Пятница , 23 мая 2025

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ әділетті заңмен қорғалуы тиіс

  • Мен кеше «Аза­мат­тық қоғам» сек­ци­я­сы­ның жұмысы­на қаты­стым. Бар­лы­ғы 27 Ұлт­тық құры­л­тай мүше­сі өз ұсы­ны­ста­рын ортаға сал­ды. Олар Бақты­қо­жа Ізмұ­хам­бе­тов, Айман Ома­ро­ва, Серік Ақыл­бай, Ермұрат Бапи, Бай­діл­да Жылқы­ши­ев, Аза­матхан Әмір­тай, Зуль­фия Бай­сақо­ва, Бану Нұрға­зи­е­ва, Марат Баши­мов, Қазы­бек Дәуітә­ли­ев, Талғат Қали­ев, Уайс Ерсай­ы­нұ­лы, Дани­яр Әшім­ба­ев, Ерқа­нат Көп­жа­сарұ­лы, Ната­лья Демен­тье­ва, Нұр­лан Әуе­сба­ев, Мак­сим Изба­сов, Сер­гей Худя­ков, Раб­бым Бора­шов, Бөрі­хан Нұр­мұ­ха­ме­дов, Дәния Қыдыр­ба­е­ва, Ғазиз Әбі­шев, Зұл­фұ­хар Ғай­ы­пов. Осы сек­ци­я­ның аты­нан біраз ұсы­ны­стар­мен бөліскім келеді. 

Қазір­гі таң­да мем­ле­кеті­міз­де түр­лі қай­ы­рым­ды­лық қор­ла­ры­кө­бей­іп кет­ті. Қай­да бар­саң да – ақша жинап жүр­ген қор­лар мен олар­дың ел таны­май­тын мүше­лері мен бас­шы­ла­рын көресің. Өкініш­ке қарай, «қай­ы­рым­ды­лық қор­лар­дың» атын жамы­лған­дар­дың бар­лы­ғы адал жол­мен жүріп, шынайы мақ­сат­тарға қыз­мет етіп жатыр деп айта алмай­мын. Осы рет­те тағы мына бір күдік­ті жай­тқа тоқталғым келеді: мыса­лы, жәй ғана «Кас­пий қосым­ша­сын­да» 358 қай­ы­рым­ды­лық қоры халы­қтан элек­трон­ды түр­де жылу жинау үшін тір­кел­ген екен.

Таң­да­на­ты­ны сол – бұл қор­лар­дың кей­бірі тіп­ті қан­дай мақ­сат­та және не үшін құры­лға­ны бел­гісіз. Бас­шы­ла­ры да көр­сетіл­ме­ген. Кей­бір қор­лар­дың атқарған жұмысы жай­лы есеп­терін интер­нет­тен тап­па­дым. Ал дүкен­дер мен сауда сөре­лерін­де­гі қай­ы­рым­ды­лық үшін қой­ы­лған жәшік­тер­дің санын біл­мей­міз. Күн санап көбей­іп жатыр, бірақ ол ақша­ның да сұра­уы жоқ. 

Елі­міз­де тіп­ті күдік туды­ра­тын күмән­ді қор­лар аран­да­ту­шы­лар мен ради­кал­ды топ­тар­ды қар­жы­лан­ды­руы мүм­кін деген оймен мем­ле­кеті­міздің бола­шағы­на, қауіп­сізді­гіне алаң­дай­мын. Бұл – шұғыл шешуді қажет ететін ең басты мәсе­ле. Сон­ды­қтан осы қор жұмыста­ры­ның жау­ап­кер­шілі­гін күшей­ту мақ­са­тын­да заңға тиісті өзгерістер енгі­зу тура­лы тап­сыр­ма беруіңізді сұрай­мын, құр­мет­ті Президент! 

Соны­мен қатар қазір­гі кез­де Сот сарап­та­ма­ла­ры орта­лы­ғы Әділет мини­стр­лі­гіне тіке­лей бағы­ны­шты. Мини­стр­лік­ке бағы­ны­шты құры­лым болған соң, сарап­шы­ларға құзыр­лы орган­дар тара­пы­нан қысым өте жоға­ры. Соның әсері­нен бүгін­де зор­лық-зомбы­лық, фоно­ско­пи­я­лық, фоно­гра­фи­я­лық, фило­ло­ги­я­лық, аудит қоры­тындысы және тағы да басқа сарап­та­ма­лар кезін­де сыбай­ла­стық әре­кет­тер­ге жиі жол беріліп, заң­ды бел­ше­сі­нен басу жайт­та­ры көбей­іп кет­ті. Ал әрбір сарап­та­ма қоры­тындыс­ын­да – Адам тағ­ды­ры тұр. Сон­ды­қтан сот сарап­та­ма­ла­рын Әділет мини­стр­лі­гі­нен бөліп, мем­ле­кет бас­шы­сы­на ғана есеп беретін «Ұлт­тық құқы­қтық сарап­та­ма орта­лы­ғы» ретін­де құру­ды ұсы­на­мын. Оған қоса, сарап­шы­лар­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­мен теңе­стіруді ел Пре­зи­ден­ті­нен сұраймын. 

Ұлттық құры­л­тай­дың мін­берін­де көтерілуі қажет тағы бір мәсе­ле – онлайн-несие мен ала­яқтық мәселесі.

Соңғы жыл­да­ры екін­ші дәре­желі банк­тер ұсы­на­тын «онлайн неси­е­лер­дің» қол­жетім­ділі­гі артып, бұл ала­яқтар үшін оңай табыс көзіне айналды. 

Әншей­ін­де қара­пай­ым адам­дар ақшаға шын мұқтаж болып, банк­ке арнайы барып сұраған­да – «төле­у­ге табысы­ңыз жет­кіліксіз» неме­се «несие тарихы­ңыз қара тізім­де» деп, ешбір бере қой­май­тын қол­жетім­сіз неси­ені ала­яқтар «мони­тор-экран­ның» арғы жағын­да оты­рып-ақ оп-оңай алып, олжаға кене­ле сала­ты­ны – күмән туды­ра­ды. Мұның себебі банк кли­ент­тері деректерінің ала­яқтар­дың қолы­на оңай түсуін­де деп ойлаймын. 

Оған қоса,интернет-алаяқтық та жаһан­дық мәсе­ле­ге айна­лып отыр. Бірақ бұны тоқта­ту­дың жол­да­ры қиын емес. Алды­мен кибер-қыл­мыс­кер мен жәбір­ле­ну­шіні бай­ла­ны­сты­ра­тын бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры өздеріне жүк­тел­ген жау­ап­ты­лы­қты сезі­нуі тиіс. Мәсе­лен, «интер­нет-ала­яқтар» жалған, яғни тір­ке­усіз нөмір­лер­ді қол­да­нып, өз құр­бан­да­ры­на қоңы­рау шала­ды. Осы әре­кет­тің бәрін мына бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры көріп тұрып, оны бұғат­та­удың орны­на, екі жақты бір-бірі­мен бай­ла­ны­сты­рып отыр. Сон­ды­қтан мем­ле­кеті­міз­де­гі ұялы опе­ра­тор­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гін Бай­ла­ныс тура­лы заң­мен мін­дет­те­уді мем­ле­кет бас­шы­сы­нан сұраймын.

Құрмет­ті Пре­зи­дент! Мен, құқық қорға­у­шы әрі заң­гер ретін­де сіздің наза­ры­ңы­зды елі­міздің құқы­қтық жүй­есін­де­гі тағы бір маңы­зды мәсе­ле­ге – Қыл­мыстық кодекстің 423-бабы­на аударғым келеді. Бұл бап­тың мақ­са­ты – сотқа дей­ін­гі тер­геу мен жабық сот оты­ры­ста­ры­ның құпи­я­лы­лы­ғын сақтау. Алай­да оның қазір­гі қол­да­ны­луы адво­кат­тар мен құқық қорға­у­шы­лар үшін үлкен кедер­гілер туды­рып, олар­дың жұмысын едәуір шек­теп отыр. 

Осы мәсе­лені менің әріп­тесім, бел­гілі адво­кат Айман Ома­ро­ва көтеріп жүр. Көп жағ­дай­да мұн­дай мәлі­мет­тер­ді жари­я­лау – әділет­сіздік­ті әшке­ре­леу, заң­сызды­қтар­ды дер кезін­де тоқта­ту, сыбай­ла­стық пен жемқор­лы­қтың тамы­ры­на бал­та шабу мақ­са­тын­да жаса­ла­ды. Сон­ды­қтан бұл әре­кет мем­ле­кет­тік неме­се құзыр­лы орган­дар­дың заң­сыз әре­кет­терін ашуға, аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын қорға­уға бағыт­талған бол­са, тер­геу деректерін жария ету қыл­мыс ретін­де қарас­ты­рыл­мауы керек деп есептеймін.

Құр­мет­ті Пре­зи­дент! Жоға­ры­да тіз­бек­теп шыққан Адам құқы­қта­ры­на қаты­сты ең өзек­ті ұсы­ны­ста­рым Сіздің тара­пы­ңы­здан қол­дау тауып, қол­да­ны­сқа енгізіл­се, құқы­қтық мем­ле­кеті­міз­де­гі жүй­енің жаңа­ла­нуы­на ықпал етер еді. 

Айгүл ОРЫНБЕК,құқық қорға­у­шы заң­гер, қоғам қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн