Пятница , 4 июля 2025

Үш түрлі сценарий: Украинадағы соғыс қалай аяқталады?

Ресей­дің Укра­и­на­дағы басқын­шы­лық соғы­сы­ның жалға­сып жатқа­ны­на көп-көрім уақыт өтті. Соғы­сты тоқта­ту тура­лы, келіс­сөз­дер­ді жалға­сты­ру тура­лы әңгі­ме­лер әлсін-әлсін айты­лып келе жатқа­ны да бел­гілі. 

Болжал­ды келіс­сөз­дер­дің фор­мат­та­ры да, онда айты­лып жатқан талап­тар да әртүр­лі. Соған сай, сарап­шы­лар мен әске­ри маман­дар­дың пікір­лері де әрұ­шты. Жуыр­да аме­ри­ка­лық тал­да­у­шы және стра­тег Раджан Менон соғы­стың келіс­сөз арқы­лы аяқта­луы тура­лы өз пікірін «Foreign Policy» жур­на­лы­на жари­я­лап­ты. Біз аталған мақа­ла­дағы ойдым ойлар­ды оқыр­ман талқы­сы­на ұсы­нған­ды жөн деп таптық. 

Соны­мен, стра­тег Раджан Менон: «Қазір Путин­мен келіс­сөз жүр­гі­зетін уақыт емес», – деген­ге кәміл сенеді. 

Аталған мақа­ла­да: «Путин­мен мәмі­лені жақта­у­шы­лар соғы­стың аяқта­луын болжай ала­ты­ны­на нық сенім­ді сияқты. Ресей­дің жеңісі – (айта­лық, Дон­басс, Хер­сон және Запо­ро­жьені бақы­лау) және Укра­и­на­ны өзіне бағын­ды­руы. Алай­да дәл осын­дай пай­ым­да­у­лар­дың дәлел­де­ушілік негізі мүл­дем жетіс­пей­ді деп айтуға бола­ды. Жүріп жатқан соғы­стың қалай аяқта­ла­ты­ны­на ешкім де сенім­ді емес. Осы орай­да, айты­лып жүр­ген, кел­тіріп жүр­ген болжам­дар­дың бар­лы­ғы дер­лік бүгін­ге дей­ін дұрыс бол­маға­нын еске­рер бол­сақ, болжам жаса­у­шы­лар қиыс кетіп жүр деген қоры­тын­ды жаса­уға тура келеді», – делінген. 

Менон­ның пікірін­ше, бей­біт келіс­сөз­дер­ге шақы­ру­дың тағы бір кем­шін жағы бар. Путин­мен мәмі­лені жақта­у­шы­лар Укра­и­на Қару­лы Күш­терінің алдын­да тұрған про­бле­ма­лар­ды атап өте­ді де, оған керісін­ше, Ресей­дің алдын кес­кестеп тұрған про­бле­ма­лар жай­ын­да жақ ашпай­ды. Ресей жағы­нан соғыс құр­бан­да­ры­ның саны Укра­и­наға қараған­да анағұр­лым көп екен­ді­гі де таса қала­ты­ны көзі ашық жұрт­ты ойлан­ды­руға тиісті­гі де тарс естен шығып кетіп жатады. 

«Аяқ асты­нан Укра­и­на­ның еле­улі про­бле­ма­ла­ры жоқ және ол мін­дет­ті түр­де жеңеді деген сөз туын­да­уға тиіс пе? Жо-жоқ. Алай­да, бұл пікір­ді алға тар­ту­шы­лар Ресей­дің қуат­ты күш­ке айналға­ны тура­лы сенім­ді, желілік болжам­дар­дың бар екенін қапер­леріне ұста­уға тиіс. Сон­ды­қтан Укра­и­на тара­пы­нан жақын ара­да келіс­сөз­дер­ге бей­іл­ділік таны­туға тура келеді деп көку­шілік алжасқан жан­ның сан­ды­рағы болып та таны­ла­ды», – делін­ген басылымда. 

Сарап­шы Укра­и­на бел ала бастаған сәт­те дәл қазір Путин­мен келіс­сөз­дер жүр­гі­зетін уақыт емес деген басты дәлел­ді алға тар­та­ды. Бұл рет­те аме­ри­ка­лық тал­да­у­шы және стра­тег Раджан Менон Укра­и­на енді ғана Баты­стың қажет­ті қару-жарағын ала бастаға­нын жұрт есіне салып өтті. 

«Сарап­шы­лар тара­пы­нан ұсы­ны­лып оты­рған келіс­сөз­дер мерзі­мі де олар­дың кел­тір­ген дәлел­дерінің еле­улі кем­шілі­гі болып сана­ла­ды. Көп­те­ген бей­біт келіс­сөз­дер­ді жақта­у­шы­лар олар­дың тезірек баста­луын қалай­ды… Бірақ Құра­ма Штат­тар мен оның еуро­па­лық одақ­та­ста­ры Укра­и­наға ондаған мил­ли­ард дол­ларға қару-жарақ жет­кі­зуді енді ғана бастаған сәт­те келіс­сөз тура­лы сөз қозға­удың өзі ақы­лға да сый­май­тын сан­ды­рақ дер едік. Қосым­ша қару-жарақтың жет­кізілуінің қан­дай­лық мән­ге ие болға­нын естен шыға­ру­шы­лық, Укра­и­на­ның атыс қуа­ты арт­та түс­кен шақта, бұрын өзін еркін сезініп кел­ген ресей­лік қару­лы күш­тер қазір­гі қарқы­нын өріс­те­те ала ма, алмай ма деген басы ашық сау­ал­дың ұшты­ғын көр­мей, әйте­уір дал­ба­са­лап келіс­сөз­дер­ге асы­ғу­шы­лық ақы­мақтық болар еді», – делін­ген басылымда. 

Менон егер қосым­ша әскер­лер мен қару-жарақ күш­тері­мен нығай­ты­лған Укра­и­на көп аумақты өзіне қай­та­рып алса және Путин өз арми­я­сы­ның қосым­ша жетістік­тер­ге жете алмай­ты­нын түсін­се, Киев­те сая­си рет­те­у­ге ықпал ету теті­гі арта түсетіне нық сенімді. 

Сарап­шы соғыс төмен­де­гі үш тәсіл­дің бірі­мен аяқта­луы мүм­кін деп болжайды: 

1. Ресей арми­я­сы қазір­гі­ден де көп жер­ді басып алған шақта Батыс Укра­и­на­дан бас тар­тып, осы­ған орай дан­дай­сы­ған Путин Киев­ті тізе бүк­ті­ре жаза­лай­ды да, Укра­и­на­ның бір бөлі­гі РФ аумағы­на айна­ла­ды. Қалған бөлі­гі тәу­ел­сізді­гін сақтаға­ны­мен, Мәс­ке­удің айтқа­ны­нан шық­пай­тын қол­ба­ла­сы болады. 

2. Ресей Укра­и­на­ның азған­тай аумағын бақы­лай­ды, Путин өз арми­я­сы­ның көп жер­ге қол жет­кі­зе алмай­ты­нын және одан көп жер жоғал­туы мүм­кін екенін мой­ын­дай­ды. Сая­си рет­теу орын ала­ды және Укра­и­на ақыр соңын­да ЕО мен НАТО-ға кіреді. 

3. Соғыс тұй­ы­ққа тіреліп, қар­сы­лас екі жақ одан шығу мүм­кін еме­сті­гін ұғы­на­ды. Бірақ Путин­нің Укра­и­на­ның бей­та­рап­ты­ғын қам­та­ма­сыз ету­ге жет­кілік­ті теті­гі бар екені ескеріледі. Киев өзінің келіс­сөз күшін Батыс елдерін­де өзінің қару­лы күш­терін оқы­туға, өз арми­я­сын баты­стық қару-жарақ­пен жарақтан­ды­руға және осы­лай­ша Ресей­дің ықпал ету аясы­нан тыс қалуға еркін­дік беретін қару­лы бей­та­рап­ты­қты талап ету үшін пайдаланады. 

«Әрине, бұл ұсы­ным қатып қалған дүние емес, басқа да сце­на­рий­лер болуы мүм­кін. Бірін­шісін есеп­ке алмаған­да, қалған еке­уі ортақ сипатқа ие. Укра­и­на Ресей­дің ары­нын тоқта­тып, өзінің қар­сы шабуы­лын өрістетіп, жау қолын­дағы көбірек аумағын өзіне қай­та­рып, келіс­сөз­дер пози­ци­я­сын күшей­туді талап ете­ді. Ол үшін Укра­и­наға Ресей­дің сағын сын­ды­ра­тын уақыт қажет: баты­стық қару-жарақ май­данға енді ғана кіре баста­ды және таяу айлар­да бұн­дай қол­да­удың көле­мі арта түседі. Ресей мен Укра­и­на ақыр соңын­да сая­си рет­теу жөнін­де келіс­сөз­дер жүр­гі­зе ала­ды. Бірақ қазір оларға ымы­раға келің­дер деп қысым­шы­лық жасай­тын уақыт емес», – деп сарап­шы өз ойын жай­ып салады.

Mezgil.kz

Республиканский еженедельник онлайн