Суббота , 5 июля 2025

ҮКІМЕТ ШТРАФПЕН КҮН КӨРУГЕ КӨШТІ

1 қаңтар­дан бастап Қаза­қстан­да көлік­пен жол жүру тәр­тібін (ЖЖТПДД) бұзу­дың айып­пұл мөл­шері бес пай­ы­зға артты. 

Еске сала кет­сек, 2017 жылы ЖЖТ бұзуға салы­нған айып­пұл­дан ҚР үкі­меті 1 трил­ли­он тең­ге­ге жуық пай­да тапқан. Ал өткен 2018 жылы бұл көр­сет­кіш трил­ли­он­нан асып жығы­ла­ры анық. Соны­мен бір­ге көлік­тің мотор күшіне бай­ла­ны­сты салы­на­тын салық көле­мі де көбей­ді. «Коле­са» сай­ты таратқан мәлі­мет бой­ын­ша, 2019 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап көп­те­ген төлем­дер­мен тығыз бай­ла­ны­сты айлық есеп­тік көр­сет­кіш көле­мі 120 тең­ге­ге артып, 2 405 тең­генің орны­на 2 525 тең­ге болған. Яғни 5 пай­ы­зға жоғарылады.

Сон­дай-ақ авто­көлік иелерінің түр­лі жағ­дай­ларға қаты­сты жасай­тын төлем­дерінің де көле­мі арт­ты. Мыса­лы, жол­да бел­гі­лен­ген жыл­дам­ды­қты саға­ты­на оннан жиыр­ма шақы­ры­мға дей­ін арт­ты­рған­дар осы­ған дей­ін 12 025 тең­ге айып­пұл төлеп кел­се, 1 қаңтар­дан бастап оның көле­мі 12 625 тең­ге­ге тең бол­мақ. Тро­туар­да, гүл­за­рда, көгал­да не бала­лар ойнай­тын алаң­дар мен спорт алаң­да­рын­да тоқтап тұрған­дар бұдан былай 24 050 тең­генің орны­на 25 250 тең­ге (10 АЕК) төлей­тін болады.

Әкім­шілік кодекстің кей­бір бап­та­рын­дағы ере­жені бұзға­ны үшін көлік басқа­ру құқы­ғы­нан айы­ра­тын жаза түрі айып­пұл салу­мен ауы­сты­ры­луы мүм­кін. Бірақ құжатқа енуі мүм­кін бұл өзгерістер­ді депу­тат­тар әлі де қарастыруда.

Көлік салы­ғы да был­ты­рғы жыл­мен салы­сты­рған­да арта түс­кен. Мыса­лы, 2018 жылы ел қазы­на­сы­на 2 АЕК, яғни 4 810 тең­ге құй­ған шағын лит­раж­ды (қозғал­тқыш көле­мі 1,1–1,5 тек­ше см-ге дей­ін) көлік иелері 2019 жыл­дан бастап 5 050 тең­ге төлемек. 

АЕК неме­се 7 215 тең­ге төлеп кел­ген­дер енді 7 575 көле­мін­де ақша жұм­сай­ды. Ал қозғал­тқыш көле­мі зор джип көлік­терінің қожай­ын­да­ры 281 385 (117 АЕК ) тең­генің орны­на 2019 жылы 295 425 тең­ге көле­мін­де салық төлей­тін бола­ды. Сай­ып кел­ген­де, Қаза­қстан үкі­меті салы­қ­пен сорып, халы­қты қанау арқы­лы күн көру­ге көшті.

«D»

Республиканский еженедельник онлайн