Понедельник , 30 июня 2025

ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ 96 пайызы жұмсалды, ЕЛ ҚАРЫЗЫ ӨСТІ

  • 9 мау­сым күн­гі мәжіліс оты­ры­сын­да Есеп коми­тетінің төрай­ы­мы Ната­лья Году­но­ва был­тыр үкі­мет Ұлт­тық қор түсі­мінің 96 пай­ы­зын жұм­са­ды деп мәлім­деді. Ұлт­тық қорға ауда­ры­луы тиіс қар­жы­ның ауда­рыл­маған кез­дері бол­ды деді ол.

«Енді жағ­дай­ды тұрақтан­ды­ру шара­ла­ры арқы­лы оны тол­ты­ру жағын қарас­ты­ру керек. Өкініш­ке қарай, Ұлт­тық қорға ауда­ры­луы тиіс қар­жы­ның ауда­рыл­маған кез­дері болған. Бұл үкі­мет­тің ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­тілеріне сыр­тқы және ішкі қары­зды өтеу үшін жеке­ше­лен­діру­ден түс­кен қара­жат­ты пай­да­ла­ну құқы­ғын беру­мен де бай­ла­ны­сты. Мұн­дай прак­ти­ка­ны жою керек. Жеке­ле­ген жағ­дай­лар­да Ұлт­тық қорға салық төле­удің орны­на мұнай сек­то­рын­дағы ком­па­ни­я­ның қара­жа­ты рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке түсіп оты­рған. 2020 жыл­дың өзін­де Қара­шы­ға­нақ пен Сол­түстік Кас­пий жоба­ла­ры бой­ын­ша әріп­тес ком­па­ни­я­лар­дан 664 млрд тең­ге түс­кен жоқ», – деді Ната­лья Годунова.

Оның сөзіне қараған­да, мем­ле­кет қары­зы жыл сай­ын өсіп бара­ды. «Бұл тұрғы­да Есеп коми­теті кей­ін­гі жыл­да­ры айтып жүр­ген тәу­е­кел жүзе­ге асып жатыр. Қазір бұл 20,6 трлн тең­ге­ге жет­ті. Жал­пы ішкі өнім­нің 29,4 пай­ы­зы­на тең, бұл кон­цеп­ци­яда бекітіл­ген лимит 27 пай­ы­здан көп. 2014 жылға дей­ін мем­ле­кет қары­зы­ның дең­гейі ЖІӨ-нің 22 пай­ы­зы­нан аспа­са, қалып­ты болып көрін­ген. Кей­інірек ол түзетіліп, көбей­тіл­ді. Оны өсіру­ге ненің негіз болға­ны да түсініксіз күй­де қал­ды. Осы­ған орай 29 пай­ыз жоға­ры болып сана­ла­ды», – деді Есеп коми­тетінің жетекшісі.

2020 жыл­дың 1 қазан айын­дағы мәлі­мет бой­ын­ша, елдің сыр­тқы қары­зы 160,9 мил­ли­ард дол­ларға жет­кен. Бұған дей­ін жер­гілік­ті БАҚ соңғы бес жыл­да мем­ле­кет­тің сыр­тқы қары­зы­ның екі есе­ге өскенін жазған. Қаза­қстан­да жер­гілік­ті маман­дар шетел­ден алы­нған қары­здың тиім­ді жұм­са­луы­на күмән келтіреді.

Azattyq.org

Қазақстан Еуразия одағын САЯСИЛАНДЫРУҒА ҚАРСЫ

  • Ресей өкілінің Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы (ЕАЭО) Батыс санк­ци­я­ла­ры­на жау­ап әзір­леп жатыр деген мәлім­де­месіне Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі пікір білдірді.

Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің сай­тын­дағы түсінік­те­ме­де: «2014 жылғы 29 мамыр­да қол қой­ы­лған Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы тура­лы шар­тқа сәй­кес, бір­ле­стік­ті құру­дың мақ­са­ты – тау­ар­лар­дың, көр­сетілетін қыз­мет­тер­дің, капи­тал­дың және жұмыс күшінің еркін қозға­лы­сын қам­та­ма­сыз ету, халы­қтың әл-ауқа­тын арт­ты­ру мақ­са­тын­да мүше мем­ле­кет­тер эко­но­ми­ка­ла­ры­ның тұрақты дамуы­на жағ­дай жасау. Қаза­қстан ЕАЭО шең­берін­де­гі инте­гра­ци­я­лық про­це­стер тек эко­но­ми­ка­лық сипатқа ие деген ұста­ным­ды қол­дай­ды. Өзіне тән емес функ­ци­я­лар­ды Еура­зи­я­лық инте­гра­ция орган­да­ры­на беру­ге бол­май­ты­нын әрдай­ым қай­та­лып айтып келе­міз, әрі біз бір­ле­стік­ті сая­си­лан­ды­руға қар­сы­мыз» делінген.

Еске сал­сақ, бұдан бірер күн бұрын Ресей сыр­тқы істер мини­стрінің орын­ба­са­ры Алек­сандр Пан­кин Баты­стың санк­ци­я­ла­ры­на Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы­ның бір­лес­кен жау­а­бы пысы­қта­лып жатқа­нын айтқан.

«Үшін­ші елдер­дің ЕАЭО-ға қар­сы санк­ци­я­лық іс-әре­кет­теріне жау­ап шара­ла­ры тура­лы мәсе­ле күн тәр­тібіне қой­ыл­ды. Бұл мәсе­ле қарас­ты­ры­лып жатыр және алдағы уақыт­та да қарас­ты­ры­ла­тын бола­ды. Бірақ біз бұл тақы­рып осын­дай санк­ци­я­лар­дың нақты түр­лері­мен, мас­шта­бы­мен, көле­мі­мен, кел­тіріл­ген зия­ны­мен және ДСҰ және басқа құрал­дар тұрғы­сы­нан заң­ды бола­тын мүм­кін шара­лар­мен бай­ла­ны­сты болуы керек екенін түсі­нуі­міз керек», – деген еді Панкин.

Бұдан бұрын бел­гілі болған­дай, АҚШ пен Еуро­па одағы Қырым түбе­гін аннек­си­я­лаға­ны және Укра­и­на­ның шығы­сын­дағы сепа­ра­ти­стер­ді қол­даға­ны үшін, кей­ін оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Алек­сей Наваль­ный­ды қамаға­ны үшін Ресей­ге бір­не­ше санк­ция салған.

ДАТ-ақпа­рат

Ақы­лы жол­дың ҚҰНЫ ҚАНША?

  • Кеше – 9 мау­сым­да «ҚазАв­то­жол» ком­па­ни­я­сы бірін­ші санат­тағы жол төсел­ген 5 аумақта биыл жол­дың ақы­лы бола­ты­нын хабар­ла­ды. Бұлар: «Батыс Еуро­па – Батыс Қытай» (Қай­нар Тараз, Тараз Шым­кент, Шым­кент Қызы­лор­да, Шым­кент Таш­кент), Шортан­ды Көк­ше­тау, Қап­шағай –Тал­ды­қорған, Аста­на Пав­ло­дар және Ақтау Жеті­бай Жаңаө­зен.

Ком­па­ни­я­ның хабар­ла­у­ын­ша, «аталған аумақтар­да жүретін көлік­тер 2013 жылы енгізіл­ген тариф бой­ын­ша ақы төлей­ді. Жол ақы­сы сол күй­ін­ше қала­ды» дей­ді ком­па­ния өзінің таратқан хабарламасында.

  • Аталған аумақтар­да жүретін жеңіл көлік­тер 1 шақы­рым үшін – 1 тең­ге төлейді;
  • Авто­бу­стар орын саны­на қарай 1 шақы­рым үшін 5–15 тең­ге ара­лы­ғын­да төлейді;
  • Жүк көлік­тері жүк сал­мағы­на бай­ла­ны­сты 1 шақы­рым үшін 5–25 тең­ге ара­лы­ғын­да төлейді.

«ҚазАв­то­жол­дың» айтуын­ша, ақы­лы жол­дар­да дема­лыс орны, қонақүй­лер, супер­мар­кет­тер, дәрет­ха­на, дәрі­ха­на сияқты жола­у­шы­ларға қажет нысан­дар орна­лас­пақ. Қазір­гі кез­де GasEnergy, ҚазТранс­Газ, Compass, Sinooil, PetroRetail, М‑36 сияқты ірі жанар-жағар­май стан­ци­я­сы желілері­мен 2024 жылға дей­ін 134 жол кешенін салу бой­ын­ша келісім жасалған. Осы­ған дей­ін Қаза­қстан­да 2021 жылы 18 аумақтық жол­дың ақы­лы бола­ты­ны хабар­ланған еді.

Мамыр­дың соңын­да Қаза­қстан­ның бір­не­ше аймағын­да жол­дар­дың ақы­лы болуы­на бай­ла­ны­сты жүр­гі­зу­шілер нара­зы­лы­ққа шыққан. Алыс жолға жүретін көлік айда­у­шы­лар жол сапа­сы­ның нашар­лы­ғын, жанар­май­дың қым­бат­таға­нын, тасы­мал баға­сы­ның төмен­ді­гін алға тартқан.

2 мау­сым­да инду­стрия және инфрақұры­лым­дық даму мини­стрі Бей­біт Ата­мқұ­лов «ақы­лы жол әлем­дік тәжіри­бе­де бар нәр­се, кім жол­ды пай­да­лан­са, сол жағ­дай­ы­на да жау­ап­ты» деп мәлім­де­ген. Оның айтуын­ша, ақы­лы жүйе ой-шұңқы­ры жоқ, тегіс, бірін­ші кате­го­ри­я­лы жол­дарға ғана енгізіледі.

Министр Қаза­қстан­да 2025 жылға дей­ін 11 мың шақы­рым авто­мо­биль жолы, оның ішін­де биыл 5,8 мың шақы­рым жол ақы­лы бола­ты­нын мәлімдеген.

Azayytq.org

Қаза­қстан қырғы­зды емес, ТӘЖІКТІ ЖАҚТАЙДЫ

  • Қаза­қстан­ның қорға­ныс мини­стр­лі­гі «Қаза­қстан мен Тәжік­стан үкі­меті ара­сын­дағы қай­та­рым­сыз әске­ри көмек беру жөнін­де­гі келісім­ді рати­фи­ка­ци­я­лау тура­лы» заң жоба­сын әзірледі.

Заң жоба­сын пар­ла­мент бекіт­се, Қаза­қстан Тәжік­станға әске­ри көмек ретін­де 3 мил­ли­он­нан астам қару-жарақ береді. Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің хабар­ла­у­ын­ша, бұл келісім­ге халы­қа­ра­лық шар­ттарға сәй­кес биыл қол қойылған.

8 мау­сым­да Қаза­қстан Қорға­ныс мини­стр­лі­гі Қырғыз­стан мен Тәжік­станға берілетін әске­ри көмек жөнін­де түсінік­те­ме бер­ді. Ведом­ство аталған екі ел ара­сын­да қақты­ғыс бол­май тұрып көмек беру жөнін­де шешім қабыл­данға­нын, Нұр-Сұл­тан­ның екі ел шека­ра­сын­дағы қақты­ғы­стың өрбуіне атса­лы­су ниеті жоқ деп мәлімдеді.

Мини­стр­лік­тің айтуын­ша, тәжік тара­бы­мен келісім 2021 жылы 17 сәуір­де жасалған. Қырғыз жағы­мен осы­ған ұқсас келісім 2021 жыл­дың 2 науры­зын­да жасалған.

Еске сал­сақ, 19–20 мамыр­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев ресми сапар­мен Тәжік­станға барған. Онда екі ел пре­зи­ден­тінің кез­де­суі бары­сын­да сауда-эко­но­ми­ка­лық қаты­на­сты нығай­ту, инве­сти­ция тар­ту, көлік-тран­зит мүм­кін­ді­гін арт­ты­ру жөнін­де келісім­ге кел­ген. Соны­мен бір­ге Қаза­қстан­нан оқу орын­да­рын ашу жөнін­де­гі мәсе­ле де талқы­лаған. Деле­га­ция мүше­лері 6 құжатқа қол қой­ған. Ол құжат­тар­дың ара­сын­да әске­ри көмек жөнін­де келісім болмаған.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн