Пятница , 23 мая 2025

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ ішкі саясаттың ТҰҒЫРЫНА ҚАЛАНАДЫ

  • Мен өз сөзім­ді ішкі сая­сат пен идео­ло­гия тура­лы тақы­ры­пқа арнағым келіп отыр. Осы сала­дағы жеті мәсе­ле бой­ын­ша ұсы­ныс бер­гім келеді. 

Бірін­ші­ден.

Осы кез­ге дей­ін елі­міз­де талай мәр­те идео­ло­ги­я­лық сая­сат жасақтау әре­кет­тері орын алға­ны бел­гілі. Олар­дың бар­лы­ғын дәл қазір тізіп, тіз­бек­те­удің қажеті жоқ деп санай­мын. Бірақ түп­теп келетін бол­сақ, олар­дың өмір­ден ойып орын ала алмауы­на, шынайы өмір­дің өзе­гіне айна­ла алмауы­на бір­не­ше себеп­тер бар. Олар: пост­со­вет­тік, пост­ком­му­ни­стік инер­ция, қоғам­ның этно­де­мо­гра­фи­я­лық құра­мы, Қаза­қстан қоға­мы мен оның аймақта­ры­ның әркел­кілі­гі, идео­ло­ги­я­лық нар­ра­тив­тер­дің әркел­кілі­гі, идео­ло­гия мен шынайы өмір, сөз бен іс ара­сын­дағы алшақтық, тағы­сын тағы. 

Мыса­лы, ұзақ жыл­дар бойы бай­лы­қты, бай ата­улы­ны жаман­ды­қтың сино­ни­мі деп түсін­ген қоғам ішін­де нарық тура­лы кереғар пікір­лер қалып­та­сты. Бұның кей­бір қай­шы­лы­қта­ры мен сарқын­шақта­рын әлі күн­ге дей­ін көріп келеміз. 

Тағы бір мысал. Бүгін­де совет зама­нын бір кере­мет таза, пәк кезең деген жалған нар­ра­тив кең тараған. Ал шын мәнін­де, шын­ды­ғын­да біз­де­гі қыл­мыс та, қыл­мыстық сана да, жемқор­лық та, парақор­лық та – бар­лы­ғы да совет­тік кезең­нен баста­лып, жалға­сып, үдеп кет­кен құбы­лы­стар. Оларға нары­қтық эко­но­ми­ка­ның неме­се демо­кра­ти­я­ның қаты­сы шамалы. 

Тағы бір мысал. Қазақ әде­би­еті мен мәде­ни­етін­де совет кезеңін­де қол­дан жасалған «ауыл» мен «қала» ара­сын­дағы қақты­ғыс, аграр­лық және қала­лық сана ара­сын­дағы кон­фликт әлі күн­ге дей­ін шеші­мін тап­пай келеді. Ауыл­ды қала дәре­же­сіне көте­ру емес, қала­ны ауыл дәр­же­сіне апа­руға алып келеді. Бұл үлкен идео­ло­ги­я­лық қателік. Осын­дай қателік­тер мен олқы­лы­қтар объ­ек­тив­ті түр­де сара­ла­нып, шынайы сарап­та­луы тиіс.

Екін­ші­ден. 

Дей тұрған­мен, соңғы кез­дері зия­лы орта­да, ел ішін­де, бас­пасөз бетін­де, әле­умет­тік желілер­де «Қаза­қстанға жаңа мем­ле­кет­тік иедо­ло­гия қажет» деген сыңай­дағы әңгі­ме­лер саны күн санап артып келеді. Бұның өзі, ойла­нып көр­сек, ел тарихы­ның бір тари­хи кезеңі аяқта­лып, оның жаңа бір сапа­лы саты­ға, жаңа тари­хи дәуір­ге аяқ басқа­ны­ның ныша­ны деп біле­мін. Идео­ло­ги­яға деген сұра­ныс, жаңа идео­ло­ги­я­ны талап ету бел­гілі бір тари­хи кезеңнің аяқталға­нын білдіреді. 

Жал­пы алған­да, Қаза­қстан тарихы­ның жаңа кезеңінің «Біз кім­біз?», «Қай­дан шықтық?», «Қай­да бара жатыр­мыз?», «Кім және қан­дай болуы­мыз шарт?» деген сұрақтар­дан баста­луын өз басым жақ­сы­лы­ққа жоры­ғым келіп отыр. Осы сұрақтарға шынайы жау­ап бере алсақ, бола­шақтағы бол­мысы­мы­зды айқын­дап, қиын кезең­дер­ден, тари­хи сынақтар­дан аман шыға аламыз.

Осы себеп­ті көп­шілік­тің талап-тілек­терін еске­ре оты­рып, Пре­зи­ден­ті­міз соңғы үш жыл­да айқын­даған, үш Құры­л­тай­да талқы­ланған, уақыт еле­гі мен қоғам талқы­сы­нан өткен идео­ло­ге­ма­лар мен құн­ды­лы­қтар­ды топ­та­сты­рған, кемі 2030 жылға дей­ін­гі уақыт­ты қам­ти­тын Ішкі сая­сат док­три­на­сы не кон­цеп­ци­я­сы қабыл­да­нуы шарт.

Үшін­ші­ден. 

Идео­ло­гия дегені­міз – сая­сат пен мәде­ни­ет­ті жалғай­тын өмір­лік өзек, табиғи арна. 

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның баста­уы­мен бір­ша­ма жұмыстар да жаса­лып, жасақта­лып жатыр. Соның бірі – елі­міз­де орын алған архив­тік рево­лю­ция. Пре­зи­дент құрған мем­ле­кет­тік комис­си­я­ның ұйға­ры­мы­м­ен 700 мың­нан астам НКВД-КГБ орган­да­ры­ның құжат­та­ры мен істері құпи­я­сыздан­ды­рыл­ды. Соңғы үш жыл шама­сын­да зұл­мат жыл­дар­дағы Қаза­қстан­ның тарихы­на қаты­сты мың­даған құжат­тар жари­я­ла­нып, ғылы­ми айна­лы­мға түсті. Серия-серия, том-том тари­хи құжат­тық жинақтар жарық көрді.

Тағы бір үлкен жетісті­гі­міз – елі­міздің жаңа тарихын­да қазақ ғалым­да­ры тұңғыш рет өз тарихын түген­деп, өткенін тәу­ел­сіз сара­ла­у­ға мүм­кін­дік алды. Қаза­қстан тарихы­ның көп­том­дық ака­де­ми­я­лық тарихын жазуға бүгін­гі таң­да жүз­де­ген отан­дық және әлем­дік ғалым­дар тар­ты­лып, жұмысын бел­сен­ді жүр­гізіп жатыр. Алдағы жылы шыға­тын көп­том­дық – қазақ, орыс, ағы­л­шын тілін­де жари­я­ла­нып, бола­шақта елі­міздің мек­теп­тен уни­вер­си­тет­ке дей­ін­гі бар­ша оқулы­қта­рын жаңар­туға мүм­кін­дік беретін тұғыр­лы қадам. Бұл қадам­дар осы сала­да жаса­лып жатқан басқа да қадам­дар­мен бір­ге жоға­ры­да қой­ы­лған біраз сұрақтарға жау­ап алуға толық мүм­кін­дік береді. 

Ал енді­гі сұрақтарға жау­ап алу үшін, менің ойым­ша, бүгін­нен қал­дыр­май «Қаза­қстан­ның сая­си ойы тарихы», «Қаза­қстан­ның құқы­қтық тарихы», «Қаза­қстан­дағы эко­но­ми­ка­лық ой тарихы», «Қаза­қстан­ның фило­со­фи­я­сы», тағы сол сияқты кешен­ді фун­да­мен­тал­ды еңбек­тер тіз­бе­гі жарық көруі керек. Бұн­дай кешен­ді жұмыстар қаза­қтың жаңа заман­дағы идео­ло­ги­я­сын жасақта­уға сеп бола­тын, оның иде­я­лық, тари­хи негіз­дерін, заң­ды­лы­қта­рын айқын­дай­тын нақты қадам болмақ. 

Төр­тін­ші­ден. 

Елі­міздің жаңа идео­ло­ги­я­сы өмір шын­ды­ғы­нан, ұлт­тың қиын-қыстау тарихы­нан, сая­си мұра­ты мен эко­но­ми­ка­лық мүд­десі­нен, жаңа қоғам­ның әле­умет­тік құн­ды­лы­қта­ры­нан туын­дап, табиғи түр­де, орга­ни­ка­лық түр­де өсуі шарт.

Басты мақ­сат – Қазақ ұлты мен мем­ле­кетінің Тәу­ел­сізді­гі. Заң мен тәр­тіп­тің бар­шаға ортақ прин­цип­ке айна­луы. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бар сала­да өз-өзін қорға­уға, жері мен руха­ни­я­тын қам­та­ма­сыз ету­ге дай­ын­ды­ғы. Елі­міздің әр аза­ма­ты­ның сөз бен іс жүзін­де­гі пат­ри­о­тиз­мі, өзінің және елінің бола­шағын ойлап, қамқор болуға әзір­лі­гі. Қоғам­ды қоғам ететін, ұйы­тып, бір­лі­гін, иман­ды­лы­ғын сақтай­тын құн­ды­лы­қтар­дың дәу­лет құруы. Сая­сат­тың басты мін­деті – осы алғы шар­ттар­ды жүзе­ге асы­ру. Кез кел­ген қай­шы­лы­қты бей­біт түр­де шешу­ге ортақ дай­ын­ды­қты паш ететін мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­ру. Осы­лар іске асып жат­са, өзге­ден ерекше «қазақ арма­нын» ізде­удің не қажеті бар?!

«Бөтен» мен «жақын» дей­тін­ге кел­сек, алдағы жыл­да­ры қазақ ешкім­ді жау қыл­май­тын идео­ло­ги­я­ны ұста­нуы керек. Идео­ло­гия біре­уді жау қылу неме­се біре­уден кек алу үшін жасал­май­ды. Нега­тив­тік моти­ва­ция ерте ме, кеш пе бар­ша­ны тығы­ры­ққа тіреп, бола­шақтағы соғы­старға жол ашады. 

Өзгеріс, бет­бұрыс энер­ги­я­сы сыр­тқа емес, ішке бұры­луы шарт. Біздің «жат» бұры­нғы кей­пі­міз, арха­и­ка­лық бол­мысы­мыз. Біздің «бөтен» совет­тік, ком­му­ни­стік, отар­ланған санамыз. 

Адал аза­мат адал қоғам­ды, адал қоғам әділет­ті мем­ле­кет­ті құра ала­ты­ны бел­гілі. Бұған кепіл бола ала­тын екі құрал бар: бірі – заң мен тәр­тіп, екін­шісі – мәде­ни­ет пен ақпа­рат. Осы­ның бар­лы­ғын ұйым­да­сты­рып, ұйы­сты­ра­тын құрал мен құралғы­ны идео­ло­гия десек қателеспеспіз. 

Бесін­ші­ден. 

Жаңа идео­ло­ги­я­лық үштаған. Кон­сти­ту­ци­о­на­лизм. Инсти­ту­ци­о­на­лизм. Конвенциализм.

Кон­сти­ту­ция және қоғам 

Осы­дан дәл үш жыл бұрын бастау алған пре­зи­дент­тік рефор­ма­лар кон­сти­ту­ци­я­лық рефе­рен­дум кезін­де қоғам тара­пы­нан көп­шілік дауы­сқа ие болып, қол­дау тап­ты. Бұл рефор­ма­лар сая­си айна­лы­мға, сая­си өмір­ге мем­ле­кет­тің бас құжа­ты Кон­сти­ту­ци­я­мы­зды жаңғыр­тып, оны тіке­лей әре­кет құжа­ты­на айнал­ды­руға мүм­кін­дік ашты. Кон­сти­ту­ци­я­лық сот жұмысы қай­та жаңғырды. 

Жаңа мем­ле­кет­тік идео­ло­гия заң мен тәр­тіп қағи­да­сы­на бағы­нуы керек дедік. Өмір­ге қазақ құқы­ғы, қазақ құқы­қтық жүй­есі деген тір­кестер мызғы­мас заң­ды­лық кепілі ретін­де ора­луы шарт. 

Кон­сти­ту­ци­я­ның өмір­мен, қара­пай­ым адам­дар тағ­ды­ры­мен кезі­гіп, қауы­ша­тын жері – сот жүй­есі. Сот, сот про­це­ду­ра­ла­ры, сот құжат­та­ры – қоғам­ды тәр­би­е­леу және тәр­тіп пен әділет орна­ту құралы.

Біз заң өктем­ді­гі қағи­да­тын сот­тар­дың сай­ла­нуы не тәу­ел­сізді­гі деген­нен емес, сот­тар­дағы бар­ша про­це­ду­ра­лар­ды айқын, анық, бәсе­келі ету­ден, әрбір про­це­ду­раға ила­ну, сену дәстүрі­нен баста­уы­мыз қажет. 

Кон­сти­ту­ция және құқық негіз­дері мек­теп оқулы­қта­ры­на енуі шарт. Соны­мен қатар кон­сти­ту­ци­я­лық оқу­шы­лар мен жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы олим­пи­а­да­лар, кон­кур­стар саны есе­леп артуы керек.

Инсти­тут­тар жұмысы

Жаңа идео­ло­гия ең алды­мен мем­ле­кет­тік кон­сти­ту­ци­я­лық инсти­тут­тар­дың бел­сен­ді, шынайы жұмысы­на негіз­де­луі керек. Біз­ге әрбір мем­ле­кет­тік инсти­тут­тарға жан бітіріп, пәр­мен беру керек. Бұл ең алды­мен аймақтар мен өңір­лер­де­гі мәс­ли­хат­тар жұмысы­на қаты­сты бол­мақ. Бұл тура­лы Пре­зи­ден­ті­міз өңір мәс­ли­хат­та­ры депут­та­ры­ның фору­мын­да кешен­ді баян­да­ма жасаған болатын. 

Пре­зи­ден­ті­міз мем­ле­кет­тік орган­дар мен шене­унік­тер­ге ең алды­мен Кон­сти­ту­ци­яға, кон­сти­ту­ци­я­лық инсти­тут­тарға пәр­мен беру керек екені тура­лы айтып жүр. Мыса­лы, әле­умет­тік желілер қоғам­дық инсти­тут болып табы­ла­ды. Олар­дың ешқан­дай кон­сти­ту­ци­я­лық күші жоқ. Қоғам­дық не әле­умет­тік бел­сен­ділік тек желі­де­гі жел­пі­ну болып қал­мауы шарт. Шынайы аза­мат­тық бел­сен­ділік айтып қалу емес, дәстүр­лі кон­сти­ту­ци­я­лық инсти­тут­тар мен мен меха­низмдер­ге арқа сүй­ей оты­рып, нәти­же­ге қол жет­кі­зу, соларға жан біті­ру, солар­ды пәр­мен­ді күш­ке айнал­ды­ра білу, кәде­ге жара­ту. Мем­ле­кет өз тара­пы­нан көп­те­ген тетік­тер­ді іске қосты. Ал оларға жан бітіріп, қоғам­ның жоғын жоқтап, барын түген­дей­тін инсти­тутқа айнал­ды­ру – бар­ша­ның ортақ жұмысы.

Кон­вен­ци­а­лизм

Идео­ло­гия дегені­міз қоғам­дық қай­шы­лы­қтар­дың санын кеміту неме­се жоқ қылу деген сөз емес. Керісін­ше, кез кел­ген қоғам қай­шы­лы­қтар арқы­лы дамып оты­ра­ды. Осы қай­шы­лы­қтар­дың мәде­ни һәм руха­ни сала­дағы, сая­сат пен эко­но­ми­ка­дағы текетіресі, басқа мәде­ни­ет­тер­мен және өрке­ни­ет­тер­мен пози­тив­ті не нега­тив­ті қарым-қаты­на­сы, кей­де қақты­ғы­сы бел­гілі бір қуат пен энер­гия өрісін қалыптастырады. 

Алай­да идео­ло­ги­я­лық тар­ты­стар, сая­си айты­стар елде мүл­дем мәмі­ле, аза­мат­тық не сая­си келісім бол­мауы керек деген сөз емес. 

Қазақ тарихы­на көз жүгірт­сек, қаза­қтың ғасыр­лар бойы іздеп көк­се­гені, арман­дап аңсаға­ны – бір­лік пен ауы­з­бір­шілік екен. Оның талай мыса­лын тарих­тан да, әде­би­ет­тен де жақ­сы білеміз. 

Ортақ мүд­де­ге бағы­ну, сөз­ге тоқтау, мәміле­ге келе білу қай заман­да да қазақ қоға­мы­ның арма­ны мен иде­а­лы бол­ды. Осы­ны еске­рер бол­сақ, бүгін­гі қаза­ққа, әсіре­се сая­си тап пен зия­лы қауы­мға кей­бір «дәстүр­лі» дерт­тен ары­лу қажет. 

Мыса­лы, идео­ло­ги­я­лық дуа­лиз­мнен ары­лу. Ұлт­тық интел­ли­ген­ция бой­ын­да онжыл­ды­қтар, тіп­ті ғасыр­лар бойы дуа­лизм қалып­та­сты. Оның шар­тта­ры: мем­ле­кет­ті жау санау, мем­ле­кет­тік сая­сат­ты қаза­ққа қар­сы сая­сат санау, тари­хи пес­си­мизм, бола­шаққа қаты­сты нега­ти­визм және бүгін­ге қаты­сты ниги­лизм мен цинизм. Бұл дуа­лизмді тіп­ті Тәу­ел­сіздік кезеңі әлі де толы­ққан­ды емдеп біт­кен жоқ. Алай­да жаңа идео­ло­ги­я­лық сая­сат осы бір дерт­ке дауа болуы шарт. 

Жаңа кезең­де­гі қазақ мем­ле­кетінің идео­ло­ги­я­сы ең алды­мен қазақ руха­ни­я­ты мен тарихы­нан сусын­дап, ұлт пен мем­ле­кет­тің түбе­гей­лі құн­ды­лы­қта­ры­на негіз­де­летін идео­ло­гия бол­мақ. Демек, осы тари­хи плат­фор­ма­да елі­міздің зия­лы қауы­мы мем­ле­кет жаны­на топ­та­сып, мем­ле­кет­тік құн­ды­лы­қтар­ды шын ниет­пен наси­хат­та­уға, одан қашқақта­май, шынайы сенуіне мүм­кін­дік алуы тиіс. Билік айна­ла­сы­на емес, мем­ле­кет айна­ла­сы­на. Себебі билік келеді, кете­ді, билік ауы­са береді: ал мем­ле­кет, мем­ле­кет­тік құн­ды­лы­қтар мызғы­май сақта­лып, жалға­сып жатуы тиіс бол­мақ. Бұл да бір модер­ни­за­ци­я­лық жоба аясын­да жаса­ла­тын қоғам­дық келісім­нің бірі болмақ. 

Осын­дай және осы­ған ұқсас жұмыстар­ды елі­міз­де­гі сая­си күш­тер, оның ішін­де Пар­ла­мент­те­гі сая­си пар­ти­я­лар бел­сен­ді жүр­гі­зе баста­уы қажет. 

  •  Айдос САРЫМ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты
Республиканский еженедельник онлайн