­тіп­тің қатаң­ды­ғы және билік­тің талап ету жүй­есі болуға тиіс. Сон­да ғана билік­тің үш тар­мағы халы­ққа жақын­дай түседі. Есесіне халы­қтың билік­ке арқа сүй­е­уі, сені­мі қал­пы­на келеді.

Қоры­та айтқан­да, ғасыр­лар бойы елмен бір­ге жаса­сып келе жатқан, еңбек пен ерлік, жау­ап­кер­шілік пен бір­лік туғы­зған құн­ды­лы­қтар бар. Олар­дың қадірі баға­ла­у­мен, қастер­ле­умен ғана арта­ды. Қалға­ны – құр әуре, бос әңгі­ме, арам тер ғана. Уақыт, әлем бір орнын­да тұрмайды.

«Бете­ге кет­се, бел қалар,

Бек­тер кет­се, ел қалар,

Бере­кең кет­се, нең қалар?» – деген­дей, ел жағ­дай­ын ойлай­тын­дар­ды қара басын күйт­тей­тін­дер алма­сты­ра алмай­ды. Даму мен пара­сат заңы қан­дай жағ­дай­да да құн­ды­лы­қты қастер­ле­у­ге мойынұсындырады.

Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн