Четверг , 3 июля 2025

ҰЛТТЫҚ МҰРАТТАР ЖОЛЫНДА мен ешкімнен рұқсат сұрамаймын

Қазы­бек Иса:

(Жалға­сы. Басы газет­тің өткен санында)

– Өзіңіз депу­тат болып барған Қаза­қстан пар­ла­мен­ті мен сол төңірек­те­гі билік өкіл­дерінің көп­шілі­гі қазақ тілін әдірам қал­ды­рып, күн­делік­ті қарым-қаты­на­ста орыс­шаға шүл­дір­леп жүр­геніне көзіңіз жет­кен шығар?

– Айтып-айт­пай не керек?! Мыса­лы, қазір біз – депу­тат­тар Пре­зи­дент­тің Іс басқар­ма­сы­на қарас­ты орта­лық емха­на­да дәрі­гер­лік бай­қа­удан өту­де­міз. Мұн­да маған ем алу үшін үш бланк тол­ты­руға тура кел­ді. Қара­сам, бәрі орыс тілін­де. Мен, әрине, әдет­те­гі­дей мем­ле­кет­тік тіл­де­гі нұсқа­сын сұра­дым. Өзге ұлт өкілі, әйел дәрі­гер қазақ депу­тат­тың орыс тілін­де­гі нұсқа­дан бас тар­тқа­ны­на таң­да­нып, ком­пью­тері­нен біраз іздеп, өзге­лер­ге хабар­ла­сып жүріп, әйте­уір қаза­қ­ша нұсқа­сын тауып алып, шыға­рып бер­ді. «Не бол­ды, бұрын ешкім қаза­қ­ша нұсқа­сын сұра­маған ба?» – деп сұра­дым одан. «Шыным­ды айтай­ын, осы емха­на­да істе­гені­ме 6 жыл­дан асты. Ұмыт­па­сам, осы уақы­тқа дей­ін екі-ақ адам сұра­ды. Сіз үшін­шісіз. Бар­лы­ғы, жасы үлкен аға­лар мен апа­лар да орыс­ша сұрай­ды. Ешкім қаза­қ­ша сұра­май­ды, тіп­ті одан да ағы­л­шын­ша сұрай­тын­дар көп…» – деп ағы­нан жарылды.

Мен талап еткен соң, менен кей­ін кір­ген жұбай­ым­нан: «Қай тіл­де­гі нұсқа­сы керек?» деп дәрі­гер­дің өзі сұрап­ты. Көр­діңіз бе, менің жай ғана мем­ле­кет­тік тіл­ді талап етуім дәрі­гер­дің жұмысы­на оң өзгеріс әкелді.

– Пре­зи­дент­тің Іс басқар­ма­сы­на қарай­тын бұл емха­наға келетін, мұн­да дәрі­гер­лік бай­қа­у­мен қам­ты­ла­тын кімдер?

– Ере­ке, біле тұра сұрай­сыз, ә?! Мұн­да тір­ке­уде тұрған­дар кілең Үкі­мет­те­гі, Пар­ла­мент­те­гі, Пре­зи­дент әкім­шілі­гін­де­гі жоға­ры лау­а­зым­ды мем­ле­кет­тік қызметкерлер!

– Ал осы жоға­ры лау­а­зым­ды­лар­дың 90 пай­ы­здан аста­мы қазақ емес пе? Пар­ла­мент­те­гі депу­тат­тар­дың ара­сын­да бірең-сараң басқа ұлт өкіл­дері бол­ма­са, басқа жоға­ры мем­ле­кет­тік орган­дар­дың бас­шы­лы­ғы тегіс қаза­қтар ғой?!

– Менің айтып оты­рға­ным да осы! Үкі­мет мүше­лері, мини­стр­лер мен депу­тат­тар бастаған мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер блан­кінің қазақ тілін­де­гі нұсқа­сын сұра­май­ты­ны – олар қыз­мет­те де, тұр­мыста да орыс тілін пай­да­ла­на­ды деген сөз! Жоға­ры­дағы мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің дені мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей­ді. Мұн­дай масқа­ра жағ­дай әлем­де тек біздің елде ғана бар шығар!

Ал осы емха­наға тір­ке­лу құқы­ғын иелен­ген лау­а­зым­ды­лар қата­рын­да «Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кер­лері» деген атақ алған әншілер бар. Фоно­грам­ма­мен екі ән айт­са, есіріп, төрт ән айт­са, төбеңе шыққы­сы келетін, бірақ әннің сөзін де, әнін де өздері жазып алған­дай, ән автор­ла­ры­ның атта­рын айтқы­сы кел­мей­тін әншілері­міздің көбісі – осы атақ иелері. Әле­умет­тік желілер мен экран­нан елге ақыл айтқыш солар неге блан­кінің мем­ле­кет­тік тіл­де­гі нұсқа­сын сұра­май­ды? Неге әлем елдеріне қазақ тілін наси­хат­тап, қай елде бол­са да қаза­қ­ша сөй­леп жүр­ген дүл­дүлі­міз, қаза­ққа Құдай бер­ген Дима­шы­мы­здан үлгі алмай­ды? Қазақ тілін­де­гі шығар­ма­ла­ры арқы­лы «Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері» атанған ақын-жазу­шы­ла­ры­мыз неге қазақ тілінің мүд­десін ойлап, қаза­қ­ша нұсқа талап етпей­ді? Ком­по­зи­тор, сурет­ші, кино-театр әртістері, көп­те­ген өнер қай­рат­кер­лері ше?

Сон­ды­қтан Пар­ла­мент­те қаза­қ­ша сөй­лей­тін депу­тат­ты көр­сек неме­се Үкі­мет­те қаза­қ­ша сөй­лей­тін мини­стр­ді көр­сек, жал­пы Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның аста­на­сын­да қаза­қ­ша сөй­лей­тін қаза­қты көр­сек, шетел­де жүріп бір қаза­қты көр­ген­дей қуа­на­тын жағ­дай­да­мыз қазір…

– Ал енді билік­те­гі осы оры­стіл­ділер­дің шым­бай­ы­на тие бер­сеңіз, «Ақ жол» пар­ти­я­сы сіздің ман­да­ты­ңы­зды кері шақы­рып алуы мүм­кін ғой деген сұрағы­мы­зды жау­ап­сыз қалдырмаңыз…

– Пар­тия қазір ондай әлсіз кезең­нен өтіп кет­ті деп ойлай­мын. Егер «Ақ жол» сон­дай солқыл­дақты­ққа бара­тын пар­тия бол­са, қан­ша­ма кедер­гілер кез­дескен және ман­дат алған күні де ашық аран­да­ту­шы­лы­қтар тоқта­маған бұл жолғы сай­ла­уда да мені депу­тат­ты­ққа өткі­зе алмас еді. Бұл жер­де пар­тия бас­шы­сы Азат Перу­а­шев­тің қай­сар­лық көр­сетіп, табан­ды­лық таны­тқа­ны­на шын риза­шы­лы­ғым­ды біл­діре­мін. Менің депу­тат­ты­ққа өтуім­ді мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев бастаған сая­си жаңғы­ру­дың бір лебі деп баға­лап жатқан жұрт­тың пікірі дұрыс деп ойлаймын.

– Айт­пақ­шы, «Ақ жол» – пар­ла­мент­те­гі оппо­зи­ци­я­лық пар­тия бола­ды деген сөз шығып еді. Әрине, мұн­дай «оппо­зи­ци­я­лы­ққа» қаты­сты қоғам­да әртүр­лі пікір бар. Деген­мен, «Ақ жол­дың» пар­ла­мент­те­гі фрак­ци­я­сы бұл рөл­ді бұдан былай батыл және халық мүд­десіне сай атқа­ру үшін қан­дай да бір әре­кет­тер жасап жатқа­нын айта ала­сыз ба?

– Бірін­ші­ден, «Ақ жол» о бастан өзін кон­струк­тив­ті оппо­зи­ция деп жари­я­лаған пар­тия. Келесі жылы, құдай қала­са, пар­ти­я­мы­зға 20 жыл тола­ды. Ал «кон­струк­тив­ті оппо­зи­ция» деген не? Ол билік­ті сынап қана қой­май, өзінің бала­ма­лы ұтым­ды ұсы­ны­ста­рын билік­ке ұсы­ну, соған қол жет­кі­зу үшін күре­су деген сөз. «Ақ жол» бұл бағыт­та тиім­ді жұмыс істеп келе жатыр. Жал­пы, сая­сат дегені­міздің өзі келісім­ге келе білу арқы­лы жетістік­ке жетіп, елге пай­даң­ды тигі­зу ғой. Екін­ші­ден, «Ақ жол» пар­ти­я­сы – пре­зи­дент­тік басқа­ру жүй­есі­нен пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға көшуді ұсы­нып, сая­си жүй­ені өзгер­туді ұсы­нып оты­рған жалғыз партия.

2012–2016 жыл­да­ры «Ақ жол» депу­тат­та­ры үкі­мет пен пар­ла­мент­те­гі фрак­ци­я­лар­дың ара­сын­да тең қарым-қаты­нас қағи­да­ла­рын қалып­та­сты­ру үшін көп күш сал­ды. Осы қағи­да­лар­дың бірі – біз әзір­ле­ген, сегіз жыл­дан кей­ін қабыл­данған «Пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция тура­лы» заң іске асырылды.

Айт­пақ­шы, 2013 жылы «Пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция тура­лы» заң жоба­сын ОБСЕ жоға­ры баға­ла­ды. Бірақ оны қазақ үкі­меті өткіз­беді. Ал 2019 жылы Ұлт­тық кеңе­стің екін­ші оты­ры­сын­да бұл мәсе­лені Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өзі көтеріп, ол был­тыр 2020 жылы қаңтар­дан бастап талқы­ла­нып, мамыр айын­да қабыл­дан­ды. Заң жоба­сын жаса­у­шы «Ақ жол» пар­ти­я­сы болды.

Бұл «Пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция тура­лы» заң оппо­зи­ци­я­ны құрып бер­мей­ді – бұл заң пар­ла­мент­те­гі азшы­лық пар­ти­яға қосым­ша кепіл­дік­тер береді. Яғни, алғаш рет біздің заң­на­маға «пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция» ұғы­мын «Ақ жол» енгізіп отыр.

«Ақ жол­дың» заң жоба­сын жасаға­ны­на қарап, «ойбай, пар­ла­мент­те­гі оппо­зи­ци­я­лық пар­тия тек «Ақ жол» бола­ды екен» деп, кей­біре­улер шулап кет­ті. Олар­дың ішін­де кәдім­гі­дей сая­сат­кер боп жүр­ген­дер, сақа жур­на­ли­стер­ді көр­ген­де, күл­кің келеді. Негізі, пар­ла­мент­те­гі оппо­зи­ци­я­лық пар­тия сай­ла­у­ын­да екін­ші орын алған пар­тия болып сана­ла­ды. Иә, құдай­ға шүкір, биы­лғы пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да «Ақ жол» екін­ші орын алып, 12 ман­датқа ие бол­ды. Мыса­лы, «Ақ жол» – елі­міздің бар­лық аза­мат­та­ры алуы тиіс база­лық зей­не­тақы­ны енгі­зуді де ең алғаш ұсы­нған пар­тия. Ал қазір база­лық зей­не­тақы­ны тек «Ақ жол­ды­қтар» алып жатқан жоқ қой, бар­лық ел аза­ма­ты­на тиесілі.

– Деген­мен, билік сызып бер­ген шең­бер­ден «Ақ жол­дың» шығып кету­ге қақы­сы жоқ екен­ді­гі де қоға­мға мәлім жәйт… Сон­ды­қтан сіз­дер­ге «оппо­зи­ци­я­лық пар­тия» үддесі­нен шығу оңай бол­ма­сын топ­шы­лай аламыз…

– «Ақ жол­дың» өзге пар­ти­я­лар­дан айыр­ма­шы­лы­ғы – бірін­ші­ден, ұлт­тық мүд­дені қорға­уы­мыз, ұлт­тық сая­сат­ты ұста­нуы­мыз. Біздің пар­тия тұңғыш рет 2007 жылы Ұлт­тық сая­сат кон­цеп­ци­я­сын қабыл­даған, 2012 жылы «Алаш» бағ­дар­ла­ма­сын ұсы­нған жалғыз пар­тия! Ұсы­нып қана қой­май, соған бай­ла­ны­сты жұмыс істеп келе жатқан партия. 

Мем­ле­кет көңіл аудар­ма­са да, Ала­штың 95 жыл­ды­ғын да, 100 жыл­ды­ғын да атап өтуді Пар­ла­мент­те көтер­ген «Ақ жол» пар­ти­я­сы. 2012 жылы – Ала­штың 95 жыл­ды­ғын, 2017 жылы – 100 жыл­ды­ғын өз фили­ал­да­ры арқы­лы елі­міз бой­ын­ша атап өтті. Ала­штың 100 жыл­ды­ғы­на арнап Халы­қа­ра­лық мүшәй­ра өткізді. Содан бері Ала­шқа арнап бір­не­ше рет рес­пуб­ли­ка­лық ғылы­ми кон­фе­рен­ци­я­лар өткізіп, мере­келік медаль шығарды.

2012 жылы Пар­ла­мент­те «Ақ жол» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы құры­лға­лы бері Алаш бағ­дар­ла­ма­сын қабыл­да­ды. «XXI ғасыр­дағы Ала­штың Ақ жолы» жал­пы­ұлт­тық бай­қа­уы биыл онын­шы рет өте­ді. Бұл дәстүр­лі бай­қау аясын­да жас Ала­шта­ну­шы­лар шоғы­ры пай­да болды.

2015 жылы Қазақ ханды­ғы­ның 550 жылын атап өтуді «Ақ жол» ұсы­нып, ел пре­зи­ден­тіне хат жаз­ды. Қазақ ханды­ғы­на арнап халы­қа­ра­лық мүшәй­ра өткізіп, мере­келік медаль шығарды…

– Айт­пақ­шы, мақтанған болмайын,ол медаль­мен мен де мара­пат­талған едім… Рас, оның дизай­ны басқа мем­ле­кет­тік сал­пын­шақтар­дан ерек, жақ­сы жасалған сүй­кім­ді медаль болды…

– Сіздің мақта­нуға ретіңіз бар, Ере­ке. Ал біздің мақта­на­тын тағы бір жәй­ті­міз – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу үшін ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сын, қазақ тілін және Қаза­қстан тарихын білуі жөні­нен емти­хан тап­сы­ру қажет­ті­гін заң­на­ма­лық тұрғы­дан бекітуді сая­си бағ­дар­ла­ма­сы­на жазып қой­ған жалғыз пар­тия – «Ақ жол»!

Сіздің газет­тің оқыр­ман­да­ры­на айта кетей­ін, биы­лғы Тәу­ел­сіздік­тің 30 жыл­ды­ғын мере­ке­леу жөнін­де­гі комис­си­я­ның мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі іс-шара­ла­ры қата­рын­да Алаш көсе­мі Әли­хан Бөкей­хан­ның 155 жыл­ды­ғы да бар екені көңіл­ге қуа­ныш ұяла­та­ды. Сон­дай-ақ Қараған­ды қала­сы­ның Октябрь ауда­ны­на Әли­хан Бөкей­хан­ның атын беру жөнін­де­гі шешім­ді халық зор қуа­ны­шпен қабыл­да­ды. Октябрь­ді Алаш ақы­ры жеңді!

Соңғы кез­де Алаш тақы­ры­бы ел ара­сын­да кеңі­нен тара­ла бастаға­ны – өте қуа­ны­шты тен­ден­ция. Ел тәу­ел­сізді­гі жолын­да жанын пида еткен Алаш қай­рат­кер­лерінің асқақ рухын қастер­леп, есте қал­ды­ру шара­ла­ры (көше­лер­ге, мек­теп­тер­ге, елді мекен­дер­ге есім­дерін беру, ескерт­кі­ш­тер орна­ту, т.б.) елор­да мен өңір­лер­де тиісті дәре­же­де жүзе­ге асуы қажет.

Алай­да Алаш десе, қара­пай­ым көп­шілік­тің есіне тек Ала­шор­да үкі­метінің көр­нек­ті көсем­дері Әли­хан Бөкей­хан, Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы, Мір­жақып Дулатұ­лы секіл­ді бір­не­ше тұлға­ның есім­дері ғана келеді. Шын мәнін­де бұл тізім әлдеқай­да ауқымды.

2019 жылы «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның төраға­сы Азат Перу­а­шев бел­гілі тарих­шы-пуб­ли­цист Сұл­тан-Хан Жүсіп басқа­ра­тын «Алаш» инсти­ту­ты­мен бір­лесіп, бұрын бел­гісіз болып кел­ген 700-ден астам тұлға­ны құрай­тын жер­гілік­ті Алаш қай­рат­кер­лерінің тізі­мін дай­ын­да­ды. Ала­шта­ну­шы ғалым­дар­дың зерт­те­улері негізін­де жасалған тізім­ге көп­шілік қауы­мға есім­дері ұмыт болған әр өңір­дің жер­гілік­ті Алаш қай­рат­кер­лері енгізіл­ді. Әрбір облыс, қала әкім­деріне сол жер­ге қаты­сы бар, сол жер­ден шыққан Ала­ш­шыл аза­мат­тар­дың тізі­мі жіберіліп, олар­дың атта­рын жер­гілік­ті жер­де­гі көше, мек­теп, т.б. нысан­дарға беруді ұсы­нған болатынбыз.

– Деген­мен, жер­гілік­ті жер­де­гі әлдебір нысанға сол аймақтан шыққан ала­ш­шыл ары­стың аты беріл­ді деген хабар естімедік… 

– Ести­тін жөн­деріңіз жоқ! Себебі аймақ бас­шы­ла­ры­нан алы­нған жау­ап­тар көңіл­ге қон­бай­ды. Көбі­не­се жау­ап­тар жал­тар­ма сипатта, бұған дей­ін Ала­штың ел аузын­дағы жиыр­ма шақты таны­мал бас­шы­ла­ры­ның есім­дерін ата­у­мен ғана шек­тел­ген. Мыса­лы, біз Шығыс Қаза­қстан облы­сы әкім­ді­гінің өзіне ғана Алаш арма­ны үшін айқасқан 125 адам­ның тізі­мін жібер­дік! Атап айт­сақ, Тұрағұл Абай­ұ­лы, Биа­х­мет Сәр­се­нов, Хамит Тоқта­мы­сов, Жаха­бай Әтікұ­лы, Жұбан­дық Болған­бай­ұ­лы және т.б. Олар­дың бар­лы­ғы елі­міздің азатты­ғы үшін өз өмір­лерін сана­лы түр­де құр­бан етті. Осы 125 батыр­дан бір адам­ның аты ескеріл­ді ме? Жоқ.

Ең өкіні­штісі – осын­дай жағ­дай бар­лық облы­стар мен қала­лар­да да қалып­та­сып отыр. Бұн­дай әділет­сіздік­ті біз үлкен сая­си қателік деп санай­мыз. Сол себеп­тен «Ақ жол» пар­ти­я­сы Тәу­ел­сізді­гі­міздің 30 жыл­дық мерей­той­ы­ның қар­саңын­да Алаш қай­рат­кер­лерінің қаси­ет­ті есім­дерін мәң­гілік есте сақтап, оно­ма­сти­ка тұрғы­сын­да қол­да­ну үшін, аталған тізім­ді Үкі­мет­ке жібердік.

Осы­ған бай­ла­ны­сты «Ақ жол» фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры вице-пре­мьер Тоғ­жа­но­вқа жол­даған депу­тат­тық сау­ал­да 2019 жылы біз жол­даған хат­тар­ды жер­гілік­ті әкім­дік­тер­ге қай­та көте­руді тап­сы­рып, Алаш көсем­дері­мен бір­ге мың­даған жер­гілік­ті Алаш қай­рат­кер­лерінің қаси­ет­ті есім­дерін ұлы­қтау шара­ла­рын бақы­ла­у­ға алуын сұрадық.

– Қазе­ке, Алаш ары­ста­ры жанын салған ұлы мұрат – елі­міздің жерін Кеңес көсем­дері­мен келісіл­ген шека­ра ауқы­мын­да сақтау еді. Енді сол қазақ үшін ең маңы­зды Жер мәсе­лесі қай­та қозға­лу­да. Жер­ді сатуға уақыт­ша тый­ым салған мора­то­рий­дің мұр­са­ты биыл жыл соңын­да аяқта­ла­ды. Сіз­де қан­дай ой бар, енді не қыл­мақ керек?

– Ол мора­то­рий­дің мен білетін тарихын айтып берей­ін. 2016 жылы ел пат­ри­от­та­ры Макс Боқа­ев пен Талғат Аян бастап, аты­ра­улы­қтар алаңға шығып, елі­міз бой­ын­ша басталған «Жер дауы» күшей­ген­де, 30 сәуір­де Пре­зи­дент әкім­шілі­гі ішкі сая­сат бөлі­мінің сол кез­де­гі бас­шы­сы Аида Бала­е­ва Алма­ты­дағы «Достық» үйін­де бар­лық БАҚ бас­шы­ла­рын жинап, кеңес өткізді. Сол жиын­да мен тиісті заң­на­ма­да жер­ді сатуға мүм­кін­дік беретін дау­лы бап­тарға мора­то­рий жари­я­лау керекті­гін алғаш рет ұсы­нған бола­ты­н­мын. Жиын­да оты­рған елге бел­гілі бас редак­тор­лар – Марат Тоқаш­бай, Шәм­ші Пәт­тей, Нұр­тө­ре Жүсіп, Жүсі­п­бек Қорға­с­бек және т.б. жур­на­ли­стер менің ұсы­ны­сым­ды қол­да­ды. 3 мамыр­да «Қазақ үні» газетін­де «Елба­сы елдің Жер тура­лы сөзін жер­ге таста­мауы тиіс» деген көлем­ді мақа­лам жари­я­лан­ды. 6 мамыр­да Елба­сы мора­то­рий жариялады.

Енді, міне, сол мора­то­рий де аяқта­лып келеді. Сон­ды­қтан биы­лғы 2021 жыл­дың 20 қаңта­рын­да мәжілістің жаңа құра­мы­ның алға­шқы жал­пы оты­ры­сын­да «Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы аты­нан депу­тат­тық сау­ал жасаған Берік Дүй­сем­би­нов таяу ара­да мора­то­рий мерзі­мінің аяқта­ла­ты­ны­на бай­ла­ны­сты Жер мәсе­лесіне нүк­те қоюға шақыр­ды. Үкі­мет­тен үн шыға қой­маған соң, «Ақ жол» пар­ти­я­сы «Шетел­дік­тер­ге жер­ді сатуға да, жалға беру­ге де бол­май­ды!» деген ұран­мен «Жер тура­лы» заңға енгі­зу үшін біздің ұсы­ны­ста­ры­мы­зды жол­да­ды. Пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы­мен құра­мын­да 80 ада­мы бар Жер комис­си­я­сы құрыл­ды. Комис­сия жұмысын бүкіл ел қарап отыр. Қазір әле­умет­тік желілер дүріл­деп тұр. Ешкім жер иеле­ну­ші лати­фун­ди­стер мүд­десіне бұра тар­та алмай­ды, халық тала­бы орын­да­ла­ды деп ойлаймын.

– Ал жуы­қта Алма­ты­да өткен әйел­дер шеруіне сіздің қар­сы шығуы­ңы­зға демо­кра­ти­я­лық мүд­де­де­гі «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның жетек­шілері не деді?

– Ежел­гі ата-баба­мы­здан бері келе жатқан ұлт­тық мұрат­тар­ды сақтау мақ­са­тын­да әлдебір қар­сы­лық қара­кет қылу­да мен ел аза­ма­ты ретін­де ешкім­нен рұқ­сат сұра­май­мын, Ере­ке! Сол шеру­ге шыққан қазақ қыз-келін­шек­терінің қолын­дағы «Менің жаты­рым – менің ере­жем», «Күштің жыны­сы жоқ», «Ана болу мін­дет емес» деген ұран­дар­ды өзіңіз де көр­ген шығарсыз.

– Көр­дік… Бүкіл ел-жұрт көрді…

– Осы­ны көру қан­дай қасірет еді?!. Бұл сорақы ұран­дар­ды не еркек­ке, не әйел­ге ұқса­май­тын, ұсқын­да­ры қорқы­ны­шты біре­улер ұстап жүр… «Бұл акци­я­ны ұйым­да­сты­рған «Феми­ни­та» тобы­ның негізін қалаған бел­сен­ділер лес­би, бисек­су­ал, квир, транс­ген­дер қауым өкіл­дері жыны­стық қыз­мет көр­се­тетін әйел­дер­дің құқы­ғы қорғал­май, қорған­сыздың күй­ін кешіп келе жатқа­ны­на көп­шілік­тің наза­рын аудар­ды» – деп жаза­ды «Азаттық-ТВ».

Яғни, біздің елде тіл шеруіне жол жоқ – жын шеруіне жол бар! Бұл қазақ үшін қасірет емес пе?! Ұлт­тық негізі­мізді, ділі­мізді құр­та­тын, Ұлт­тық код­тың тас-талқа­нын шыға­ра­тын шеру ғой бұл! Осы ойым­ды айту үшін мен пар­тия жетек­шілері­нен неме­се Пар­ла­мент бас­шы­лы­ғы­нан «рұқ­сат беріңіз­дер» деп сұрай алмаймын!

– Ал енді қаза­қстан­дық билік режи­мін­де жал­пы­ға бір­дей бел­гі­лен­ген ере­же­мен жүр­гісі кел­мей­тін азат ойлы аза­мат­тар­ды аяқтан шалу бола­ты­нын пар­ла­мент­тік дең­гей­де сезіне бастаған шығарсыз?

– Әзір­ге сезіне қой­ма­дым (күл­ді). Бірақ мені және ұлт­тық мүд­де жолын­дағы мен сияқты жігіт­тер­ді аран­да­ту әре­кет­тері болған, бола да береді деп ойлай­мын. Сон­ды­қтан сіз айтқан­дай «аяқтан шалушы­лар» мен аран­да­ту­шы­лар­дың бәрі­мен айты­сып жатқан­ша, өзім жазған «Қай­рат­керін қоғам тұңғыш қорға­ды» өлеңім­ді «ДАТ»-тың оқыр­ман­да­ры­на ұсы­най­ын. Қажет сана­саңыз, газет­ке басар­сыз, Ереке!..

– Беріңіз, баса­мыз газет­ке! Ал рия­сыз сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет! Айт­пақ­шы, бұл менің соңғы 25 жыл­да Пар­ла­мент депу­та­ты­мен газет бетін­де­гі алғаш сұх­бат­та­суым бол­ды. Әріп­те­стеріңіз­ге айта бары­ңыз, Қазе­ке, ел мүд­десі жолын­да батыл бол­сын! Ары кет­се, 4–5 жыл­дан кей­ін депу­тат­тық ман­сап түгесіледі, ал аза­мат­тық атақ ұрпағы­на мұра болып қалады!

Ермұрат БАПИ

Тезек басып кет­сең тек­ке өмірде,

Таба­ны­ң­ның асты­нан шу шығады.

Көтеріл­ген сай­ын сенің төрің де,

Көбей­еді көл­де­неңнің сұрағы…

Тұм­сы­қта­рын тық­пай­тұғын жері жоқ –

Иіс­шіл­дер тұн­шы­ғар өз деміне –

Ұлт­тың жоғын жоқтаған­ды ері боп,

Кән­ден біт­кен кеті­ре алмас керіге…

Қара бастың қамын ғана күйт­тер ме ек,

Жемісі бар елге еңбек – төзімнің.

Балағым­ды тісте­ле­се иттер көп,

Еті­гім­ді жалаған­дай сезіндім!..

Шибөрілер шуыл­да­са қаптады,

Тек төсек­те жат­саң – тегіс жолдарың…

Қас­кү­не­мнің құрған маған қақпаны,

Қап­ты өздерін – қалың елім, қолдадың!

Қадам бас­саң – барын ұқтым қауіптің,

Ақын едім – Ұлтын жүр­ген ән ғылып…

Чер­чилль­дей­ін* мен сырқат­тан сауықтым –

Олар қал­ды масқа­ра боп мәңгілік…

Жаман індет салып ойран өткенде,

Жала­лы індет – жаю­да ылаң тамырын…

Екі аяқты вирус қап­тап кеткенде,

Сақтап сені қала­ды екен қадірің…

Аз емес-тін ер басын бұлт торлауы,

Бір­лес­кен­де ерекше екен ел күші!

Қай­рат­керін қоғам тұңғыш қорғауы –

Жаңа заман басталған­ның белгісі!

Күйе жаққан қолы­на бір қарасын,

Аяқ асты аяр­лар жүр – көр­сін көп…

Ұлт мүд­десін қорғап жүр­ген дарасын,

Қорғап қалар халқым аман бол­сын тек!

* Пар­ла­мен­тінің оты­ры­сы­на кел­ген Уин­стон Чер­чилль­ге бір депу­тат «ішіп алған­сың» деп, мазақ еткісі кел­ген­де, Ұлы­бри­та­ни­я­ның әйгілі пре­мьер-мини­стрі: «Мен ертең масты­қтан айы­ғуым мүм­кін, ал сен осын­дай ақы­мақ күй­ің­де мәң­гілік қала­сың» деп жау­ап бер­ген екен.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн