Вторник , 10 марта 2026

Құқықтық мәдениет – әділетті қоғамның негізі

Қоғам­ның дамуы тек эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­ш­тер­мен неме­се инфрақұры­лым­дық жоба­лар­мен ғана өлшен­бесе керек. Мем­ле­кет­тің шынайы дамуы ең алды­мен оның құқы­қтық жүй­есінің сапа­сы­на, заң­ның үстем­ді­гіне және аза­мат­тар­дың құқы­қтық мәде­ни­етінің дең­гей­іне бай­ла­ны­сты. Осы тұрғы­дан алған­да құқы­қтық сая­сат­ты тиім­ді іске асы­ру, құқы­қтық мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­ру және аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын сот арқы­лы қорғау – кез кел­ген демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тің басты мін­дет­терінің бірі.

Құқы­қтық сая­сат – мем­ле­кет­тің құқық сала­сын­дағы даму бағы­тын айқын­дай­тын маңы­зды құрал. Ол заң­на­ма­ны жетіл­діруді, құқық қорғау жүй­есінің тиім­ділі­гін арт­ты­ру­ды және аза­мат­тар­дың заң алдын­дағы теңді­гін қам­та­ма­сыз етуді көз­дей­ді. Қаза­қстан­да соңғы жыл­да­ры құқы­қтық жүй­ені жаңғыр­туға бағыт­талған бірқа­тар рефор­ма жүзе­ге асы­ры­лып келеді. Бұл өзгерістер­дің басты мақ­са­ты – заң үстем­ді­гін нығай­ту, әділ­дік қағи­да­тын орны­қты­ру және аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын барын­ша қорғау.

Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев өз сөз­дерін­де заң мен тәр­тіп қағи­да­тын қалып­та­сты­ру­дың маңы­зын бір­не­ше рет атап өтті. Пре­зи­дент­тің айтуын­ша, әділет­ті қоғам құру үшін ең алды­мен әр аза­мат заң­ды құр­мет­теп, құқы­қтық жау­ап­кер­шілік­ті терең сезі­нуі қажет. Яғни құқы­қтық мәде­ни­ет тек мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың жұмысы­на ғана емес, әр адам­ның сана­сы­на бай­ла­ны­сты қалыптасады.

Құқы­қтық мәде­ни­ет дегені­міз – адам­ның заң­ды білуі ғана емес, оны құр­мет­те­уі, қоғам­дағы құқы­қтық нор­ма­лар­ды сақта­уы және өз құқы­қта­ры мен мін­дет­терін түсі­нуі. Қоғам­да құқы­қтық мәде­ни­ет жоға­ры болған сай­ын заң бұзу­шы­лық азай­ып, адам­дар ара­сын­дағы сенім арта түседі. Сон­ды­қтан құқы­қтық мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­ру білім беру жүй­есі­нен бастап, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на дей­ін­гі көп­те­ген сала­ның бір­лес­кен жұмысын талап етеді.

Әсіре­се, жастар ара­сын­да құқы­қтық сау­ат­ты­лы­қты арт­ты­ру­дың маңы­зы зор. Өйт­кені бүгін­гі жас буын – ертең­гі қоғам­ның тіре­гі. Егер олар өз құқы­қта­ры мен мін­дет­терін дұрыс түсініп өссе, бола­шақта заң­ды құр­мет­тей­тін, жау­ап­кер­шілі­гі жоға­ры аза­мат­тар болып қалып­та­са­ды. Бұл өз кезе­гін­де қоғам­дағы тұрақты­лық пен тәр­тіп­тің ныға­юы­на ықпал етеді.

Аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын қорға­уда сот жүй­есінің рөлі ерекше. Сот – әділ­дік орнай­тын, дау мен дау­лы мәсе­ле­лер заң аясын­да шешілетін негіз­гі инсти­тут­тар­дың бірі. Сон­ды­қтан сот­тың тәу­ел­сізді­гі мен ашы­қты­ғы – құқы­қтық мем­ле­кет­тің басты қағи­дат­та­ры­ның бірі болып сана­ла­ды. Егер аза­мат өз құқы­ғы­ның бұзы­лға­нын сезсе, сот арқы­лы әділ шешім­ге қол жет­кі­зе ала­ты­ны­на сенім­ді болуы керек.

Қаза­қстан­да соңғы жыл­да­ры сот жүй­есін жетіл­діру­ге бағыт­талған көп­те­ген шара қолға алын­ды. Цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­дың енгізілуі, сот про­це­стерінің ашы­қты­ғы мен қол­жетім­ділі­гінің артуы – осы­ның айқын көрінісі. Мұның бәрі аза­мат­тар­дың сотқа деген сені­мін нығай­туға және құқы­қтар­ды қорғау тетік­терін тиім­ді ету­ге бағытталған.

Құқы­қтық сая­сат­ты іске асы­ру, құқы­қтық мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­ру және сот арқы­лы құқы­қтар­ды қорғау – бір-бірі­мен тығыз бай­ла­ны­сты ұғым­дар. Егер бұл үш бағыт үйлесім­ді түр­де дамы­са, қоғам­да әділ­дік пен заң үстем­ді­гі орны­ғып, аза­мат­тар­дың мем­ле­кет­ке деген сені­мі арта түседі.

Сон­ды­қтан құқы­қтық мем­ле­кет құру – тек билік орган­да­ры­ның мін­деті емес, бүкіл қоғам­ның ортақ жау­ап­кер­шілі­гі деп біле­міз. Әрбір аза­мат заң­ды құр­мет­теп, өз құқы­қта­ры мен мін­дет­терін түсін­ген кез­де ғана әділет­ті әрі тұрақты қоғам қалып­та­са­ды. Заң үстем­ді­гі берік орны­ққан елде ғана еркін­дік пен қауіп­сіздік қатар өмір сүріп, мем­ле­кет­тің бола­шағы нық болады.

Сұл­тан ҒАЛЫМБЕК

Республиканский еженедельник онлайн