Пятница , 4 июля 2025

«Үшінші күш» КЕЛГЕНДЕ, саяси картина айқындалады

  • Қазір қаза­қстан­дық сая­си кеңістік­те­гі аху­алға объ­ек­тив­ті баға беру қиын. Өйт­кені сай­ла­у­ға түсетін негіз­гі күш­тер дара­ла­нып шыққан жоқ. Біз әзір­ше билік пен оппо­зи­ци­я­ның әре­кет­тері­мен, соның өзін­де сай­ла­у­ға дай­ын­дық кезеңін­де­гі жора­мал­дар­мен ғана таны­спыз. Кар­ти­на үшін­ші күш­тер әре­кет­ке қосы­лған­да ғана айшы­қта­на бастайды.

Үшін­ші күш деп оты­рға­ны­мыз – Қаза­қстан­ды соңғы 30 жыл бойы шірітіп кел­ген, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың кла­ны. Оның кан­ди­да­ты тір­кеу аяқта­лар кез­де ғана бой көр­се­те­ді. Бұлар­дың қолын­да шексіз мол қар­жы­лық, күштік ресур­стар ғана емес, әкім­шілік пәр­мен де бар. Оның кадр­ла­ры әлі билік саты­сы­ның бар­лық басқы­шта­рын­да, соның ішін­де күштік құры­лым­дар­да сіресіп отыр.

Сай­ла­уды төбесі­нен төң­керіп тастау үшін, ондаған мил­ли­ард­ты лақты­ра салу оларға қиын­дық кел­тір­мей­ді, бар­лық сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның жұмысы­на ара­ла­са­ды. Олар­дың көбін сатып алу мүм­кін­ді­гі бар. Қаңтар­да халы­қтың басы­на әңгір­та­яқ ойнатқан 20 мың бан­дит – осы­лар­ды­кі. Олар құрып кет­кен жоқ. Бес қаруын сай­ла­нып, «марш» деген коман­да­ны күтіп отыр. Қаңтар оқиға­сы­ның тәжіри­бесін ескер­ген олар бұл жолы дай­ын­ды­қ­пен келеді. Коман­да­ла­ры – дәлірек, әре­кет­тері нығы­рақ болуы мүмкін.

Бұлар­дың әре­кетіне кедер­гі жаса­мау үшін, штат­тағы күштік құры­лым­дарға «ара­лас­паң­дар» деген бұй­рық беріледі. Ол бұй­ры­қты күштік құры­лым­дар­дың облы­стық, аудан­дық депар­та­мент­терін­де оты­рған­дар тап­жы­лт­пай орын­дай­ды. Сая­си тұтқын­дарға қаты­сты істер­дің бәрі солар­дың қолын­да. Бұл санат­тағы­ларға қаты­сты Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың пәр­мені әлі жүре қой­ған жоқ.

Әрине, бұл жора­мал іске аспа­уы да мүм­кін. Деген­мен, әркім­нің есін­де болға­ны арты­қ­шы­лық етпей­ді. Қазір­гі мәсе­ленің өзек­тілі­гі мына­да болып отыр. Қалып­тасқан сая­си аху­ал­да оппо­зи­ция мен билік өза­ра қан­дай қаты­нас орна­туы керек? Бұл еке­уінің текетірес­ке түсіп жатуы екі құзғын талас­са, бір қарғаға жем болады­ның кері болып шығай­ын деп тұр. Мұн­дағы басты кіл­ти­пан үшін­ші күштің қарға емес, Қаза­қстан­ның сая­си көгін­де­гі ең жырын­ды және әккі құзғын екенін­де болып отыр.

Үшін­ші күштің әлсіз буы­ны – кад­рын­да. Оның жақын туы­ста­ры­ның бәрі – сая­си-құқы­қтық меше­улі­гі­мен, шек­тен асқан басы­нуы­мен, жемқор­лы­ғы­мен, бұқа­ра ара­сын­да жексұрын­ды­ғы­мен әшке­ре болған­дар. Ал жақын қыз­мет­те­стерінің ара­сын­да бірен-саран халы­қтың көзін алдап, бір­сы­ды­рғы тәуір көрі­нетін­дері бар. Олар­дың бірі – Иманға­ли Тасмағамбетов.

Ол өмір бойы «Бас ұры­ның» итпе­гін­де болға­ны­мен, халық алдын­да беделін сақта­уға тыры­сып, жағым­ды бір­деңе­лер істеп (мәде­ни­ет­ке көмек тигіз­ген болып), көз­ге түсіп жүр­ген адам. Назар­ба­ев­тың «сүй­ік­ті өні­мінің» ерекшелі­гі – қожа­сы­ның оны шын жүре­гі­мен сүй­етінін­де емес, басқа­ның аты­на жаз­ды­рған арам мил­ли­ард­тар­ды арқа­лап, ком­про­мат­тың астын­да өмір сүріп жатқа­нын­да. Халық ара­сын­да аздаған беделі бар Тасмағам­бе­тов – пре­зи­дент Тоқа­ев үшін еле­улі бәсе­ке­лес болып шығуы мүмкін.

Осы күш­тер­дің ара­сын­дағы қаты­на­стар­да тереңірек көз салып, ажы­ра­тып алу қажет­ті­гін туды­ра­тын мәсе­ле­лер бар­шы­лық. Қазір сая­си күре­стің екі полюсін­де екі күш – билік пен оппо­зи­ция тұр. Үшін­ші күш тура­лы сөз қозға­лып жатқан жоқ. Ол сая­си аре­наға шыға кел­ген­де, абды­рап қалу қау­пі бар. Осы бастан гипо­те­ти­ка­лық үшін­ші күшті кім­дер кел­бет­тей­тіні, оның сая­си әле­уеті тура­лы талқы­ла­у­лар қажет.

Болат Әбі­лов «Тоқа­ев үш жыл­дың ішін­де түк бітір­меді» дей­ді. Осы сөзді көп адам­дар қай­та­лап жүр. Пре­зи­дент­тің қыз­метіне қаты­сты «неге сөй­тіп жібер­мей­ді», «неге бүй­тіп жібер­мей­ді, қолын­да ғой» деген сөз­дер жиі естіледі. Бір жағы­нан Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың маңыз алар­лық ештеңе бітір­ме­гені рас.

Солай бола тұра, бұл кон­ста­та­ция объ­ек­тив­ті бола алмай­ды. Өйт­кені оның түк біті­ре алуы­на мүм­кін­дік беріл­ген жоқ. 2019 жылы Тоқа­ев­тың пре­зи­дент­тік­ке сай­ла­нуы – Назар­ба­ев ойлап шығарған құбы­л­ту бола­тын. Шын­ту­ай­тын­да, Тоқа­ев­та билік болған жоқ. Ондай мүм­кін­дік оған соңғы 8 айда ғана, оның өзін­де іші­на­ра туып отыр. Қар­жы, эко­но­ми­ка, әле­умет­тік сала­лар­дың бәрін­де, әсіре­се күштік құры­лым­дар­да «ұры­ның» адам­да­ры Тоқа­ев­тың арба­сы­ның дөң­ге­ле­гіне таяқ тығуын жалға­сты­рып келеді. Осы­дан жел­ке­ге мініп алған «көлең­келі үкі­мет­тен» құты­лу үшін, Тоқа­ев сай­лау өткізіп, билік­ті толық өз қолы­на алмақ деген қисын туын­дай­ды. Ауыр пси­хо­ло­ги­я­лық аху­ал­дан төзі­мі тау­сы­лған Қасе­кең бұл ады­мға дани­я­лық фило­соф Сёрен Къер­ке­гор сипаттаған­дай, «әлде – әлде» жағ­дай­ын­да барып отыр деген пікір де шынай­ы­лы­ққа жақын.

Тоқа­ев­тың шыдам­ды­лы­ғы­на тән­ті бол­масқа лаж жоқ. Жел­кесін­де қыбыр­ла­тып, құлағы­на сыбыр­ла­тып жұмыс істе­у­ге әркім шыдай бер­мей­ді. Айтқа­нын бұрып әкетіп, орын­да­май, орын­дат­тыр­май оты­ра­тын аху­алға кім төзеді? Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның салқы­нқан­ды дипло­ма­ти­я­сы, қаза­қи сабыр­лы­лы­ғы үш жылға жет­ті. Мұны­сы дұрыс болды.

Езгінің ішін­де­гі ауы­ры – пси­хо­ло­ги­я­лық езгі екені бел­гілі. Әле­умет­тік-пси­хо­ло­гия маман­да­ры Тоқа­ев­тың қазір қабыл­дап жатқан шешім­дерінің аста­рын оның ішкі жан әле­мін­де­гі арпа­лы­стар­дан ізде­ген болар еді. Заң­ды пре­зи­дент­тік мерзі­мін үзіп тастап, біре­гей әре­кет­ке баруын пре­зи­дент­тің жеке бас қадірін сақта­уға тыры­суы­мен, тұлға­лық қам­та­ма­сызды­ғын ойла­у­ы­мен бай­ла­ны­сты­ру­дың жөні бар. Сіз өз басы­ңы­зға түс­кен­дей ойлап көріңіз: қыз­мет бабын пай­да­ла­нып, өрес­кел заң­сызды­ққа барған шене­унік­ті орны­нан алып тастай­сыз, ертеңін­де ол билік саты­сы­ның бұры­нғы­дан да жоға­ры басқы­шын­да шіреніп оты­рып, сіз­ге әжу­а­мен, мысқыл­дай қарай­ды. Неме­се маңы­зды басқо­суға барға­ны­ңы­зда, сіздің орны­ңы­зда «өзге» біреу қон­жиып оты­рға­нын көресіз… Мұн­дай­ға шыдау – екінің бірінің қолы­нан келе бер­мей­ді. Тоқа­ев­тың үш жылы осын­дай ауыр пси­хо­ло­ги­я­лық қысым жағ­дай­ын­да өтті. Енді ол М.Әуезовтың «шыдам­ды­лық – жақ­сы қаси­ет, бірақ ұзақ шыда­уға өмір қысқа» деген тәм­сілі­мен әре­кет ету­ге көш­кен сыңайы бар. Сон­ды­қтан оның қабыл­дап жатқан шұғыл және біре­гей шешім­дерінің себеп­теріне тереңірек түм­сі­ну­ге тыры­сқан жөн.

Рас, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың бұқа­ра қабыл­дай алмаған сөз­дері мен әре­кет­тері де бол­ды. Бұған да ыждаһат­ты­қ­пен қарау керек. Біз­де ірі лау­а­зым­дағы неме­се таны­мал қай­рат­кер­лер­дің сөзі мен ісін рет­те­уші меха­низмдер әрқа­шан жоға­ры дең­гей­де болға­нын, қазір де солай екенін естен шығар­маған абзал. Рет­те­гі­ш­тер ешкім сезбей­тін зама­на­уи әдістер мен аппа­рат­тар­ды қол­да­нып әре­кет ете­ді. Бұл тұстағы итөлік­тер­ді ешкім біл­мей­ді және аңғармайды.

Болат айта­ды: «Дәл қазір олар үшін маңы­зды нәр­се – билік­ті сақтап қалу, өзінің, маңай­ын­дағы­лар­дың, Назар­ба­ев­тың қауіп­сізді­гі». Бұл жер­де екі мәсе­ленің басы ашыл­май тұр. Бірін­шісі: олар деген кім­дер деген сұраққа тіре­леді. Сөз сырағы­сы Назар­ба­ев пен Тоқа­ев деген түсінік­ті береді.

Болат Әбі­ло­втың түсі­нуін­ше, ол еке­уі ымы бір, бір­лесіп әре­кет етіп жатыр. Мұның сырын ашу үшін, олар­дың екін­шісінің бірін­шісіне қаты­сты қол­да­нып жатқан сая­си жүрістеріне тал­дау жасау керек.

Иә, Тоқа­ев­тың билік иерар­хи­я­сы­ның іші­нен шыққа­ны, Назар­ба­ев «дәр­те теп­пей­ді, түрен бұз­бай­ды» деп, сен­ген адам­дар­дың бірі болға­ны рас. Бірақ одан бері Ерті­сте талай су ақты. Қазір де солай ма? Егер бұлар­дың ымда­ры бір бол­са, бірі пре­зи­дент­тік тіз­гін­ді, екін­шісі оның жел­кесі­нен мықтап ұстап отыр­са, бірі-бірі­мен түсінісіп, бір жаға­дан бас шыға­рып, әре­кет етіп жат­са, онда несіне сай­лау жүр­гізіп жатыр? Осы кіл­ти­пан­ның басын ашып алмай, жора­мал­мен әре­кет етудің арты үлкен өкініш­ке апа­рып соқты­руы мүмкін.

Қараңыз: «елба­сы­ның» есі­мі Кон­сти­ту­ци­яға мем­ле­кет құру­шы ретін­де жазыл­май­тын бол­ды. «Аста­на күні» (оның туған күні), «Пре­зи­дент күні» атал­май­тын бол­ды. Ол қалаған уағын­да пар­ла­мент­ке келіп, сөз сөй­леп, нұсқау бере алмай­тын бол­ды. Есі­мі мәде­ни­ет сала­сын­дағы нысан­дар­дан алы­нып жатыр. Нұр-Сұл­тан­ның аста­на ретін­де­гі аты өзгер­ді. Оның жақын туы­ста­ры қуда­ла­нып жатыр. Осы шара­лар­дың бәрі бір­тін­деп, келесі басқы­шқа – «тұңғыш пре­зи­дент» тура­лы ерекше заң­ның күшін жоюға бағыт­талған әре­кет­тер­дің үдей түсуіне бастап бара жатыр. Соңғы акт жүзе­ге аса­тын бол­са, Назар­ба­ев пен туы­ста­ры­ның басы­на қара түнек орна­уы тиіс. Осы шара­лар­ды еке­уі бірі­гіп істеп жатыр ма?

Біре­улер бұл шара­лар Тұңғыш пре­зи­дент тура­лы ерекше заң­ды сақтап қалу үшін шалы­нған құр­бан­дық деп түсін­діру­де. Шын­ту­ай­тын­да, бұл – қозға­лып кет­кен сең­ге, ала­пат тасқын­ның баста­лып кетуіне көбірек ұқсай­ды. Енді «бас ұры­ның» басы­на түсетін зауал­ды тоқта­ту мүм­кін бе? Оның кла­ны жан­та­ла­сып кіріс­кен­нің өзін­де ол өзі тура­лы заң­ды бір­ша­ма, уақыт­ша ұстап тұра алуы мүм­кін. Түбін­де ол заң күшін жой­май қой­май­ды. Өйт­кені тарих тоған­мен бөгеп тастай­тын шал­шық су емес. Тарих – Ұлы өзен. Оның ағы­сы­на көл­де­нең тұруға болмайды.

Екін­ші мәсе­ле билік­ті сақтап қалуға қаты­сты: олар ат тіз­гінін қосып ұстаған­да, билік­ке қауіп қай­дан, кім­нен төнуі мүм­кін? Халық баяғы­ша бұй­ы­ғы, оппо­зи­ция да бұры­нғы­ша шашы­лып жүр.

Назар­ба­ев тарих­тың ағыс арна­сын­да көл­де­нең тұрға­нын сезген сияқты. Қазір­дің өзін­де үнжұрға­сы түс­кен ол өткен­де­гі қыл­мысты қылы­қта­рын мой­ын­дап, енді­гі шапағат­ты ара­б­тың Алла­сы­нан күту­ге ойы­сқан түрі бар. Ұрлы­ғы дар­дай, сау­ат пен сала­у­ат­ты­лы­қтан жұр­дай бай­ғұ­стың намазға барған­дағы түрі шын жал­ба­ры­нған адам­ның кей­піне ұқсай­ды. Өмірі түзел­мей­ді деген ате­и­стің аяны­шты түрі­нен оның шынын­да да мешіт­ке садақа тастап, зауал­дан құты­лып кету­ге дәмесі бар сияқты. Руха­ни мешеу, интел­лек­ті зақым­данған (осын­дай син­дром бар) сор­лы бұған кәміл сенетін сияқты. Енді­гі сұрақ оның әлі де уысын­дағы мол қар­жы­лық, күштік, әкім­шілік ресур­сты пай­да­ла­нып, билік үшін соңғы тұяқ сер­пу­ге ақы­лы мен іскер­лі­гі жете ме, жет­пей ме деген­ге тіре­леді. Оның басы­на зауал орнағанға дей­ін тірі болуы­на тілек­те­стік біл­діруі­міз керек.

«Тоқа­ев – совет­тік адам, ресей­шіл» – дей­ді Болат. Тоқа­ев Ресей­дің құлақ­кесті құлы­на айна­лып алған Назар­ба­ев­тың плат­фор­ма­сы­нан шыққа­ны рас, әрине. Деген­мен, соңғы кез­дер­де­гі Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың әре­кет­тері бұл баға­ла­у­ға басқа­ша қара­уды алға тар­тып отыр. «ЛХР», «ДХР» деген­дер­дің ква­зи­мем­ле­кет­тер екен­ді­гін, сон­ды­қтан таны­май­ты­нын ашық айтып, Ресей тара­пы­ның нара­зы­лы­ғы­на қал­ды. Түр­кітіл­дес мем­ле­кет­тер­мен жақын­да­сып, түрік пре­зи­ден­ті Реджеп Ердоған­ның ықы­ла­сын алуы біздің пре­зи­ден­ті­міздің қалып­тасқан бай­ла­ныс век­тор­ла­ры­на өзгеріс енгізіп жатқа­нын көр­сетіп отыр.

Оппо­зи­ци­ядағы жігіт­тер қалып­тасқан сая­си аху­ал­ды сезбей оты­рған жоқ. Түр­лі шара­лар жасап жатыр. Мен Тоқа­евқа қаты­сты бірі – төз­бей, екін­шісі – оны­мен ынты­мақ­та­суға барған екі қай­рат­кер­дің ақыл­да­сып, тұғыр­ла­рын айқын­дап алуы қажет­ті­гін ескер­тер едім. Бұл жер­де сөз, тиісін­ше, Болат Әбі­лов пен Әке­жан Қажы­гел­дин тура­лы болып отыр. Қазір­гі қалып­тасқан сая­си аху­ал бұлар­дың соңғы­сы­ның тұрғы­сы­ның дұры­сты­ғын қуаттайды.

Мен аталған еке­уінің де адал­ды­ғы­на шек кел­тір­мей­мін. Олар­дың көкей­ін тес­кен нәр­се – қаза­қты әділет­ті қоғам құру жолы­на түсі­ру. Болат ана жыл­да­ры барын салған бола­тын. Жүрек қала­у­ы­мен пар­ла­мент­тен кетіп, оппо­зи­ция жағы­на шықты. «Бутя-капи­тал­дың» купон салым­шы­ла­ры­на диви­денд төлеп, бұқа­раға мол қар­жы­ны тара­тып беріп, өзге­лер­ге үлгі көр­сет­ті. Әке­жан бол­са, шет­те жүр­се де, ысы­лған сая­сат­кер­лі­гі­мен «Азия Муга­бесінің» ұйқы шырқын бұзып келеді. Кезін­де бұларға авто­ри­та­риз­мнің нуын жағып жібе­рудің сәті түс­пе­ді. Енді тон­нель түбі­нен саңлау жылт еткен­дей болған­да, сая­сат­та бел­сен­ді әре­кет­ке кірісіп жатыр. Уақыт Болат пен Әке­жан­ның қалып­тасқан сая­си аху­ал­да түр­лі қитұрқы құбы­лы­стар­дың мәнін айқын ажы­ра­тып алға­нын талап етеді.

Оппо­зи­ция дай­ын емес, дай­ын болған емес, бола алмай­ды да, егер халық бұқа­ра­сы аза­мат­тық қоғам құруға құл­шы­ныс таныт­па­са. Халық ұғы­мы­на бұқа­ра­ның әле­умет­тік бел­сен­ділі­гін көте­ру­ге қаты­сты пікір­лерім­ді мен бұрын талай айтқан­мын. Оны қапе­ріне алған ешкім болған жоқ. Тағы да айта­мын (бұл мақа­ла­да емес), сай­лау өткен­нен кейін.

Оппо­зи­ция ортақ бір кан­ди­дат («біре­гей кан­ди­дат» емес, «біре­гей» – «уни­каль­ный» деген мағы­на­да қол­да­ны­ла­ды) шыға­ра алмай­ды. Оның кере­гі де жоқ. Оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дар арам­тер болып, осы­ны талқы­лаған болып жатыр. Ола­ры өздерін бұқа­ра алдын­да да, билік алдын­да да әлсізді­гін әшкере

еткен­нен басқа нәти­же бер­ген жоқ. Әр сая­си топ өз кан­ди­да­тын шыға­рып, жұмысын жүр­гі­зуі керек, күш алып бара жат­са, өзге­лер өзі­нен-өзі келіп қосылады.

Сая­си қай­рат­кер­лер­дің пікір­та­ла­ста­ры оппо­зи­ци­я­ның өз беделін түсіретін фак­торға айналған. Сон­ды­қтан бір-бірінің бетін жыр­тқан­ды қой­ып, үшін­ші күшті күту керек. Үшін­ші күш сая­си аре­наға шыға қал­са – ныса­наға соны алу керек, шық­па­са – Тоқа­евқа сәт­тілік тілеу керек. Үшін­ші күштің пай­да болға­нын көре тұрып (ол қазір кан­ди­да­тын тір­кеп жатқан­дар­дың бірі болуы мүм­кін), Тоқа­евқа қар­сы әре­кет­тер жасау – елді 30 жыл шіріт­кен нағыз зұлы­мға көмек­те­су болып шығады.

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың биы­лғы жеңісі – оппо­зи­ци­я­ның жеті жыл­дан кей­ін­гі жеңісінің баста­уы. 2029 жылы біз Әке­жан Қажы­гел­дин­нің, Болат Әбі­ло­втың, Ермұрат Бапи­дың, Тоғ­жан Қожа­лы­ның сая­сат көгін­де қалқып та, шалқып та жүр­генін көретін боламыз.

Сон­ды­қтан оппо­зи­ци­яда жүр­ген жігіт­тер­ге айта­рым: қазір абы­р­жы­маң­дар, сен­дер­дің уақыт­та­рың келе жатыр! Сол кез­де фаво­рит өз ара­ла­ры­ң­нан шыға­тын болады.

Қанағат ЖҮКЕШ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн