Четверг , 26 июня 2025

ҮШІНШІ ЖАҺАН СОҒЫСЫНА жол беруге болмайды

Әлем­де­гі гео­са­си аху­ал тұрақты деу қиын, күр­делі жағ­дай күн сай­ын өзге­реді десек артық емес. Бір қуа­нар­лы­ғы, 24 мау­сым­да АҚШ пре­зи­ден­ті Дональд Трамп Изра­иль мен Иран бітім­ге кел­ді деп жари­я­ла­ды. 13 мау­сым­нан бері бір-біріне әуеден шабуыл жасап, бірін-бірі тас-талқан етпей­ін­ше тын­бай­тын­дай көрін­ген Изра­иль мен Иран оқ атпау тура­лы ұсы­ны­сқа келіс­кенін мәлім­деді. Сөй­тіп, екі ел ара­сын­да аты­сты тоқта­ту режи­мі күшіне енді.

Содан бір­ша­ма уақыт бұрын Изра­иль пре­мьер-мини­стрі Бинья­мин Нета­нья­ху Изра­иль аты­сты тоқта­туға келі­седі деп мәлім­де­ген. Ол АҚШ-қа және пре­зи­дент Трамп­тың жеке өзіне «Изра­иль­дің қорға­ны­сы­на қол­дау біл­дір­гені және Иран тара­пы­нан төн­ген ядро­лық қауіп­ті жоюға қаты­сқа­ны үшін» алғы­сын жет­кіз­ген. Бұған қоса «Изра­иль мем­ле­кеті тари­хи ұлы жетістік­тер­ге жетіп, әлем­дік дер­жа­ва­лар қата­ры­на қосы­лға­нын» айтқан.

 Оған дей­ін Иран билі­гі де аты­сты тоқта­туға келі­сетінін мәлім­де­ген. Сей­сен­бі күні таңер­тең Иран­ның мем­ле­кет­тік теле­ар­на­сы Изра­иль­мен ара­дағы қару­лы қақты­ғы­ста аты­сты тоқта­ту режи­мі басталға­ны жай­лы ақпа­рат таратты.

 New York Times басы­лы­мы­ның хабар­ла­у­ын­ша, аты­сты тоқта­ту жөнін­де­гі келісім­ге келу­ге Қатар ара­ағай­ын болған. Бұл ел Иранға АҚШ-тың бітім­ге келу жөнін­де­гі ұсы­ны­сын жеткізген.

Әрине, аты­стың тоқтаға­ны жақ­сы, Таяу Шығы­ста тыны­штық орна­са – одан да жақ­сы. Бұл келісім­ге тарап­тар­дың қалай бір­ден келі­се қалға­ны да бел­гісіз. Мүм­кін, «ерден ердің қау­пі бар» деген­дей, бір-бірінің әске­ри шама-шарқын, өліс­пей беріс­пей­тінін, мұның арты сал­да­ры ауыр жаһан­дық соғы­сқа ұла­сып кетуі мүм­кін екенін сезін­ген шығар. Мүм­кін, Иран­ның сыр­тқы істер мини­стрі Аббас Арак­чи көмек қолын соза­ды-ау деп Мәс­ке­у­ге барған­мен, Кремль де екі оттың орта­сын­да қалу­ды қала­май, келісім­ге келу жөнін­де кеңес бер­ген шығар. Оның үстіне Иран­ның өзі де алға­шын­да әлем­дік мұнай тасы­ма­лы­ның бес­тен бір бөлі­гі өтетін Ормуз бұға­зын жауып, АҚШ-тың сол аймаққа жақын орна­ласқан әске­ри база­ла­рын атқы­лай­ты­нын айтқан­мен, бұл өзіне де орас­ан зор эко­но­ми­ка­лық және әске­ри шығын әке­летінін анық түсін­ген шығар…

Қалай деген­де де қаса­ры­сқан қар­сы­лық бәсең­деп, оқ атпау тура­лы келісім жасал­ды. Үлкен өкініш­ке қарай, ара­дан көп өтпей-ақ екі тарап та бұл келісім­ді бұзып, тағы да зымы­ран­дар­мен атқы­лау деректері тір­кел­ді. Бұл – әлгі келісім­нің тым нәзік, кез кел­ген сәт­те бұзы­ла­ты­нын көр­се­те­ді. Сенім­сіз, қауіп­ті жағы да осы!

Екін­ші жағы­нан алы­ста орна­ласқан бүкіл Еуро­па, АҚШ бастаған батыс елдері Изра­ил­дің Иранға қар­сы аса қатал агрес­сор­лық әре­кетін қол­дап, тіп­ті көмек беріп жат­са да, мұсыл­ман елдері түк бол­маған­дай тып-тыныш оты­рға­ны алаң­да­та­ды. Тереңірек үңіліп, бай­ы­бы­на анық бой­лай алсақ, шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де – бұл хри­сти­ан дінін ұста­на­тын бүкіл батыс елдері мен ислам дінін ұста­на­тын мұсыл­ман елдерінің ара­сын­дағы қақты­ғыс, «келе­шек­те әлем­ді мұсыл­ман халы­қта­ры билей­ді» деген қорқы­ныш, соның алдын алу сияқты көрі­неді. Ал Изра­иль – АҚШ бастаған баты­стың Таяу Шығы­стағы отты көсеп, өшір­гісі кел­се өшіретін, лау­ла­тып жаққы­сы кел­се – отқа май­ды лақыл­да­тып құй­ып жібе­ретін қол­ба­ла­сы іспетті.

Олай дей­ін десек, бір дін­ді ұста­на­тын, дер­лік бір ұлт секіл­ді туы­сқан халық – орыс пен укра­ин да міне үш жырым жыл бойы тоқта­у­сыз соғы­сып келеді. Қан­ша­ма адам жазы­қ­сыз құр­бан бол­ды? Қан­ша­ма ауыл­дар мен қала­лар қиран­ды­ға айнал­ды? Оларға да «қой­ы­ң­дар» дей­тін біреу жоқ, Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның қауқа­ры түк сезіл­мей­ді. Есесіне «аузы қисық бол­са да, бай­дың ұлы сөй­лесін» деп, Баты­стағы бай мем­ле­кет­тер­дің айтқа­ны­на көніп, айдаға­ны­на жүріп, бас шұлғып қана отыр. Осы­ны анық білетін олар қай­та «қыры­ла түсің­дер» деп ақша­лай да, әске­ри де көмек беріп, ашық қол­дау көр­сетіп, әдет­те айтып кел­мей­тін ажал­дың аузы­на айтып апа­рып-ақ айдап салып, мил­ли­он­даған адам­ның құр­бан болға­нын қалай­тын сияқты. Ал бұдан «эко­но­ми­ка – сая­сат­тың шоғыр­ланған көрінісі» деп, әдет­те «дамы­ған ел» деп ата­ла­тын елдер­дің әске­ри-өндірістік кешені мил­ли­ард­таған дол­лар табыс тауып отыр!

Жал­пы, бүкіл әлем елдері сол қару­ла­нуға кететін есеп-саны жоқ қар­жы­ны өз мем­ле­кетінің әле­умет­тік-руха­ни, адам­гер­шілік тұрғы­дан дамуы­на жұм­саған­да, о дүниені күт­пей-ақ, осы дүниенің өзін­де қан­ша адам­зат бала­сы ұжмақта өмір сүр­мес пе еді?! Оның үстіне қазір көп­те­ген елдер ішкі жал­пы өні­мінің 5 пай­ы­зы­на дей­ін қорға­ныс сала­сы­на бөлуді қарас­ты­рып жатыр. Бұл да дұрыс шешім деп ойлау қиын. Өйт­кені, әйгілі жазу­шы Антон Чехо­втың «сахна­да мыл­тық ілулі тұр­са, спек­такль­дің соңы­на дей­ін ол мін­дет­ті түр­де аты­луы керек» дей­тінін­дей, жап­пай қару­ла­ну ешқа­шан жақ­сы­лы­ққа әкел­мей­тіні анық. Себебі, бәрібір ол бір күні атылады.

Соған қараған­да, Құдай бетін аулақ қыл­сын, ақыр­за­ман топан судан емес, әлем елдерінің жап­пай қару­ла­нып, жаһан соғы­сы­на тар­ты­луы­нан туын­дай­тын сияқты. Тарих­та екі жаһан соғы­сы бол­ды, ол кез­де ядро­лық қару, ондаған мың шақы­ры­мға аты­ла­тын және көз­де­ген нысанға дәл тиетін зымы­ран­дар жоқ бола­тын. Енді оның бәрі бар, сон­ды­қтан да үшін­ші жаһан соғы­сы­на жол беру­ге бол­май­ды! Оның орны­на бүкіл әлем жап­пай қару­сызда­ну жолы­на түсіп, бей­біт те бере­келі қатар өмір сүру­ге ұмты­лға­ны дұрыс!

Осы тұрғы­дан Ресей-Укра­и­на, Пале­сти­на-Изра­иль, Иран-Изра­иль ара­сын­дағы және басқа да соғы­стар­дың түп­кілік­ті тоқтаға­нын қалар едік. Бұл – Жер шарын­дағы ізгі ниет­ті бар­лық адам­дар­дың арма­ны екені күмәнсіз!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ «D»

Республиканский еженедельник онлайн