Понедельник , 19 мая 2025

ҚҰРЫЛТАЙ: біз түйген тұжырым ҚАНДАЙ?

Неме­се жиын­ның ыстық-суы­ғы басы­лған сәт­те­гі ойлар

Соны­мен, Ұлт­тық құры­л­тай­дың Бура­бай­дағы ІV жиы­ны өтті. Не біл­дік? Не естідік? Не дедік?

«Не біл­дік?» деген­де, бірін­ші кезек­те Ұлт­тық құры­л­тай­дың (ҰҚ) құры­лым­дық қыз­метіне қаты­сты қоға­мға қара­та айта­тын бірер сөз бар. Мәсе­лен, әле­умет­тік желілер­де жазы­лып, айты­лып жүр­ген, сан-саққа тар­тқан пікір­лер­ден бай­қаға­ным – қоғам Ұлт­тық құры­л­тай­дың мақ­са­ты мен мұра­тын жете біл­мей­тін сияқты.

ҰҚ – шорт шешім шыға­ра­тын, ұлы­қтық ұйға­рым жасай­тын орган емес, ол кеңе­су­ші, жоғарғы сая­си билік­ке ұсы­ныс жасай­тын сая­си құры­лым­дық плат­фор­ма. Оны қоғам­ның «тамы­рын басып», ел тыны­сын «бірін­ші ауы­здан» есту үшін ел Пре­зи­ден­ті өз өкі­мі­мен құрған. Мұн­да елдің өтпе­лі кезеңін­де мем­ле­кет­тік билік қапер қыл­сын деген, қоғам­да жиі сөз болып жүр­ген тақы­рып­тар­дың ой-жоралғы жиын­ты­ғы айты­ла­ды. Сол пікір­лер­дің негізін­де жуық уақы­тқа арналған стра­те­ги­я­лық бағ­дар жасалады.

Құры­л­тай­дың 130-ға жуық мүше­сі 130 мәсе­ле көтер­се, бүгін­гі жағ­дай­да мем­ле­кет­тік билік оның бәрін 100% қабыл­да­уы мүм­кін емес. Сон­ды­қтан Құры­л­тай­да анау мәсе­ле шешіл­меді, мынау жағ­да­ят Пре­зи­дент­тің тұжы­ры­мы­нан тыс қал­ды деу – қиыс қисын бола­ды. Алқа-қотан жиын­да құп­талған мәсе­ле­лер­ге орай Пре­зи­дент бер­ген тап­сыр­ма­лар­дың негізін­де әлі заң жоба­ла­ры дай­ын­да­ла­ды, өкім­дер мен қаулы­лар қабыл­да­на­ды, ере­же­лер неме­се басқа­дай актілік құжат­тар жаса­ла­ды. Дәл осы рет­те мұн­дай бюро­кра­ти­я­ның клас­си­ка­лық про­це­ду­ра­сы­на мой­ын­сұ­нуға тура келеді.

Ал Пре­зи­дент­тің аузы­нан не естідік?

Бірін­ші кезек­те, қоғам­ның қыты­ғы­на тиіп тұрған салық рефор­ма­сы­на сәй­кес сөзі көңіл­ге бірер ой сал­ды. Әрине, әзір­ге салы­қтық нор­ма­лар­дың кесім­ді пішіні аталған жоқ. «НДС»-тің Үкі­мет ұсы­нған 16 пай­ы­зы мен 15 мил­ли­он тең­гелік «мини­мум мөл­шер­дің» шеші­мін Пре­зи­дент Мәжілістің «мыжғы­сы­на» қал­ды­рған сияқты.

Бірақ Пре­зи­дент­тің «салық әділет­ті болуы керек» деуі дәт­ке қуат береді. Яғни, әділет­тілік деген­де – «шық­па жаным, шық­па» деп, қым­бат­шы­лық қамы­ты қылқын­ды­рып оты­рған қара­пай­ым халық пен шағын биз­не­сті одан әрі буын­ды­ру бол­май­ды деген сөз. Енде­ше Пре­зи­дент­тің пай­ы­мын­дағы әділет­тілік прин­ци­пін Мәжілістің тыңғы­лы­қты талқы­сы заңға қон­ды­рып бере­рі анық!

Заң зың-зың бол­мас, бірақ мүд­де­лер қақты­ғы­сы жолын­да біраз тар­тыс бола­ры хақ. Себебі бюд­жет­тің бола­шақ бағ­да­рын біл­діретін заң­ның тағ­дыр­ше­шті маңы­зы зор. Бұл Пре­зи­дент­тің баян­да­ма­сын­да «соци­аль­ная направ­лен­ность» деп бел­гі­лен­ген бюд­жет­тік бағ­дар мен мем­ле­кет­тік мүд­денің мін­деті­нен туын­дай­тын тұжы­рым бол­ды. Яки, ел бюд­жетінің тең жар­ты­сы­нан астам шығы­сы халы­қты әле­умет­тік қам­ту мәсе­лесіне жұм­са­ла­тын бол­са, сол әле­умет­ті салы­қ­пен тұн­шы­қты­ру ешбір эко­но­ми­ка­лық қисы­н­мен қиы­спай­ты­нын Пре­зи­дент­тің сөз сап­та­уы­нан аңға­ру қиын бол­ма­са керек.

Айт­пақ­шы, бел­гілі сая­сат­шы қай­рат­кер Жақ­сы­лық Күле­ке­ев өз баян­да­ма­сын­да Үкі­мет­тің халы­ққа сала­тын салы­ғы мен «НДС» тура­сын­дағы жоба­сы экс­перт­тік қауым­да­сты­қта келіс­пе­ушілік туды­рып жатқа­ны жөнін­де айтқан кез­де Пре­зи­дент сол қолы­ның жұды­ры­ғын түй­іп, үстел­ді ұрғы­лаған әлпет таны­тқа­нын көр­дік. Бұл тоқ­пақ, әлбет­те, халы­ққа емес, халы­қтың есебі­нен бюд­жет­ті тол­тыр­мақ ниет­те­гі Үкі­мет­тің төбесіне төнеді деп түй­дік. Пре­зи­дент­тің (қаз-қал­пын­да): «Непри­о­ри­тет­ные рас­хо­ды будут сокра­шать­ся» деуі сол тоқ­пақтың алға­шқы бел­гісі бол­са керек!

Құры­л­тай­дағы тағы бір басты қадау мәсе­ле елдің ішкі сая­сат док­три­на­сын жасау қажет­ті­гіне бай­ла­ны­сты бол­ды. Пре­зи­дент Тоқа­ев «кон­цеп­ту­ал­ды тұғыр­на­ма» деп атаған бұл құжат әрбір өңір­лік дең­гей­де­гі ішкі сая­сат­тың вер­ти­кал тұта­сты­ғы, билік пен қоғам ара­сын­дағы қаты­на­стар­ды ортақ ұлт­тық, елдік, мем­ле­кет­тік мүд­де­ге сәй­кес тоғы­сты­ру қажет­тілі­гі­нен туын­да­са керек. Тең­селіп тұрған гео­са­я­си әлем­де мем­ле­кет­тің тәу­ел­сізді­гін нығай­ту жолын­да билік пен қоғам­ның әркел­кі мүд­десі «Жаңа Қаза­қстан­ды» қалып­та­сты­ру иде­я­сын жүзе­ге асы­руға ешқа­шан мүм­кін­дік бер­месі аян жәйт.

Әлбет­те, елдің сая­си өмірін­де қоғам­дық плю­ра­лизм­ге, сөз бен ерік-жігер бостан­ды­ғы­на шек­теу бол­мауы тиіс, бірақ ол біре­гей елдік мақ­сат-мұратқа қара­ма-қай­шы кел­ме­уі керек. Біз бір­деңені біл­сек, Пре­зи­дент жоба­сын жаса­уды ұсы­нған бұл тұғыр­на­ма­лық құжат­тың негізін­де елдің ұлт­тық даму идео­ло­ги­я­сы жаса­луы тиіс.

Бұл док­три­на­ның қаңқа­сы сая­сатқа, эко­но­ми­каға, әде­би­ет­ке, өнер мен мәде­ни­ет­ке, қоғам­дық және діни қаты­на­старға, ден­са­улық сақтау мен спорт­тың дамуы­на база­лық тұғыр болуы қажет. «Кон­цеп­ту­ал­ды құжат­тың» табиға­ты мен ішкі маз­мұ­ны осын­дай мұрат­тарға сәй­кес бол­са деп ойлаймыз.

Қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, ішкі сая­сат пен оның бөлім­ше­лері жер­гілік­ті әкім­дер­дің күй­кіл іс-шара­ла­рын қам­ту­шы «вот­чи­на­сы­на» айна­лып кет­пей, ұлт­тық даму­дың маңы­зды вер­ти­кал ведом­ст­во­сы болға­ны жөн! Оны әкім-қара­лар елдің дамуын «өзге­ше» бағам­дай­тын бұқа­ра­ның «басын бұрау» құра­лы ретін­де пай­ла­ла­ну прак­ти­ка­сы үзіл­ді-кесіл­ді шек­тел­гені дұрыс болар еді.

Ал Құры­л­тай­да ел Пре­зи­ден­тінің аузы­нан шыққан эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дағы тұжы­рым не бол­ды деген­де, біздің доғал­дау дол­ба­ры­мыз бой­ын­ша, Аста­на – Торғай – Ырғыз – Тран­с­кас­пий трас­са­сы­ның бола­шақ құры­лы­сын атау керек сияқты. Жол – эко­но­ми­ка­ның күре­та­мы­ры. Жол­дың бойы көлік­тік логи­сти­ка­ның ғана емес, тұты­ну-сер­ви­стік қыз­мет­тің, сауда-сат­ты­қтың мүм­кін­ді­гін кеңей­тетін шешім бола­ры әмбе­ге аян жәйт.

Өткен ғасыр­дың 20–30-жылдары АҚШ-тағы «ұлы депрес­си­я­ны», жұмыс­сызды­қты ауы­зды­қтаған, екі мұхит­тың ара­сы­на – баты­стан шығы­сқа тар­ты­лған жол құры­лы­сы болға­нын еске алсақ, біздің бүгін­гі күр­делі эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­мы­зда Пре­зи­дент­тің бұл баста­ма­сын қуат­тау керек-ақ! Тек жол­дың бойы жемқор­лы­қтың желісіне айнал­маға­ны абзал.

Ал Ұлт­тық құры­л­тай­да біз не дедік?

ҰҚ мүше­лері сек­ци­я­лық оты­ры­стар­да көтер­ген түр­лі мәсе­ле­лер билік тара­пы­нан қол­дау таба ма деген сұраққа қай­тып айна­лып келер бол­сақ, бұл да өзгерістер­ге құштар пре­зи­дент пен қоғам­ның өз кезе­гін­де қадау-қадау жүзе­ге асы­рар мін­дет­тері бол­са керек. Мәсе­лен, мен Құры­л­тай­дың «Аза­мат­тық қоғам» деп ата­ла­тын сек­ци­я­лық оты­ры­сын­да сөз сөй­леп, кезін­де АЭС салуға қар­сы шыққан, бей­біт қоғам­дық акци­я­лар ұйым­да­сты­рған және елді өзгер­ту­ге қаты­сты «өзге­ше» қоғам­дық пікірін айтып жүр­ген бел­сен­ді аза­мат­тар­ды заңға тар­ту­ды тоқта­ту қажет­ті­гі жөнін­де ұсы­ныс айт­тым. Бел­сен­ді про­те­стік пиғыл­дағы аза­мат­тар­мен «әңгі­мені» про­ку­рор мен поли­ция емес, ішкі сая­сат маман­да­ры жүр­гі­зуі керек!

Өткен жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум­да АЭС салу мәсе­лесі басым дауы­спен қол­дау тап­ты. Тіп­ті Бура­бай Құры­л­тай­ын­да ел Пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.Тоқаев мыр­за елде біреу емес, үш бір­дей АЭС салы­ну мүм­кін­ді­гін жария етті. Енде­ше АЭС салуға қар­сы болған ат төбелін­дей бел­сен­ділер­ді енді­гі қуда­ла­удың қажеті қан­ша?! Маған жет­кен хабарға қараған­да, сол қар­сы­лар қата­ры­нан қамауға алы­нған бес ада­мға қыл­мыстық іс қозға­лып, жеті айдан бері олар «экс­тре­ми­стік» бап­пен Алма­ты абақты­сын­да тер­ге­уде отыр екен. Елде АЭС салу­дың мүм­кін­ді­гі мен экс­тре­миз­мнің ара­сын­да қан­дай бай­ла­ныс болуы мүм­кін? Тіп­ті жеті айдан бері тер­геліп біт­пей­тін бұл қан­дай күр­делі іс болғаны?

Ал енді Құры­л­тай шең­берін­де айты­лған «жазы­қ­сыз жазы­қты­лар­ды» заң­мен қуда­ла­уды қысқар­ту қажет­тілі­гі тура­лы ұсы­ны­сы­мы­зға билік тара­пы­нан қол­дау бола ма? Сол сияқты, Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың бас­шы­лы­ғы­мен елде жүріп жатқан өзгерістер­ге қаты­сты өз тара­пы­нан «оғаш» ұсы­ны­стар мен пікір­лер айтып жүр­ген қоғам­шыл бел­сен­ді аза­мат­тар­ды түр­лі «қыл­мыстық» сыл­та­у­мен қамауды тоқта­ту қажет деген құры­л­тай­лық ұсы­ны­сы­мыз қол­дау таба ма?

Айна­лып кел­ген­де, күш­көр­се­ту­ші орган­дар тара­пы­нан «алдын алу» әре­кеті­мен жаса­лып жатқан мұн­дай қисын­сыз қысым деректері елде­гі өзгерістер­дің баста­ма­шы­сы – Пре­зи­дент­тің «бақ­ша­сы­на» лақты­ры­лған тас екені дау­сыз. Яғни, «Жаңа Қаза­қстан» құру жөнін­де­гі пре­зи­дент­тік сая­сат­тың қоғам­да жар­ты­кеш сипат алуы осын­дай нақақ сабо­таж­дың сал­да­ры деп білу керек!

Ермұрат БАПИ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты, журналист

Республиканский еженедельник онлайн