Понедельник , 30 июня 2025

Ұлттық қордың ТҮБІ көрініп қалды

·       Болашақ ұрпаққа қажет деп құрылған Қазақстанның Ұлттық қоры барған сайын азайып барады. Қор қаржысының қысқарғаны жөнінде ҚазТАГ Қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

 2021 жылғы қазан­да Қаза­қстан­ның Ұлт­тық Қоры 4,2 пай­ы­зға қысқар­ды. Қор­дағы қара­жат 2021 жылғы қазан айы­ның басын­да 28,2 трлн тең­ге бол­са, айдың соңын­да мұн­дағы қар­жы 27 трлн тең­ге бол­ды. Осы­лай­ша, қазан айын­да Ұлт­тық қор­дың қара­жа­ты 4,2 пай­ы­зға қысқар­ды. Жари­я­ланған есеп­ке сәй­кес, бір айдағы кіріс Т2,7 трлн бол­са, шығыс – Т3,8 трлн тең­ге. Шығы­стар­дың ең үлкен көле­мі – 2, 4 трлн тең­ге кепіл­ден­діріл­ген транс­ферт­тер – мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің жыр­ты­ғын жамауға жұмсалған.

Бұл екі ара­да ел эко­но­ми­ка­сын­дағы инфля­ция 0,7%-ға өсіп, 2020 жылғы қаза­н­мен салы­сты­рған­да 8,9 пай­ы­зға жет­ті, деп Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және рефор­ма­лар жөнін­де­гі Агент­тік­тің Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы. Соған сәй­кес, азық-түлік баға­сы артқан. Ресми ақпа­рат бой­ын­ша, «баға­ның өсуі жұмыр­тқа 7,2%-ға, жаңа піс­кен көкөніс – 5,5, құм­ше­кер мен құс еті – 1,4 пай­ы­зға, кар­топ – 1,2, нан – 0,7, пастер­лен­ген сүт – 0,6, айран, шошқа еті мен қарақұ­мық жар­ма­сы – 0,5, шұжы­ққа, мака­рон өнім­дері мен ұн – 0,4 пай­ы­зға өскен.

Ескер­те кетей­ік, бұл – мей­ілін­ше екшеліп, өсі­мі қысқар­ты­лып беріл­ген ресми ақпа­рат. Ал базар бой­ын жаға­лалған нақты өсім бұдан әлдеқай­да жоғары.

ДАТ-ақпа­рат.

«ҚОРҒАС» КЕДЕНІ:

Қытайға кіре алмай,

10,3 МЫҢ КӨЛІК ТҰР

  • «Қорғас» халы­қа­ра­лық шека­ра маңы ынты­мақ­та­сты­ғы орта­лы­ғы­ның (ХШЫО) Қаза­қстан тара­пы­нан Қытай­ға кіру үшін 10,3 мың­нан астам авто­көлік кезек­те тұр, деп хабар­ла­ды ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің Мем­ле­кет­тік кірістер коми­теті­нен (МКК).

Шек­тес мем­ле­кет – Қытай­ға кіру­ге “Нұр Жолы” (“Қорғас”) өткі­зу бекетін­де 10 346 қаза­қстан­дық көлік кезек күтіп тұр» делін­ген сей­сен­бі­де МКК таратқан хабар­да. Сон­дай-ақ, МКК мәлі­мет­тері бой­ын­ша, 215 авто “Бақты” кеденін­де Қытай­ға шығу үшін кезек күтуде.

 Естеріңіз­ге сала кетей­ік, 22 қыр­күй­ек­те Мәжіліс депу­та­ты Дания Еспа­е­ва Пала­та­ның жал­пы оты­ры­сын­да Қытай­мен шека­ра­дағы кон­тей­нер­лер­дің тоқтап қалуы­на және бұдан Қаза­қстанға 170 млрд тең­ге шығын кел­геніне алаң­да­у­шы­лық біл­дір­ген еді. Оның айтуын­ша, «Қаза­қстанға темір­жол рей­стері тоқта­ты­лға­ны­на қара­ма­стан, сол Қытай­дан Қаза­қстан арқы­лы, бірақ Еуро­паға тран­зит тасы­ма­лы емін-еркін жүріп жатыр».

 12 қазан­да Қаз­ТАГ Қаза­қстан­ның пре­мьер-мини­стрі Асқар Мамин екі ел шека­ра­сын­дағы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты Қытай Мем­ле­кет­тік кеңесінің пре­мьері Ли Кэцянға хат жазға­нын хабар­ла­ды. 21 қазан­да Қаза­қстан мен Қытай­дың вице-пре­мьер­лері шека­ра­да жүк­тер­дің жина­луы­на бай­ла­ны­сты жағ­дай­ды талқы­лаға­ны бел­гілі бол­ды. Соны­мен қатар, шека­ра­да шама­мен 7 мың вагон­ның жина­луы­на бай­ла­ны­сты жағ­дай қаза­қстан­дық билік­тің алаң­да­у­шы­лы­ғын туды­ра­ты­ны атап өтілді.

 Қаз­ТАГ.

 

Бұл екі арада

 

Ресей кіргізбей тұрған

КӨЛІКТЕР ТІЗБЕГІ

сегіз шақырымға жетті

Қазақстанның Ресеймен шекарасында тұрған көліктердің кезегі сегіз шақырымға жеткен. “Жүк көліктерінің жүргізушілері “Қайрақ” кеден бекетінде тұрғанына екінші тәулік болды. Кәсіпкерлер тауарын шекарадан өткізе алмай, шығын шегіп жатыр” деп хабарлады Tengrinews.kz.

Шека­ра­да тұрға­ны­мы­зға 22 сағат бол­ды. Кезек­тің ұзын­ды­ғы 8 шақы­ры­мға жет­ті. Бұл тек Қаза­қстан жағын­да ғана. Мен азық-түлік апа­ра жатыр­мын, бұлай тұрға­ны­мыз азық-түлік­тің жарам­ды­лық мерзі­міне әсер ете­ді. Қоста­най облы­сы­ның кәсіп­кер­лер пала­та­сы­нан көмек сұра­дық”, – дей­ді жүр­гі­зу­шілер­дің бірі Бауы­р­жан Сарқытбаев.

Жүк тасу­шы­лар­дың сөзін­ше, мұн­дай жағ­дай Ресей­дің шека­ра қыз­меті тара­пы­нан да жиі жаса­ла­ды. Ресей­дің Челя­бинск облы­сын­дағы құзыр­лы орган­дар­мен сөй­ле­се­міз”, – дей­ді Қоста­най облы­сы кәсіп­кер­лер пала­та­сы­ның дирек­то­ры Дани­яр Күзенбаев.

Қоста­най облы­сы­ның Мем­ле­кет­тік кіріс депар­та­мен­тінің сөзіне қараған­да, бұл жағ­дай­ға бел­гілі бір мау­сым­да жүк көлік­терінің күрт көбей­етіні, өзге облы­стар­дың шека­ра­дағы пункт­терін­дерін­де жүк көлік­терінің рент­ген аппа­ра­ты жоқты­ғы және Ресей­де 30 қазан­нан бастап каран­тин енгізіл­гені ықпал еткен.

Azattyq.org

 

АНТИВАКСЕР АЙНА

ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Қазанның соңында ел астанасындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты екпе салуға қарсылық білдіріп жүрген дәрігер, шымкенттік белсенді Айна Бекееваны “ұсақ бұзақылық жасады” деген айыппен 10 тәулікке қамады.

Осы­ған бай­ла­ны­сты шым­кент­тік бір топ аза­мат Беке­е­ва­ны боса­ту­ды талап етіп, абақты алды­на жинал­ды. Олар­дың ара­сын­да дәрі­гер­дің туы­ста­ры, жақ­та­ста­ры мен бел­сен­ділер бар. Жиналған­дар қол­да­ры­на “Бала­лар­ды қорғап жүр­ген дәрі­гер Айна Беке­е­ва­ны боса­ты­ң­дар!”, “Айна, біз сіз­бен бір­ге­міз!”, “Айнаға бостан­дық!” деп жазы­лған пла­кат­тар ұстап тұрды.

«Біз екпе сал­ды­руға емес, мәж­бүр­леп сал­ды­руға қар­сы­мыз. Бұл екпе әлі тек­серіл­ген жоқ. Сон­ды­қтан оны сал­ды­руға қорқа­мыз. Осы­ны айтып жүр­ген Айна­ны қамап таста­ды. Айна Беке­е­ва­ны боса­ту­ды талап ете­міз!» – деді бел­сен­ді Жақ­сы­лық Досқайырұлы.

Сот каби­неті” жүй­есіне жари­я­ланған қаулы­ға қараған­да, Беке­е­ва­ның үсті­нен аста­на­дағы №58-мек­теп-гим­на­зи­я­сы­ның дирек­то­ры Самал Нұғы­ма­но­ва ары­зданған. Ары­зға сай, қазан­ның басын­да Беке­е­ва Шым­кент­тен аста­наға барған­да, бір топ ата-анамен бір­ге мек­теп-гим­на­зи­яға кел­ген. Оқу­шы­ның ата-ана­сы бала­сы­на мек­теп әкім­шілі­гі ескер­тус­із екпе сал­ды­рға­нын айтқан. Мек­теп дирек­то­ры ата-ана мен Беке­е­ва­ның мек­теп ішіне кіруіне қар­сы болған. Дирек­тор ары­зын­да Беке­е­ва өзіне “была­пыт сөз айтып”, қоғам­дық тәр­тіп­ті бұзға­нын жазған.

Беке­е­ва сот про­цесін­де тағы­лған айып­ты мой­ын­да­май, әкім­шілік істі қысқар­ту­ды сұраған. Бірақ судья Элви­ру Ища­но­ва Беке­е­ва­ны Әкім­шілік кодекстің “Ұсақ бұза­қы­лық” (434-бап) бабы­мен кінәлі деп тауып, 10 тәулік­ке қамаған.

Azattyq.org

АҚШ СЕНАТЫ

қазақ қызын

ҚАБЫЛДАЙ МА?

«Ақ үй» Сауле Омарованың кандидатурасын Ақша айналымын бақылаушы басқарма басшысы лауазымына бекітуге Сенатқа жіберді, деп жазады Reuters.

 “Кеше «Ақ үй» Сенат­тың қара­уы­на Сау­ле Ома­ро­ва­ның кан­ди­да­ту­ра­сын Ақша айна­лы­мын бақы­лау басқар­ма­сы­ның (OCC) бас­шы­сы лау­а­зы­мы­на бекіту­ге ресми түр­де жібер­генін хабар­ла­ды. Бұл қадам «Ақ үйдің» банк сала­сын­дағы ғалым­дар­дың тым қат­ты қар­сы­лы­ғы­на қара­ма­стан таң­дау жасаға­нын рас­тай­ды”, – делін­ген хабарламада.

 Ескер­те кетей­ік, қыр­күй­ек айын­да оның осы лау­а­зы­мға кан­ди­да­ту­ра­сы жари­я­ланған сәт­тен бастап, Кор­нелл заң мек­тебінің Қар­жы құқы­ғы про­фес­со­ры Ома­ро­ва банк­тер тара­пы­нан табан­ды және ашық қар­сы­лы­ққа тап бол­ды. Егер ол мақұл­дан­са, ол елдің ең ірі банк­терін тіке­лей бақы­ла­уда маңы­зды рөл атқа­ра­тын тұлғаға айналады.

 Басы­лым­ның мәлі­метін­ше, Ома­ро­ва­ны осын­дай маңы­зды бөлім­ді басқа­ра оты­рып, Уолл-стрит үшін қатаң қадаға­лау мен ере­же­лер­ді сақтау керек деп санай­тын жаңа­шыл­дар қол­да­ды. Бірақ Сәу­ле ханым­ның тағай­ын­да­луын оның бұры­нғы ғылы­ми жұмысы таны­мал емес деп санай­тын биз­нес және банк топ­та­ры ерекше қатал және ашық қар­сы­лық білдіруде.

 Ома­ро­ва­ның кан­ди­да­ту­ра­сы­ның Сенатқа ұсы­ны­луы­на бай­ла­ны­сты, ол рес­пуб­ли­ка­шы­лар­дың қат­ты қар­сы­лы­ғы­на тап болуы мүм­кін және ол бір­не­ше қалып­ты демо­крат­тар­ды Сенат­та қол­да­уға сен­діруі керек, олар­дың пікір­лері бір­дей бөлінді.

Қаз­ТАГ.

Республиканский еженедельник онлайн