Понедельник , 30 июня 2025

ҰЛТТЫҚ ҚОР ортайып барады

  • Қаза­қстан Ұлт­тық қоры­ның актив­тері 2021 жыл­дың басы­нан бері 1,877 мил­ли­ард дол­ларға неме­се 3,2%-ға қысқар­ды, деп хабар­ла­ды Ұлт­тық банк.

«Ұлт­тық қор­дың актив­тері 2021 жыл­дың басы­нан бері $ 1,877 млрд дол­ларға неме­се 3,2%-ға, 58,743 млрд дол­лар­дан 56,866 млрд дол­ларға дей­ін төмен­деді», – делін­ген Ұлт­тық банк­тің ресми сай­тын­да. Есеп­ке сәй­кес, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қоры­ның актив­тері 2021 жыл­дың тамы­зын­да 29 мил­ли­он дол­ларға неме­се 0,05%-ға азайды.

Қаз­ТАГ

Қос стан­дарт

Болат­тың база­ры­на ШЕКТЕУ БОЛМАЙДЫ

  • Орта­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лар қыз­метін­де өткен бри­финг­те «Азаттық» тіл­шісі Алма­ты облы­сы­ның бас сани­тар дәрі­геріне коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы­на бай­ла­ны­сты кәсіп­кер­лік меке­ме­лерінің көбіне шек­теу қой­ы­лған­да, «Алтын Орда» база­ры нелік­тен жұмыс істеп тұр­ды деген сұрақ қойды.

Бас сани­тар жау­ап бер­мес бұрын, оның қасын­да оты­рған облыс әкі­мі орын­ба­са­ры­ның дауы­сы эфир­ден естіліп қал­ды. Онда әкім орын­ба­са­ры бас сани­тар дәрі­гер­ге «Алтын Орда» – рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар базар, сон­да да ол жер­де шек­теу бар» деп айт» деп кеңес берді.

– «Алтын Орда» – рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар сауда база­ры. Онда Алма­ты облы­сын ғана емес, Алма­ты қала­сын да азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз ететін 40-қа жуық қой­ма бар. Қалай болған­да да, біз эпи­де­ми­яға қар­сы шара­лар­ды талап ете­міз. Базар оны орын­да­уға тыры­сып жатыр, – деді Алма­ты облы­сы­ның бас сани­та­ры Ерға­ли Сыды­ма­нов (сурет­те).

«Елде­гі азық-түлік баға­сын қалып­та­сты­ру­да бұл базар үлкен рөл ойнай­ды, себебі аймақтар­дағы жұрт­тың көбі, көтер­ме сауда­дағы адам­дар дәл осы база­рдан тау­ар сатып ала­ды. Оның жұмысын шек­те­сек, бол­ма­са екі-үш күн­ге жап­сақ, бұл дүр­бе­лең туды­рып, азық-түлік баға­сын қым­бат­та­тып жібе­рер еді», – деді Алма­ты облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры Баты­р­жан Байжұманов.

Жақын­да оқу жылы­ның алдын­дағы дема­лыс күн­дері «Алтын Орда» база­ры­на шама­дан тыс көп адам бар­ды. Алма­ты­дағы каран­тин­ге бай­ла­ны­сты ірі сауда орын­да­ры жабық болған­ды­қтан, жұрт бала­сы­на киім-кешек алу үшін қала сыр­тын­дағы «Алтын Ордаға» ағылды.

«База­рда халық тым көп жиналға­ны үшін біреу жаза­лан­ды ма?» деген жур­на­лист сау­а­лы­на облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры «Қара­сай ауда­ны әкім­ді­гіне ескер­ту жасал­ды» деп жау­ап бер­ді. Бай­жұ­ма­нов базар иелері мен оның бас­шы­ла­ры­на айып салу мәсе­лесі бой­ын­ша істің «ақ-қара­сын аны­қтап, қосым­ша хабар­лай­ты­нын» айтты.

Кz.media пор­та­лы­ның ақпа­ра­ты бой­ын­ша, Алма­ты іргесін­де­гі «Алтын Орда» көтер­ме сауда база­ры Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың інісі Болат Назар­ба­евқа тиесілі. Бұл ақпа­рат­ты ресми түр­де ешкім рас­та­ма­ды да, терістемеді.

Azattyq.org

Маңғы­ста­уда 5 МЫҢ МАЛ ҚЫРЫЛДЫ

  • Фер­мер­лер билік­тің Маңғы­стау облы­сын­да 1000-ға жуық мал­дың өлгені тура­лы ресми нұсқа­сын жоққа шығар­ды, деп хабар­лай­ды «Еура­зия бірін­ші арна­сы». «Бұл жалған ақпа­рат. Мұн­да кем деген­де 4–5 мың мал қырыл­ды», – дей­ді мал өсіру­ші Сағат Қосов.

Бұрын бел­гілі болған­дай, «Маңғы­стау облы­сы­ның фер­мер­леріне көмек­те­су үшін мем­ле­кет бөл­ген Т2 млрд. мәсе­лені шешпе­ді». «Қазір­дің өзін­де ақша­ның жар­ты­сы­нан көбі жұм­сал­ды. Бірақ жағ­дай ауыр күй­ін­де қалып отыр. Өлек­се­лер шөл­дің орта­сын­да жатыр. Су да, шөп те жоқ», – делін­ген хабарламада.

Фер­мер Нұр­бо­лат Темір­ба­ев жем­шөп­тің жетіс­пе­ушілі­гі­нен 27 жылқы өлгенін айт­ты: «Жай­ы­лым­да, күн­нің астын­да шөп өртеніп кет­ті, ал кебек­тің құны үне­мі өсіп келеді». «Біз 20 кг Қоста­най кебе­гін Т2,4 мың­нан сатып ала­мыз, ал Өзбек­стан­да олар 1,5 мың тең­ге­ден саты­ла­ды, бір жыл бұрын ол әлдеқай­да арзан бола­тын. Біз­де қазір­дің өзін­де тап­шы­лық бар, жем шетел­ге сатыл­ма­са екен дей­міз», – деді Темірбаев.

Енді шару­а­лар келе жатқан қыс тура­лы алаңдаулы.

«Олар мал­ды сата алмай­ды, өйт­кені ол арық. Бірақ биыл мал­ды азы­қтан­ды­ру да күр­делі мәсе­ле. Фер­мер­лер облы­ста төтен­ше жағ­дай режи­мін енгі­зуді сұрап отыр», – делін­ген хабарламада.

Еске сала кетей­ік, 2 мау­сым­да Маңғы­стау облы­сы­ның бірқа­тар облы­ста­рын­да ірі қара мал­дың жап­пай қыры­лып жатқа­нын Қаз­ТАГ хабар­ла­ды. 10 мау­сым­да Қызы­лор­да облы­сын­да құрғақ­шы­лық сал­да­ры­нан мал­дың жап­пай қыры­луы бел­гілі бол­ды. Бұл рет­те Қаза­қстан­ның бар­лық аймақта­ры­нан құрғақ­шы­лық тура­лы хабар­ла­ма­лар келіп түсті. Маңғы­стау және Қызы­лор­да облы­ста­рын­да ресми мәлі­мет бой­ын­ша, құрғақ­шы­лық сал­да­ры­нан өлген мал­дың жал­пы саны 2 мыңға жуық.

Қаз­ТАГ

ҚЫТАЙДАҒЫ ГЕНОЦИД ЛОНДОНДА ТЫҢДАЛДЫ

  • Лон­дон­да Шың­жаң­дағы мұсыл­ман­дар­дың қуда­ла­нуы­на бай­ла­ны­сты тың­дау жалға­сып жатыр. 12 қыр­күй­ек­те Қытай­дың сая­си лагерь­лерін­де болған бір­не­ше қазақ Орын­бек Көк­се­бек, Ербақыт Отар­бай мен Бақы­тәлі Нұр куәлік бер­ді. Олар Қытай лагерін­де­гі адам шошыр­лық азапта­у­лар жөнін­де айтты.

Тың­да­уға Қаза­қстан­нан барған Бақы­тәлі Нұр өзін Қытай поли­ци­я­сы­ның сая­си лагерь­ге «24 тер­рор­шы елдің тізі­мін­де бар мем­ле­кет­тер­ге барға­ны үшін» (Қытай лагерін көр­ген­дер­дің көбі «Қытай әлем­де тер­ро­ризмді қол­дай­тын елдер­дің тізі­мін жасаған» деп айта­ды, бірақ ондай ресми құжат жари­я­лан­баған) қамаға­нын айт­ты. Қытай поли­ци­я­сы оның әйелін құр­сақтағы алты айлық бала­сын алды­рып таста­уға мәж­бүр­ле­генін де айтты.

Лон­дон­дағы тың­да­уға Қаза­қстан­нан барған Орын­бек Көк­се­бек Қытай лагерін­де 125 күн неме­се 4 ай қамауда болға­нын, одан шыққан­нан кей­ін екі ай үйқа­мақта болға­нын айт­ты. «Қытай тілін біл­ме­генім үшін, Қаза­қстан аза­ма­ты болға­ным үшін тұтқын­да­ды. Олар­дың мені қинаға­нын сөз­бен айтып жет­кі­зе алмай­мын», – деді Орын­бек Көк­се­бек. Ол Қаза­қстан­да да жүр­ген кез­де әлдекім­дер­ден қоқан-лоққы көр­генін айтты.

Лон­дон­да Қытай­дың Шың­жаң өлкесін­де ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге түр­кі тіл­ді халы­қтар­дың қуғын­да­лу мәсе­лесіне арналған екін­ші тың­дау 10 қыр­күй­ек­те басталған. Алға­шқы­сы мау­сым айын­да өткен. Бри­тан­дық адво­кат Джеф­ф­ри Найс төраға­лық еткен комис­сия үш күн ара­лы­ғын­да Шың­жаң­дағы сая­си лагерь­лер­де болған куә­гер­лер, мәсе­лені зерт­теп жүр­ген ғалым­дар мен түр­лі маман­дар­ды тыңдады.

Бри­тан ақпа­рат құрал­да­ры­ның жазуын­ша, тың­да­удың заң­на­ма­лық күші жоқ, бірақ оны ұйым­да­сты­ру­шы­лар бұл про­цесс Қытай­дың түр­кі тіл­ді мұсыл­ман­дар­ды қуғын­дау сая­са­тын айқын­дай түседі деп үміттенеді.

Комис­сия төраға­сы Джеф­ф­ри Найс бри­тан­дық Sky News агент­ті­гіне бер­ген сұх­ба­тын­да. «Біз жай ғана фак­тілер­ді сарап­тай­мыз, заң тұрғы­сы­нан қарап, ненің дәлел­ден­генін айқын­дай­мыз» деген. Оның сөзін­ше, тың­да­уға бір­не­ше рет Қытай шене­унік­тері шақы­ры­лған, бірақ жау­ап болмаған.

Қытай үкі­меті бұған дей­ін тың­да­уды қатаң сынаған. Екін­ші тың­дау алдын­да Пекин­де­гі бас­пасөз жиы­нын­да Қытай­дың Ұлы­бри­та­ни­ядағы елшісі Чжэн Цзе­гу­ан про­це­сті Қытай­ды қара­ла­уды көз­дей­тін «сая­си мани­пу­ля­ция» деп атаған.

  • Халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен зерт­те­ушілер Қытай билі­гі Шың­жаң­дағы мұсыл­ман­дар­ды лагерь­ге я түр­ме­ге қамап; күш­теп жер ауда­рып; еркі­нен тыс жұмысқа жегіп; бала­ла­ры­нан айы­рып; әйел­дер­ге аборт жаса­тып; лагерь­де зор­лық-зомбы­лық көр­сет­ті дейді.
  • АҚШ, Кана­да, Ұлы­бри­та­ния елдері Қытай­дың Шың­жаң­дағы әре­кетін гено­цид деп атаған.
  • Ресми Пекин бұл айып­та­у­лар­дың бәрін жоққа шыға­рып, Шың­жаң­дағы әре­кетін «ішкі сая­са­ты­мыз» дей­ді. Қытай Шың­жаң­дағы сая­са­тын «экс­тре­мизммен күрес» деп атай­ды, ал лагерь­лер­ді «кәсіп мең­ге­ру орта­лы­ғы» дейді.
  • Пекин мем­ле­кет­тік басы­лым­да­ры арқы­лы Шың­жаң­дағы жұрт «бақыт­ты өмір сүріп жатқа­нын», «діни еркін­дік беріл­генін» жиі көр­сетіп, наси­хат­та­уға тырысады.

Azattyq.org

ҚЫРҒЫЗ ГРАНТ АЛДЫ, ҚАЗАҚ ОРЫСҚА БЕРДІ

  • Қырғыз­стан ұлт­тық мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік коми­теті ком­пью­тер­де­гі шабуыл­дарға шұғыл әре­кет ету орта­лы­ғы­на (SOC) Корея халы­қа­ра­лық әріп­те­сті­гі агент­ті­гінің (KOICA) гран­тын алады.

Коми­тет­тің бас­пасөз қыз­метінің хабар­ла­у­ын­ша, елдің киберқа­уіп­сізді­гін нығай­ту­ды көз­дей­тін жоба бес жылға (2021–2025 жыл­дар) арналған. Оны жүзе­ге асы­руға 5 млн дол­лар бөлі­неді. «Жоба аясын­да SOC орта­лы­ғы құры­ла­ды. Адам­зат мүм­кін­ді­гін дамы­ту мен мем­ле­кет­тік орган­дар­дың киберқа­уіп­сізді­гін қорға­уға арналған құрал-жаб­ды­қтар мен бағ­дар­ла­ма­лар алы­на­ды», – деп хабар­ла­ды ҰМҚК.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн