Четверг , 3 июля 2025

ҚҰРЫЛЫС

пен

БҰРЫЛЫС

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­мьер-мини­стрі Әли­хан Смайыловқа

Құрмет­ті Әли­хан Асханұлы!

«AMANAT» пар­ти­я­сы­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сы­ның алдын­дағы он мін­дет­тің бірі – қала мен ауыл­дар­да адам­дар­дың өмірі үшін қолай­лы жағ­дай жасау, тұрғын үймен және сапа­лы инфрақұры­лым­мен қам­та­ма­сыз ету.

Бола­шақта 730 мың­нан астам отба­сы үшін қол­жетім­ді баға­дағы 78 мил­ли­он шар­шы метр­ден астам жаңа тұрғын үй салу жос­па­ры бар. 30 мыңға жуық апат­ты және тозы­ғы жет­кен тұрғын үйлер­дің аза­мат­та­ры жаңа үй алуға тиіс. Пар­тия бағ­дар­ла­ма­сы­на орай, жеке құры­лыс ком­па­ни­я­ла­рын әле­умет­тік тұрғын үй құры­лы­сын салуға ынта­лан­ды­ру жол­да­ры қарас­ты­рыл­мақ. Жаңа­дан «Құры­лыс» кодексі және «Риэл­тор­лық қыз­мет тура­лы» заң­дар қабыл­да­на­тын болады.

Менің сау­а­лым, құры­лыс сала­сын­дағы отан­дық тау­ар өндіру­ші кәсіп­кер­лер­ді қол­да­уға бай­ла­ны­сты болмақ.

Тұрғын үй салу және жөн­деу жұмыста­ры­на тен­дер­лер сол жоба­дағы құры­лы­сты толық (под ключ) тап­сы­руға негіз­деліп жари­я­ла­на­ды. Осы орай­да құры­лыс жоба­сын жеңіп алған мер­ді­гер­дің кон­кур­стық ұсы­ны­сын­да құры­лыс мате­ри­ал­да­ры­ның (жабын пли­та­сы, кір­піш, цемент, түр­лі тұр­ба­лар, есік, тере­зе­лер, тағы басқа­ла­ры) өзі­нен шыға­тын не шық­пай­ты­ны, соны­мен қоса қан­дай мате­ри­ал­ды сырт­тан ала­ты­ны және құнын қалай, қашан өтей­тіні мер­ді­гер­дің тен­дер­ге ұсы­ны­сын­да көр­сетіліп, тен­дер шеші­мін­де ескеріл­се, дұрыс болар еді.                                                                                                        Өйт­кені көп жағ­дай­да құры­лы­сқа қажет­ті тау­ар­ды өндіру­ші ком­па­ния тиесілі қар­жы­сын алу үшін, мер­ді­гер­дің құры­лыс жоба­сын толық бітіруін күту­ге мәж­бүр. Бұл кей­де бір­не­ше жыл­дарға созы­луы мүм­кін. Нәти­же­сін­де құры­лыс мате­ри­а­лын шыға­ра­тын ком­па­ния банк алдын­дағы бере­ше­гін өте­ген­ше ұзақ, қосым­ша шығы­нға бата­ды. Мұн­дай жағ­дай отан­дық құры­лыс мате­ри­ал­да­рын шыға­ра­тын ком­па­ни­я­ларға үлкен қауіп төн­діріп, нары­қтан ығы­сты­руы мүмкін.

Бұл біздің «AMANAT» пар­ти­я­сы­ның аймақтар­дағы халы­қ­пен сай­ла­у­ал­ды кез­де­су­лері­міз­де айты­лған өтіні­ш­тер­дің бірі еді. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік сатып алу заңы­ның шар­тта­ры­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізіл­ген кез­де және жаңа­дан қабыл­да­на­тын «Құры­лыс» кодексін­де осы жай­лар ескеріл­се деймін.

Бақты­қо­жа ІЗМҰХАМБЕТОВ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты,

«Ама­нат» фрак­ци­я­сы­ның мүшесі

КИІКТІҢ КИЕСІ

жердің иесіне

ҚИЫН БОЛДЫ

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­мьер-Мини­стрі Әли­хан Смай­ы­лов мырзаға

Киік­тің киесі­нен қорқып, киелі жану­арға жана­шыр­лы­қ­пен қарай­тын қазақ үшін обал-сау­ап­тың орны ерекше. Алай­да бүгін­гі күні жағ­дай мүл­де басқа­ша болып тұр. Себебі киік саны­ның күрт көбе­юі шару­а­шы­лы­ққа жай­лы болып тұрған жоқ.

Соңғы ресми мәлі­міт­тер­ге сәй­кес, бүгін­де киік саны 2 мил­ли­он­нан асқан. Оның 90 пай­ы­зы Қаза­қстан­ның баты­сын­да мекен­дей­ді. Негізін­де сала­лық мини­стр­лік­тің есебі бой­ын­ша киік­тер­дің саны 750–770 мың­нан аспа­уы керек еді. Жай­ы­лым­дық жер­дің өзін айт­паған­да, шаруа қожа­лы­қта­ры маң­дай тері­мен еккен егістік­тер­ді киік­тер тобы бір тап­тап өткен­де-ақ, мил­ли­он­даған қар­жы­ла­ры жел­ге ұша­ды. Мыса­лы, Қаза­қстан­ның сол­түсті­гін­де жылы­на 150 мың­дай гек­тар егін алқап­та­ры бүлі­неді, орта есеп­пен 1 гек­тар­дан 10 цент­нер өнім зая кет­се, сол өңір­дің шару­а­ла­ры 14 млрд тең­ге шығы­нға ұшы­рай­ды. Несие қай­та­ра алмаған шару­а­лар банк­рот болуда.

Осын­дай жағ­дай­да Үкі­мет­тің жай­ба­сар­лы­ғы таң қал­ды­ра­ды. Себебі киік­тен зардап шегіп оты­рған 6 облы­стың шару­а­ла­ры қауқар­сыз болып отыр. Тап­талған егістік­тің өте­уі жоқ. Бұған менің еш қаты­сым жоқ деп, тек сырт­тан ғана қалай қарап оты­ра аламыз?

Соны­мен қатар түр­лі себеп­тер­мен мерт болған киік­тер де көп кез­де­су­де. Кең дала­да қара­у­сыз тегін жатқан дүни­е­ге ауыл жұр­ты­ның қызы­ғу­шы­лы­ғы арта­ты­ны заң­ды­лық. Кәде­ге жарат­па­са да, қабы­рға­ны безен­діре­рмін деген оймен мерт болған киік мүй­ізін кесіп алған­дар сот­та­лып жатыр, оның ішін­де біл­ме­стік жасаған жасөс­пірім­дер де бар. Бұл жер­де заң бұзу­шы­лар­ды жақтап жатқа­ны­мыз жоқ. Мәсе­лені осын­дай дең­гей­ге дей­ін жет­кіз­беу керек.

Осы орай­да киік­тің емес – адам­ның оба­лы­на қала­тын сияқты­мыз. Әрине, бұл жақ­сы емес.

Сон­дай-ақ мерт болған киік­тер түр­лі ауру ошағы­на айна­ла­ды. Шару­а­лар­дың малы сол жер­де жай­ы­ла­тын­ды­қтан, оларға ауру жұғып, эпи­зоо­ти­я­лық аху­ал ушы­ға­ды. Қаза­қстанға киік мәсе­лесі­мен қан­ша­ма шетел­дік сарап­шы­лар кел­гені­мен, ешқан­дай нақты қадам жоқ.

Қоры­та келе айта­ры­мыз: Қаза­қстан­ның ең бірін­ші бай­лы­ғы – халқы! Осы рет­те дәл қазір киік­ті қорғай­мыз ба, әлде киік­тен адам­ды қорғай­мыз ба?

Тез ара­да киік попу­ля­ци­я­сын рет­теп, мүм­кін, оны өндірістік жолға қой­ып, мүй­ізін, етін, терісін дұрыс пай­да­ла­нып, кәде­ге жаратқан дұрыс шығар?!

Егер Үкі­мет киік қарғы­сы­нан қорқа­тын бол­са, шару­а­лар­дың шығы­нын толық өтеп беру теті­гін енгі­зу керек. Бұл мәсе­ле­де нақты шешім керек.

Аян ЗЕЙНУЛЛИН,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Арал тағы да 

ТАРТЫЛЫП

бара жатыр

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­мьер-мини­стрінің бірін­ші орынбасары

Роман Скляр мырзаға

Арал теңізінің про­бле­ма­сы Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның үне­мі бақы­ла­у­ын­да екен­ді­гін Арал өңірінің халқы жақ­сы біледі. Өткен жыл­дан бастап «Көка­рал бөгетін сақтап қалу» жоба­сын іске асы­ру жұмыста­ры басталға­ны үшін тұрғын­дар­дың алғы­сы шексіз! (жоба құны 4,5 млрд). Бірақ бүгін­гі күні Сол­түстік Арал теңізінің тар­ты­лу жағ­дайы өңір халқын қат­ты алаң­да­тып отыр.

Тағ­дыр­лы теңіздің аяны­шты жағ­дай­ын тағы айтуға мәж­бүр­мін. Өкініш­ке қарай, соңғы 12 жыл ішін­де теңіз көле­мі 8,5 млрд тек­ше метр­ге азай­ған. Яғни, үштен бірі­нен айы­рыл­ды (27 млрд – 18 млрд м3). Суы қашқан теңіздің орны­нан көтеріл­ген тұз­дар бүкіл Орта­лық Азия елдеріне зия­нын тигі­зетін эко­ло­ги­я­лық апатқа айнал­ды. Нәти­же­сін­де судың тұз­ды­лы­ғы 8‑ден 13 грамм/литрге көбей­ген. Ал егер судың тұз­ды­лы­ғы 15 грамм/литрге жет­се, балы­қтар жап­пай қыры­ла бастайды.

Бар­шаңы­зға мәлім, 2020–2021 жыл­да­ры Арал ауда­ны­ның аумағын­да қуаң­шы­лық белең алып, 95 пай­ыз жай­ы­лы­мға шөп шық­пай, жауын-шашын мүл­дем бол­маған. Оның үстіне теңіз­ге Сыр­да­рия өзені арқы­лы құя­тын су көле­мі күрт азай­ып, Қамысты­бас, Ақша­тау көл­дер жүй­есі мен Кіші Арал теңізі жаға­ла­удан 1,5 км тар­ты­лып кет­кен. Ал теңіздің тар­ты­луы сал­да­ры­нан 3000-ға жуық балы­қ­шы күн­делік­ті нәпақа­сы­нан айы­ры­лып, 9 балық өңдеу зауы­ты және 14 шағын цех уақыт­ша тоқтап қалу қау­пі бар. Бұл жағ­дай теңізді жаға­лай қоны­станған арал­ды­қтар үшін үлкен үрей болып тұр.

Сыр­да­рия өзені бой­ын­дағы мем­ле­кет­тер­дің тран­с­ше­ка­ра­лық су қор­ла­ры­ның про­бле­ма­сы­на селқос қара­уы мәсе­лені күр­де­лен­діру­де. Осы орай­да халы­қа­ра­лық келісім­дер бой­ын­ша теңіз­ге жыл сай­ын кемін­де 3 млрд тек­ше метр су түсуі қажет. Алай­да теңіз­ге судың түсуі әсіре­се веге­та­ци­я­лық кезең­де қал­дық прин­ци­пі бой­ын­ша жүзе­ге асы­ры­лып келеді.

Арал­дың эко­ло­ги­я­лық мәсе­лесі өткен ғасыр­да-ақ әлем наза­рын бұрғы­зып, оны қорғау, қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесі бой­ын­ша халы­қа­ра­лық және рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де сан­даған жиын­дар өтсе де, айты­лған сөз айты­лған жер­де қалып, өткізіл­ген кон­фе­рен­ция, форум­дар­дан оңды нәти­же бол­май отыр.

Осыған орай, «AMANAT» пар­ти­я­сы Арал­ды алаң­да­та­тын бар­лық мәсе­ле­лер бой­ын­ша толық шеші­мін табу үшін, нақты іс-шара­лар іске асы­ры­луы қажет деп санайды!

Қоры­та келе, Арал теңізінің су мөл­шерін сақтау және тұрақты қам­та­ма­сыз ету үшін, Сіз­ден келесі ұсы­ны­стар­ды қарас­ты­руы­ңы­зды сұраймын.

Бірін­ші. Өзбек­стан, Қырғыз­стан, Тәжік­стан мем­ле­кет­тері­мен веге­та­ци­я­лық кезең­де теңіз­ге бөлек су лими­тін бел­гілеу жөнін­де және Фар­хад су тора­бы­нан төмен­ге сани­тар­лық су жібе­ру мәсе­лесі бой­ын­ша келіс­сөз­дер жүр­гізіп, ынты­мақ­та­сты­қты ұзақ жыл­дарға жос­пар­лау – елі­міз үшін тиім­дірек бола­ры сөзсіз.

Екін­ші. Мем­ле­ке­та­ра­лық келісім­ді «кепіл­ден­діріл­ген келісім» ста­ту­сын беруі­міз қажет. Себебі Арал теңізіне бөлін­ген лимит­тің сақта­луын және орын­да­луын бақы­лап оты­рған ешқан­дай орган жоқ деу­ге де болады.

Үшін­ші. «Қараө­зек» арна­сы­ның бой­ын­дағы көл­дер жүй­есін­де 1 млрд тек­ше метр­ге жуық қысқы-көк­тем­гі тасқын суды жинақтау мүм­кін­ді­гі бар. Ол үшін «Қараө­зек» арна­сы­ның бой­ын­дағы 3 су тоспа­ны қал­пы­на кел­ті­ру маңызды.

Төр­тін­ші. «Өңір­лік дамы­ту және Арал теңізінің сол­түстік бөлі­гін қал­пы­на кел­ті­ру» жоба­сы­на Дүни­е­жүзілік банк­тің қай­та­рым­сыз гран­ты есебі­нен (1,5 млн АҚШ дол­ла­ры) Сол­түстік Арал теңізінің аумағын ұлғай­ту­дың нұсқа­ла­ры бой­ын­ша тиім­ді шешім­дер­ді жасап, жоба­ны жалға­сты­ру бой­ын­ша уәкілет­ті орган­дар тиісті шара­лар қабыл­даға­ны жөн.

Депу­тат­тық сау­алға заң­да бел­гі­лен­ген мерзім­де жау­ап беруіңізді сұраймыз.

Мар­ха­бат ЖАЙЫМБЕТОВ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн