Четверг , 26 февраля 2026

ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ НЕГІЗІҰЛТТЫҚ ТІЛ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.ТОҚАЕВҚА

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ! һәм Жаңа Қаза­қстан құру тура­лы кең ауқым­ды, аса күр­делі мұрат-мақ­сат­ты алға нақты қой­ып оты­рған Сіз­ге арнайы хат жазуым­ның өзін­дік себебі болып тұр. Тәу­ел­сіздік­тің отыз төрт жылын­да мың­даған жыл­дық тарихы бар, әлем­де­гі іргелі елдер­дің бірін­де ана тіл­дік алаңы­мы­зда құқы­қтық жағы­нан да қай­шы­лы­қты жай­лар қалып­та­сты. Ол жой­ыл­са – жоға­ры­дағы иде­я­лар­дың маз­мұ­нын бай­ы­та түсіп, шынайы әділет­тілік те, тосын жаңа­лық та болар еді.

1995 жылы қабыл­данған Ата заңы­мы­зда «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі» деп, содан алты жыл бұрын мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­ге ие болған ана тілі­мізді кон­сти­ту­ци­я­лық тұғыр­лы еттік. Бұл өте дұрыс бол­ды. Бірақ жиыр­ма жеті бабы­ның он бесі орыс тілінің қамын қарас­ты­рған, қазақ тілі жөнін­де табан тірей­тін бір­де-бір қағи­дат­ты мәсе­ле қарас­ты­ра алмаған 1997 жылғы 11 шiл­де­де қабыл­данған «Тіл тура­лы» (бұл орыс­ша­сын­да «О язы­ках») заң­да ана тілі­міздің қол­да­ныс аясын кеңей­те ала­тын, оның мем­ле­кет­тік мәр­те­бесін арт­ты­ра түсетін құқы­қтық нор­ма­лар қабыл­дай алма­дық. Мұн­дай әре­кет ара­да отыз жыл­дай уақыт өтсе де бол­май тұр. Сол себеп­ті 2017 жылға қарай елі­міз­де мем­ле­кет­тік тіл­ді білетін қаза­қстан­ды­қтар­дың саны 80, ал 2020 жылға қарай кемін­де – 95 пай­ы­зды құра­уы тиіс деген сөз­дер­ді қазір тіп­ті еске де ала бер­мей­тін болдық.

Мұның себебі мен сал­дар­ла­рын мүм­кін­ді­гін­ше түсін­дір­гім келеді. Бәл­кім, қате­ле­сер­мін. Алай­да соңғы отыз жыл­дан астам уақыт бойы тіл мәсе­лесі­мен тұрақты айна­лы­сып келе­мін, мақа­ла­лар жазып, кітап­тар шығардым.

Ана тілі азат бол­маған елдің тәу­ел­сіздік­ке жете алмай­ты­нын терең түсін­ген Алаш көсе­мі Әли­хан Бөкей­хан­ның сонау 1905 жыл­да­ры сахна төріне шыққан ұлт­тық қозға­лы­стың басын­да ана тілі­міздің азаттық алуын алға қоюы жай­дан-жай емес еді. Осы­дан хабар­дар, қалып­тасқан сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­ға сын көзі­мен қараған халқы­мы­здың алды­ңғы қатар­лы ұлт­шыл аза­мат­та­ры кеңе­стік жүй­е­де­гі «қай­та құру» сая­са­тын ең бірін­ші туған тілі­міз үшін күрес­ке айнал­ды­рып, халы­қтың рухын көте­руді қолға алды.

Сонау 1989 жыл еске түседі. Мен ол кез­де Қызы­лор­да облы­стық пар­тия коми­тетінің наси­хат және үгіт бөлі­мін басқа­ра­ты­н­мын. Алма­ты­дан Қ.Мұхамеджанов, Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, рес­пуб­ли­каға бел­гілі т.б. жазу­шы­лар, тіл маман­да­ры келіп, қала­дағы Н.Бекежанов атын­дағы театр ғима­ра­тын­да үлкен жиын өтті. Облы­ста «Қазақ тілі» қоға­мы құры­ла­ды деген­нен соң, халық көп жинал­ды. Ерте­ден қор­да­ланған ойлар мен пікір­лер­ге есік ашы­лып, ортаға салын­ды. Үлкен үзіліс­ке дей­ін де, одан кей­ін де Қале­кеңнің – Қал­тай Мұха­меджа­но­втың шабыт­та­на сөй­ле­гені әлі есім­де. Сол кез­дері орыс тіліне де мем­ле­кет­тік мәр­те­бе беру керек деген ақсақал ака­де­ми­гі­міз­бен де бел­бе­уді тар­ты­ңқы­рап жіберіп, күрес­кен қай­ран Қале­кең еді.

Осы­лай «Қазақ тілі» қоғам­дық ұйы­мы кеңе­стік дәуір­ден бастау алып, бар­лық елді мекен­дер­де оның фили­ал­да­ры, меке­ме­лер­де баста­уыш ұйым­да­ры құрыл­ды. Олар тәу­ел­сіз ел болып жари­я­ланған 90-жыл­дар­дың алға­шқы кезін­де­гі қажет­тілік­ке орай бел­сен­ділік таны­тып, қызу жұмыс жүр­гізді. Халық көтеріліп, ерекше еркін­дік етек алды. Әуел­гі кез­де Үкі­мет тара­пы­нан да бір­сы­пы­ра тиісті қол­дау бол­ды. Осы­ның арқа­сын­да өз жері мен елінің иесі қазақ 39 пай­ыз ғана бола оты­рып, 1989 жылғы 22 қыр­күй­ек­те Қазақ КСР Жоға­ры Кеңесінің кезек­тен тыс он төр­тін­ші сес­си­я­сын­да «Тіл тура­лы» заң қабыл­дан­ды. Қызу тар­тыс, көсем сөз­дер­ден кей­ін қазақ тілі мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­ге ие болып, оның қол­да­ныс аясын кеңей­ту­ге бағыт­талған бүкіл­ха­лы­қтық қозға­лыс бастал­ды. 1990 жыл­дың науры­зын­да ұйым­да­сты­ры­лған, ұлт­тық тілі­міздің туын берік ұстап келе жатқан «Ана тілі» газеті тілі­міз­ге қаты­сты талай толағай толға­ны­стар мен тама­ша ойлар­ды көтеріп келеді. Алай­да оны ескеріп жатқан ешкім жоқ деу­ге болады.

Ең өкіні­штісі – сол кез­дері жер-жер­де­гі руха­ни өрісті, шынайы ұлт­шыл үдерісті тиім­ді пай­да­ла­на алма­дық. Сая­си сана­сы жоға­ры халы­қ­пен жұмыс істе­удің күр­делі екенін сезін­ген, жан-жағы­на алаң­даған билік бұл ізгілік­ті қозға­лы­сқа деген көзқа­рас­ты күрт өзгер­тіп, бұры­нғы бағы­ты­нан айны­ды. Содан тілі­мізді төр­ге шыға­ру жолын­да қалың қаза­қты оятуға бағыт­талған, бір­ша­ма батыл қадам­дар жасаған Халы­қа­ра­лық «Қазақ тілі» қоға­мы бір­те-бір­те әлсіреп, аты бар да, заты жоқ ұйы­мға айналды.

Ал 1995 жылғы Кон­сти­ту­ци­я­ның 7‑бабының 1‑тармағындағы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі» деген құқы­қтық нор­ма келесі 2‑тармақтағы «Мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­ла­ды» деген, бірін­ші тар­маққа құқы­қтық және логи­ка­лық жағы­нан қай­шы, қазір де қай­та­ла­нып оты­ры­лған бұл бап ана тілі­міздің мем­ле­кет­тік мәр­те­бесін күрт төмен­дет­ті, әлі де төмен­детіп келеді. Тіп­ті бұл тар­мақты «орыс тілінің ресми мәр­те­бесі» дей­тін бол­дық. Кезін­де арнайы депу­тат­тық сау­а­лы­мы­зға Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес бұл орыс тілінің қол­да­ныс құқы­ғы ғана деген еді. Шетел­де тіл­дің «мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі» деген сөз жоқ, оны «ресми мәр­те­бе» дейді.

Міне, осын­дай жай­лар­дан ана тілі­міздің тағ­ды­рын «Тіл­дер­ді қол­да­ну мен дамы­ту­дың мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы» арқы­лы шеше­міз деген теріс тұжы­рым орыс тілін кеше­гі кеңе­стік кезең­де­гі­дей қоғам­да негіз­гі қаты­нас тіліне айнал­ды­рған­нан басқаға дәр­мен­сіз бол­ды. Сонан соң Тіл тура­лы заң­ның 4‑бабында«Қаза­қстан халқын топ­та­сты­ру­дың аса маңы­зды фак­то­ры болып табы­ла­тын мем­ле­кет­тiк тiл­дi мең­ге­ру – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әрбiр аза­ма­ты­ның пары­зы» дедік те, мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі бол­са да, мін­деті дей алма­дық. Араб сөзі «парыз» өз ішін­де «айн» және «кифая» болып екі­ге бөлі­неді: «Айн парыз» – әрбір мұсыл­манға тіке­лей жүк­теліп, өте­у­ге боры­шты пары­здар. Мұсыл­ман бұл пары­здар­ды жеке өзі орын­да­уға тиіс. «Кифая парыз» – жал­пы мұсыл­манға парыз бола тұр­са да, кей­бір мұсыл­ман­дар­дың іске асы­руы арқы­лы бар­ша мұсыл­ман­ның мой­ны­нан түсетін парыз. Біздің жоға­ры­дағы Заңы­мы­зда халқы­мы­зды топ­та­сты­ру­дың аса маңы­зды фак­то­ры болып сана­ла­ды деген мем­ле­кет­тiк мәр­те­бесі бар тiлі­міздi мең­ге­ру «кифая пары­зға» ұқсас күй­ге түсті. Сон­ды­қтан елі­міз тәу­ел­сіздік­ке жет­кен­мен, ұлт­тық рухы­мы­здың әлсізді­гі­нен мем­ле­кет­тік мәр­те­белі ана тілі­міз қазір­гі күн­ге дей­ін қоға­мы­м­ы­зда өз мәр­те­бесін­де қыз­мет ете алмай келеді. Өз бала-шаға­сы­мен өз тілін­де сөй­ле­се алмай жүр­ген ата-ана мен әже­лер, бол­ма­са өз тілін мен­сін­бей, орыс тілін біл­ген­деріне, азын-аулақ ағы­л­шын, қытай тіл­дерін­де сөй­ле­ген­деріне мәз болып, өздерін бақыт­ты сезініп жүр­ген жастар қата­ры көбейді.

Тәу­ел­сіздік­тің өткен отыз жылын­да «қазақ тілін сая­сат­тан­дыр­май­ық» дедік те, «Қаза­қстан­ның бола­шағы – қазақ тілін­де» деп халы­қты алдарқа­тып қой­дық. Іс жүзін­де «сал­мақты тіл сая­са­ты­нан» аулақ бол­дық. Оның айқын айғағы – «Үш тұғыр­лы тіл» деп мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі бар қазақ тілі­мен қоса, орыс және ағы­л­шын тіл­дерін, мек­теп­ті былай қой­ған­да, бала­бақ­ша­дан бастап үйре­ту­ге кірістік. Онсыз да орыс тілі кез кел­ген бала­бақ­ша­ның негіз­гі қол­да­ныс тілі бола­тын. Ал рес­пуб­ли­ка­дағы қазір­гі жеті мыңға тар­та орта мек­теп­тер­дің 54 пай­ы­зы ғана, ал басқа қала­ларға үлгі болуға тиісті Аста­на­мы­здағы 92 мек­теп­тің 35‑і ғана қазақ мектептері.

Ара­лас мек­теп­те қазақ тіл­дік орта жоқ. Орыс сыны­бын­да оқи­тын­дар­дың көп­шілі­гі қаза­қтың ұл-қызда­ры. Отба­сын­да ұлт­тық тәр­бие ала алмаған, өзге тіл­де­гі мек­теп­те оқы­ған­дар өз ұлты­на қыз­мет ете алмай­ты­нын өмір көр­сетіп келеді.

Ана тілі­міздің абы­рой­ын арт­ты­ру бағы­ты­на жүй­елі де батыл жұмыстың жоқты­ғы­на бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­нан да бір-екі мысал кел­ті­ре кетей­ік. Бас газеті­міз – «Еге­мен Қаза­қстан­ның» 2025 жыл­дың 30 тамы­здағы санын­да жари­я­ланған «Пав­ло­дар: Қазақ мек­тебінінің жайы қалай?» атты мақа­ла­да білім беру басқар­ма­сы­ның мәлі­метін­ше, өткен оқу жылын­да облыс бой­ын­ша мек­теп табал­ды­ры­ғын аттаған 23,5 мың бала­ның 43 пай­ы­зы ғана қазақ сыны­бын таң­даған. Ал биыл 11 мыңға жуық бала­ның таң­да­уы 45 пай­ыз болып оты­рған көрі­неді. Мұн­дай жағ­дай облы­ста­ры­мы­здың бар­лы­ғы­на дер­лік тән деу­ге болады.

Ал «Қазақ әде­би­еті» газетінің 2025 жылғы 24 қыр­күй­ек­те­гі санын­дағы «Тіл тіл­ді өлтір­мей­ді, сөй­ле­уші өлтіреді» деген мақа­ла­да: «Зерт­те­улер­де жой­ы­лып кететін тіл­дер­дің алға­шқы бел­гісі – «тіл өкіл­дері өз тілін­де бола тұра, сөз ара­сын­да үстем тіл­дер­дің сөз­дері мен сөз тір­кестерін қосып сөй­лей­ді» делін­се, соңғы бел­гісі – «өзге тіл­де сөй­лей­тін ұрпақ өз қоға­мын­да өз тілін­де сөй­ле­у­ге ұяла­тын, намыста­на­тын хал­ге жете­ді» деп жазы­лған. Бұл фак­тілер қазір де аз кез­дес­пей­ді. Соны­мен қатар: «Соңғы 10–15 жыл­дың көле­мін­де орыс және ағы­л­шын тіл­дерінің әсері­нен қазақ тілінің әде­би нор­ма­сы­на едәуір сал­мақты залал кел­гені тіл жана­шыр­ла­рын алаң­да­тып отыр» – деп жазы­лып­ты. Осын­дай жағ­дай­лар­да ұл‑қыздарымыздың келе­ше­гі не бол­мақ? Ана тілі­міздің тағ­ды­ры не болмақ?

Бүгін­гі күн­дері қазақ мек­теп­терінің жетіс­пей оты­руы жал­пы мек­теп саны­ның азды­ғын­да емес, олар­ды негізі­нен ара­лас мек­теп ету сая­са­ты­мы­здан туын­дап отыр. Бұған Аста­на­мы­здың өзін­де мысал­дар жет­кілік­ті. Бірақ қалып­тасқан жағ­дай­ды рет­ке кел­тіретін білім басқар­ма­ла­ры жоқ.

Мен әсте орыс тіліне қар­сы емес­пін. Әңгі­ме қай тіл­ді біл­мей­ік, оның ұлт­тық тіл­ге негіз­де­луін­де болып отыр. Бұл – басты мәсе­ле. Ұлт­тық тіл басқа тіл­дер­дің өзін­дік ерекшелік­терін ұғын­ды­ра түсу­мен бір­ге өз ана тіліңе деген құр­метіңді де арт­ты­ра­ды. Осы сәт­те Мұста­фа Шоқай­дың «Ұлт­тық рух­сыз ұлт тәу­ел­сізді­гі бол­май­ды», ал «Ұлт­тық рух­тың негізі – ұлт­тық тіл» деген тама­ша пікір­лерін еске сала кет­сем, артық болмас.

Мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі осы­дан қырық жыл­дай бұрын айқын­далған ана тілі­міз­ге ең алды­мен өзі­мізді толық ие ету үшін, бір­не­ше ұсы­ны­сым бар. Бірін­ші­ден, кеше­гі еге­мен­дік­тің елең‑алаңында ұлт­тық рухы­мы­зды көтеріп, бел­сен­ді қыз­мет атқарған, кей­ін қай­та құры­лған «Қазақ тілі» қоғам­да­ры­ның халы­қ­пен жұмыс істе­уін жан­дан­ды­ру керек. Екін­ші­ден, Өзіңіздің мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі бар ана тілі­мізді қоға­мы­м­ы­зда ұлта­ра­лық қаты­нас тілі етуі­міз қажет деген ойы­ңы­зды жүзе­ге асы­ру үшін, оны 1997 жылы қабыл­данған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тіл тура­лы» заңы­на арнайы құқы­қтық нор­ма ретін­де енді­ру қажет. Үшін­ші­ден, тіл тура­лы меке­мені мини­стр­лік­тен алып, тіл сая­са­тын сал­мақты жүр­гі­зетін, өз алды­на бел­гілі құқы­қта­ры мен мін­дет­тері айқын мем­ле­кет­тік агент­тік етіп құрған дұрыс болар еді. Бұл өзгерістің өзі халы­қты жаңа ойға жете­лей­ді. Төр­тін­ші­ден, қазақ мек­теп­терін­де қазақ тілін бірін­ші және екін­ші сынып­та оқы­тып, орыс тілін үшін­ші сынып­тан бастаған жөн. Бұл ұлты­мы­здың ұлы ұста­зы Ахмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның баста­уыш мек­теп­тің бес жыл­дық болуы, оның үш жылын­да тек қаза­қ­ша оқы­тып, төр­тін­ші жылын­да орыс­ша оқы­ту керек деген өси­етіне жақын. Ал ағы­л­шын тілін баста­уыш сынып­тан алып тастау керек. Бұл тіл­ге жастар­дың ықы­ла­сы жаман емес, оны кей­ін­гі сынып­тар­да иге­ру­ге үлгі­ре алады.

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіздің халқы­мы­зды еркін­дік­ке бау­луы­ңыз, қоғам мен билік ара­сын­да сын­дар­лы диа­лог орна­туға ұмты­луы­ңыз халқы­мы­здың сая­си сана­сын оятып, қоға­мы­м­ы­зда сая­си-әле­умет­тік оң өзгерістер­ге бастай­ды дегім келеді. Осы­дан бір ғасыр бұрын айты­лған Алаш көсем­дерінің бірі Мір­жақып Дулатұлы­ның «Оян, қазақ!» атты ұра­ны­ның ана тілі­міз үшін күні туып тұр десем, кей­біре­улер мұны артық сана­уы мүм­кін. Тереңірек ойлан­сақ, тіп­ті артық емес, қай­та қажет-ақ!

Мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­ге ие болған тіл­дің біз­де­гі жағ­дайы еш мем­ле­кет­те жоқ екенін ескеріп, бар ұлт­тық рухы­мы­зды жиып, тиім­ді әре­кет­ке баруы­мыз керек. Азатты­ғы­мы­здың басты коды және Тәу­ел­сізді­гі­міздің тұғы­ры – «Ана» аты­мен ата­ла­ты­нын тілі­міздің терең мағы­на­сын ұғы­нып, оны тұрақты ұста­ным, бой­ы­мы­зға қуат, руха­ни әле­мі­міздің басты арқа­уы ете алсақ, ана тілі­міздің жұл­ды­зы жарқы­рай түсер еді. Бұл құдірет халқы­мы­зды өрке­ни­ет­тің жаңа биі­гіне көте­ре­рі сөзсіз!

Сіз­ге деген ізгі ниет, үлкен құрметпен

Әбді­жәлел БӘКІР, сая­си ғылым­дар док­то­ры, профессор

Республиканский еженедельник онлайн