Вторник , 13 мая 2025

Үкілай Бестай: ЖАҒДАЙЫ НАШАР отбасыларды көргенде, ЖАНЫМ АУЫРАДЫ

– Кеңе­стік кез­ден қалған дағ­ды бой­ын­ша, ең алды­мен сізді және осы сұх­бат­ты пай­да­ла­нып, бар­ша қаза­қстан­дық әйел­дер қауы­мын 8 наурыз мере­кесі­мен құт­ты­қтап қоялық!

– Иә, рах­мет! Бұл күн менің төл мере­кем, туған күнім­мен қатар кел­ген, ақжар­ма тілек­тер айты­ла­тын күні – мен де әрдай­ым қыз-келін­шек, апа-әже­лері­мізді құт­ты­қтай­мын. Қуа­ны­шты сәт­тер­дің жиі болға­ны, ақ тілек­тің көп айты­лға­ны жақсы. 

– Енде­ше келе жатқан туған күніңіз­бен де құт­ты­қтай­мын! Деген­мен, бес сәбиі­міз өрт­те жанып кет­кен, бір отба­сын­дағы бес адам иіс тиюдің құр­ба­ны­на айна­лып жатқан қай­ғы­лы жағ­дай­да құт­ты­қта­удың реті де қиын. Қаза­қстан қоға­мын­да қалып­ты жағ­дай­ға айналған мұн­дай қай­ғы­лы оқиға­лар­дың жиі қай­та­ла­ну себебін сіз қалай түсін­діріп берер едіңіз?

Шыны­мен де, соңғы жыл­да­ры тұтас отба­сы­ның бір күн­де өмір­мен қошта­суы жиілеп кет­ті. Өте өкіні­шті жағ­дай! Бір шаңы­рақтың 5 ада­мы бір­дей кету деген қан­дай ауыр қай­ғы, Алла жақын­да­ры­на сабыр берсін. 

Елді дүр сіл­кін­дір­ген қаза­лы оқиға­лар билік­ке сон­ша­лы­қты әсер етпе­ді-ау, аза тұту күні жари­я­лан­ба­ды. Жаны ауы­рған жұрт бір-біріне көңіл айтып, бес бір­дей пері­ш­те­ден кешірім сұра­у­мен бол­ды. Олар­дың мез­гіл­сіз кет­кені үшін, шырыл­даған жан­да­ры қыр­шын­нан қиы­лға­ны үшін, мем­ле­кет­тен қамқор­лық бол­маға­ны үшін қара­пай­ым халық кешірім сұрап жат­ты. Ал бұл жағ­дай­лар үшін жау­ап­кер­шілік билік­те деп ойлай­мын. Егер елде­гі әле­умет­тік жағ­дай дұрыс бол­са, мұн­дай қай­ғы­лы оқиға­лар бол­ма­сы анық. Үкі­мет жағ­дай жаса­са, әр үйде қауіп­тің алдын ала­тын сиг­на­ли­за­ци­я­сы қосы­лып, қауіп­сіздік шара­ла­ры қам­ты­лған болар еді. Ақша­ла­ры жетіп тұр­са, шаңы­рақ иелері күн­көрістің қамы­м­ен 5 бала­сын үйде қара­у­сыз қал­дыр­мас еді. Бәрі де сол қар­жы­лық жағ­дай­ға тіре­леді. Бар тапқа­ны­мен бала-шаға­сын асы­рағы­сы келеді. Ал билік мем­ле­кет­тің басты құн­ды­лы­ғы әрі бола­шағы­нан тиесілі ақша­ны аяп келеді. Жырым­дап, жыр қылып беретін ақша­ның сол күйі бере­кесі де жоқ. 

– Айна­ла­сы бір айдың ішін­де болған қос бір­дей қай­ғы­лы оқиға біздің елде ана мен бала­ны әле­умет­тік тұрғы­да қорға­удың орас­ан зор про­бле­ма­ла­ры бар екенін айқын­дап кет­ті. Ал сіз бұл орай­да қан­дай кінәрат­тар­ды атап берер едіңіз?

Бар­лық елдер­де ада­ми капи­тал – мем­ле­кет­тің басты құн­ды­лы­ғы. Бұл мәсе­ле­ге біздің билік екі есе көңіл бөлуі тиіс. Ұлан-ғай­ыр жер­дің бай­лы­ғын иеленіп, оны игер­ген соң, оның несі­бесін ел көруі керек деп есеп­тей­мін. Біздікілер үлгі тұта­тын көр­ші Ресей­де бол­сын, тіп­ті ген­дер­лік сая­сат­ты қат­ты ұста­на­тын Еуро­па елдерін­де де дүни­е­ге бала әкел­ген анаға ерекше қамқор­лық таны­та­ды. Бала­сы­на да, өзіне де жететін төле­мақы тағай­ын­дай­ды. Бір ғана мысал кел­тірей­ін, өзім ұзақ жыл­дар тұрған Чехи­яда жер­гілік­ті тұрғын­дар ғана емес, шетел­дік­тер­ге де бала туған­да 1000 дол­лар көле­мін­де бір рет­тік төле­мақы беріп, 3 жасқа дей­ін айы­на 400 дол­лар шама­сын­да жәр­де­мақы беріп оты­ра­ды. Пра­га­да уақыт­ша виза­мен оқып жатқан қазақ сту­дент­терінің бір бала­сы үшін 9500 крон алып оты­рға­ны­на куә болғам. Біз­де 1 жасқа дей­ін төлей­тіні 20 мың тең­ге ғана. Сол үшін мен ана­лар көп бала­лы бола ма, жоқ па, әр бала­сы үш жасқа толған­ша мем­ле­кет 100 мың тең­ге­ден төле­уі тиіс деп санай­мын. Сол кез­де әр ата-ана ақша табу­дың соңы­нан кетпейді. 

Біз­де соңғы екі жыл­да екі мәр­те бір үйдің 5 бала­сы бір­дей өз үйін­де өрт­тің құр­ба­ны бол­ды. Бұл осы әле­умет­тік жағ­дай­дың төмен­ді­гі мен мем­ле­кет­тік қол­да­удың жетіс­пе­ушілі­гі­нен деп білем. Қара­жа­ты жететін адам бала­сын қара­у­сыз қал­дыр­май­ды, кемін­де ақша төлеп біре­уді жалдайды. 

– Үкілай бике, айт­пақ­шы, сіз көп­тен бері әле­умет­тік желілер және арнайы тре­нинг­тер арқы­лы көп бала­лы ана­лар мен бала тәр­би­есін өз баста­маңы­з­бен қозғап жүр­сіз. Қатқыл қоғам­да қаға­беріс қалған бұл мәсе­ле­лер­ді сөз ету сіз­ге қан­ша­лы­қты қызғы­лы­қты? Бұны аза­мат­тық мүд­денің мұқтаж­ды­ғы­нан туған баста­ма деп айта ала­мыз ба?

Асы­ра айтқан бол­май­ын, бірақ мен өзім­нің руха­ни таны­мым арқы­лы ұлт­тың мүд­десін көбірек ойлай­тын адам­мын. Аллаға шүкір, өз жағ­дай­ым жақ­сы. «Сен тиме­сең, мен тиме, бады­рақ көз» деп оты­ра бер­сем де бола­тын еді. Алай­да елдің жағ­дай­ы­на бей­жай қарай алмай­мын. Өз басым билік­тен ештеңе дәмет­пей­мін. Ал елде­гі жағ­дайы жоқ отба­сы­лар­ды көр­ген­де, шыны­мен жаным ауы­ра­ды. Күна­ра менен көмек сұрай­тын, әле­умет­тік желі­ге жәр­дем сұрап жаза­тын ана­лар көбей­іп бара­ды. Ауыр дерт­ке шал­ды­ққан қан­ша­ма балаға ақша жинау жүріп жатыр. Осы­ны көріп тұрып, қалай біл­ме­ген адам сияқты өтіп кетесің, әрқай­сысы­на 2 мың, 5 мың тең­ге­ден ауда­рам, тіп­ті қал­там­дағы соңғы 2 мыңым­ды ауда­рып жібер­ген кезім де бол­ды. Мен мил­ли­о­нер емес­пін, өз бала­ла­рым да бар, бірақ біреу қина­лып тұр­са, қар­ны ашып тұрға­нын айт­са, шыдай алмай­мын. Сол үшін ана мен бала мем­ле­кет­тің қамқор­лы­ғын­да болуы тиіс екенін айту­дан шар­ша­май­мын, әрдай­ым бұл билік­тен елде­гі ана мен балаға көмек беруін талап етемін. 

– Бәре­кел­ді! Қазақ айт­пақ­шы, Құдай­дан қайт­сын! Ал көп бала­лы ана­лар мәсе­лесінің ұлт­тық және мем­ле­кет­тік маңы­зын сіз қалай баға­лап берер едіңіз?

Дәл Қаза­қстан­ның қазір­гі жағ­дай­ын­да көп бала­лы ана­лар­ды алақа­ны­мы­зға салып, ардақта­уы­мыз керек. Оларға құр­мет­пен қарай­ық деген пікірім­ді әле­умет­тік желі­де кей­бір қазақ жур­на­ли­стері мазақ қылды…

– Айт­пақ­шы, осы орай­да сіздің «Фейс­бук­те» жазған посты­ңы­зды тәжі­ке қылған пікір­лер­ді оқы­дым. Ұлт мүд­десі жолын­дағы пай­ым­ды пікір­ге қоғам­ның жай-күй­ін өз көзі­мен көріп жүр­ген жеке­ле­ген жур­на­лист келін­шек­тер­дің, өздері де бала асы­рап оты­рған ана­лар­дың арсы­ла­нып айтқа­ны тіп­тен ерсі болды…

Бұл енді әр адам­ның таным-талға­мы­м­ен өлше­нетін жағ­дай бол­са керек… Мәсе­лен, мен 3 бала­ның өзін әрең дүни­е­ге әкеліп оты­рған ана ретін­де 6 бала­дан көп туған ана­лар­ды Батыр деп есеп­тей­мін. Расын­да да, оларға құр­мет­пен қарай­мын. «Фейс­бук­те­гі» сол пікір­та­ла­ста көп бала­лы отба­сы­лар деп, көп­ке тіл тигіз­бей­ік, абай­лап сөй­лей­ік дедім. Себебі ел алдын­да жүр­ген жур­на­ли­стер сол жер­де «көп бала­лы отба­сы­лар қоға­мға масыл, ақша үшін тар­сыл­да­тып туып жатыр, көп бала­дан – бір бала артық» деген ауыр сөз­дер жаз­ды. «Бес сау­сақ бір­дей емес» деген­дей, көп ата-ана шуыл­да­май-ақ өз бала­ла­рын бағып-қағып отыр, ал олар тура­лы қоғам­ның пікірі дұрыс болуы қажет. Ана­лар­дың ел алдын­дағы бей­несін елге жағым­сыз көр­се­ту кім­ге, не үшін керек?

– Жеке бастың есер эго­из­мі­нен туған ере­ге­стің сөзі болар…

Бәл­кім… Бірақ, менің пікірім­ше, жалғыз бала­ның бетіне қарап, оны «эго­ист» қылып өсір­меу керек, кемін­де 3–4 бала туған отба­сы­ның бала­ла­рын­да бауыр­мал­дық, қамқор­лық, ұлт­тық мүд­де мен жау­ап­кер­шілік мол бола­ды. Сон­ды­қтан жас келін­шек­тер­ге айта­рым: біре­уден артық бала туа алма­саң­дар, асы­рап алып, бір­не­ше бала­ны бір­ге бағы­ң­дар. Атам қазақ «бір бала – бала емес, екі бала – жар­ты бала, үш бала – бүтін бала» деп бекер айт­паған. Кең бай­тақ жері­мізді ұстап тұру үшін де, алып елдер­ге жұты­лып кет­пес үшін де, ұрпақ санын өсі­ру керек. 

– Біз де бай­қа­дық: сіздің көп бала­лы ана­ларға қаты­сты әле­умет­тік желілер арқы­лы жари­я­ла­на­тын ой-тұжы­рым­да­ры­ңы­зға кереғар пікір айта­тын, тіп­ті осы маңы­зды ұлт­тық мәсе­ле­ге қар­сы шыға­тын­дар аз емес. Бір таң­да­нар­лы­ғы – сіздің сол оппо­нент­теріңіздің дені әйел­дер. Бұл қоғам­дық кереғар­лы­қты сіз қалай түсіндіресіз? 

Мен жұрт­тың пікірін сый­лай­мын, бірақ елдің келе­ше­гін емес, тек жеке баста­рын ойлаған адам­дар­дың пікірін қабыл­дай алмай­мын. Менің көп­шілік пікір­мен сабақ­тас сөзім­ді қабыл­дағы­сы кел­ме­ген кей­бір жур­на­ли­стер бүкіл халы­қтың бюд­жеті мен келе­ше­гін кесіп-пішіп сөй­ле­геніне қараған­да, өздерін қоғам қай­рат­кері санай­тын болуы керек. Бір өкіні­штісі, олар қоға­мға, көп­ба­ла­лы ана­ларға тіл тигі­зу­ден қай­мы­қ­пай­ты­ны қорқынышты. 

Бар тіле­гім – сол көп бала­лы отба­сын жақтыр­май­тын әйел-ана­лар­дың ниеті түзел­се екен. Әрбір туған бала­ның өз несі­бесі бар, тек соны бала­ларға қай­тар­сақ, әлдеқай­да әділет­ті бола­ды. Елдің қаз­ба бай­лы­ғы – ол бала­лар­дың да ырзы­ғы, оны көпе-көр­неу өз басы­на пай­да­ла­нып кет­кен­дер­дің жаза­сын Алла береді. 

Билік ең бірін­ші кезек­те бала­ларға жағ­дай жасап, елін жақ­сы көретін ұрпақ өсіру­ге атса­лы­суы қажет. Қаза­қстан­дық пат­ри­о­тизм сол кез­де ғана пай­да бола­ды деп ойлай­мын. Өзін жоқ­шы­лық пен тар­шы­лы­қта өсір­ген мем­ле­кет­ке ертең­гі жетілер ұрпақтың аза­мат­тық аяны­шы қалай пай­да бол­мақ? Бүгін­гі билік халы­қты кедей­шілік­тің қорас­ы­на қамау­мен қатар, оның рухын да сын­ды­рып жатқан сияқты көрінеді.

– Пікіріңіз­ге толық қосы­лам, Үкілай ханым. Рухы қираған халық билік­ке тала­са алмай­ды ғой: бүгін­гі биші­ке­ш­тер­ге де кере­гі – осы! Ал жал­пы аумағы үш мил­ли­онға тақау (2 724 902 км²) шар­шы кило­метр жері­міздің әр шар­шы шақы­ры­мы­на жеті­ге жетер-жет­пес адам­нан келетін мем­ле­кет­тің демо­гра­фи­я­сы­на дина­ми­ка­лық пәр­мен беру үшін бала туу мәсе­лесін әле­умет­тік тұрғы­да мем­ле­кет қалай шешуі керек деп ойлайсыз? 

Біз мақта­на айта­тын – төрт бір­дей Фран­ция сый­ып кететін кең бай­тақ жер­дің халқы бар болға­ны 19 мил­ли­онға енді ғана жетіп отыр. Ал төрт емес, бір ғана Фран­ци­я­ның халқы, соңғы деректер­ге сүй­ен­сек, 65 мил­ли­он­нан асты (65 368 972 тұрғы­ны бар).

Жарай­ды, басқа­ны қой­ып, жаны­мы­здағы көр­ші Өзбек­стан халқы­ның өсі­мін айт­саңыз­шы – 34 мил­ли­он бол­ды. Бұл осы елдер­дің бола­шағы бар деген сөз. Өлмей­тін ел ұрпағы­мен жасай­ды. Ал біздің жур­на­ли­стер қал­мақ­пен соғы­су үшін адам санын көбей­ту керек пе, не үшін көп бала туу қажет дей­ді?! Демо­гра­фия деген жауыр болған сөз деп тың­дағы­ла­ры да кел­мей­ді. Ал мен жүр­ген жерім­де марқұм аға­мыз, демо­граф-ғалым Мақаш Тәті­мов сияқты жас келін­шек­тер­ге көп бала­лы болы­ң­дар деп, әрдай­ым ынта­лан­ды­рып жүрем. 

Бәрі де сол – баяғы қара­жатқа келіп тіре­леді: егер мем­ле­кет жағ­дай жасап отыр­са, көп бала­лы ана­ларға қол­дау таны­та­тын бағ­дар­ла­ма­лар­ды жүзе­ге асы­ра­тын бол­са, жастар бала­ны көп­теп туар еді. Үй-күйі жоқ, жұмыс­сыз жастар өз күн­дерін көре алмай жүр­се, «қолын бай­лай­тын» бала­ны қайт­пек?! Халқы аз, жері кең мем­ле­кет бірін­ші кезек­те осы сұраққа бас қаты­руы керек деп ойлай­мын. Біз демо­гра­фи­я­ны дамыт­па­сақ, ертең­гі күні жұмыс күшіне де зар болып қала­мыз. Қазір­дің өзін­де бір-екі бала­сы бар ауыл­дағы адам­дар мал баға­тын адам жоқ деп, зар еңіреп оты­рға­нын естіп жүрміз…

– Үкілай бике, ана мен бала тақы­ры­бы­на бай­ла­ны­сты өзіңіз атқа­рып жүр­ген қоғам­дық шару­а­лар төңіре­гін­де не айтар едіңіз?

Мен енді бала бағып, үйде оты­рған адам­мын ғой, қолым­нан бәлен­дей ештеңе кел­мей­ді. Деген­мен, бала­лар­дың ішкі потен­ци­а­лын аша­тын, қабілет­терін дамы­та­тын, әде­мі сөй­ле­у­ге, ел алдын­да еркін ойлы болуға үйре­тетін сабақтар өткізіп, соған көп бала­лы отба­сы бала­ла­рын тегін қаты­сты­рып жүр­мін. Каран­тин бастал­май тұрған­да, Медеу ауда­ны­ның «Бақыт­ты отба­сы» ғима­ра­тын­да мүм­кін­ді­гі шек­те­улі бала­лар­мен тегін жұмыс бастаған едім. Олар­дың ішкі демін қалып­та­сты­рып, дыбысын бағыт­тап, ойла­рын жет­кізіп сөй­ле­уі үшін жасай­тын арнайы жат­ты­ғу­лар күшті көмек­те­се бастаған. Бала­лар­дың зей­інін жақ­сар­тып, есте сақтау қабілетін дамы­та­тын – ней­ро­гим­на­сти­ка жат­ты­ғу­ла­ры кере­мет ұнап, қызы­ғу­шы­лы­қ­пен жаса­ла­тын. Өкініш­ке қарай, каран­тин­нің сал­да­ры­нан ол жұмыс жалға­сын таппады…

– Ал әлем­ге бел­гілі «Азаттық» радио­сы­ның бір кез­дер­гі таны­мал жур­на­лисі болған Үкілай ханым­ның әле­умет­тік зерт­те­уші-тәлім­гер­ге айна­лып кету себебі неде?

Сіз білесіз бе, осы жур­на­ли­стік әдетім болар, әлде аза­мат­тық ұста­ны­мым­ды таны­тып, дағ­ды­ла­нып қалған­ды­қтан болар, қоғам­дағы өзек­ті мәсе­ле­лер­ге өз пікірім­ді жиі біл­діріп оты­рам. Содан өз ойым­ды ашық жазам. Ешкім­ге тәу­ел­ді емес­пін, еркін­мін. Тіп­ті кей­де әпке­лерім біре­удің зия­ны тиіп кете­ді деп, уай­ым­дап қала­ды. Кей­де бір мәсе­лені ашық жазға­ным үшін «доста­рым» ара­лас­пай кетеді.

– Үкілай, бұл сұх­бат­та біздің сұрақтар­дан тыс ана мен балаға қаты­сты тағы қан­дай маңы­зды мәсе­ленің сөз болға­нын қалайсыз?

Ана мен бала тақы­ры­бын қозға­дық қой, енді мені алаң­да­та­тын мына бір мәсе­лені айтқым келеді. Біз­де мүм­кін­ді­гі шек­те­улі жан­дар көп. Ең қиы­ны – сал ауруы­на (ДЦП) шал­ды­ққан бала­лар­дың ана­ла­ры­на обал. Өсіп қалған бала­ла­рын көтер­ген­дік­тен, ауыр сал­мақтан бәрінің бел­дері ауы­ра­ды. Бір­не­ше ата-анамен сөй­лесіп тұра­мын. Олар ауру бала­ла­ры­на қарап отыр, енді емха­наға барып емде­лей­ін десе, үйде оты­рға­ны үшін олар­дың меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру поли­стері де жоқ. Мыса­лы, Чехи­яда кәме­лет­тік жасқа тол­маған 2 бала­сы бол­са, ана­ла­ры да тегін меди­ци­на­лық көмек ала­ды. Дәрі­гер­ге ешқан­дай шек­те­усіз, ақы­сыз қара­ла­ды. Біз­де неге олай емес?

Соны­мен қоса, өмір бойы арбаға таңы­лған бала­сы­на қараған ана­лар­ды зей­нет­ке ерте шыға­ру керек деп есеп­тей­мін. Ден­са­улы­ғы жоқ ада­мға мем­ле­кет қарай­лас­па­са, бәрі бекер. Ең басты­сы – осын­дай ауыр тақы­рып­тарға халы­қтың өзі мей­ірім­мен қарап, жана­шыр қоғам­дық пікір туды­ра­тын бол­са, мем­ле­кет те бұл мей­ір­бан тала­пқа мой­ын­сұ­нар еді.

– Иә, ойы­ңыз әбден орын­ды. Рах­мет! Ел үшін, ұлт мүд­десі жолын­дағы азды-көп­ті құл­шы­ны­сы­ңы­зды Құдай қолдасын!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн