Понедельник , 28 апреля 2025

Ұлттық құндылықтар  — отбасы тәрбиесінің өзегі

Құн­ды­лы­қтарға бағыт­тап тәр­би­е­ле­уде отба­сы­ның рөлі өте маңы­зды. Қазір­гі жағ­дай­да отба­сы­лық тәр­би­е­ге аса зор мән беріліп отыр. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның оқу-ағар­ту Мини­стрінің № 55  Бұй­ры­ғы­мен 2024 жыл­дың 05 науры­зы­нан бастап білім беру ұйым­да­рын­да Ата-ана­лар­ды қол­дау орта­лы­қта­ры ашыл­ды. Ата-ана­лар­ды қол­дау орта­лы­қта­ры­ның әдісте­мелік сүй­е­мел­де­уін қам­та­ма­сыз ететін «Өркен» бала­лар­дың әл-ауқа­тын арт­ты­ру инсти­ту­ты­ның әдісте­мелік нұсқа­улы­қта­рын­да осы орта­лы­қтың жұмыста­ры бой­ын­ша ұсы­ны­стар беріледі.

Орта­лы­қтың қыз­меті пози­тив­ті ата-ана мәде­ни­етін арт­ты­ру арқы­лы бала­лар­дың қауіп­сізді­гін, ден­са­улы­ғын және пси­хо­ло­ги­я­лық әл-ауқа­тын қам­та­ма­сыз ету­ге арналған. Пози­тив­ті ата-ана мәде­ни­етінің мәні – бала­ның терең түсіні­гін­де, оның қажет­тілік­терін, сұра­ны­ста­рын, мінез-құлқын, жеке тұлға­ның толы­ққан­ды дамуы үшін қолай­лы жағ­дай­лар жаса­уда. Пози­тив­ті ата-ана – бұл мей­ірім­ді қарым-қаты­на­сқа, қол­да­уға, бала­ның жеке басы­ның күшті жақта­ры­на, бала­лар мен ата-ана­лар­дың өза­ра ынты­мақ­та­сты­ғын наза­рда ұстай­тын тұлға.

Педа­го­ги­ка­лық қол­дау орта­лы­қта­ры­ның мақ­са­ты: бала­лар­дың әл-ауқа­тын қам­та­ма­сыз ету­де мем­ле­кет­тік орта білім беру ұйым­да­ры мен ата-ана­лар ара­сын­дағы тиім­ді өза­ра іс-қимыл үшін жағ­дай­лар­ды қам­та­ма­сыз ету.

Бала­лар­дың әл-ауқа­ты деген тер­мин­ге тоқта­лай­ық. Әл-ауқат ұғы­мы халы­қа­ра­лық зерт­те­улер­де көр­сетіл­ген­дей, мате­ри­ал­дық әл-ауқат, білім мен дағ­ды­ла­ры, мек­теп орта­сы­ның әл-ауқа­ты, мек­теп­тен тыс әл-ауқат деген бір­ша­ма ұғым­дар­ды қамтиды.

Қоғам­да әле­умет­тік жік­те­лу үдерісі артқан сай­ын, бала­лар­дың әл-ауқа­ты мәсе­лесі күр­де­ле­ну­де. Отба­сы­лар­дың тәр­би­е­ге салғырт қара­уы, бала­ла­лар­дың пси­хо­ло­ги­я­лық, физи­ка­лық, әле­умет­тік, когни­тив­тік әл-ауқа­ты­на әсер етуде.

Ата-ана­лар­дың сана­лы түр­де тәр­би­е­мен айна­лы­суы­на бел­сен­ділі­гін арт­ты­ру үшін, мек­теп пен отба­сы қарым-қаты­на­сын рет­теу бағы­тын­да орта­лы­қтар­дың жұмысын ұйым­да­сты­ру маңы­зды­лы­ғы артып отыр. 

Орта­лық ата-ана­ларға кеңес беру бағы­тын­да жұмыс істей­ді. Бала тәр­би­есіне қаты­сты мәсе­ле­лер­ді тал­да­уда ата-ана­лар­мен ынты­мақ­та­сты­қта бір­ле­стік­те жұмыс істеу мәде­ни­етін дамытады.

Ата-ана­ларға тәр­би­е­де ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды негіз­ге алу әдістерін ұсынады. 

Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар халық шығар­ма­шы­лы­ғын­да – эпо­ста, жырау шығармаларында,

фольк­лор­да, әйгілі шешен­дер­дің сөй­ле­ген сөз­дерін­де, сон­дай-ақ ойшыл­дар мен ағар­ту­шы­лар­дың шығар­ма­ла­рын­да айқын көрі­неді. Осы­лай­ша, ұлт­тың иде­ал­да­ры, сені­мі, мораль­дық-адам­гер­шілік негіз­дері бекітіліп, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Ата-ана­ларға арналған сабақтар­дың мазмұнында:

• Ерте­гі, аңыз-әңгі­ме­лер, батыр­лар жыр­ла­ры­нан үзін­ділер кел­ті­ру (Ер Төстік, Алтын сақа, Алдар көсенің, Қожа­на­сыр­дың әңгі­ме­лері, т.б.) 

• мақал-мәтел­дер, әр түр­лі жанр­дағы халық әндері;

• Дала діл­мар­ла­ры­ның шешен­дік сөз­дері­нен, жыра­у­лар­дың шығар­ма­ла­ры­нан мысалдар;

• Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Алтын­са­рин, Ахмет Бай­тұр­сы­нов және т. б. шығар­ма­ла­ры­нан үзінділер;

• Күні бүгін­ге дей­ін сақта­лып кел­ген неме­се өзгеріс­ке ұшы­раған салт-дәстүр, ғұрып­тар­ды енгізу; 

• мате­ри­ал­дық мәде­ни­ет­тің мысал­да­ры (ұлт­тық тағам­дар, киім-кешек, сән­дік-қол­дан­ба­лы өнер затта­ры, қазір­гі уақыт­тағы ұлт­тық өнер туын­ды­ла­ры). Осы мате­ри­ал­дар­дың бар­лы­ғы халы­қтың сан ғасыр­лық тәжіри­бесін­де қалып­тасқан адам­гер­шілік тәр­би­есінің негіз­дерін енгізу­ге мүм­кін­дік береді:

• ұрпақтар тіз­бе­гін­де­гі өз орнын білу (шежі­ре),

• аға буын тәжірибесі,

• негіз­гі адам­гер­шілік ұғымдар,

• ерлер мен әйел­дер­дің әле­умет­тік рөл­дерінің мәні (тари­хи тұлға­лар­дың мысалында),

• отба­сын­дағы туы­стық қаты­на­стар­дың ерекшеліктері. 

Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар – ғасыр­лар бойы жалға­сып келе жатқан халы­қтың өткені мен бүгін­гі шын­ды­ғын аны­қтай­тын және өске­лең ұрпақты тәр­би­е­ле­уде туын­дап оты­рған мәсе­ле­лер­ге қаты­на­сын айқын­дай­тын құбылыс.

Қазір­гі ата-ана­лар бала­лар­мен әңгі­ме­ле­су­ден қина­ла­ды. Жұмыс­ба­сты­лы­қ­пен  ата-ана  өзінің басты мін­деті ұрпақ тәр­би­е­леу мін­дет­терін ысы­рып қой­мауы керек.

Ұрпақ бой­ы­на құн­ды­лы­қтар­ды сіңіретін де, ең алды­мен, ата-ана . Бала­ның ата-анаға қарап, адам­дық қаси­ет­терін тани­ды. Ол жай­ын­да Абай ата­мыз: «Адам ата-ана­дан туған­да есті бол­май­ды: естіп, көріп, ұстап, татып ескер­се, дүни­е­де­гі жақ­сы, жаман­ды тани­ды дағы, сон­дай­дан біл­гені, көр­гені көп болған адам білім­ді бола­ды. Естілер­дің айтқан сөз­дерін ескеріп жүр­ген кісі өзі де есті бола­ды. Әрбір естілік жеке өзі іске жара­май­ды. Сол естілер­ден естіп, біл­ген жақ­сы нәр­се­лер­ді ескер­се, жаман деген­нен сақтан­са, сон­да іске жарай­ды, сон­да адам десе болады»-деп өси­ет еткен. Естілік деген әрбір ісін сана­лы атқа­ра білетін тұлға, оны тәр­би­е­лей­тін де ата-ана.

Әрине, бұл ойлар­ды ата-ана тек сөз­бен ғана емес, іспен, бүкіл бол­мысы­мен бала­ла­ла­ры­на жет­кі­зе білу қажет.

Бала­ның жасы­на қарай кіші жастар­да тәр­тіп, таза­лық, әдеп сұрақта­рын түсінік­ті етіп, бала тілі­мен жет­кі­зетін­дей әңгі­ме­лер айтыл­са, орта буын оқу­шы­ла­ры­на әлем­де­гі қызы­қты­ра­тын тақы­рып­тар, әлем­нің құры­лы­сы, адам­дар­дың мінез-ерекшелі­гі, кім­мен қалай сөй­ле­су керек, орта­сын­да өзін қалай ұстау керек деген тәлім-тәр­би­елі тақы­рып­тар қозға­лып, оны да мысал, үлгі ретін­де жет­кіз­ген жөн. Жоға­ры сынып оқу­шы­ла­ры­мен мем­ле­кет, ел, маман­ды­қтағы адам­ның қоға­мға қыз­мет етуі, қоғам­ның құры­лы­сы, ұлы адам­дар­дың елге қыз­мет ету­де­гі жанқи­яр­лы­ғы. Отба­сын­дағы ер мен әйел­дің рөлі жай­ын­да тең дәре­же­де сөй­лесіп отыр­са, бала­ның сана­сын­да образ­дар арқы­лы өмір бойы сақаталады.

Ата-ана­ның бала­мен әңгі­месі тек оның тамақ ішу, киім кию неме­се мате­ри­ал­дық дүни­е­де­гі қажет­тілік­тері ғана емес, бала­ның руха­ни қажет­тілік­теріне бағыт­талған әңгі­ме­лер­дің болуы оның өз пары­зы­на деген жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ра­ды. Руха­ни құн­ды­лы­қтар жай­лы әкенің сөзі маңы­зды. Әке өз әулетінің ұрпағы­ның дұрыс жолға түсуіне себеп­кер бол­ма­са, бала үлгі тұтар адам­ды таба алма­са, руха­ни қажет­тілі­гі қанағат­тан­ба­са, оны басқа нәр­се­лер­мен толы­қты­ру­ды ізде­сті­ре бастай­ды. «Әке­ге қарап, ұл өсер» деген мақал­ды тек бір мақал ретін­де қара­май, әке болу балаға отба­сы­нан берілетін тәлім-тәр­бие. Өмір­ге ұл болып кел­дің бе, ертең әке бола­сың отба­сын құра­сың, сол шаңы­рақтың иесі сен­сің деген ойлар­ды әке ұлы­на руха­ни әңгі­ме­лер арқы­лы жеткізеді.

Балаға ана­ның әсері әке­ден де күшті бола­ды. Ана — руха­ни құн­ды­лы­қтар­ды өзі ұста­на­тын және оны күн­делік­ті наси­хат­та­у­шы бала сана­сын­да ең басты образ, кар­ти­на түзу­ші жан. Ана­сы­ның сөзі, ісі, ойы түгел­дей бала­ның тұлға болып қалып­та­суы­ның алғы­шар­ты. Бар­лы­ғы ана сүті­мен бой­ға біте­ді деген ғылы­ми дәлел­ден­ген шын­дық. Ана­сы­ның ішін­де жатып білім алған бала, сыр­тқа шыққан­да соны жалға­сты­ра­ды, ана­сы­ның не ішіп, не жегені, не ойлап, не қалаға­ны толы­қтай бала­ның да күй­іне әсер ете­ді. Сон­ды­қтан ана бала­сы­на қан­ша­лы­қты жақын бол­са, оның жан дүни­есі толы­ға­ды, әлем­ді тану әре­кеті дұрыс дами­ды. Ержет­кен­де ана­ның мей­ірі­мі оны өмір бой­ы­на жылы­тып, қиын­ды­қтар­мен күре­су­ге бағыттайды. 

Қазір­гі жас ата-ана­лар­дың өне­гелі әңгі­ме деген­де қина­лып қалуы мүм­кін. Ата-анаға өне­гелі тақы­рып­ты педа­гог­тер де ұсы­на алады.

Оны ұлы тұлға­ла­ры­мы­здың өмірі­нен, күн­делік­ті өз тәжіри­бе­міз­ден, ауыз әде­би­еті­нен, ерте­гілер­ден, аңы­здар­дан алуы­мы­зға болады.

Педа­гог бұл өне­гелі әңгі­мені ата-ана­лар­мен кез­дескен уақыт­та олар­мен бөлісіп, осы бағыт­та пікір алма­сар бол­са, ата-ана да отба­сын­да құн­ды­лы­қтар­дың маңы­зы­на назар ауда­ра бастайды.

 Ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды отба­сын­да ұста­на оты­рып, өсіп келе жатқан жет­кін­шек­тер­ді тәр­би­е­леу – қоғам болып қолға ала­тын міндет. 

Зай­сан­ба­е­ва Гуль­нар Ниғ­метқы­зы. Саги­то­ва Аиг­ул Ануарбековна

Республиканский еженедельник онлайн