Понедельник , 30 июня 2025

ҚҰТТЫҚТАУДА Назарбаев туралы БІР СӨЗ ЖОҚ

  • АҚШ пре­зи­ден­ті Джо­зеф Бай­ден қаза­қстан­ды­қтар­ды Семей ядро­лық поли­го­ны­ның жабы­лға­ны­на 30 жыл толуы­мен құт­ты­қта­ды, деп хабар­ла­ды Ақор­да бас­пасөз қызметінен.

«29 тамыз күні Семей ядро­лық поли­го­ны­ның жабы­лға­ны­на 30 жыл толуы­на орай АҚШ аты­нан Қаза­қстан халқы­на ең ізгі құт­ты­қта­уым­ды біл­дір­гім келеді. Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­ры бұры­нғы сынақ поли­го­ны аймағын қал­пы­на кел­ті­ру мен оның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша Сіздің Үкі­метіңіз­бен ара­дағы жалға­сып жатқан ынты­мақ­та­сты­қты қоса алған­да, Қаза­қстан­мен берік серік­те­сті­гін нығай­та бер­мек. АҚШ Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіздік алған алға­шқы күні­нен бастап, Семей аймағын­да әріп­те­стік қарым-қаты­на­ста жұмыстар атқа­рып келеді», – делін­ген сәр­сен­бі күні Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың аты­на Бай­ден­нен кел­ген құт­ты­қтау хатында.

«Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­ры Сіздің еліңізді дос деп мақта­на айта­ды және мен серік­те­сті­гі­міздің әле­уетін толық әрі жемісті іске асы­ру үшін Сіз­бен жұмыс істе­у­ге дай­ы­н­мын», – деген Байден.

Қаз­ТАГ

  • Тақы­рып­тың жалға­сы 8–9‑бетте

 

ЖЕТІБАЙДАҒЫ ЕРЕУІЛ тоғызыншы күнге ұласты

  • Маңғы­стау облы­сы­ның Жеті­бай кен­тін­де жалақы­ны көтеріп, ұжым­дық шарт жаса­уды, тәу­ел­сіз кәсі­по­дақ жұмысы­на мүм­кін­дік беруді сұраған «West Oil Software» ком­па­ни­я­сы жұмыс­шы­ла­ры­ның ере­уілі тоғы­зын­шы күн­ге ұла­сты. Жұмыс беру­ші ере­уіл­ге шыққан­дар­ды еңбек заңын сақта­ма­ды деп сотқа тартқан.

Меке­ме алдын­да қол­дан тігіл­ген палат­ка­ларға түнеп жатқан жұмыс­шы­лар талап­та­ры орын­дал­маға­нын айта­ды. «Бала-шаға­мы­зды, үйі­мізді көр­ме­гені­міз­ге тоғы­зын­шы күн бол­ды. Ертең сабақ баста­ла­ды», – дей­ді дис­пет­чер Дариға Есжанова.

Жүр­гі­зу­шілер Мотор­бай Әбдіра­шев пен Қашқын­бай Қошқар­ба­ев жұмыс беру­ші қысым көр­сетiп жатыр деп санай­ды. «Жұмыс істеп жүр­гені­ме 42 жыл бол­ды. Мұнай­дың үстін­де отыр­сақ та, жалақы­мыз 120–200 мың тең­ге. Мына қым­бат­шы­лы­қта неге жете­ді? Адал еңбе­гі­мізді беру орны­на «West Oil» бас­шы­лы­ғы жұмыс­шы­лар­ды сотқа сүй­ре­леп жатыр», – деді ол.

Ере­уіл­шілер­дің айтуын­ша, Серік Қапа­нов, База­рға­ли Нұр­болға­нов, Мұрат­бек Сама­ров, Берік Мах­мұ­дов, Баты­р­жан Жары­лға­шев «заң­сыз ере­уіл­ді ұйым­да­сты­ру­шы­лар мен бел­сен­ді қаты­су­шы­лар» деп сана­лып, сотқа тар­ты­лған. Істі Маңғы­стау облы­сы­ның Қарақия аудан­дық соты қарап жатыр. «Алға­шқы сот оты­ры­сы кеше бол­ды. Бізді Еңбек кодексінң 164–171–176-баптарын сақта­ма­ды деп айып­тап, ере­уіл­ді ұйым­да­сты­ру­шы деп көр­сетіп отыр. Қазір сотқа кетіп бара­мыз», – деді База­рға­ли Нұр­болға­нов «Азатты­ққа».

«West Oil Software» «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның еншілес меке­месі «Ойл Транс­порт Кор­по­рей­ш­эн» ком­па­ни­я­сы­на көлік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­тер көр­се­те­ді. «Маңғы­ста­у­мұ­най­га­з­дың» Маңғы­стау облы­сы Қарақия ауда­ны аумағын­дағы Жеті­бай кен орын­да­рын­дағы ұңғы­ма­лар­ды тазалайды.

Azattyq.org

Желі­де­гі жазба

Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы­на МИНИСТР ПЫСҚЫРМАДЫ

 «Хабар» теле­ар­на­сы­ның «Бүгін» бағ­дар­ла­ма­сын­да болып, Ауған­стан­дағы этни­ка­лық қаза­қтар мәсе­лесін талқыладық.

Бағ­дар­ла­маға депу­тат Қазы­бек Иса, кезін­де Қаза­қстан­ның Ауған­стан­дағы Төтен­ше және Өкілет­ті Елшісі болған Өмір­тай Біті­мов, онлайн бай­ла­ныс арқы­лы Дос Көшім қаты­сты және мен қатыстым.

Естеріңіз­де бол­са, 18 тамы­зда Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің (СІМ) өкілі Айбек Сма­ди­я­ров мәлім­де­ме жари­я­лап, «Ауған­стан­дағы этни­ка­лық қаза­қтар­дың өтіні­шіне бай­ла­ны­сты мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне олар­дың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету мен қажет болған жағ­дай­да тари­хи ота­ны­на қай­та­ру мәсе­лесі бой­ын­ша барын­ша көмек көр­се­туді тап­сыр­ды…» деген болатын.

Бағ­дар­ла­ма бары­сын­да СІМ тара­пы­нан пре­зи­дент­тің сол тап­сыр­ма­сы аясын­да қан­дай әре­кет­тер жаса­лып, нен­дей нәти­же­лер­ге қол жет­кіз­генін білетін бол­дық қой деп, қуа­на-қуа­на барғанбыз.

Өкініш­ке орай, ол үміт ақтал­ма­ды. Бағ­дар­ла­ма баста­ларға сана­у­лы сағат­тар қалған­да ҚР СІМ қаты­су­дан бас тар­тып­ты. Олар­дың орны үңірей­іп бос тұрды.

«Хабар» арна­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сы­на қаты­су­дан бас тар­туы­на қараған­да, Ауған­стан­дағы этни­ка­лық қаза­қтарға көмек­те­су, елге орал­ту тура­лы бер­ген пре­зи­дент Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы­на СІМ пысқыр­маған көрінеді. 

Өз тара­пы­мы­здан ойы­мыз бен ұсы­ны­сы­мы­зды айт­тық. Көші-қонға қаты­сты заң­на­ма­ны мәжілі­сте қай­та қарап, оған құжа­ты­на ұлты жазыл­май­тын елдер­ден кел­ген қан­даста­ры­мы­здың ұлтын аны­қтай­тын нор­ма­ны тез­детіп енгі­зу керекті­гін тәптештедік.

Жаңа мау­сым бастал­ды. Заң жақын ара­да пар­ла­мент­те қай­та қара­ла ма, қарал­май ма – білмеймін. 

Ауған­стан­дағы қаза­қтар­дың тағ­ды­ры­на бай­ла­ны­сты заң жоба­сын жедел­детіп қай­та қарау үшін, депу­тат­тық ұсы­ныс беру­ге Сауыт­бек­тің /Абдрахманов/ сал­мағы мен Қазы­бек­тің /Иса/ қауқа­ры жете ме – ол да белгісіз!

Ауыт МҰҚИБЕК

 

 

Мамай Байбекті СОТҚА БЕРДІ

  • Жан­бо­лат Мамай­дың қорға­у­шы­сы Ерлан Қали­ев «Нұр Отан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бай­бек­тің үсті­нен қыл­мыстық іс қозға­уды талап етіп, Алма­ты про­ку­ра­ту­ра­сы­на шағым түсірді.

«Бауы­р­жан Бай­бек тура­лы фильм­де оның Алма­ты әкі­мі кезін­де жасаған істерін­де қыл­мыс бар екені дәлел­ді көр­сетіл­ді. Осы­дан кей­ін жемқор­лы­қ­пен күрес қыз­меті деректі фильм­де­гі мәлі­мет­тер­ді тек­се­ру­ге бір­ден кірі­суі тиіс еді. Әлі күн­ге дей­ін тек­сер­ме­ген­дік­тен, арыз түсіру­ге мәж­бүр болып отыр­мыз», – дей­ді Ерлан Қалиев.

Жан­бо­лат Мамай­дың сөзін­ше, Бауы­р­жан Бай­бек­тің «іскер­лік беделі­ме нұқ­сан кел­тір­ді, ар-намысы­ма тиді» деген ары­зы бой­ын­ша істі қараған сот фильм­де­гі мәлі­мет­тер­дің рас-өтірі­гін тек­се­руді құқық қорғау орган­да­ры­на жүктемеген.

«Бауы­р­жан Бай­бек Алма­ты әкі­мі болып тұрған­да Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетіне тиесілі жер­дің бір бөлі­гін әкім­дік­ке алға­ны, бірақ баста­пқы уәде­де айты­лған­дай ештеңе салын­баға­ны, қала­дағы басқа да баға­лы жер­лер­дің заң­сыз жол­дар­мен жеке­ге өткені, әкім­дік­ке қарай­тын авто­парк­тің жола­у­шы­лар авто­бу­ста­рын асы­ра баға­лап, сатып алға­ны анық дәлел­ден­ген фак­тілер, бұл жөнін­де қыл­мыстық іс қозға­луы тиіс», – дей­ді ол.

Биыл көк­тем­де Жан­бо­лат Мамай Youtube-тегі «Демо­кра­ти­я­лы Қазақстан/Демократический Казах­стан» арна­сын­да «Бауы­р­жан Бай­бек: Назар­ба­ев сынып­та­сы бала­сы­ның жемқор биз­нес-импе­ри­я­сы» атты видео жари­я­лаған. Деректі фильм сти­лін­де түсіріл­ген видео­да Жан­бо­лат Мамай Алма­ты­ның бұры­нғы әкі­мі Бай­бек­ті «мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жүріп үлкен биз­нес-импе­рия құр­ды», «Алма­ты әкі­мі болған 4 жыл­да 1 мил­ли­ард дол­лар заң­сыз ақша тап­ты», «құры­лы­сқа және көлік тұрағы­на» қала аумағы­ның және Іле-Ала­тау ұлт­тық пар­кінің «жерін бер­ді», «пара алды», «көмір мафи­я­сын құр­ды» және Алма­ты­дағы ЖЭС-2-ні «газға көшіруді кеше­уіл­дет­ті», «адам құқы­қта­рын бұз­ды» деп айыптаған.

15 мау­сым­да Алма­ты­ның Әуе­зов аудан­дық №2 соты «Нұр Отан» пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Бай­бек пен Мамай ара­сын­дағы дауға бай­ла­ны­сты шешім шығар­ды. Сот Жан­бо­лат Мамай­ды шене­унік жай­лы шығарған фильм­ді өшіру­ге мін­дет­те­ді. Судья Бай­бек­ті жемқор­лық жаса­ды деп айып­таған фильм­де­гі мәлі­мет­тер шын­ды­ққа жана­спай­ды деп тап­ты. Осы­лай­ша Бай­бек­тің шағы­мы толық қанағат­тан­ды­ры­лған. Сот Жан­бо­лат Мамай­ды 860 мың тең­ге көле­мін­де сот шығы­нын және пси­хо­ло­ги­я­лық-линг­ви­сти­ка­лық сарап­та­ма үшін 75 мың тең­ге төле­у­ге міндеттеген.

Жан­бо­лат Мамай­дың жақ­та­ста­ры тая­у­да көше­ге шығып, «халы­қтан Бауы­р­жан Бай­бек­ке садақа беруді» сұраған. Бұл әре­кет­терін сот шеші­мін заң­сыз деп санай­ты­ны­мен түсін­дір­ген. Мамай «садақа жинау» науқа­ны­нан кей­ін сот мін­дет­те­ген ақша төлен­генін, бірақ видео­ны өшір­мей­тінін айтты.

Azattyq.org

 

ХАЛЫҚ САНАҒЫ қазақтың есебін ҚАНША ҚЫЛАДЫ?

  • 1 қыр­күй­ек­те Қаза­қстан­да жал­пы­ұлт­тық халық санағы бастал­ды, деп хабар­ла­ды Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның бас­пасөз қызметінен.

Тәу­ел­сіздік алған сәт­тен бастап елі­міз­де халық санағы үшін­ші рет өткелі тұр. «Шара алғаш рет цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну арқы­лы өтпек. 1 қыр­күй­ек­тен 15 қаза­нға дей­ін­гі ара­лы­қта sanaq.gov.kz сай­тын­да онлайн режим­де халық санағы­нан өту­ге бола­ды. Сайт 24 сағат бойы қол жетім­ді», – деді ҰСБ бас­шы­сы Нұр­бо­лат Айдапкелов.

 «Халық санағын­да 91 сұрақ қарас­ты­ры­лған. Алай­да аза­мат­тар сау­ал­дар­дың бар­лы­ғы­на жау­ап береді деген­ді біл­дір­мей­ді. Себебі санақ парақта­рын­да шетел­ге кет­кен неме­се елге кел­ген адам­дарға, тек қана әйел­дер­ге қой­ы­ла­тын сұрақтар бар. Сон­дай-ақ үйдің жағ­дай­ы­на қаты­сты сау­ал­дарға тек үйдің иесі ғана жау­ап беретін бола­ды. Орта­ша есеп­пен санақ сау­ал­да­ры­на жау­ап беру­ге 20–25 минут қажет», – делін­ген хабарда.

Қаз­ТАГ

Көңіл айту

«ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы көр­нек­ті қоғам қай­рат­кері, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін қала­у­ға қаты­сқан таны­мал кәсіп­кер, газет­тің тұрақты авторы

Жауға­шты Нәби­ев­ке өмір­лік зайыбы

ӘСИЯ АПАМЫЗДЫҢ

қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры, құда-жек­жат­та­ры мен жора-жол­даста­ры­на қай­ғы­рып көңіл айтады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн