Пятница , 4 июля 2025

Ұлттық терістеу мен…

ҰЛТТЫҚ ЛАҒНЕТ

Әлім­хан НҰРЕКЕЕВ, тарих­шы

Негіз­гі сөзді баста­мас бұрын, мысал ретін­де айт­сақ, бел­гілі айтыс­кер болған, қазір ән лири­ка­сы арқы­лы махаб­бат мұңы мен аза­бын жыр­ла­у­ға көш­кен ақын ұлт­тың көзі ашық, көкіре­гі ояу болуы тиіс бөлі­гінің кей­бір өкіл­деріне тән (сол қаза­қи, «билік те жақ­сы, біз де жақ­сы­мыз, сон­ды­қтан бәрі жақ­сы бола­ды» деген ұста­ным) сая­си роман­тизм құр­са­уы­нан шыға алмай, мынау Назарбаев–Тоқаев билі­гінің біт­пес былы­ғы­ның біт­пес «боғын» таза­ла­у­ға «Ама­нат» пар­ти­я­сы тізі­мі­мен депу­тат болып кіріс­пек екен.

Қаза­қи сая­си роман­тизм ауруы­на кел­сек, бірін­ші, «елдің сөзін сөй­ле­тетін (?!) мүм­кін­дік­тің үлкені – «Ама­нат» «оңды өзгеріс (?!) жасағы­сы» келеді екен. Онда сол шын мәнін­де «оңды өзгерістің» ең маңы­зды, шешу­ші алғы­шар­ты – офф­шор­лар­дағы, ел ішін­де­гі қазақ халқы­нан ұрланған қара­жат­ты, бар­лық қыл­мыстық астар­ла­ры бар келісім­шар­ттар­мен түр­лі ала­яқтар­дың мен­ші­гіне өтіп кет­кен тау-кен, қара, түсті метал­лур­гия, мұнай-газ өндірісінің бар­лық объ­ек­тілерін, Назар­ба­ев бола ма, басқа «халық жауы» ма, бет­теріне қара­май, заң негізін­де елге қай­та­ру­дан бас­та­сын. Менің­ше, «Ама­нат» пар­ти­я­сы, Назар­ба­ев­тың сая­си жоба­сы бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың бар­лық тетік­терін ұстап тұрған­да, ондай «оңды өзгеріс» болуы мүм­кін емес.

Екін­ші. «Ама­нат» пар­ти­я­сы 75%-ға жаңа­рып­ты. Сон­да қалай, бар­лық заң­на­ма­ны өз пай­да­ла­ры­на бұра­тын, орта­лық пен жер­гілік­ті шен­ділер, «май­лы лау­а­зым» иелері, әкім­дер, сот, про­ку­ра­ту­ра, күштік құры­лым­дар­дың «сый­лы­ла­ры өздері, үрім-бұтағы, атқа қонған қырқын­шы буы­ны­на дей­ін – «Ама­нат­тан» еш кету­ге мүд­делі емес мүше­лері пар­ти­ядан жап­пай шығып, «Ама­натқа» тізім үшін күш­теп кір­гізіл­ген білім беру, ден­са­улық сақтау қыз­мет­кер­лері, зей­нет­кер­лер және т.т. қал­ды ма?! Әрине, жоқ. Шешу­ші құра­мы бой­ын­ша, «Ама­нат» – сол «жар­тас». Идео­лог­та­ры­на кел­сек, оларға Тоқа­ев­тың төңіре­гін­де­гі «ақы­л­шы­лар­ды» қосай­ық, сөз­дері сал­мақты сияқты болға­ны­мен, ойла­ры жүй­есіз. Себебі сол ой мен мәсе­ленің негізіне үңіл­се, өздері сая­са­ты­ның игілі­гін көр­ген «қаси­ет­ті бас» сопаң етіп шыға келеді. Ол «басқа» осы ақын­ның айтқан ең қат­ты сөзі: «Үш қызы «басқа» халы­қтан қым­ба­ты­рақ» екен. Біраз қазақ – «қатыр­ды!» дер. Ал іс жүзін­де сол қаза­қи жүй­есіз, өткір сияқты ойдың бір көрінісі.

Үшін­ші. Мәжіліс бас­шы­сы «жаңа­ша іске», «жаңа­ша сая­си мәде­ни­ет­ке дай­ын» екен. Тағы да сол саяз ой мен «қуа­нып алда­ну». Себебі жаңа­ша істің, жаңа­ша сая­си мәде­ни­ет­тің баста­уы «жақ­сы бас­шы» емес, жаңа, Еуро­па стан­дарт­та­ры­на сай, халы­қтың іші­нен – ақыл­ды, білім­ді, жігері жоға­ры, ойы мен ниеті адал, таза пат­ри­от­тарға мәжіліс пен мас­ли­хат­тарға жол аша­тын заң.

Негізін­де «кемең­гер» Назар­ба­ев­тан бастап, еуро­па­ша жан-жақты білім алған Тоқа­евқа дей­ін, олар­дың «ақы­л­шы­ла­рын» қоса, бір халы­қа­ра­лық сая­си тәжіри­бе­ге негіз­дел­ген заң­ды­лы­қты ұқпай-ақ қой­ды. Мыса­лы, фран­цуз, ағы­л­шын, неміс, әр ұлт өз фео­дал­да­ры­ның таба­нын­да, езгі­де бол­ды. Содан көтеріліп, өз жетек­шілері, ғалым­да­ры­мен қажет­ті заң­дар­ды қабыл­да­ды. Қазір қалай десек те, олар ең мәде­ни­ет­ті, күн­делік­ті өмірін­де заңға, тәр­тіп­ке мой­ын­сұнған ұлт­тар. 300–200 жыл өтсе де, сол бүкіл адам­за­тқа ортақ заңдылық.

Қазір­гі фео­дал басты­қта­ры­на ешнәр­се дей алмай­тын қазақ та өз-өзін сый­лай­тын, кім­ге бол­ма­сын көзіне тік қарап, ешкім­нің жаға­сы­на жар­мас­пай, ұстам­ды, сабыр­лы үнмен өз құқы­қта­рын талап ете ала­тын аза­матқа айна­луы керек. Ондай қоғам­дық жағ­дай­ға апа­рар жол тек дұрыс заң мен қаза­қтар­ды сая­си-құқы­қтық сауаттандыру.

Егер сол «жаңа іс» пен «жаңа­ша сая­си мәде­ни­ет­ке» орал­сақ, бірін­ші кезек­те еш қаза­қстан­дық «ерекшелік­тер­ге» бұр­ма­лан­баған, Еуро­па демо­кра­ти­я­сы стан­дарт­та­ры бой­ын­ша заң қабыл­дап, ал қазақ өз өмір сал­ты­на бай­ла­ны­сты заң­ды икем­дей­ді, жетіл­діреді және сол заң­ды орын­дау бары­сын­да қажет­ті сая­си мәде­ни­ет­ке қолы жетеді.

Осы­дан он жыл­дай бұрын айтып едім: адам­дар (қаза­қтар) дұрыс бағыт­та өзгер­сін десең­дер, олар­дың өмірінің, әре­кет­терінің сая­си-құқы­қтық негіз­дерін өзгер­тің­дер, ал тәр­тіп­ті, мәде­ни­ет­ті жақ­сы өмір­ді адам­дар еш көсем­нің жол­да­уын­сыз, өздері құрып ала­ды және сол құры­лым бары­сын­да жақ­сы болып өзге­реді. Осы­лай­ша дұрыс заң­ның кері әсері жүзе­ге асады.

Осы тұрғы­да бір қын­жы­л­та­тын жәй: менің­ше, Назар­ба­ев пен Тоқа­евқа ортақ, көрініп тұрған қаси­ет сол – қаза­ққа сен­беу, одан қауіп­те­ну, мүм­кін, жасы­рын мен­сін­беу, төмен санау.

Төртін­ші. Егер мына Назарбаев–Тоқаевтық сая­си-құқы­қтық жүйе еуро­па­ша демо­кра­ти­яға өзгер­ме­се, қан­ша жер­ден өткір сөз, отты пікір айтыл­са да, олар сол адам­ның тек өзім­шіл жан-дүни­есіне жұба­ныш, халқы­на тағы бір жеті жыл­да сеп­ті­гі тиер-тимес ұшқын ғана болады.

Ақын жігіт­тің соңғы пас­са­жын оқы­сақ: «Әділ сай­лау бол­са, әділ қоғам қалып­та­са­ты­ны анық!» екенін біледі екен. Ал билік­тің халық алды­на мажо­ри­тар­лық «сүй­ек­ті» тастап қой­ып, өзінің қисық заңы бой­ын­ша сай­лау үрдісінің басқа тетік­терін жауып қой­ға­ны­на не дейді?

Екін­ші жағы­нан, егер ақын мына сай­лау науқа­ны­на сеніп, рух­тан­са, неге жары­сқа мажо­ри­тар­лық жол­мен түс­пей­ді? Қалай десек те, өзінің бел­гілі атын төмен­детіп, «Ама­нат­ты» таң­даға­ны, бар қызыл, демек, жалған сөз­дер­ді ысы­рып қой­сақ, депу­тат болуға «гаран­тия» болған­ды­қтан шығар? Сон­да ақын­ның таң­да­уы да, «Ама­нат» тура­лы «жүрек­жар­ды» сөз­дері де ұсақ пен­де­шіл есеп болға­ны ғой?

Ал билік «диір­меніне» кел­сек, оның қай жағы­на түсуіне бай­ла­ны­сты «сенім­ді» Қоша­нов «сенім­сіз» Қоса­но­вқа, халық ақы­ны сияқты Зай­ы­тов «ама­нат­шыл», тоқа­ев­шыл кәсіп­кер Бай­то­вқа айна­ла салуы оп-оңай. Сон­ды­қтан ақын жігіт­ке халқы­на керек болар ақын­ды­ғы­на, тиіп-қашпа, жүй­есіз бол­са да, жастар­ды оятар сын­шыл­ды­ғы­на қай­туын тілей­ік. Мына билік пен «Ама­нат» ешкім­ді оңдырмайды.

Соны­мен, аталған ақын ба, басқа жазу­шы, ғалым ба, мына сая­си-құқы­қтық билік­ке тік қарап, оның екі­жүзді, арсыз, той­ым­сыз, адам­гер­шілік­ті әу бастан тап­тап, беті жыл­тыр жауы­зға айналға­нын еш қаза­қи­лы­ққа алаң­да­май ұғын­са, сол жүй­елі терең ұғы­ну негізін­де мына Назарбаев–Тоқаев билі­гін тек бәрі­міз бірі­гіп, сана­лы бей­біт сая­си-құқы­қтық қозға­лыс арқы­лы кетіріп, «елба­сы­шыл» кезеңді шын мәнін­де аяқта­уға бола­ты­нын мой­ын­да­са, билік мей­лін­ше төмен­дет­кен қаза­ғы ақыл­ды, мәде­ни­ет­ті еркін­ді­гі­мен өзіне лай­ық өмір құра ала­ты­ны­на сен­се, сон­да ғана ой жүй­е­ле­неді, сөз өткір­ле­неді, ұлт өміріне нағыз ғылым мен өнер келеді…

Қазір­гі кез­де шешу­ші буын­да­ры, ішкі маңы­зды қаты­на­ста­ры сол өзгер­ме­ген күйі қалған Назарбаев–Тоқаевтық сая­си-құқы­қтық, идео­ло­ги­я­лық жүйе Қаңтар­да бой көр­сет­кен қаза­қтар­дың реніш-ыза­сы­нан тай­сақтап, жақ­сы ниет көр­сетіп, оңды қадам­дарға барған­дай. Бірақ билік­тің нақты сая­са­ты­ның қоға­мға қажет­ті, терең, жүй­елік өзгерістер­ге баста­уы ғылы­ми, сын көз­бен қара­сақ, мүм­кін емес. Ал әде­мі, ұлт­жан­ды сияқты сөз­дер­дің таса­сын­да өз туған халқы­на өшік­кен­дей күш­теу, жаза­лау құры­лым­да­ры­ның озбыр­лы­ғы, жау­ап­кер­шіліксіз жауы­зды­ғы бәсең­де­мей, керісін­ше, күшей­іп келе жатқа­ны байқалады.

Өткен­де қазақ мем­ле­кетінің сыр­тқы жағ­дай­ын бекіту­де пре­зи­дент Тоқа­ев халы­қа­ра­лық дең­гей­де дәл сол, мен он жыл­дай бұрын қоғам­дық қажет­ті­гі тура­лы жазған еуро­па­ша ойлау әдісі мен ұста­ным­ның биі­гі­нен орыс шови­низ­мы­ның «үңгірін­де» масай­раған­дай Путин­ге, оның Укра­и­на­дағы зор­лық сая­са­тын қол­да­май­ты­нын ашық айтып, састы­рған­дай бол­ды. Алай­да қазір­гі Тоқа­ев бұры­нғы Назар­ба­ев құрған пат­ри­ар­хал­ды-фео­дал­дық («ағай­шыл», «елба­сы­шыл», рушыл, жүз­шіл, клан­шыл) қаты­на­старға негіз­дел­ген, жоға­ры­дан төменіне дей­ін мафи­яға ұқсас «ұйым­да­су­мен» жемқор­лық, ұрлы­қ­пен бекі­ген билік жүй­есінің лау­а­зым саты­ла­ры­нан «тек­серіліп» өткен­дік­тен, қазір «сүй­ік­ті» бола бастаған билі­гіне халық тара­пы­нан келетін қауіп­тің алдын ала бастағандай.

Бірін­ші, лаж­сыз беріл­ген сая­си «жеңіл­дік­тер­ді» билік­тің түр­лі «мүм­кін­дік­тері­мен» (аға­сы Назар­ба­ев­тың «сара жолы­мен») тек сыр­тқы «қаңқа­сын» қал­ды­рып, ішкі нәти­же­лерін мей­лін­ше өздеріне ыңғай­лау. 30 жыл Назар­ба­ев, енді Тоқа­ев «жаға­да тұрып, суда мал­туға үйре­ну мүм­кін емес» екенін түсін­беді. Менің­ше, өтетін сай­лау – халы­қтың еңсесі көтеріл­ген­дей болған мажо­ри­тар­лық мүм­кін­дік­тер. Алма­ты мен Аста­на­дан басқа жер­лер­де іс жүзін­де тек Тоқа­ев билі­гін күшей­те­ді. Оли­гар­хия, моно­по­лия, клан­дарға қар­сы мем­ле­кет­тік, ақыл­ды, заң­ды, шын теге­урін­ге қолы бай­ла­у­лы Тоқа­ев билі­гі дәр­мен­сіз. Сон­ды­қтан 7 жыл­дан қалған уақыт­та халы­қ­пен «ойна­уды» жалға­сты­ра­ды, әлі жететіні – сол қаза­ғы бола­ды. Ең ауы­ры – өмір тауқы­меті­нен шар­шаған халы­қты басып-жан­шып, ешқан­дай сая­си қар­сы­лы­ққа қабілет­сіз тобы­рға айналдырады.

Екін­ші­ден, қаза­қтар­дың ұлт­тық сана­сын, әсіре­се сая­си мәде­ни­етін төмен санай­тын­ды­қтан, адам­ның ажы­ра­мас құқы­қта­ры­нан туын­дай­тын еуро­па­лық «еркін­дік­тер­ді – митинг, шеру, сөз бостан­ды­ғы, ашық, әділ, еш жасан­ды шек­те­усіз сай­лау», т.т.-ларды залым заң­гер­лері (халқы­ның жау­ла­ры) «бар­дан жоқ жасай­ды». Міне, Тоқа­ев билі­гінің бар «пара­са­ты» осы­лай жүзе­ге асырылады.

Сонды­қтан бола­шаққа үміт – өз мем­ле­кетінің негізін құрап оты­рған, бар ұрланған бай­лы­ғын өзіне қай­та­руға ұмты­лған қазақ халқы ғана. Оның ақы­лы – білі­міне сай, про­грес­шіл бөлі­гі аз бол­са да, билік­тің бар қитұрқы «ойы­нын» әшке­ре­ле­у­ге негіз бола­тын өз еуро­па­ша ойлау мен ұста­ны­мын мей­лін­ше кең, оның ішін­де әсіре­се қазақ жаста­ры ара­сы­на тара­туға құл­шы­нуы керек. Тек осын­дай, бар­лық дамы­ған елдер мой­ын­даған ойлау әдісі мен ұста­ным қазақ мем­ле­кеті мен қоға­мы шын жаңа­руы­ның интел­лек­ту­ал­ды-руха­ни кіл­ті бола­ды. Сол еуро­па­ша ойлау әдісі мен ұста­ны­мы негізін­де алға шыға­тын ұлт­ты баста­у­шы­лар қаза­қтар­ды демо­кра­ти­я­лық қозға­лы­стар мен пар­ти­я­ларға ұйым­да­сты­рып, бірін­ші кезек­те 7 жыл біт­кен­ше халы­қты жақ­сы ниет, әде­мі сөз­бен алда­у­сы­ра­туға, ал іс жүзін­де оли­гарх­тар мен клан­дар­дың мызғы­мас үстем­ді­гіне қыз­мет ету­ге мәж­бүр бола­тын Тоқа­ев мыр­за­ны орны­нан кеті­ру, солай ұлты­мы­здың бар күш-жігерін, ақыл-қабілетін құм қылған, бай­лы­қтың үстін­де оты­рған қаза­қты төңіре­гі күлетін, кедей, бей­ша­раға айнал­ды­рған Назар­ба­ев кезеңін шыны­мен аяқтау. Онсыз сол арсыз, ақыл­сыз өтірік, ұрланған­ды жер-жер­ге тық­па­лау, Алла сақ­та­сын, Қаңтар сияқты сын саға­ты кел­се, халқы­мы­зға опа­сыздық, мем­ле­кеті­міз­ге сатқын­дық – келесі 7 жыл, ұлт оян­ба­са, келесі – «жақ­сы Тоқа­ев» шығып, Ота­ны­мыз құр­ды­мға кет­кен­ше тағы 7 жыл жалғасады.

«Ойбай, гео­са­я­си жағ­дай­ды, орыс «аюын» не істей­міз, Тоқа­ев бедел­ді сияқты ғой?!» дей­тін­дер­ге: бірін­ші­ден, Ресей қан­ша қоқаң­да­са да, елі­міз­де көп мил­ли­ард­таған эко­но­ми­ка­лық-сауда мүд­де­лері бар Қытай мен АҚШ оны тырп еткіз­бей­ді. Қазір­гі «асқақтап» тұрған ресей-қытай «досты­ғы­ның» оры­старға «ызғар­лы» жағы да бар. Осы «бай­қаң­дар» бағы­тын­да – АҚШ мем­ле­кет­тік хат­шы­сы­ның Орта­лық Ази­яға келіп, Тоқа­ев­пен кез­де­суі. Екін­ші­ден, өнер­кәсібі біз­ден әлдеқай­да күшті болға­ны­мен, Укра­и­на­ның халы­қа­ра­лық «қорға­ны­шы» АҚШ, Кана­да, Батыс Еуро­па ғана. Ал Қаза­қстан­ның артын­да бүкіл түр­кі, мұсыл­ман әле­мі, оның ішін­де Ресей Феде­ра­ци­я­сы құра­мын­дағы­лар, Орта­лық және бүкіл Азия тұр. Орыс шови­ни­стері осы «сал­мақты» жақ­сы біледі, сон­ды­қтан сасық сан­ды­рағы­мен ғана біз­ге соқтығысады.

Сон­ды­қтан елі­міздің қазір­гі гео­са­я­си жағ­дайы Тоқа­ев­тың ерекше беделіне емес, өңір­де ірі «ойын­шы­лар» мүд­де­лерінің қиы­лы­суы мен тепе-теңді­гінің нәти­же­сіне бай­ла­ны­сты. Ал біз сияқты әске­ри-эко­но­ми­ка­лық күші әлсіз елге сол ірі «ойын­шы­лар­дың» мүд­де­лерінің қиы­лы­су тепе-теңді­гін ескеріп, ортаңғы бағыт­ты ұста­ну керек. Бұл – дипло­мат­тар­дың кәсі­би ісі.

Еуро­па­ша ойлау мен ұста­ным­ның негіз­гі шар­тта­ры­на кел­сек, бірін­ші­ден, оның объ­ек­тив­ті, яғни адам еркі­нен тыс, өзінің ішкі заң­ды­лы­қта­ры­на бағы­ны­шты, адам әре­кет­терін дұрыс-бұры­сты­ғы­на бай­ла­ны­сты өзіне қоса­тын не тері­стей­тін, тоқта­у­сыз өзгері­сте – не дамып, не кері кетіп оты­ра­тын қоғам­ның жүй­елі жағ­дай­ын жоға­ры ақиқат ретін­де мой­ын­дау, оны бар­лық ой-өрісінің негізіне алу. Мыса­лы, қазір­гі Тоқа­ев па, оның «кере­мет» үкі­меті ме, стра­те­ги­я­лық зерт­теу инсти­тут­та­ры ма – халық жағ­дай­ын дұры­ста­уға арналған «зер­те­улері», ниет­тері, сөз­дері іс жүзін­де өтірік, алдау.

Себебі халық жағ­дай­ы­ның жыл­дан-жылға нашар­лай беруінің эко­но­ми­ка­лық-қар­жы­лық негізін, жүй­елі заң­ды­лы­қта­рын Назар­ба­ев 90-жыл­дар­дың орта­сын­да мем­ле­кет­тік, яғни халы­қтық мүлік­ті, бай­лы­қты талан-тара­жға салып, нары­қтық эко­но­ми­ка ере­же­лерін үстірт түсін­ген­дік­тен, олар­ды әкім­шілік-күш­теу әдістері­мен енгізіп, ауы­ры – эко­но­ми­ка­ны, қар­жы сала­сын басқа­руға тек өзіне пай­да­лы, той­ым­сыз жемқор­лар­ды қой­ып, олар кей­ін ел мой­ны­на моно­по­лия бұға­уын сал­ды, эко­но­ми­ка­лық қаты­на­стар­ды теріс бағыт­тап бер­ген бола­тын. Енді жүй­елік өзгер­стер­сіз, яғни ұлт­тық бай­лы­қты (ұрланған қар­жы мен өндіріс орын­да­рын) халы­ққа қай­та­рып, қаза­қтың адал, ұлт­жан­ды ұл-қызда­рын ақыл мен қабілет­тің ашық, еркін, әділ бәсе­ке­ле­сті­гіне негіз­дел­ген нағыз нары­қтық эко­но­ми­ка­ны құруға, қар­жы­лық жүй­ені жаңа­ша дамы­туға құл­шын­дыр­май, қоғам­ның кері кету үрдісі тоқта­май­ды. Енді кім айт­па­сын, билік идео­лог­та­ры, жарам­сақ ғалым­сы­мақтар, интел­ли­ген­ция жан­дай­шап­та­ры «біл­мей қалып­ты, қате­лесіп­ті, жақ­сы бастап еді…» деу –боя­ма, жалған сөз, ұлт мүд­десіне сатқындық,

Еуро­по­ша ойлау мен ұста­ным­ның екін­ші сипа­ты – сын­шыл­дық, яғни еш субъ­ек­тив­ті пікір­ге, ұста­ны­мға бас имеу. Сая­сатқа кел­сек, көбіне бел­гілі бір топ­тың, күштің есеп­теріне негіз­дел­ген, ұлт мүд­десін жыл­ты­рақ, алдам­шы жамы­лғы ретін­де ғана пай­да­ланған жасан­ды құн­ды­лы­қта­рын сынап, олар­дың екі жүзді, арам­за мәнін ашып көр­се­ту. Мыса­лы – мына Назарбаев–Тоқаев билі­гі жауыр қылған «ел бір­лі­гі» ұра­ны. Соңғы кез­де елді Ресей экс­пан­си­я­сы­мен қорқы­тып, осы ұран­ды жері­міздің тұта­сты­ғы, мем­ле­кеті­міздің тәу­ел­сізді­гі­мен бай­ла­ны­сты­ра айтып жүр.

Осы ұранға бай­ла­ны­сты билік идео­лог­та­ры және билік ұран­да­ры­мен рух­та­нып жүретін кей­бір қазақ зия­лы­ла­ры­на қара­пай­ым сұрақтар бар.

Бірін­ші­ден, Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­ла­ры, қызда­ры, бүкіл үрім-бұтағы, оның «шапаға­ты­мен» ұлт бай­лы­ғы есебі­нен тал­таң­даған оли­гарх­тар, орта­лы­қтан – жер- жер­лер­ге дей­ін қыз­мет бабы­мен, басқа «мүм­кін­шілік­тер­мен» бай­ы­ған­дар, оларға біт­пей­тін «мей­рам» ұйым­да­сты­рып, халы­қты өнер­сы­мақ­пен алдап, қаза­қтың ең нашар ұлт­тық қаси­ет­терін – ойсыздық, ақы­мақтық, төмен талға­мын ушы­қта­рып бара жатқан эст­ра­да, сықақ театр­ла­ры­ның «май­тал­ман­да­ры» (жоға­ры ұлт­жан­ды­лық тұрғы­сы­нан – қаза­қтың жасы­рын «жау­ла­ры») мен халы­қтың 10%-ын құрай­тын – тақыр кедей, 70%-ын құрай­тын – Қытай­дың арзан киі­мі­мен «артын жаба­тын­дар» ара­сын­да қан­дай бір­лік болуы мүм­кін?! Аталған «май­тал­ман­дар» Қан­тар­дағы ұлт­тық тра­ге­ди­яға бай­ла­ны­сты еш дыбыс (ауы­зда­ры­нан басқа жерін айт­паған­да) шығар­ма­ды. Арсыз, той­ым­сыз, түр­лі дәре­же­де ұры, ала­яқ, сатқын­дар мен кеудесін қан­ша реніш, күй­і­ну кер­не­се де, теле­ди­дар бол­ма­са, сол «май­тал­ман­дар­дың» олар үшін тым қым­бат бір кон­цер­тіне бар­маған, адам­гер­шілік­тен әлі де айны­маған қалың қазақ ара­сын­да қан­дай бір­лік болуы мүмкін?!

Осы тұрғы­да бірін­ші айты­лған объ­ек­тив­ті қоғам­дық жағ­дай­дың ақиқа­ты­на жүгін­сек, аталған түр­лі дәре­же­де­гі бай­лар мен қаза­қтың 80%-ы ара­сын­да ешу­ақыт­та бір­лік бол­май­ды. Себебі екі жақтың әле­умет­тік-өмір­лік жағ­дай­ла­ры­ның айыр­ма­шы­лы­ғы көк пен жер­дей және мына Назарбаев–Тоқаев билі­гі тұрған­да, ары қарай алшақтай береді.

Екін­ші­ден, екі жақтың өмір­лік мүд­де­лері екі түр­лі: «көк­те» еркін шары­қтап жүр­ген бай­лар мына билік осы­лай мәң­гі бол­са дей­ді (Назар­ба­ев­тың «Мәң­гілік елі» солар мәң­гі масай­рай беретін ел; осы­дан ол кім­нің «елба­сысы» «пай­ғам­ба­ры» екені түсінік­ті). Ал қаза­қтың 80%-ы мына жемқор, екі­жүзді, Қаңтар­дағы қазақ мем­ле­кетін қорғаған «ерлі­гін» айт­сақ, масқа­ра, сатқын билік­тің орны­на адал, кәсі­би, ақыл­ды, білім­ді, ержүрек ұл-қызда­ры­нан тұра­тын билік кел­се деп тілей­ді. Сон­ды­қтан Назарбаев–Тоқаевтың «ел бір­лі­гі» ұра­ны – ұлт­тың нара­зы бөлі­гін арбау, бас көтерт­пеу ұраны.

Үшін­ші­ден, екі жақтың ара­сын­да демо­кра­ти­я­лық елдер­де сияқты тек қоғам­дық келісім болуы мүм­кін. Бай­лар өз ақыл-қабілеті­мен кел­ген бай­лы­қты рас­тап, заң­да­сты­ра­ды, ал жемқор­лық, ұрлық, ала­яқтық, сатқын­ды­қ­пен кел­ген бай­лы­қты өз ерік­тері­мен мем­ле­кет­ке қай­та­ра­ды; ары қарай мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, лау­а­зым­ды түр­лі биз­не­спен ұшта­сты­ру арнайы заң бой­ын­ша тоқта­ты­лып, қыл­мыс деп сана­ла­ды. Әрбір бай мем­ле­кет қыз­мет­кері, лау­а­зым иесі сая­си-құқы­қтық қаты­на­старға, оның ішін­де әсіре­се сай­лау үрдісіне тек қатар­дағы аза­мат ретін­де қаты­са­ды; өз мүм­кін­дік­терін өз мүд­десіне пай­да­ла­ну заң­сыз деп, сана­лы қыл­мыс ретін­де жаза­ла­на­ды. Мем­ле­кет, билік елдің бар­лық аза­мат­та­ры­на тең, біры­ңғай қыз­мет ететін сая­си-құқы­қтық жүй­е­ге айна­луы тиіс.

Міне, осын­дай қоғам­дық келісім бол­са, оның талап­та­ры бұл­жы­май орын­дал­са, сон­да ғана бүкіл қазақ өз мем­ле­кеті мүд­де­леріне аза­мат­тар ретін­де бірігеді.

Еуро­па­ша ойлау мен ұста­ным­ның үшін­ші сипа­ты – әркез қоғам, мем­ле­кет өзінің өзге­руін, дамуын сын көз­бен баға­лап, тал­да­уда диа­лек­ти­ка­лық терісте­уді ұста­ну, яғни ескір­ген, келесі жоға­ры саты­ға көтерілу­ге кедер­гі қаты­на­стар­ды, құбы­лы­стар­ды еш алаң­сыз терістеу, олар­дың дамуға жарам­ды жағын ғана пайдалану.

Сана­лу­ан қаты­на­стар, бірі­гу­лер мен қақты­ғы­су­лар­дан тұра­тын қоғам­дық өмір­де көбіне ұлт­тың аз ғана еуро­па­ша білім­ді, ойлау әдісі мен ұста­ны­мы білі­міне сай бөлі­гі ғана ұстам­ды, жемісті диа­лек­ти­ка­лық терісте­у­ге қабілетті.

Ұлт­тың басым бөлі­гі білі­мінің саяз, жүй­есізді­гі­нен, билік­тің теріс қаси­ет­тері­нен ашы­нған­ды­қтан ыза-реніш ырқы­мен, өмір қиын­шы­лы­қта­ры­ның жете­гін­де ниги­ли­стік, яғни өз өмір орта­сын құрай­тын ғима­рат-заттар­ды қира­тып, жоюға, билік­ке зығыр­да­нын қанағат­тан­ды­рар­лы­қтай өшпен­ді, көбіне заң­сыз қимы­лға бара­ды. Өткен Қаңтар тра­ге­ди­я­сы­ның маз­мұ­ны, менің­ше, еш елде бол­маған сияқты: билік иелері – басқа­ру, тәр­тіп сақтау құры­лым­да­ры, бұған дей­ін биле­уші пар­ти­я­мыз деп, кеуде­лерін керетін «Нұр Отан» (бұның алды­ңғы орыс тілін­де­гі мақа­лам­да қаза­қтың қаси­ет­ті сөзі «ама­нат­тың» арты­на тығы­лған «аман қалған­дар пар­ти­я­сы» деп едім) қазақ мем­ле­кетін тағ­дыр тәл­ке­гіне тастап, қуыс- қуы­сқа тығы­лып, сатқын­дық жаса­ды. (Менің­ше, Тоқа­ев мыр­за­дан бастап, оның әкім­шілі­гі, үкі­мет, қорға­ныс пен мем­ле­кет қауіп­сізді­гіне жау­ап­та­ры­лар, «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның сая­си-идео­ло­ги­я­лық бас­шы­лы­ғы, қаза­қтың бүкіл сая­сат саты­сы­ның жоға­ры­сын­да жүр­ген­дер қан­дай ұлт­тық масқа­ра­ны басы­мы­здан кеш­кені­мізді әлі де қажет­ті дәре­же­де түсін­бе­ген, сезін­бе­ген сияқты. Сон­да 600 жыл бұрын Ұлы Дала­ның ең ержүрек тай­па­ла­ры­ның қазір­гі ұрпағы­на, басты­сы – оның билі­гіне сырт­тан ба, іштен бе «көлең­ке түсір­се» бол­ды ма?!).

Қазақ қауы­мы­ның диа­лек­ти­ка­лық сая­си-құқы­қтық терісте­у­ге қабілет­ті сияқты бөлі­гі, менің­ше, қазақ жаста­ры­ның кеуде­лерін билік­ке, күн­көріс өміріне деген ыза-реніш кер­не­ген­дері өз туған мем­ле­кетіне осын­дай ниги­ли­стік терісте­у­ге бара­ды деп күтпеді.

Қантар тра­ге­ди­я­сы қаза­қтың білім­ді, ақыл­ды, ұлт­жан­ды бөлі­гіне қазір­гі қоғам өмірінің терең, жүй­елі ойла­ну­ды қажет ететін мәсе­ле­лерін ашқандай.

Бірін­ші, бола­шақта қалай да бола­тын түбе­гей­лі сая­си- құқы­қтық өзгерістер­дің шешу­ші фак­то­ры – қазақ жаста­ры­ның Назар­ба­ев­тың 30 жыл­дық «қамқор» сая­са­ты­ның арқа­сын­да көбіне шала білім­ді, кей­бірі шала сау­ат­ты, өздеріне тиесілі табиғи құқы­қта­рын біл­мей­тін, біл­се, ұйым­да­сып қорға­уға – не сана­сы, не сая­си мәде­ни­еті жет­пей­тін қазір­гі қоғам­да тек ұйым­дасқан заң­ды, табан­ды, бей­біт әре­кеті ғана жеңіс­ке жет­кі­зетіні­нен хаба­ры жоқ, жай­шы­лы­қта – мінез­сіз, ал Қан­тар­дағы сияқты аран­да­ту бол­са, көз­сіз, ойсыз қия­натқа бара­тын тобы­рға айналғаны.

Сон­ды­қтан қазір­гі бар­лық демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­лар­дың алдын­дағы ортақ мәсе­ле – бірін­ші, қоғам өмірінің бар­лық сала­ла­рын­да, әсіре­се өндірістің бар­лық түр­лерін­де, қыз­мет көр­се­ту, сауда, құры­лыс, көлік, тағы­сын тағы сала­лар­да тәу­ел­сіз кәсі­по­дақтар құрып, солар арқы­лы қазақ жаста­рын ұйым­да­сты­рып, өз еңбек, әле­умет­тік құқы­қта­рын заң­ды түр­де табан­ды қорғау арқы­лы еуро­па­шыл демо­кра­ти­я­лық сая­си мәде­ни­ет­ке бау­лу. Екін­ші­ден. БАҚ-тың бар­лық тетік­терін пай­да­ла­нып, қазақ жаста­ры­ның сая­си-иде­я­лық білі­мін арттыру.

Міне, сон­да ғана қазақ жаста­ры қоғам мен мем­ле­кет­ті жаңғыр­ту­да жемісті диа­лек­ти­ка­лық терісте­уді білім­ді, ақыл­ды үлкен буы­н­мен қосы­лып жаса­уға қабілет­ті болады.

Қан­тар тра­ге­ди­я­сы­ның тағы бір руха­ни-мораль­дық сабағы.

Қаза­қтың зия­лы­ла­ры­нан бастап, қара­пай­ы­мы­на дей­ін мұсыл­ман­шы­лы­қтың ар-ұждан­дық, мораль­дық-эти­ка­лық шең­берін­де өмір кешіп жатқа­ны – ұлт­тық бол­мыстың бір қыры. Сол мұсыл­ман­шы­лы­қтың ада­ми ықпа­лы­мен қаза­қтың басым бөлі­гі қанағат пен кешірім­ділік­ті өмір­лік ұста­ны­мы ретін­де қабыл­даған сияқты. Алай­да 18 бен 40 жас ара­сын­дағы қаза­қтар, Қаңтар көр­сет­кен­дей, Назар­ба­ев­тан Тоқа­евқа дей­ін­гі өмір тауқы­меті­нен ашы­нып, кеудесі реніш пен ыза­ға толы, мем­ле­кетіне кенет­тен туған қауіп­ті қозға­лы­сқа ұла­сты­рып жібе­руі мүм­кін екен.

Сол – негізі момын, мұсыл­ман­шыл халы­қты сон­дай қозға­лы­сқа итер­ме­ле­ген көңілінің түбін­де Назар­ба­ев пен үрім-бұтағы­на, оның «шапаға­ты­мен» қаза­қты кедей­лік­ке бай­лаған ұры-ала­яқтарға, орта­лық пен жер-жер­лер­ге дей­ін бір-бірін мафия сияқты қол­дай­тын шен­ділер мен бай­ларға, бар­лы­ғы­на жиналған лағ­нет жатуы күмән­сіз. Осы пси­хо­ло­ги­я­лық күй­дің, лағ­нет­тің, не десек те, қазақ мем­ле­кетін осын­дай хал­ге жет­кіз­ген біздің бәрі­міз­ге ұлт­тың білім­ді, ақыл­ды, жау­ап­кер­шілік­ті бөлі­гіне де қаты­сты екенін ойлай­мыз ба? Кезін­де Кен­та­уда, жақын­да Алма­ты­да бала­ла­рын көпқа­бат­ты үйден лақты­рып, кей­ін өздері секіріп өлген қазақ әйел­дерінің соңғы шыңғы­рған лағ­неті бәрі­міз­ге тиесілі емес пе?

Бұған дей­ін бел­гілі пуб­ли­цист «халық жауы» деп атаған Назар­ба­ев­тың ескерт­кі­ші мен Тал­ды­қорған­да болған оқиға сол лағ­нет­тің ұшқы­ны емес пе? Бел­гілі жазу­шы айтқан­дай, тона­лып жатқан бай­лы­қтың үстін­де оты­рып, қаза­ғы­мы­здың едәуір бөлі­гі тыр­жа­лаңаш екенін, оның ішін­де Шу қала­сын­дағы сияқты оқу­шы бала­ла­ры­ның үй тап­сыр­ма­сын не пана­сы, не ең бол­ма­са киізі жоқ, жалаң кар­тон қағазға оты­рғы­зып орын­да­та­тын жанұя­лар бар екенін ойлай­мыз ба? (Мұны көр­ген мұға­ли­ма шыдай алмай, жылап шығып кеткен).

Ұлты­мы­здың сон­дай кедей бөлі­гін­де табиғат­тың сирек берер дары­ны – өмір тауқы­меті­нен бола­шақ Абай мен Шоқан тұн­шы­ғып, еш уақыт­та жары­ққа шыға алмауын ойлай­мыз ба? Ауыл­дағы қазақ ара­сын­да кей­де өте ақыл­ды, дарын­ды адам­ды кез­де­стір­ген­де, сон­дай алтын­нан кен­де қалған ұлты­мы­зды ойлай­мыз ба?

Менің­ше, әр ақыл­ды, білім­ді қазақ келі­сер: қазір­гі бол­мысы­мы­зды құрай­тын қоғам­дық қаты­на­старға, күн­делік­ті, жай­лы өмірі­міз­ге ұлт­тық лағ­нет ара­ла­су­да. Бұл объ­ек­тив­ті шың­дық. Мәсе­лен, өз ісіне беріл­ген әрбір нағыз ғалым осы объ­ек­тив­ті ақиқат­ты дәл сезініп, оны зерт­теп, мем­ле­кет­ті­міз­ге қауіп төн­дірер түр­лі әле­умет­тік топ­тар­дың, әсіре­се қазақ жаста­ры­ның (ауыл­дық, қала төңіре­гіне көш­кен, қала­лық, білі­мі – орта, арнайы орта, жоға­ры, кәсібі – өндіріс, құры­лыс, көлік, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, сауда) нақты өмір­лік жағ­дай­ла­рын, ұмты­лы­ста­рын, мүд­де­лерін тоқта­у­сыз аны­қтап, ашық жари­я­лап оты­руы керек. Мыса­лы, ондай социо­ло­ги­я­лық өлшем­дер мен зерт­те­улер жаса­уға дамы­ған елдер үлкен қар­жы жұм­сай­ды. Менің­ше, біз­де­гі билік те, сая­си пар­ти­я­лар да өздері сүй­е­нетін әле­умет­тік топ­тар­дың, оның ішін­де қазақ жаста­ры­ның көңіл-күй­ін көбіне сырт­тай топшылайды.

Әрбір ұлт­тың құра­мын­да оның ақыл-ой потен­ци­а­лын, руха­ни пара­са­тын сақтай­тын интел­ли­ген­ция екені бел­гілі. Елі­міз­ге кел­сек, не десек те, халы­қтың екі тіл­ді оппо­зи­ци­я­сы­на сая­си-иде­я­лық демеу бере ала­тын – ғалым, жазу­шы, ақын, өнер өкіл­дері­нен құралған қазақ интеллигенциясы.

Тарих­тан бел­гілі, халқын өз дегеніне көн­діріп, өзінің шексіз билі­гін орна­ту­ды мақ­сат еткен дик­та­тор­лар бірін­ші кезек­те ұлт интел­ли­ген­ци­я­сы­ның не көзін жой­ып, не түр­лі арам­за әдістер­мен іші­нен ыды­ра­тып, атаққұ­мар, жағым­паз бөлі­гін «жары­лқап», жан­дай­шап­тарға айнал­ды­рып, түп­теп кел­ген­де, халы­қтың интел­лек­ту­ал­ды-руха­ни өмірінің дең­гей­ін ғалым­сы­мақ, өнер­сы­мақ, күн­көрістік «қолө­нер­шілік­ке» (ремес­лен­ни­че­ство) дей­ін мей­лін­ше төмен­де­те­ді. Назар­ба­ев-көсем де ұлт­тың ақыл-пара­са­ты мен рухын көте­ру­ге қабілет­ті бір-екі тұлға­ның «сәт­ті өлі­мі­нен» басқа, сол екін­ші жол­мен – жан­дай­шап­тар­дың көме­гі­мен дегеніне жетті.

Ұлты­мы­здың қазірі мен бола­шағы­на Назар­ба­ев­тың қал­ды­рған сая­си-құқы­қтық, интел­лек­ту­ал­ды, руха­ни-пси­хо­ло­ги­я­лық зардаб­ы­нан біз әлі ұзақ жыл­дар бойы айы­ғуға мәж­бүр болармыз.

(Жалға­сы бар)

  • Ескер­ту: Қаз-қал­пын­да жари­я­ланған мақа­ла­ның ұста­ны­мы мен мәтін­де аталған жеке­ле­ген кей­іп­кер­лер­ге қаты­сты автор­дың пікірі редак­ци­я­лық сая­сат­пен біре­гей­лік­ті білдірмейді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн